Азаматтық құқық

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2013 в 19:57, дипломная работа

Описание работы

Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің ерекшелігі қоғамдағы қатынастарды дұрыс шешуге өз үлесін қосады, сонымен қатар қандай да болмасын қатынастардың бұзылуының алдын алу және реттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары әлеуметтік, экономикалық және саяси жүйелер өзгеріп экономика нарықтық кезеңге өтті.

Содержание

Кіріспе
1. Шарттың жалпы ережелері
1.1 Шарт туралы жалпы ұғым...........................................................……………….7
1.2 Шарттың мазмұны, формасы және түрлері…………..............................…....11
1.3 Шарт жасасу, өзгерту және оны бұзу………..…....……………..………........21
2. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету
2.1 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету ұғымы……………......….......……...29
2.2 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету әдістері…………...……......……….32
Қорытынды.................................................................................................................81
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................83

Работа содержит 1 файл

Дип.-Азаматтық-құқықтағы-шарт.doc

— 578.00 Кб (Скачать)

Кепілдік дегеніміз — кепілші  деп аталатын белгілі бір адамның  басқа адамның несие берушісі алдында шарт талаптарын сол негізгі борышкермен ортақтасып орындауға жауап беру міндеттемесі. Кепілшінің борышкермен ортақтасқан жауапкершілігі туралы ереже қолданылмайтын жағдайлар заң актілерінде көзделуі мүмкін.

Кепілдік — қамтамасыз етілетін шарт бойынша несие беруші мен негізгі шарт бойынша борышкер емес адам арасында орнатылатын қүқықтық қатынас. Кепілші келбеті борышкерге келмейді, негізгі міндеттемеге қатысты алғанда кепілші әрқашаңда үшінші тұлға болып қалады. Кепілдік бойынша шартқа, тіптен, негізгі міндеттемеге туындағанда, негізгі борышкердің тікелей қатысы жоқ және бұл құқық қатынасына қатыспайды. Кепілші мен борышкер арасындағы негізгі шарт бойынша қатынас кепілдік және негізгі шарт бойынша құқық қатынастарынан тыс қалады және олар үшін ешқандай маңызы жоқ. Кепілші мен борышкер арасындағы қатынастардың негізі не өзінше бөлек (келісім) шарт, не басқа мән-жайлар болуы мүмкін, мысалы, кәсіпкерлік қызметпен ұзақ уақыт бірге айналысу, жарғы капиталына бірге қатысу (атап айтқанда, "аталық" және "еншілес" коммерциялық ұйымдар, тәуелді акционерлік қоғам және оның жарғы капиталына қатысатын өзге занды тұлға), достық, туыстық, ерлі-зайыптылық байланыс және т.б.

Әдетте, кепілдікпен борышкердің  ақшалай шарт талабының орындалуы қамтамасыз етіледі. Кепілдіктің тұрақсыздық айыбынан, кепілпұлдан немесе кепілден айырмашылығы сол, тіптен шартта тұрақсыздық айыбын төлеу көзделмесе де немесе, егер, ол бойынша залал туындайтын болмаса да, борышкердің шартты заттай орындауы да қамтамасыз етіледі. Кепілші өз қалауы бойынша не шартты заттай орындайды не залалды өтеу және тұрақсыздық айыбын төлеу жөнінде борышкермен теңдей жауаптылық көтереді.

Қалай болғанда да, тіптен борышкер шарттың орындалуын зат түрінде қамтамасыз етерде немесе борышкер несие берушіге келген залалды өтеу жөніндегі шарттың орындалуын қамтамасыз етерде кепілші өз қалауы бойынша: шартты зат түрінде орындайды және негізгі шартты тиісінше орындамағандықтан келген залалды төлейді, немесе, егер заңнамадан, кепілдік шартының талаптарынан, негізгі шартты мәнінен немесе іскерлік айналым дағдыларынан өзгедей туындамаса, негізгі шартты орындамағандық шығынын өтейді және тұрақсыздық айыбын төлейді.

Шарт бойынша кепілдік келешекте  туындайтын шартқа де таралуы мүмкін, бұл ретте болашақ талап кепілдікпен қамтамасыз етіледі, ал бұл жағдайда кепілшінің міндеттемесі қамтамасыз етілетін шарт туындаған кезден бастап қана туындай алады[18].

Кепілші несие берушінің талаптарын қанағаттандырғанға дейін ол жайында борышкерді ескертуі тиіс, ал несие беруші оған талап қойған жағдайда - борышкерді іске қатысуға тартады. Кепілші мен борышкер несие берушінің бір шарт бойынша борышкерлері болып табылмайтындықтан кепілші несие беруші мен борышкердің негізгі шарт бойынша ара қатынасының сипатын біле бермейді. Борышкерді несие берушінің талаптары жайында ескертпей және борышкерді іске қатысуға тартпай борышкердің несие берушінің талаптарына қарсы қандай дәлелдері бар екендігін анықтау мүмкін емес немесе киындық тудырады.

Кепілшінің несие берушінің  талаптарын орындағанға дейін борышкерді ескерту міндеті, сонымен бірге, несие берушіге кепілші мен борышкер тарапынан қосарлап (қайталап) орындауды  болдырмау мақсатында көзделеді. Тура осындай, бірақ борышкер тарапынан кепілші ескерту міндеті де қосарлап орындауды болдырмау мақсатын көздейді.

Несие берушінің талаптарын кепілшінің орындағаны туралы борышқорды хабардар етудегі тағы бір мақсат - бұл  жағдайда несие берушінің құқықтары кепілшіге өтеді, ал борышкер хабарланбаса, соның салдарынан кепілші, жаңа несие беруші ретінде қолайсыз салдарға душар болады, мысалы, борышкер шартты алғашқы несие берушіге орындап, нәтижесінде шарт тоқтауы мүмкін.

Кепілшінің борышкерді іске қатысуға тарту міндеті материалдық-құқықтық болып табылады, бұл жағдайда кепілші несие берушінің кепілдік берушіге талап арыздың барлық қажетті мәліметтерін көрсетіп талап қойғанын борышкерге хабарлайды (талап арыз жіберілген соттың аталуы, арыздың нөмірі мен жазылған күні, т.б. көрсетіледі). Егер кепілші сотта борышкерді іске тарту туралы арызбен (өтінішпен) шектелсе, кепілшінің міндеті орындалды деп саналмайды[47].

Кепілшінің борышкерді іске қатысуға тарту талабының болуы кепілшінің қандай жауаптылық көтеретініне — толық көлемде немесе жарым-жартылай, несие беруші борышкерге бұрын талап қойған-қоймағанына және қандай шешім қабылданғанына байланысты емес. Бұл шарттың болуына борышкердің өз талаптарын орындағаны, жарым-жартылай орындағаны немесе орындамағаны да әсер ете алмайды.

Борышкер іске жауапкер жағында өзінше бөлек талапсыз үшінші жақ ретінде тартылады. Мұның  іс жүргізушілік негіздері АІЖК-нің 53-бабында белгіленген.

Кепілшінің несие берушінің  талаптарын қанағаттандырғанын борышкерге ескерту жөніндегі не борышкерді іске қатысуға тарту жөніндегі өзіне  жүктелген шартты орындамауы кепілшіге қолайсыз салдарлар әкеледі. Бұл ретте борышкер несие берушіге білдірген барлық қарсылығын кепілшінің регрестік талаптарына қарсы қоя алады, мысалы, талаптың мөлшері бойынша, оның заңдылығы бойынша, т.б. Егер бұл қарсылықтарды сот дәлелді деп тапса, онда кепілшінің борышкерге қойған регрестік талаптары толықтай немесе ішінара қабылданбайды. Несие берушінің талап қойғаны жайында кепілшіден дұрыстап хабар алған борышкер іске қатысудан бас тартса, онда ол несие берушіге білдірген қарсылықтарын кепілшінің регрестік талаптарына қарсы қоя алмайды, ол тек борышкер мен кепілші арасындағы өзара қатынастан туындайтын мән-жайларға ғана сілтеме жасай алады.

  Кепілші мен борышкердің талаптары мен міндеттемелері ортақтас болады, яғни кепілші ортақтас борышкерлер қатарына жатады, оларға ортақтас шарт туралы жалпы ереже тарайды. Кепілдік, дегенмен, негізгі шартқа қарағанда қосымша балып табылады. Сондықтан да, ортақтас борышкер туралы ереже кепілшіге кепілдіктің негізгі шартқа қосымшалығынан, сондай-ақ кепілші негізгі шартты орындағанда оған несие берушінің құқығының ауысатындығы туралы ережеден туындайтын бірқатар ерекшеліктерімен таралады. Негізгі шарт бойынша несие беруші негізгі шартты орындау жөнінде борышкерге де, орындау мерзімі келгенде кепілшіге де талап қоюға құқылы. Сонымен қатар кепілші несие беруші мен борышқор арасындағы қатынастарға негізделген, борышқордың өзі де білдіре алатын қарсылықты несие берушінің талаптарына қарсы қоюға құқылы, жалпы ереже бойынша ортақтас борышкерлер үшін ортақтас шарттарда оған жол берілмейді. Кепілші мұндай қарсылықтарды борышкер олардан бас тартқан немесе борышты мойындаған жағдайда да қоя алады. Кепілшінің бұл ерекше құқығы кепілдіктің негізгі шартқа қосымшалығынан туындайды, онда ортақтас борышкер болғанмен кепілші негізгі шарт бойынша борышкерге тең келмейді және оны толықтай алмастыра алмайды, өзінің несие берушімен негізгі шарт бойынша қатысатын бөлек келісімнің негізінде тұрғызады, сондай-ақ кепілдік бойынша құқық қатынасында борышкердің еркін емес, өзінің еркін білдіреді.

Кепілшінің қарсылықтар  білдіруге құқығы оның өзінің немесе борышкердің іс жүргізушілік жағдайына, сондай-ақ борышкердің өзінше талап қоймаған үшінші жақ ретінде, немесе ортақ жауапкер ретінде тартылған-тартылмағанына байланысты емес[50].

Кепілшінің несие берушінің  талаптарына қарсы қарсылық білдіру  құқығын шектеу кепілдік шартының талаптарынан ғана туындауы мүмкін, мысалы, егер кепілдік шартыңда несие берушінің талаптарын бірінші мәлімдегенде бірден қанағаттандыру көзделген болса.

Бір шартты қанағаттандыру үшін бір емес, бірнеше кепілдіктер қабылдануы мүмкін. Бұл ретте кепілдіктің әрқайсы шартты өзінше дербес қамтамасыз етеді, ал негізгі шартты борышкер орындамаған жағдайда негізгі шарт бойынша несие беруші кепілшілердің әрқайсысына кезекпен немесе олардың барлығына бірден талап қоя алады. Несие беруші бұл жағдайда талапты борышкерге де, өзінше бөлек әрбір кепілшіге де белгілі бір кезектілікпен немесе барлық кепілші мен борышкердің барлығына бір уақытта қоюға құқылы.

Кепілші ретінде бір  емес бірнеше адам бола алады. Бұл  ретте кепілші жағында адамдардың көпшілігі орын алады және бұл  адамдардың барлығы өз кепілдігін бірге берген болып саналады. Бірге кепілдік берген адамдар несие беруші алдыңда, жалпы ереже бойынша, ортақтасып жауап береді.

 Сонымен қатар бұл ереже  диспозитивтік болып саналады, және кепілдік шартында кепілдікті бірге берген адамдардың кепілдік бойынша шартты орындауының өзге тәртібі көзделуі мүмкін, мысалы, кепілшілер арасында үлесті жауапкершілік, қатысушылардың біреуінің басқа кепілшіге қатысты субсидиялық жауапкершілігі және т.б. көзделуі мүмкін. Бірақ бұл кепілдіктің — кепілдің немесе бірнеше кепілдің негізгі шартқа қатынасы бойынша ортақтас міндетемесінің мәнін еш өзгерте алмайды.

Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің шарасы ретінде кепіл болушылық дегеніміз — кепіл болушы деп аталатын белгілі бір адамның басқа адамның несие беруші алдындағы шарт талаптарын негізгі борышкермен бірге толықтай немесе жарым-жартылай субсидиялы орындауға жауап беру міндеті. Кепіл болушылық арқылы, әдетте, борышкердің ақшалай міндеттемені орындауы қамтамасыз етіледі. Бұл кепіл болушының жауаптылығының мәнінен туындайды: кепіл болушы, егер заңнамада өзгеше көзделмеген болса, кепіл болушылықта көрсетілген сома мөлшерінде жауаптылық көтереді. Кепілші сияқты, кепіл болушы да, егер кепіл болушылықтың шарттарынан, заңнамадан, негізгі шарттың мәнінен немесе іскерлік айналым дағдысынан өзгедей туындамаса, не кепіл болушылықта көрсетілген ақша сомасын төлеуге, немесе борышкер шарт талаптарын зат түрінде орындауға құқылы, ал соңғысы шартты үшінші жақтың орындауы туралы жалпы ережеден туындайды[77].

Кепілдік сияқты, кепіл болушылық та, қамтамасыз етілетін шарт бойынша несие беруші мен негізгі міндеттеме бойынша борышкер емес адам арасында орнаған құқықтық қатынас. Кепіл болушы да, кепілші сияқты, негізгі міндеттемеге қатысты әрқашан да үшінші жақ болып табылады. Кепілдіктегі сияқты, кепіл болушылық бойынша міндетемеге, ол негізгі міндеттемеден туынды болса да, негізгі борышкердің тікелей қатысы жоқ, ол кепіл болушылық бойынша құқықтық қатынастарға қатыспайды. Кепіл болушы мен негізгі міндеттеме бойынша борышкер арасындағы қатынастар, кепілдіктегі сияқты, кепіл болушылық жөне негізгі шарт бойынша құқық қатынастарынан тыс қалады және олар үшін ешқандай рөл атқармайды.

Кепіл болушылық негізгі қамтамасыз етілетін міндеттемеге қатысты субсидиялық  міндеттеме болып табылады, және кепіл болушы да субсидиялық борышкер болады. Яғни кепіл болушы негізі міндеттің орындалмағанына несие берушінің осы міндеттеме бойынша талабын борышкер орындамағаннан кейін ғана жауап береді. Несие беруші кепіл болушыға талапты негізгі борышкерге талап қойғаннан және ол талашы борышкер орындамағаннан кейін ғана қоюға құқылы.

Кепіл болушылық қатынасына азаматтық  құқықтың субсидиялық міндеттеме, субсидиялық  борышкер жене субсидиялық жауапкершілік  туралы барлық ережелері, жауапкершілік  шектері және кепіл болушыға субсидиялық борышкер ретінде талап қою тәртібі бойынша бірқатар ерекшеліктерімен таралады. Бұл ерекшеліктер кепілші мен кепіл болушының жауаптылық шектерін қарағанда толығырақ сөз болады.

Кепіл болушылық көптеген тұста  кепілдікке ұқсағанмен, өзінше жеке дербес институт және қүқықтық реттеуде бірқатар елеулі ерекшеліктерге ие.

Кепілдік пен кепіл болушылықтың шарттық институттарының арасындағы негізгі айырмашылықтарға мыналар  жатады:

-жауапкершіліктің сипаты —  кепілшінің негізгі шартты орындау жөніндегі міндеттемесі ортақтас, ал кепіл болушының міндеттемесі — негізгі борышкердің шарт талаптарына қатысты субсидиялық (қосымша) болып келеді;

-жауапкершіліктің көлемі  — несие беруші алдында кепілші  борышкердікіндей көлемде жауап  береді, оған сыйақыны (мүдде), борышты өндіруге байланысты сот шығындарын және несие берушіге борышкердің шартты орындамағанынан немесе тиісінше орындамағаннан келген залалды, егер кепілдік шартында өзгеше көзделмеген болса, төлеу; кепіл болушы борышкердің жетіспеген ақша қаражаты көлемінде несие беруші алдында жауап көтереді, бірақ, жалпы ереже бойынша, ол кепіл болушылықта көрсетілген соманың шегінен аспауға тиіс;

-талап қою тәртібі  — несие беруші шарттың оның орындалу мерзімі келген кезден бастап орындалуы туралы борышкер мен кепілшіге талап қоюға құқылы, ал шартты орындауда кепілші мен борышкер ортақтас болғандықтан несие беруші олардың кез келгеніне талап қоя алады; кепіл болушыға талап қойғанға дейін несие беруші борышкердің бұл талапты қанағаттандыруы үшін көңілге қонымды шаралар қабылдауға тиіс, атап айтқанда, кері талапты есепке алу және төлеттіріп алуды занда белгіленген тәртіпте борышкер мүлкіне аудару арқылы.

Кепілші сияқты, кепіл болушы да несие  берушінің талабын қанағаттандырғанға дейін ол жайында борышкерге хабарлауға міндеті, ал егер кепіл болушыға талап қойылса, онда борышкер іске тартылуы тиіс. Кепіл болушының бұл міндеттері азаматтық құқықтың субсидиялық борышкердің субсидиялық жауапкершілігі туралы жалпы ережесінен туындайды. Кепіл болушының бұл шартты орындамауының салдары осындай міндеттерді кепілшінің орындамауының салдарындай: негізгі борышкер өзі несие берушіге қарсы қоя алатын қарсылықтарын кепіл болушьшың регрестік талаптарына қарсы қоюға құқылы[55].

Кепілдікпен және кепіл болушылықпен қамтамасыз етілетін талаптар. Кепіл болушылық пен кепілдік, жалпы ереже бойынша, заңды талаптарды ғана, яғни қамтамасыз етілетін міндеттеменің туындау негізінің заңдылығын бірінші кезекте білдіретін заңды шартқа негізделген талапты қанағаттандырады. Бұл ереже, негізінен, кепілдік пен кепіл болушылықтың негізгі қамтамасыз етілетін шартқа қарағанда қосымша (акцессорлық) міндеттемелерді қамтамасыз ету тәсілі екендігінен туындайды. Қамтамасыз етілетін міндеттеменің заңсыздығы, жалпы ереже бойынша, кепіл болушылықтың немесе кепілдіктің заңсыздығына әкеп соғады және кепіл болушы мен кепілшіні заңдық салдарларға ұрындырады.

Тек заңды талаптарды ғана кепіл  болушылықпен және кепілдікпен қамтамасыз ету туралы жалпы ережеге жатпайтын бір жағдай - борышқордың әрекет қабілетсіздігін несие беруші білмей, оның міндеттемесі үшін жауап беруді кепілші мен кепіл болушының өз мойындарына алуы. Бұл ретте кепілші мен кепіл болушының ондай әрекетті қулық мәміле немесе борышкерге көмектесу ниетімен жасағандығының маңызы жоқ. Егер несие беруші борышкердің әрекет қабілетсіздігін шындығында білмеген болса, онда кепілші мен кепіл болушының мұндай мәмілесі қалайда заңды болады. Мәміленің заңдылығы заңнамада тікелей бекітілген болса, мүдделі адамдардың арызы болса да ол заңсыз деп таныла алмайды. Егер несие беруші кепілдік пен кепіл болушылықтың әрекетке қабілетсіз борышкер үшін беріліп отырғанын білсе, дау туған жағдайда кепілдік және кепіл болушылық шарты өзінен өзі заңсыз деп танылмайды және кепілші мен кепіл болушының өзінен өзі жауапкершіліктен босанып қалулары мүмкін емес. Бұл ретте кепілдік пен кепіл болушылық заңсыз деп танылады, және кепілші мен кепіл болушының, ал кейбір жағдайларда несие берушінің де (мысалы, қылмыстық ниет болса) жауапкершілігі азаматтық құқықтың заңсыз мәмілелер жөніндегі ережелері ескеріліп анықталуы тиіс.

Жоғарыда көрсетілгендерден басқа, кепілші мен кепіл болушының  шартта көзделген жағдайларда, қамтамасыз етілетін міндеттеменің заңдылығына  қарамастан, борышкер үшін міндеттеме — "сөзсіз" деп аталатын кепілдік немесе кепіл болушылық қабылдауына жол беріледі. Кепілдік пен кепіл болушылықтың "сөзсіздігі" шартта тікелей көзделуге тиіс.

Информация о работе Азаматтық құқық