Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 18:38, курсовая работа

Описание работы

Адами әлеуетті, азаматтардың іскерлігін жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрі қалыптастыру негізінде ғана Қазақстанды өмір сүру сапасының стандарттары жоғары, қазіргі заманғы, серпінді мемлекет ретінде дамытуға болады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгіленген Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес әзірленді.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

І. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Азаматтық қоғам, оның тарихы. қалыптасу белгілері, құрылымы және қағидалары .............................................................................................................5
1.2 Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы.......................................................................................................................9
1.4 Қазақстанда азаматтық қоғам институттарын қалыптастырудың құқықтық негіздері..................................................................................................................12


І. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ: ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
2.1 Құқықтық мемлекет шығу тегі, мазмұны және мемлекет қызметінің орындалу әдістері..................................................................................................16
2.2 Құқықтық мемлекет негіздері, белгілері......................................................19
2.3 Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет болып дамуы және қалыптасуы.............................................................................................................23


ІІІ. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ АРАҚАТЫНАСЫ..................................................................................................27

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................31

Работа содержит 1 файл

мемлекет жане азаматтык когам.DOC

— 203.50 Кб (Скачать)

-   жергілікті өзін-өзі басқаруға толық бостандық болуы, оның жұмысына мемлекеттің араласпауы, қажет болса тиісті көмегін көрсетуі; жергілікті өзін-өзі басқаратын мекеме жергілікті мемлекеттік органмен тығыз байланыста жұмыс жасауы;

- азаматтық қоғам - толық бостандық, демократия қалыптасқан қоғам болуы қажет, ол болашақ құқықтық мемлекеттің талаптарын іске асырып, сол мемлекеттің объективтік тұрғыдан негізі болуға тиісті.

Сонымен, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет екеуі қатар дамып, өрескел қайшылықтарды бірлесіп реттеп, қоғамның бейбітшілік, прогрестік жолмен дамуына толық мүмкіншілік жасаулары қажет. Қазақстан Республикасының Конституциясында бұл мәселенің негізгі бағыттары көрсетілген. Оның бірінші бабында азаматтық қоғамның және құқықтық мемлекеттің ең негізгі қағидалары былай деп жарияланған: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары". (ҚР Конституциясы. А. 1995. 4 б.)

 

Азаматтық қоғамның негізгі қағидалары

Азаматтық қоғамды одан әрі дамыту мынадай принциптерге негізделеді:

адам мен азаматтың іргелі құқықтары мен бостандықтарын сақтау;

эволюциялылық және кезеңділік;

қоғамдық өмір салаларында, ең алдымен экономикалық салада, әлемдік дамудың жаһандық үрдістерін ескере отырып қайта құрулармен бірге бағдарланушылық;

заңның үстемділігі, барлығының бөле жармастан заң алдында теңдігі;

мемлекеттің істерін басқаруға және басқа да қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге Қазақстан Республикасының азаматтары мен олардың өкілетті өкілдерінің қатысуы;

елдегі демократиялық процестерге азаматтардың қатысуы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

азаматтарды  демократиялық мәдениет мінез-құлқына тарту;

билік пен қоғамның үндесу мен ынтымақтастық мәдениетіне бейіндігі.

Азаматтардың бірлестіктері мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің ешқайсы да көпшілік билікпен өзара қатынастарда азаматтық бастаманың бүкіл секторының мүддесін қорғай алмайды.

Осы Тұжырымдаманы әзірлеу мен іске асыру үшін мыналар құқықтық негіз болып табылады: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт (1966 жылғы 16 желтоқсанда жасалған, Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 28 қарашада ратификациялаған); «Ассоциация бостандығы және ұйымдастыру кіру құқығын қорғау туралы» Халықаралық еңбек ұйымның № 87 конвенциясы (1948 жылғы  9 шілдеде қабылданған, Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 30 желтоқсанда ратификациялаған); Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы ««Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген), Қазақстан Республикасының мемлекеттік сәйкестілігін қалыптастыру тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Президентінің
1996 жылғы 23 мамырдағы № 2995 өкімімен мақұлданған), Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 23 қыркүйектегі № 949 Жарлығымен мақұлданған), Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдаудың тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы
23 қаңтардағы № 949 қаулысымен мақұлданған).

 

 

 

 

1.2 Қазақстан Республикасында азаматтық

қоғамның қалыптасуы мен дамуы

1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында басталған экономикалық, әлеуметтік және саяси  салалардағы түбегейлі реформалар                түрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің құрылуын ынталандырды.

Қазақстанда алғашқылардың бірі болып экономиканың мемлекеттік емес секторы қызметкерлерінің мүдделерін білдірген тәуелсіз кәсіподақтар пайда бола бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, саяси партиялар белсенді түрде институцияланды. «Невада – Семей» қоғамдық қозғалысы азаматтық сана-сезімнің анағұрлым жарқын көрінісі болды, ол өз алдына ядролық полигондарды жабу міндетін қойды.

Елдегі азаматтық қоғам мен оның институттарын белгілі бір дәрежеде дамытуға мемлекеттің осы процесс үшін тиісті саяси, құқықтық және өзге де жағдайлар жасау жөніндегі қызметі жәрдем етеді.

1991 жылғы 27 маусымда «Қазақ ССР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ ССР-інің Заңы қабылданды.

Нәтижесінде елде «Қазақстанның халық конгресі», «Алаш» партиялары, Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП), Қазақстанның социалистік партиясы, Қазақстанның республикалық партиясы, «Лад» республикалық славян қозғалысы және «Азат» Қазақстанның азаматтық қозғалысы, «Мемориал» қоғамдық-ағарту қоғамының филиалы,  Алматы-Хельсин тобы,  «Бірлік» қозғалысы, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысы және басқалары  пайда болды.

1990 жылдардың басында Әлеуметтік қорғау коалициясы құрылды, оның аясына қоғамдық өткір проблемаларды талқылау, оларды шоғырланған негізде шешудің тетіктерін іздестіру жолымен еңсеру жөнінде бірлескен жұмыс үшін 28 түрлі ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бірікті.

1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік серіктестік жөнінде республикалық үшжақты комиссия құру туралы қаулыға қол қойды, бұл сындарлы үшжақты қатынастарды дамытуға және әлеуметтік серіктестік жүйесін құрудың бастауы болды.

Партиялар мен қозғалыстардың құрылуы мен жұмыс істеуі және, тиісінше,  елдің партиялық жүйесінің одан әрі дамуы үшін құқықтық өріс құруға  1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдарының қабылдануы ықпал етті. Бұдан басқа, Қазақстан халықтары Ассамблеясына біріккен ұлттық мәдени орталықтар белсенді дами бастады. Этносаралық келісім елде реформалар жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін іргетасқа айналды.

1990 жылдың аяғы азаматтық институттар қызметінің кәсібиленуімен ерекшеленді, мұның өзі олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттіліктер мен мұқтаждықтардың түрлі ауқымын шешу жөніндегі жұмысының тиімділігін көтеруге мүмкіндік берді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының, (бұдан әрі - БАҚ) баспа кәсіпорындарының мемлекет иелігінен шығу, сондай ақ БАҚ-тың мемлекеттік қаржыландыру мен дотациялау жүйесінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырысқа көшу процесіне байланысты масс-медиа нарығында сапалық  өзгерістер болды.

1998 жылғы 7 қазанда ел Парламентінің Қазақстан Республикасының Конституциясына елдің сайлау жүйесіне  партиялық тізімдер бойынша сайлау енгізуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуі партиялық құрылыс процестерін жеделдетті. Сөйтіп, 1998 жылғы желтоқсаннан бастап 1999 жылғы тамызды қоса алғанда, Қазақстанның азаматтық партиясы (ҚАП), Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП), «Азамат» демократиялық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП), «Отан» республикалық саяси партиясы, Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, «Алаш» Қазақстанның ұлттық партиясы құрылды. Парламентте партиялық фракциялар пайда болды.

1999 жылы іс жүзінде барлық өңірлерде «ҮЕҰ ақпарат орталықтары» ашылды, олардың басты міндеті өңірлік үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, оларға консультативтік көмек, ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету болды.

2000 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Еркін де еңселі әрі қауіпсіз қоғамға» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың түрлі топтарының мүдделерін іске асырудағы рөлі күннен-күнге артып келе жатқан үкіметтік емес ұйымдарды дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде Үкіметке алғашқы тапсырмалар берілді.

2000 жылы мемлекеттік билік органдарымен (бұдан әрі – билік) өзара іс-қимыл тетіктерін жасау үшін ҮЕҰ күш-жігерін шоғырландыратын  Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының конфедерациясы құрылды.

2000 жылғы желтоқсанда  қабылданған «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы атқарушы билік органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің бірлестіктері арасындағы мүдделердің келісілуін қамтамасыз етуді мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерді.

2002 жылғы шілдеде қабылданған және күшіне енген «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы елдің партиялық жүйесіндегі одан арғы сапалық құрылымдық өзгерістерге алып келді.

2001 жылы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жылы – Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау тұжырымдамасы қабылданды.

2003 жылы ел Үкіметі үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003 – 2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті, соған сәйкес облыстық  (қалалық) бағдарламалар әзірленді.

Сол жылдың өзінде ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің  бірінші съезі өткізіліп, оған көптеген көрнекті дін қайраткерлері, әртүрлі конфессиялардың өкілдері қатысты, «Бейбітшілік пен келісімге» декларациясы қабылданып, Бейбітшілік пен тұрақтылық форумы құрылды.

2003 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен бірінші Азаматтық форум өткізілді. Ол үкіметтік емес сектордың  саяси танылуын белгіледі және азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының жүйелі тетіктері қалыптасуының бастауы болды. 2005 жылы екінші Азаматтық форум өткізілді, ол елдің қоғамдық өміріне  қатысуға бизнес-қауымдастықтардың тартылуына ықпал етті. 

Орталық және жергілікті деңгейлерде «билік – қоғам» серіктестігінің ұзақ мерзімді тұрақты тетіктерін және түрлі үндесу алаңқайларын құру жөніндегі жұмыс белсенді жүргізіле бастады. Қорытындысында, 2005 жылғы сәуірде «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, ол билік органдары мен ҮЕҰ-ның өзара қатынастарының принциптік жаңа жүйесінің құрылуына мүмкіндік берді.

2003 – 2005 жылдары бірін бірі алмастыра отырып, азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру және дамыту жөнінде ұсыныстар тұжырымдау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін кеңес пен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Демократия мен азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істеді.

2006 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды, оның жұмысына саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысады.

Сөйтіп, өткен жылдары елде азаматтық қоғам институттары – саяси партиялар, коммерциядық емес (үкіметтік емес) ұйымдар, кәсіподақтар, ұлттық-мәдени бірлестіктер, мемлекеттік емес БАҚ және тұтастай алғанда мемлекеттік емес секторды білдіретін басқа да институттар қалыптасып, қазіргі уақытта мейілінше тез дами бастады. Бүгінгі күні Қазақстанда 12 саяси партия, түрлі бағыттағы 5820 ҮЕҰ, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы, 471 ұлттық-мәдени бірлестік, 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияларды білдіретін 3340 діни бірлестік, түрлі меншік нысанындағы 6646 БАҚ ресми тіркеліп, жұмыс істеуде. Осы және басқа да азаматтық қоғам институттары елді одан әрі демократияландырудың маңызды ресурсына айналды.

Сонымен бірге, қоғамда азаматтық қоғамның одан әрі өсуіне ғана емес, елді әлемдік жаһандану процесіне барған сайын тартып бара жатқан қыр көрсетулерге де байланысты бірқатар проблемалық мәселелер көрініс бере бастады. Олар тұтастай алғанда елдегі азаматтық қоғамды одан әрі үйлесімді дамытуды тежейді, оның әр бөлігі үшін сипаттамалық ерекшеліктері бар және өз шешімін  талап етеді.

 

 

 

 

1.3 Қазақстанда азаматтық қоғам институттарын қалыптастырудың құқықтық негіздері

 

Адамдардың объективтік тарихи даму процесіне және күнделікті қарым-қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық коғам, әлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам және т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып келе жатқан азаматтық қоғам. Қоғамның баска түрлері тез құрылып, тез арада тарап жатады. Олардың өмірі, іс-әрекетінің шеңбері кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды.

Азаматтық қоғам - мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Осы катынасқа қатысушылардың табиғи және азаматтық құқықтарын, бостандығы мен міндеттерін автономиялы даму жолы қамтамасыз етеді. Азаматтық қоғамда үзіліссіз болмайды, уақыты шектелмейді, аумақтық - аймаққа бөлінбейді, мемлекеттің барлық аумағын, халқын біріктіреді.

Республика Конституциясы Қазақстандағы азаматтық қоғамның даму сатыларын мемлекетке бағындырмастан әлеуметтік бағдарлы нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалайтын нормативтік-құқықтық акт болып табылады. Оған дәлел ата заңымызда көрсетіліп жазылған баптар құқықтық негізді құрайды. Мысалы меншік тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті; адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық және саяси әр алуандылықты және тағы баска жаңа Конституцияда бекітілген           қазақстандық-азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде              азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялык, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген. Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүлде - мақсаты.

Адам қоғамы дамып, қалыптасып, өмірге келген күннен бастап міндетті түрде оның бағдарламасы, саясаты, биліктің түрі анықталады. Бұл жұмыстармен шұғылданатын қоғамның саяси жүйесі. Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдык бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизімін белгілейді.

Адамдар тарихтың объективті заңдарын жасап немесе бұза алмайды, бірақ сол заңдар алдында дәрменсіз емес. Тарихи даму заңдарын білу адамдардың ол заңдардын күшін қоғамды қайта құру үшін пайдалануына мүмкіншілік береді. Белгілі бір заң әсер ететін жағдайды өзгерту арқылы адамдар оның нәтижесінің түрін өзгертіп, керінісін үдетеді немесе баяулата алады.

Информация о работе Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет