Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 18:38, курсовая работа

Описание работы

Адами әлеуетті, азаматтардың іскерлігін жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрі қалыптастыру негізінде ғана Қазақстанды өмір сүру сапасының стандарттары жоғары, қазіргі заманғы, серпінді мемлекет ретінде дамытуға болады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгіленген Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес әзірленді.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

І. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Азаматтық қоғам, оның тарихы. қалыптасу белгілері, құрылымы және қағидалары .............................................................................................................5
1.2 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы.......................................................................................................................9
1.4 Қазақстанда азаматтық қоғам институттарын қалыптастырудың құқықтық негіздері..................................................................................................................12


І. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ: ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
2.1 Құқықтық мемлекет шығу тегі, мазмұны және мемлекет қызметінің орындалу әдістері..................................................................................................16
2.2 Құқықтық мемлекет негіздері, белгілері......................................................19
2.3 Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет болып дамуы және қалыптасуы.............................................................................................................23


ІІІ. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ..................................................................................................27

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................31

Работа содержит 1 файл

мемлекет жане азаматтык когам.DOC

— 203.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша құқықтық мемлекет қалыптастырудың негізгі бағыттары демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру (1-бөлім).[14]

Демократиялық мемлекет - Қазақстан Республикасында алдымен Конституция қабылдап, тікелей басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республиканың жоғарғы органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді. Демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді, -мемлекеттік қызметке араласып, қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық мемлекет қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі - "Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық".

Зайырлы мемлекет - Қазақстан Республикасында діни мекемелер мен дін ұстау мемлекеттен бөлістігін білдіреді және бұл Қазақстандағы ислам мен православиелік тағы басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Наным немесе атеизм мәселесі-әркімнің жеке басының шаруасы.

Құқықтық мемлекет - Қазақстанның барлық органдары мен лауазымды адамдарының қызметі құқық нормаларына байланысты, соған бағынышты, және соған сәйкес іс-әрекет жасайды. Құқықтың негізгі принциптері: азаматтар үшін — "заңға тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі", мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін - "Заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат". Барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттікті жоғары дәрежеге көтеру және азамат құқығы мбн бостандығын халықаралық өлшем деңгейіне жеткізу Қазақстан мемлекетінің негізгі міндеті. Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік-топтық емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелеріне қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуы керек екенін түсінуі қажет.

Азаматтық қоғам — мемлекетке тәуелді емес, дербес, ашық, жариялы қоғам. Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасу ерекшеліктері: кеңестік мейлінше мемлекеттендірілген күйден шығу, қоғам мен мемлекеттің арақатынасын тәуелсіз - дербестікте дамыту.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық  мемлекет тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда. Құқықтың мемлекет нәр алатын бастауы — Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан төмен — конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді. Одан кейінгі — жай заңдар. Конституцияға өзгерістер мен қосымшаларды республикалық референдум немесе Парламент енгізеді. Конституциялық және жай заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы. Конституцияда аталған жағдайда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қақылы. Президент өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативті Жарлық шығарады. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелер бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады. Конституциялық Кеңес өз құзырындағы мәселелер бойынша нормативті қаулылар шығаруға құқылы. Ол Казақстан құқығының мемлекет құрамды бөлшегі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да құзырына жататын мәселелер бойынша нормативті қаулылар қабылдауға құқылы.

ҚР-ның азаматтары Ата Заңымызда көрсетілген құқықтық мемлекет нормалар бойынша әркім мелекеттік нышандарды құрметтеуге,  елін қорғауға,  табиғат байлықтарын қорғауға  міндетті екендігі жазылған.  Конституцияның 37-бабындағы  «Қазақстан Республикасының  азаматтары тарихи және мәдени  мұралардың сақталуына қамқорлық  жасауға, тарих пен  мәдениет ескерткіштерін  қорғауға міндетті»  -  деп  жазылған. 

Сонымен, қорыта келе, құқықтық мемлекеттің  негізгі қағидаларына:

-         құқықтық, заңның жоғарылығы;

-         - қоғамдық өмірдің барлық саласында заңнын үстемдігі;

-         - тұлға еркіндігінін бұлжымастығы;

-         оның құқығы мен мүдделерінің, ар-намыстың, абыройдың мызғымастығы;

-         оларды мемлекет тарапынан қорғау және кепілдік беру;

-         мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі мен сенімі;

-         биліктің заң шығару, атқару және сот тармақтарына бөлінуі;

-         заңның жүзеге асуын қадағалайтын тиімді бақылау формалары саяды.

Рухани салада мемлекет азаматтың өз дүниетанымын, идеялық және діни ұстанымын еркін анықтау принципін, көп пікірлікті, өмірге сын көзбен қарау принципін қолдайды. Солай десек те, мемлекет әлеуметтік сілкіністерді болдырмас үшін ұлттық және нөсілдік теңсіздікке, экстремистік, сепаратистік, ланкестік идеологияларды насихаттауға жәпе жүзеге асыруға, діни жәпе ұлтшылдық фанатизмге жол бермеуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995

2. Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы. 1999. 237-б.

3. Төлеуғалиев, Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Алматы – 2001

4. Қазақстан Республикасының Заңы, 1999 ж. 1шілде

5. Қазақстан республикасының Азаматтық Кодексі, Алматы – 1995

6. Гражданское право Республики Казахстан, Алматы – 1999

7. Қазақстан республикасының Азаматтық Кодексі, Жалпы бөлім,  Алматы – 2001

8. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Ерекше бөлім, Алматы – 2001

9. Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. Общество. –М., 1992, 15-17-стр.

10. Ғ.Маймақов. ҚР-ның саяси-құқықтық тарихы. Алматы-2000 ж.

11. Б.Бюжеева. халықаралық қатынастар жүйесіндегі адам құқы мәселесі               //ҚҰУ Хабаршысы, Алматы-2005, №3 (19), 94-98-бб.

12. Ғ.Сапарғалиев, Агибраева. Мемлекет және құқық теориясы. А.:1998 ж

13.Ағдарбеков, Т. Құқық және мемлекет теориясы, «Болашақ – Баспа – 2001»

14. Жоламан, Қ.Д. , Мұхтарова, А.Қ., Тәукелов,А.Н., Мемлекет және құқық теориясы, Алматы – 1999

15. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы – 2001

16. Венгеров А.Б. Теория государство и права, Москва, 1994

17. Сапарғалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы, 1996

18. Сапарғалиев Г.С. Мемлекет және құқық теориясы Алматы, 1997

19. Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігі

20.Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы, Астана – 2001

       21. Дулатбеков Н.О., Жұмабекова Г.Х. «Мемлекет және құқық негіздері» курсы бойынша әдістемелік нұсқаулар- Қарағанды, 1998

 

 

 

 

 

 

 

 

 

31

 



[1] . Назарбаев Н. Тарих толқынында. Алматы. 1999. 237-б.

 

[2] ҚР Конституциясы

[3] Жоламан, Қ.Д. , Мұхтарова, А.Қ., Тәукелов,А.Н., Мемлекет және құқық теориясы, Алматы – 1999

 

 

[4]  Нысанбаев А.Н. О направлениях и формах взаимодействия        институтов        гражданского общества    с    государственными    органами    в Республике Казахстан // Проблемы формирования гражданского общества в Казахстане: Сборник материалов научно - практической конференции. - Алматы, 2002. - С. 12-23.

 

[5] Ғ.Сапарғалиев// Мемлекет және құқық теориясы. А.: 1998 ж.

 

[6] Ғ.Сапарғалиев// Мемлекет және құқық теориясы. А.: 1998 ж.

 

[7] Ғ.Маймақов. ҚР-ның саяси-құқықтық тарихы. Алматы-2000 ж.

 

[8] 

[9] Қазақстан Республикасының Конституциясы

[10] Ағдарбеков, Т. Құқық және мемлекет теориясы, «Болашақ – Баспа – 2001»

 

[11] Ағдарбеков, Т. Құқық және мемлекет теориясы, «Болашақ – Баспа – 2001»

 

[12] Платон. Соч. В-З-хт. Т.2. 4.2. -М., 1971. -С. 188-189

 

[13] Мами К. Правовое государство: социалъный идеал иресыьноапь. Законодатыъство. 2003. №2. -С.47

 

[14] Қазақстан Республикасының Конституциясы


Информация о работе Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет