«Қазақтың исламы» немесе суфизм

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2012 в 09:31, реферат

Описание работы

«Қазақтың исламы» немесе суфизм

Дінтанушы Мұртаза Бұлұтаймен сұхбат

- Мұртаза мырза, қазір «қазақ исламы» деген сөз жиі айтылады. Олардың пікірінше, жеке ұлт, халық болған соң «араб исламы», «өзбек исламы» және тағы басқа халықтардың дінінен «қазақтың исламы» өзгеше болуы керек. Исламды осылайша түсінуге бола ма?
- Осы мәселені айта-айта тілім жауыр болды. Және менің пікірім кейбіреулерге ұнамайды. Ұнамаса да, тағы да айтамын: Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің қазақтардың арасында Кеңес дәуірінде қалыптастырылған христанша ойлау санасы басым. Тіпті, «зиялымын», «ұлтшылмын» деп жүрген азаматтардың көпшілігі христианша түсінікте. Себебі Кеңес өкіметі қаншалықты атеистік саясат жүргізді деп айтқанмен, саяси, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық шараларды таза христандық, иудейлік негізде жүргізді.

Работа содержит 1 файл