Дене тәрбиедегі сабақ жоспарының мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 00:13, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы 1 наурыздағы жолдауы. Біріншіден, Үкімет әрбір жоғары оқу орнындағы білім беру сапасын әділ бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде аттестациялау жүйесін енгізуге тиіс. Жоғары білім беру ұйымдарын халықаралық аккредитациялау үшін беделді агенттіктерді тарту жөнінде де ойланған жөн.

Содержание

Кіріспе
Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары
Жылдық жоспар графигін құру ережесі
Оқу жылының тақырыптық жоспарын таңдау
Дене тәрбиесінің сабақ жоспарының мәні
Балабақшада оқу жұмысына талдау жасаудың рөлі
Сабақтың тиімділігін хронометриялық әдіспен анықтаудың жолдары
Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шаралардың тиімділігі пайдалану
2.4 Балабақшадағы «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұнының ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Дене тәрбиедегі сабақ жоспарының мәні.doc

— 371.00 Кб (Скачать)

    Ата-аналар үй тапсырмасын және кұнделікті әрдайым тексеріп, оған қолдарын қояды. Кейбір жаттығулар сабақ үзілістерінде немесе сабақтан кейін орындалады.

    Тапсырмалардың  орындалу мерзімі Тапсырманың негізгі бағыты қозғалыс сапасын дамытуға байланысты, сондықтан да олардың деңгейін уақытша өзгерту ескеріледі. Икемділіктің жылдамдық, күш-қуат пен төзімділікке қарағанда тезірек өзгеретіні белгілі, сондықтанда тапсырмалардың орындалу мерзімі бір немесе екі жеті, кей жағдайда бір ай, одан да ұзақ бір тоқсан болуы мұмкін. Келесі тапсырмаларды бұрынғы тапсырманы мұқият тексерген соң беру керек.(кесте-З)

    Сабақтың   тақырыбы:      Волейбол   алаңында   орынды   тез өзгерту

    Сабақтың мақсаты; Орынды тез өзгертуге үйрету.

    Құрал-жабдықтар; доп.

    Өткізетін орын және күні

    Топ 7°. Өткізген Айтуғанов Ж.Ж.

   Оқу жұмысың талдау. Дене тәрбиесі сабағын тексерудің негізгі түрі - сабаққа қатысу. Сабаққа қатысу арқылы тәрбиешінің жұмыс сапасын оның теориялық және методикалық дайындығын, бағдарламаны білуі мен игергенін, іс жүзінде қолдана білуін, сабақты методика бойынша дұрыс өткізетінін анықтап, бағалауға болады.

   Дене  тәрбиесі сабағында оқу-тәрбие жұмыстарын тексерудің иегізгі әдісі- бақылау.

   Сабаққа қатысар алдында тексеруші бағдарламаның  және жылдық, тақырыптық жоспар кестесінің мазмұнымен танысады да бағдарламаның бөлімдері, сабақтың нөмірі, өтетін спорт түрінің сағат саны, үйретілетін және жетілдіретін жаттығулар топтамасы көрсетіледі. Тақырыптық жоспар кесте негізінде, сабақтың мазмұндык жоспарын жазады.

   Сабаққа қатысып, оны талдауды неден бастау керек ?

   1) Тәрбиешінің сабаққа дайындығы, сабақтың жоспары, бағдарламаға     сәйкестігі,     сабаққа     қойылатын     мақсаттың дұрыстығы   және   деректілігі,   өткен   сабақтармен   байланысы, құрылымына сәйкес бөлінуі, сабақтың өтетін орыны және қажетті құрал-жабдықтардың дайындығы анықталады.

    2) Топ журналында өткен сабақтардың жазылуы бағдарламаға, жоспар кестеге /үйрету, қайталау, жетілдіру/, сабақ құрылымының сәйкестігі, өтетін және келесі сабақтың өз ара байланысы қарастырылады. Жаттығулар балалардың шынығу дайындығына қарай топтастырылуы ескеріледі.

    3) Тәрбиешінің сабақта алатын орыны оның балалар арасындағы беделіне, сыртқы шшініне, спорттық киімінің сай болуына балалармен қарым-қатынасына, шешімділігіне, өзіне-өзінің сенімділігіне, ұстамдылығына, бұйыруды дұрыс беруіне, спорт атуларын меңгеруіне, білуіне, тіл байлығына, әділеттілігіне дер кезінде балалардың қателіктерін тұзете білуіне, тапсырманың дұрыс орындалуын талап етуіне, орынды ескерту жасау және мадақтауына, сабақта оқу-тәрбие жұмыстарының және алдына қойған мақсатының орындалуына, балаларды әділ бағалауына байланысты.

    4) Сабақтың ұйымдастырылуы барысын талдау.

    Сабақтың  дайындық /кіріспе/ бөлімінде, балалардың сабаққа әзірленген/ спорттық киімін, оның бар жоқтығын/ сабаққа қатысуын, ұйымдасқан тұрде келуін, тәртіп сақтау және дер кезінде сапқа тұруын, рапорт беруін, сабақтың мақсатын, міндетін, теория және тәжірбие жүзінде жете түсінуін олардың сабақтың мақсатын орындауға қалай жұмылдыратындығы бақылауға алынады.

    Жалпы дамыту және арнайы дайындық жаттығуларының сабақтың негізгі бәлімінде балалардың организіміне тигізетін әсеріне көңіл аударылады.

    Сабақтың  негізгі бөлімі. Сабақтың бұл бөлімінде тәрбиешінің алдына қойған мақсатын, қандай әдіс-тәсілдермен орындайтының, уақытты қалай пайдаланатынын, балалардың жаттығуларды орындау деңгейіне, жынысына қарай іріктейтіні тексеріледі. Балалардың тыныс алуына, қозғалыс тірегінің қалыптасуына, орындалатын жаттығулардың дұрыс және тиімді орындалуына көңіл аударылады. Жаңа жаттығуларды үйрету 
және өткен жаттығуларды жетілдіру мақсатында : дайындық, 
жетекші және арнайы жаттығуларды қолдану, жүктемені 
балалардың шынығуы деңгейіне және қабілеттілігіне қарай 
қолдану-әісіресе денсаулығына байланысты дайындық тобына 
жататын балаларды естен шығармау. Сабақта көрнекті құрал- 
жабдықтарды пайдалану, түсіндіру, жаттығуларды іс жүзінде 
көрсету, көмектесу, қауіпсіздікті сақтау : спорттық құрал- 
жабдықтарды дер кезінде пайдалану және дайындау, үлгісіз 
жасалған спорттық       құрал-жабдықтарды       пайдалану,

балалардың білімі мен дағдысын тексеру бақылауға алынады.

    Сабақтың  қорытынды бөлімі. Тәрбиешінің балалардың келесі сабаққа қалай дайындалатындығы, би, тыныс алуды қалыптастыру, назар аудару, сапта жұру, жаттығуларының орындалуы, ойындардың әділетті бағалануы, сабақтың қорытындысын дұрыс шығаруды, оның мақсаты мен міндетіің орындалуын дер кезінде аяқталуы ескеріледі.

    Сабақты талдау.

    Сабаққа қатынасқанда оның оқу мен қозғалыс тығыздығына көңіл аударылады.

    Сабақтың  қозғалыс тығыздығын анықтау үшін бір /немесе бір топ/ баланың сабақ барысындағы жаттығуларды орындауға кететін уақыты алынады. Бала жаттығуларды орындауға қаншама көп уақыт кетірсе, қозғалыс тығыздығы сонша жоғары болады /жаттығуларды орындауға кеткен уақыттың жалпы сабақ уақытына проценттік қатынасы/. Сабақтың қозғалыс тығыздығы жалпы уақытының 50% тең болуы керек. Ал кейбір әдісі мол балалардың көрсеткіші 70-75% дейін жетеді.

    II. Сабаққа дайындық.

    1) Сабақтың   мазмұндама   жоспарының   бар, жоғы   және мақсаты.

    2) Тәрбиешінің   балалардың   спорттық   киімі   және   оның сыртқы көрінісі.

    3) Сабақтың  өтетін  орыны,  спорттық  құрал-жабдықтарды 
дайындау, оның тазалық-гигиеналық жағдайын бақылау.

    4) Денешынықтыруды        ұйымдастырушылар       балалар арасынан алдын ала өзіне көмекшілерді дайындау.

    5) Сабақтың      міндеті      мен      мақсатының      орындалуы 
/таныстыру,   үйрету,   қайталау,   жетілдіру   т.б.   Топ 
журналына өтілген сабақтың тақырыбын жазу.
 

    III. Сабақтагы оқу- тәрбие жұмыстары .

  1. Балалардың оқу жұмысын меңгеру деңгейі
  2. Оқудың дидактикалық негіздерін жүзеге асыру.
  3. Сабақта қолданылатын оқыту әдістері /түсіндіру, көрсету, 
    көрнекті құралдарды пайдалану, қауіпсіздікті сақтау т.б. /.
  4. Арнайы жаттығуларды қолдану.
  5. Талдауды, қателікті түзетуді және бағалауды жетік білу.
  6. Қауіпсіздікті   сақтау   және   оның   сапасы,   балаларды 
    қауіпсіздік сақтауға жұмылдыру.
  7. Сабақтың тығыздығын бағалау.
  8. Тығыздық    қисығының    өзгеруі.    /бірте-бірте    өсуі,    бір 
    деңгейде тұрып сабақтың соңында төмендеуі .
  9. Тәрбиешінің жүктемені реттеу әдістері.
  10. Тыныс   алу   және   қозалыс   тірегін    қалыптастырудағы қамқорлык.
  11. Сабақтағы тәрбие  жұмыстары  /балалардың жағымды және жағымсыз қылықтарын ескерту./.
  12. Балалардың сабаққа деген ынтасы және тәртібі.
  13. Балалар арсында тәрбиешінің беделі.
 

            IV Сабақты ұйымдастыру.

  1. Сабақтың дер кезінде басталуы және аяқталуы, уақытты сабақтың бөлімдері мен жаттығуларға беле білу, уақытты жаттығуларды   қайталауға   тиімді   бөлу,   жаттығуларды дұрыс орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар беру.
  2. Балаларды   сабаққа   ұйымдастырудың   әдістері   /жан-жақты топтармен, жеке-жеке, айналымы /.
  3. Сабақ   өтетін   орындарды,   құрал-жабдықтарды   тиімді 
    пайдалану және балаларды дұрыс орналастыру.
  4. Белсенді балалардың сабақтағы іс-шаралары /топтарды 
    басқару, қауіпсіздік сақтау, жаттығуларды көрсету, бірін 
    бірі үйрету, бір біріне көмектесу, сабақ өтетін орындарды 
    дайындау және құрал-жабдықтарды жинау т.б./.

    V. Ой-пікір қорытындысы

      Жоспарды  орындау /бағдарламаның бөлімдерін/, қойылған мақсатқа жету, балалардың сабақта алған білімдері мен қабілеттілігінің сапасы, онын жетістіктері мен кемшіліктері. Сабақтың жетістіктерін орынықтыру және жетілдіру, кемшілктерін жою шараларын карастыру.

         Оқытушының теориялық  және әдістемелік деңгейі, оқу жұмысын білуі, сабақ жургізу әдістері, өткен сабақтардың мазмұнымен байланыстыруы, жаттығулар мен ойындардың топ бағдарламасына сәйкестігі, дәрігерлік дайындық топтағы балалармен арнайы жұмыс жүргізу. Мектептегі дене шынықтыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Мектептің барлық педагогқызметкерлерінің міндеті- дене шынықтыру мақсаты, міндеттері, мазмұны,  жұмыс түрлері жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру және белсенді дене шынықтыру мен спортты насихаттау болып табылады.

   Мектеп  директорының жауапкершілігі:

   - мектептегі дене шынықтыру сабағын  оқытуды дұрыс жолға қою, мектептен тыс жұмыс формаларын ұйымдастыру, дәрігерлік топтардың жұмысын қадағалау;

   - мектеп оқушыларымен арнайы дірігерлік  топтар жұмысын ұйымдастыруу, мектепте  дене шынықтыру  жөнінен сабақ  өткізуге  қажетті жағдай жасау,жабдықтау,  мектептің ішінен арнайы орын бөлу.

   - Дене шынықтыруды оқуға және  сыныптан тыс жұмыс жұмыс түрлеріне  қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз  ету;

   - дене шынықтыруға арналған жұмыстың  жүйелі түрде орындалуына қадағалау,  мұғалімнің өткізген сабақтарына  қатысу;

   - дене шынықтыруға арналған оқу және сыныптан тыс жұмыс түрлері жоспарының орындалуын тексеру, бекіту;

   - мектептегі жалпы педагогикалық  қауымның, арнайы мұғалімдердің  білімдерін көтеріп отыру;

   - денен шынықтыру жөніндегі жұмыстарды  мектептің педагогикалық кеңесінің  жоспарына кіргізу және талдау.

  Дене шынықтыру жөніндегі    жұмыс түрлерін жүзеге асыруды бастауыш мектеп мұғалімдері атқарады. Бастауыш мектеп мұғалімдері оқу жоспары бойынша бекіткен оқу кестесінің орындалуына, ұйымдастырылуына толық жауап береді.

      Бастауыш мектеп мұғалімдері:

     - жас ерекшеліктеріне қарай дене  тәрбиесі жөнінен оқу бағдарламасын  толық орындауға, сабақта жоғары  сапамен қамтамасыз етуге;

     - дәрігерлермен бірігіп оқушыларды  дәрігерлік бақылаудан өткізуге;

сабақ өткізілетін орындағы санитарлық-гигиеналық жағдайлардың дұрыс болуын қадағалауға;

     - дене шынықтыру жаттығуларымен  айналасу барысында оқушылардан  арнайы спорт киімдерін талап  етуге;

  - дене тәрбиесі жөнінен сыныптан тыс жұмыс түрлерін ұйымдастыруға,өткізуге қатысуға, оқушылардың қызығушылығын қалыптастыруға;

     - дене шынықтыру жөнінен үнемі  өз білімін жетілдіріп отыруға  міндетті.

      өз  білімін жетілдіріп отыру үшін мұғалім  үнемі озық тәжірибелермен алмасып, өзара сабаққа қатысады. 

       2.2 Сабақты тиімділігін хронометриялың әдіспен анықтау. 

    Сабақтың  жалпы және моторлық тығыздығын анықтау мақсатында   хронометриялык   әдіс   қолданылады.   Бұл   әдістің тиімділгі сабақтың       бөлімдеріне уақытты дұрыс бөлу,  оның педагогикалық көзқараста тереңдетіп және дұрыс талдау .

    Сабақты хронометриялауға қажетті материалдар :

    - хронометриялаудың мә жіліс хаты;

    - жалпы және моторлық тығыздықты анықтау есебі /процент бойынша;

    -сабақ тығыздығының тақырыптық талдауы.

    Сабақтық  алдында ол жайында мәлімет береді. Мәжіліс хатта сабақтың барысы жазылады.

    Сабақты хронометриялау екі графаға жазылады: бірінші графада сабақтың мазмұны, ал екінші графада секундомер көрсеткіштері жазылады. Барлық көрсеткіштер сабақтын соңында есептелінеді.

    Дене  тәрбиесі сабағының хронометрияландыруының мәжілісхаты.

    Сабақтың   N  топ  балабақшаның N  өтетін

уақыты       өтетін   орыны       сабақты   өткізген

тәрбиешінің аты, жөні _ _______

Сабақтың  мақсаты:

бала,   қатысып  отырғаны 
    бақылауға    алынған

    балалардың аты, жөні.

    Хронометрияны өткізген адамның аты, жөні

     Әрекет   түрлері  графасында   сабақ   мазмұны   жазылады  графада  әрбір  қимыл-әрекет  түрінің  аяқталу уақыты секундомер бойынша белгіленеді. Хаттамада жаттығушыларды барлық    әрекеттері    (жаттығуларды    орындау,    бақылау    т.б.) олардың нәтижелілігіне байланысты, мақсатқа сәйкес (+белгіс бар графада) және мақсатқа сәйкес емес (-белгісі бар графада) деп белгіленеді. Әрбір әрекетке жұмсаған уақыт секундомер бойынша 2-графада белгіленген алдыңғы көрсеткіштің уақытынан кейінгі уақытты алу жолы арқылы анықталады.  Сабақ аяқталғаннан кейінгі  барлық     графадағы  уақыт  қосылады да,  сол  арқылы сабақтың  жалпы     және қозғалушы  тығыздығы анықталады Сабақ тығыздығы барлық     әрекет     түріне,     мақсатқа     сәйкес жұмсалынған

Информация о работе Дене тәрбиедегі сабақ жоспарының мәні