Азаматтық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 19:57, дипломная работа

Описание работы

Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің ерекшелігі қоғамдағы қатынастарды дұрыс шешуге өз үлесін қосады, сонымен қатар қандай да болмасын қатынастардың бұзылуының алдын алу және реттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары әлеуметтік, экономикалық және саяси жүйелер өзгеріп экономика нарықтық кезеңге өтті.

Содержание

Кіріспе
1. Шарттың жалпы ережелері
1.1 Шарт туралы жалпы ұғым...........................................................……………….7
1.2 Шарттың мазмұны, формасы және түрлері…………..............................…....11
1.3 Шарт жасасу, өзгерту және оны бұзу………..…....……………..………........21
2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету
2.1 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ұғымы……………......….......……...29
2.2 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері…………...……......……….32
Қорытынды.................................................................................................................81
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................83

Работа содержит 1 файл

Дип.-Азаматтық-құқықтағы-шарт.doc

— 578.00 Кб (Скачать)

Талап заңды болу үшін, кепіл болушылық  пен кепілдікке тән қамтамасыз етушілік функцияларымен қатар негізгі шартта да күшіне енуі тиіс. Осыған байланысты айта кететін бір жағдай келешекте туындайтын шартты қамтамасыз ету үшін жасалған кепілдік шарты, егер шартта өзгедей көзделмесе, негізгі шарт күшіне енген кезден бастап күшіне кіреді (заттай шарт болса - зат берілген кезден, консенцуалдық шартта - тараптар негізгі шарт бойынша келісімге жеткен кезден бастап). Олай болмаған жағдайда кепілдік шарты күшіне кірмейді және одан ешқандай заңдық міндеттеме туындамайды.

  ҚР азаматтық заңнамасының талап көнелігі өткеннен кейін де талап қоюға материалдық құқықтың сақталу принципінен туындайтын ережелеріне сүйенсек және талап көнелігін соттың даудағы тараптардың арызы бойынша ғана қолдануы туралы ережені ескерсек, қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша талап көнелігінін, өтуі талаптың зандылығын анықтауда ешбір рөл атқармайды, себебі талап көнелігі мерзімі өткеннен кейін де мүдделі жақтардың бұл мерзімінің еткендігі туралы арызы түскенше ол міндеттеме өтелді деп саналмайды.

   Кепілдік пен кепіл болушылықтың туындау негіздері. Кепілдік пен кепіл болушылықтың туындау негізі екіжақты шарт болып табылады. Кепіл болушылық шартының немесе кепілдік шартының тараптарына қамтамасыз етілетін шарт бойынша несие беруші мен негізгі шартқа қатысты үшінші жақтар болып табылатын кепілші немесе кепіл болушы жатады. Бұл жерде бір тарап ретінде бір уақытта бірнеше адам қатыса алады. Кепілдік пен кепіл болушылыққа негіз болатын негізгі шарт бойынша несие беруші мен кепілші немесе кепіл болушылық арасындағы қатынастар кепіл болушылық шартының немесе кепілдік шартының жағдайларының шегінен тыс қалады.

Кепілдік шарты мен  кепіл болушылық шарты біржақты міндеттеуші шарттар болып табылады (біржақты мәмілемен шатастырмау керек), себебі олар бойынша тек бір тарапта ғана — кепілшіде немесе кепіл болушыда міндет туындайды, ал несие берушіде тек құқық болады, онда міндет болмайды[37].

Кепілдік шарты мен  кепіл болушылық шарты консенсуалдық  болып табылады. Құқықтар мен міндеттер шарттың тараптары арасында келісімге қол жетіп, шарт тиісті формада ресімделгеннен кейін туындайды, және міндеттемелер мен шарттарды орындау туралы жалпы ережеге сәйкес, кепіл болушылық шарты мен кепілдік шартының, заңнамада немесе шартта көзделген жағдайлардан басқа реттерде бұзылуы немесе біржақты тәртіпте өзгеруі мүмкін емес. Егер кепілдік немесе кепіл болушылық шартында оны біржақты өзгерту немесе бұзу мүмкіндігі көзделмесе, кепілші немесе кепіл болушы өзі берген кепілдікті немесе кепіл болушылықты қайтарып алуға құқылы емес.

Біржақты міндеттейтін шарттар ретіндегі және несие  беруші мен кепілші немесе кепіл  болушы арасындағы келісім ретіндегі  кепіл болушылық шартының немесе кепілдік шартының мәнінен олардың  ақысыздығы туындайды. Ал шарт бостандығының азаматтық-құкықтық принципінің өзінен тараптардың келісімімен кепіл болушылық шартында немесе кепілдік шартында ақылы болу жағы көзделуі мүмкін.

Кепілдіктің немесе кепіл  болушылықтың ақысыздығы кепілші немесе кепіл болушы мен негізгі шарт бойынша борышкердің арасындағы өзара қатынасқа еш әсер етпейді, ол қатынас кепілдік шартының немесе кепіл болушылық шартының әрекет аясынан тысқары қалады, сондықтан ол ақылы негізде орнауы мүмкін. Мысалы, банк өз клиенті үшін кепілдік немесе кепіл болушылық бергенде белгілі бір төлем болуы мүмкін.

Заңнамада бекітілген кепілдіктерді  қолданудың мысалы ретінде Қазақстан  Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін  атауға болады, оларды қолданудың тәртібі, беру шарттары, формасы мен мазмұнына қойылатын талап, орындау тәртібі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Заңында бекітілген.

Кепілдік және кепіл  болушылық туралы келісімнің формасы. Кепіл болушылық және кепілдік шарттары жазбаша формада жасалуы тиіс. Сол жазбаша форманы сақтамау ол шарттарды заңсыз деп тануға әкеледі, себебі мұндай салдар заңнамада тікелей көрсетілген.

Кепілшінің немесе кепіл  болушының борышкердің несие  берушісіне жазбаша оферта жіберуі  және қажетті қалыпты уақыт аралығында несие берушінің кепілдік қабылдаудан бас тартуының болмауы тиісті жазбаша формада жасалумен теңестіріледі. Бұл ретте несие берушінің жауап үшін қажетті уақыт бойы "үндемеуі" оның келіскендігі деп саналады.

Кепілші мен кепіл  болушының жауапкершілігінің шектері. Жалпы ереже бойынша кепілші несие беруші алдында борышкердің барлық жауапкершілігін, оның ішінде борышкердің негізгі шартты орыңдамауынан немесе тиісінше орыңдамауынан несие берушіге келген залалды өтеу жөніндегі жауапкершілігін де көтереді. Сонымен қатар шартта кепілшінің жауапкершілігінің шегі мен мөлшерін анықтаудың өзге тәртібі көзделуі мүмкін. Сол себепті кепілшінің жауапкершілігінің шектері, көбіне, кепілдік шартыңдағы жағдайларға байланысты[44].

Атап айтқанда, кепілдік шартында негізгі талаптарды толықтай емес, жарым-жартылай қамтамасыз ету көзделуі мүмкін және тиісінше кепілшінің негізгі шартты орыңдау және залалды өтеу жөніндегі міндеттемесі сонымен шектелуі мүмкін. Мысалы, егер кепілші борышкердің несие беруші алдыңдағы шарт талаптарын жартылай орындауға несие беруші алдында міндеттенсе, онда борышкер несие беруші алдындағы шартты орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кепілшінің жауапкершілігі борышкердің несие беруші алдындағы барлық міндеттемелерінің сомасьның жартысымен шектеледі.

Кепілдік шартында, сонымен  қатар, борышкердің негізгі шарттың орындалмауынан немесе тиісінше орындалмауынан туындаған шығындарды өтеуіне қатысты кепілшінің жауаптылығының басқа тәртібі кепілшінің залалды өтеу жөніндегі жауапкершілігін кепілдік шартының талаптарымен шектеу арқылы белгіленуі мүмкін. Мысалы, кепілдік шартында негізгі шарттың орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы себепті несие берушіге келген шығынды борышкердің өтеуі жөнінде кепілшінің жауап бермейтіндігі, немесе кепілші негізгі шартта көзделген тұрақсыздық айыбын төлеуге, сот шығындарын төлеуге жөне т.б. жауап бермейді деп көзделуі мүмкін. Егер кепілдік шартында кепілші жауапкершілігіне мұндай шектеулер көзделмеген болса, онда кепілші мен борышкердің шығындарды және несие берушінің басқа залалдарын өтеудегі теңдей жауапкершіліктері туралы жалпы ереже қолданылады.

Кепілшіге қарағанда  кепіл болушы, жалпы ереже бойынша, несие беруші алдында, кепіл болушылық  шартында көрсетілген шектерде шектеулі жауапкершілік көтереді. Кепіл болушылық шартында кепіл болушының жауапкершілігінің өзгедей шектері көзделуі мүмкін. Мысалы, кепіл болушылық арқылы кепіл болушының мынадай жауапкершіліктері көзделуі мүмкін: кепіл болушылық сомасынан асатын; борышкердің негізгі шартты орындамауы немесе тиісінше орындамауы себепті келген залалды өтеу жөніндегі; несие берушінің сот және өзге шығындарын өтеу жөніндегі және т.б. Кепіл болушылық шартының жағдайларында кепіл болушының кепіл болушылықта көрсетілген сомадан артық жауапкершілігі туралы ережелер болмаған ретте, кепіл болушының шектеулі жауапкершілігі туралы жалпы ереже қолданылады.

Кепілдік пен кепіл  болушылықты орындаудың салдарлары. Жалпы ереже бойынша, кепілші шартты орындағанда осы шарт бойынша несие берушінің құқығы оның талабын кепілші қаншалықты орындаса, сол көлемде оған ауысады. Жаңа несие берушіге айналған кепілшінің қүқығының көлемі жаңа несие берушіге құқықтың өтуі туралы ережеден туындайды, оған сәйкес алғашқы несие берушінің құқығы жаңа несие берушіге, егер заң актілерінде немесе шартта өзгедей көзделмеген болса, борышкер үшін кепілші шартты орындай бастаған кезде қандай болса сол көлемде және сол жағдайда ауысады. Осыған сәйкес, шарт орындаған кепілшіге шарттың орындалуын қамтамасыз ететін құқықтар да, оның ішінде алғашқы несие берушінің кепіл бойынша құқығы, егер ол кепілмен де негізгі шарт қамтамасыз егілген болса, орындалған шарттың көлемінде және кепіл туралы шарт бойынша құқықтан бас тарту үшін көзделген ерекшеліктер ескеріліп, өтеді[50].

Кепілшінің, жаңа несие  беруші ретінде борышкерге қоятын талап-тарынан басқа, жалпы ереже бойынша, борышкер үшін жауапкершілікпен байланысты өзі тартқан шығынды толық көлемде, оның ішінде ақша қаражатын негізгі шартты орындау үшін жаратумен байланысты шығындарды, АК-ның 353-бабына сәйкес өндіртіп алуға құқығы бар. Кепілші негізгі шартты орындаған жағдайда, несие беруші оған борышкерге қойылатын талаптарды растайтын құжаттар тапсыруға (мысалы, егер заемды ол ресімдесе — вексель, т.б.) және егер ондай бар болса — сол талапты қамтамасыз ететін құқықты (мысалы, егер негізгі міндеттеме кепілмен де қамтамасыз етілген — кепіл шарты бойынша құқықтан бас тарту, ипотекалық куәлікгі беру және т.б.) беруге міндетті. Несие беруші бұл баптың ережелерін орындамаған жағдайда кепілші несие берушіні мәжбүрлеп орындату үшін сотқа жүгіне алады.

Шартты орындаған кепілші мен кепіл болушының құқықтарында, негізінен, айырмашылық жоқ. Екеуі де, несие беруші алдындағы борышкердің міндеттемесін орындағанда тендей құқыққа ие болады. Кепілші мен кепіл болушының қамтамасыз етілетін шартты орындауға байланысты туындаған регрестік талаптарына талап көнелігінің жалпы мерзімі таралады, ол кепіл болушылықты немесе кепілдікті орындау кезінен басталады.

Борышкер негізгі шартты қанағаттаңдырғаннан кейін кепілші тарапынан несие берушіге қабаттасып (қайталама) орындау орын алмас үшін, борышкер шарттың орындалғандығын кепіл болушыға немесе кепілшіге тез хабарлауға міндетті. Кепіл болушыны немесе кепілшіні борышкердің хабардар етуі кепілшінің немесе кепіл болушының қабаттасып орындауынан келген залалды өтеу үшін маңызды рөл атқарады. Кепілшінің немесе кепіл болушының негізгі шартты, оны борышкердің орындағаны туралы хабарлама алғанша қабаттасып орындап қоюына борышкер көтеріңкі жауапкершілік алады. Мұндай жағдайларда кепілші немесе кепіл болушы өз қалауынша, не несие берушіден оның негізсіз алғанын өндіртіп алуға, не борышкерге регрестік талап қоюға құқылы. Кепілшінің немесе кепіл болушьшың борышкерден шарттың орындалғаны туралы хабарлама алғаннан кейін несие берушіге шартты қабаттасып (қайталап) орындауы кепілшіні немесе кепіл болушыны борышкерге регрестік талап қою құқығынан айырады. Бұл ретте кепілші немесе кепіл болушы несие берушіден оның негізсіз алғанын ғана өндіртіп алуға құқылы[29].

Егер кепілші немесе кепіл болушы борышкерден шарттың орындалғаны туралы хабарлама алғанға дейін қабаттасып (қайталап) орындап, орындалғанды борышкерден регресгік талап бойынша өндіріп алса, онда борышкер, өз кезегінде, несие берушіден оның негізсіз алғанын өндіртіп алуға құқылы.

Несие беруші шарттың қабаттасып (қайтара) орындалғанын қабылдауға тиіс емес. Қабылдаған жағдайда ол негізсіз байығаны үшін жауап береді. Несие беруші шарттың қабаттасып (қайтара) орындалуын қабылдаған ретте ол негізсіз алынған мүлікті, оны кімнің есебінен алса соған қайтару жөнінде барлық қажетті шаралар қолдануы тиіс. Кепілдік пен кепіл болушылықтың тоқтауын қарастырайық. Кепілдік пен кепіл болушылық негізгі шартқа қосымша (акцессорлық) міндеттеме болып келеді, олар өздері қамтамасыз ететін шарт тоқтағанда тоқтайды, бұл ретте кепілдікпен немесе кепіл болушылықпен қамтамасыз етілген шарт қандай негізбен: тиісінше орындалғандықтан, есепке алынғандықтан және т.б. себептермен тоқтағанының маңыздылығы жоқ. Негізгі шарттың жауапкершіліктің ұлғаюына немесе кепілші немесе кепіл болушы үшін қолайсыз салдарларға алып келетін жағдайлар өзгергенде де кепілдік пен кепіл болушылық өзінен өзі тоқтайды, мысалы, несие беруші мен борышкер арасындағы қосымша келісім бойынша несиеге қатысты пайыздық ставканың ұлғаюы борышкердің несиені қайтаруын қамтамасыз ететін кепіл болушылықтың тоқтауына әкеп соғады. Кепілші немесе кепіл болушы негізгі шарттың кепілшінің немесе кепіл болушының жауапкершілігінің ұлғаюына әкеп соғатын жағдайларына келісімін берсе, яғни көтеріңкі жауапкершілікке немесе өздері үшін өзге де қолайсыз салдарлардың ұлғаюына келісімін берсе ғана кепілдік пен кепіл болушылық өз әрекеттерін ары қарай жалғастыра береді.

Кепілдік пен кепіл  болушылықтың қосымша сипаты талаптан бас тартқанда олардың негізгі шарт тағдырын бөлісетіндігінен де көрініс табады. Бірақ, борыш ауысқанда, егер кепілші немесе кепіл болушы жаңа борышкер үшін жауап беруге келісім білдірмесе, кепілдік немесе кепіл болушылық тоқтайды. Бұл ереженің мәні мынада — кепілдік немесе кепіл болушылық бойьшша шарт үшін кепілші немесе кепіл болушы мен борышкер арасындағы қатынаста жеке сенімгерлік сипаттың болғандығы керек және кепілші немесе кепіл болушы үшін борышкердің жеке басы да үлкен рөл атқарады — кепілші немесе кепіл беруші жай ғана шарт үшін емес, оған белгілі бір адаммен бірдей немесе қосымша жауап беруге міндеттеме алады.

Кепілдік немесе кепіл  болушылық, өздері қамтамасыз ететін шартты орындау мерзімі келгенде борышкер немесе кепілші мен кепіл болушы ұсынған тиісінше орындауды қабылдаудан несие беруші бас тартса да тоқтайды, ол несие берушінің мерзімнің өткендігі үшін жауапкершілігі туралы жалпы ережеден туындайды. Несие берушінің мерзімді өткізіп алуы негізгі шартты және борышкердің оны тиісінше орындау жөніндегі шартын тоқтатпайды. Бірақ несие берушінің борышкер немесе кепілші мен кепіл болушы ұсынған тиісінше орындауды қабылдаудан бас тартуы кепілдікті немесе кепіл болушылықты тоқтатады, бұл мерзімнің өтуіне жол берген несие беруші үшін өзінше санкция болады. Бұл ереженің мәнісі — кепілдік пен кепіл болушылықтың бұл жағдайда өздеріне бөлінген мерзімдер өтпей-ақ тоқтайтындығында. Тіптен, мерзім оларда белгіленбесе де[60].

Кепілдік немесе кепіл  болушылық шартта көрсетіліп оларға берілген мерзім өткен бойда тоқтайды. Бұл ереженің практикалық маңызы зор, себебі кепілдіктің немесе кепіл болушылықтың аяқталу мерзімі шартта тікелей көрсетілген болса, онда ол кепілдіктің немесе кепіл болушылықтың мерзімі негізгі шарттың әрекет ету мерзімінен ұзақ болуы мүмкін. Мысалы, кепіл болушылық бойынша бұл мерзім борышкердің негізгі шарт бойынша талаптарды орындауы үшін несие берушінің ақылға қонымды шаралар қабылдауына қажетгі уақытқа ұзартылуы мүмкін, атап айтқаңда, кері талапты есепке алу және өндіріс  алуды белгіленген тәртіпте борышкер мүлкіне аудару арқылы. Осыған байланысты айта кететін бір жағдай — несие берушінің кепілдікті орындау туралы талап қою мерзімі борышкердің шартты орындау мерзімінің негізгі шартта көзделген кезінен бастап кепілдік берілген мерзім өткенге дейінгі уақыт аралығымен, ал кепіл болушылық бойынша борышкердің талаптарды қанағаттандыруына қажетті шараларды несие берушінің қабылдауы және оның бұл талаптарды толық орындауы мүмкін еместігі кезінен бастап кепіл болушылық берілген мерзім аяқталғанға дейінгі уақыт аралығымен анықталады. Несие беруші белгіленген тәртіпте осы уақыт аралығында кепілдік немесе кепіл болушылық бойынша шартты орындау туралы талап қойса және оны кепілші немесе кепіл болушы орындамаса, несие беруші жалпы негіздерде сот арқылы қорғануға құқылы, бұл ретте талап көнелігінің жалпы үш жылдық мерзімі қолданылады.

Информация о работе Азаматтық құқық