Дене тәрбиедегі сабақ жоспарының мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Мая 2012 в 00:13, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы 1 наурыздағы жолдауы. Біріншіден, Үкімет әрбір жоғары оқу орнындағы білім беру сапасын әділ бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде аттестациялау жүйесін енгізуге тиіс. Жоғары білім беру ұйымдарын халықаралық аккредитациялау үшін беделді агенттіктерді тарту жөнінде де ойланған жөн.

Содержание

Кіріспе
Балабақшадағы дене тәрбиесі пәнінің құжаттары
Жылдық жоспар графигін құру ережесі
Оқу жылының тақырыптық жоспарын таңдау
Дене тәрбиесінің сабақ жоспарының мәні
Балабақшада оқу жұмысына талдау жасаудың рөлі
Сабақтың тиімділігін хронометриялық әдіспен анықтаудың жолдары
Балабақшадағы бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шаралардың тиімділігі пайдалану
2.4 Балабақшадағы «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұнының ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Дене тәрбиедегі сабақ жоспарының мәні.doc

— 371.00 Кб (Скачать)

     Нәрестелік жастағы бірінші топтағы балаларға жеке ерекшеліктері арқылы сабақ 12-15 жаттығу мен уқалау (сылау, ысқылау, т.б.)  түрлері арқылы өтеді. Бұндай сабақтың ұзақтығы 8-10 мин. Нәрестелік жастағы екінші топтың сабағы екі топқа  бөлініп өтіледі: бір жастан бір жарым жасқа дейінгілерге 6 бала қатысады, ал бір жарым жастан екі жасқа дейінгіде 6-10 бала қатысады. Сабақ ұзақтығы 10-15 мин. Әр топқа  даму қалпы бірдей балалар жинақталады. Жалпы дамытатын, сабақты бір мезгілде неше бала ойнайтын таяқшалар, шеңберлер қолданады және қимылдың барлық түрі ретімен орындалады. Сабақ тыныс алу мүмкіндігін де қарастырады.

     Мектепке  дейінгі балалар үшін сабақ түрі әр түрлі (екі жастан жеті жасқа дейін).

     Дене  тәрбиесі сабақтары – оқу-тәрбие жұмыстарының ең негізгісі түрі болып  есептеледі. Сабақтың мақсаты – жаңа қимылды үйрену, бұрынғы өткендерді бекіту, дене сапасын тәрбиелеу. Олар төменгі және орта топтарда 20-25 минуттан аптасында 3 рет, ал мектепке дейінгі топтарда 30-35 минуттан өтіледі. Сабақ үш  бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімінде жүру, жүгіру, би жаттығулары жасалынады. Негізгі бөлімде негізгі қимылдар мен қозғалыс ойындары сияқты жалпы дамытушы ойындар ойналады. Қорытынды бөлімде бәсең қимылды ойындар немесе қарапайым жүру орындалады.

     Таңғы жаттығу – балабақшадағы ең маңызды сауықтыру шараларының бірі. Ол ағзаның белсенділігі мен жұмысқа қабілетін арттыруға арналған. Төменгі топтарда оның ұзақтығы – 5-10 мин. Дайындық тобында 12 – 15 мин. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе (жүру түрлері), негізгі (негізгі бұлшықет бөлімдерін дамыту жаттығулары), қорытынды (қарапайым жүру).

     Дене  тәрбиесінің мезеті – тіл дамыту, математикалық сабақтарында зейінді  аудару үшін қажетті ақыл-ой жұмысын  арттыру қолданады. Ол шаруадан сақтайды, 2-3 жаттығумен 2-3 минут созылады.

     Қорғаныс ойындары күнделікті серуен кезінде орындалады. Олар қозғалыс белсенділігін арттырып, көңіл-күйді жақсартады, ерік-жігерді шыңдайды. Балалар жылына 22-25 жаңа ойындармен танысады.

     Дене  тәрбиесі демалысы айына 1-2 рет төменгі  топтарда 20-30 мин, жоғарғы және дайындық топтарыда 45-50 минуттан өтеді. Бұл жерде дене тәрбиесі сабақтарынан айырмасы еркін қимыл қарастырылған, ол үшін көңілді эстафеталар өтеді.

     Дене  тәрбиесі мерекелері жылына екі рет  орта дайындық топтарында өтеді. Оған балалар алдын ала дайындалып, үйренген спорт ойындарын, жаттығуларын, билерін пысықтацды. Мерекеде соларды ортаға салады. Ұзақтығы 1-1,3 сағат.

     Балалардың  дербес қимыл қызметі күннің әр түрлі  уақытында жасалады: таңертеңгі асқа дейін, сабақ арасында, күдізгі, кешкі  серуенде, түскі ұйқыдан кейін. Ол тәрбиешінің бақылаумен жұүзеге асады. Оның түрлері мен ұзақтығы балалардың қабілеті мен қажеттіліктеріне байланысты.

     Сабақ әдістемесінің ерекшеліктері.

     Дене  тәрбиесін оқыту әрбір жастағы  топтарға арнайы дайындалған түрде  беріледі. Нәрістелік және төменгі топтардағы тапсырмалар баланы қызықтыратындай болуы керек, яғни нәтижесі көрінуі қажет. Бала қызығуын арттыру үшін халық ойындарын қолданған дұрыс. Ортаңғы топта үйрету өзіндік ерекшелікке ие. Балалар үлкен төзімділік көрсетіп, қимылды есте сақтауға тырысады. Сондықтан тәрбиеші тапсырманы  аса жақсы түсіндіреді.

     Жоғарғы дайындық топтарда тәрбиеші жаттығуды  әрдайым орындап, көрсете бермейді. Үйрету өткен сабақпен, салыстыру, талдау, талқылау арқылы түсіндіріледі. Бұл  топтарда көбінесе дербес жұмыс істеткен жөн.

     Музыкамен өткізілген сабақ оқушы ынта –  ықыласын арттырады және баланың  темппен ырғақты қабылдауына  көмектеседі. 

    Дене  тәрбиесі құзіреттілігі салауатты өмір салтын ұстану ниеті мен қызығушылығының артуына байланысты — қажетті гигиеналық шараларды, күн тәртібін орындау, қимыл-қозғалыс белсенділігін реттеу, қозғалысын жетілдіру сияқты әрекеттерден көрініс береді.

    Бес жасар баланың эмоцианалдылығы  қуану, ренжу, қанағаттану, өкпелеу  сияқты түрлі сезімдік жағдайларын  көптеген амал-тәсілдер арқылы білдіру ерекшелігімен сипатталады. Адамгершілік қасиеттерінің біреуді аяу, оның жағдайын түсіну сияқты сезімдері бала бойында қалыптаса бастайды.

    Баланың еріктілігі қоғамда қалыптасқан нормалармен, мысалы, бастаған істі аяқтау (конструктор құрастыру, ойыншықтарды жинау, ойын ережелерін есте сақтап, өлеңдер мен ән сөздерін жаттау), өз іс-әрекетін сәйкестендіруден басталады.

    Тәрбиеші алдын ала балалардың білім деңгейі мен тәрбие жұмыстарын жоспарлау құжаттарымен мұқият танысады.

  1. Әр топтың жылдық сағат кестесі балабақшаның 
    жабдықталуына,      жергілікті      ауа      райына,      әр      тоқсанда 
    бағдарламаның өтетін бөліміне, спортты түрлеріне бөлінген сағат 
    санына байланысты құрастырылады .
  2. Сабақтың жылдық жоспары.
  3. Күнтізбелік жоспар.
  4. Сабақтың мазмұндама жоспары.
  5. Сынақ алу құжаттары.

    Жылдық  жоспар графигін құру ережесі.

      Жылдық  жоспар өз кезегімен өтілетін оқу  бағдарламасының құжаты әрбір 2-топқа және жас ерекшелігі тең топтарға жүргізіледі. 1-ден оқулықтың мүмкінділігімен сабақ өтілетін жер жағдайына байланысты таңдау жасап, олардың бағдарлама талаптарына сәйкес, сағатын біліп алып, сол оқу жылына бағдарламалық бөлімдерінен өтілетін құжаттан сағаттар саны құрылады. Кейбір жағдайлардың болмауына байланысты дене тәрбие тәрбиешіі балабақшабасшыларымен келісе отырып, бағдарламаның бөлімдеріндегі берілген сағатты өзгертуіне болады. Бағдарламаға байланысты әрбір топқа дене тәрбие мынандай бөлімдерден тұрады:

         1)  білім негіздері

        2)дагды

  1. балаларга қойылатын талаптар

    4)дагдыны  іскерлікті дамыту мақсатында  оқу көрсеткіштері (нормативтер).

    Білім негіздері төменгідей тақырыптарга топтастырылды:

    Дене  тәрбие мен спорттың маңызы, дене жаттығуының ағзаға тигізетін әсері, гигиена талаптары, сабақта тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, дене жаттығуын өз бетінше істей алу және жолдастарына жүргізе білу. Бастауыш топтарда, гимнастика, қозғалмалы ойындар, ұлттық ойындар және жеңіл атлетика сабағының ең қарапайым түрлері қолданылады.

Кесте - Жылдық жоспар

Бекітемін: Балабақша директоры:

Жылдық  жоспар

Топ БАҒДАРЛАМА  БӨЛІМІ 1- тоқсан. 2-тоқсан. 3- тоқсан. 4 - тоқсан.
 
І
    1-19 1-14 1-20 1-15
Жеңіл атлетика.    1-10     1-10
Гимнастика.   1-14    
Қозғал. ойындар.    11-12   1-20  
Ұлттық  ойындар.    13-19     11-15
ІІ Жеңіл атлетика.    1-11     7-15
Дала  жарыеы. 12-15     3-6
  Гимнастика.      1-8    
Спорттық  ойындар.   9-14        1-18   
         
Ұлттық  ойындар.     16-19   19-20      1-2
  Жеңіл атлетика.      1-11           7-15
Дала  жарысы. 12-15        3-6
Гимнастика.     1-6    
Спорттық  ойындар.   7-14        1-20  
         
Ұлттық  ойындар      16-19         1-2

 
 

         1.2 Оқу жылының тақырыптық жоспары таңдау 
 

     Бағдарламаның тақырыптарын тоқсандарға бөлу кестесін балабақшаның жағдайына, өзінің және балабақшаның мүмкіншілігіне, балалардың дайындығына қарай дене тәрбиесі тәрбиеші жазады.(кесте-2)

Тақырыптың  тоқсандық жоспар. (Дайындық топ)

І тоқсан (үлгі).

Сабақтың тақырыбы Мөлшері Күні
1 19 Аңшылармен  үйректер 1 9.11.2009
2 20 Жүру және жүгіру жаттығулары 1 12.11.2009
3 21 Доппен орындалатын  гимнастикалық жаттығулар 2 16.19.11.2009
4 22 Доппен орындалатын  гимнастикалық жаттығулар    
5 23 Гимнастикалық қабырғада жаттығу 1 23.11.2009
6 24 Гимнастикалық орындықтарда жаттығу 1 26.11.2009
7 25 Көк жалаушамен жүгіру 1 30.11.2009
8 26 Гимнастикалық жалаушамен жүгіру 2 3.12.2009
9 27 Гимнастикалық жалаушамен жүгіру    
10 28 Жүріп келе жатып  жасалатын жаттығулар 1 7.12.2009
11 29 Кішкене доппен жасалатын жаттығулар 2 10-14.12.2009
12 30 Кішкене доппен жасалатын жаттығулар    
13 31 Допты ұста 1 17.12.2009
14 32 Лақтыру жаттығулары 1 21.12.2009

 

                   Сабақ жазба жоспары (үлгі)

Дайындық  тобы.

Сабақтың  тақырыбы: №31 «Допты ұста».

Сабақтың  мақсаты: 1) Білім беру: Баланы «Допты ұста» ойынын үйретуде,

          оқытуда саналылық, белсенділік қағидасына сай білім туралы ой қалыптастыру.

          2) Тәрбие беру:  Балаға белсенділік, жеңіске жету мақсатында өз тобын қорғау, яғни ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, төзімділікке, ептілікке баулу.

          3) Сауықтыру: Балада ойын желісінде  жүгірту, секірту мақсаттарында,  ағзаны қозғалысқа түсіре отырып, денсаулығын сауықтыру.

Құрал жабдықтар: Ойын үшін екі валейбол добы.

Өтілу күні, орны:  Спорт алаңы 17.12.2009ж

Топ:  Дайындық тобы.    Өткізген: Раимкуловава К  
 

Сабақ мазмұны Мөлшері Әдістемелік нұсқа
К

і

р

і

с

п

е 

б

ө

л

і

м

і 

Н

е

г

і

з

г

і

Қ

о

р

ы

т

ы

н

д

ы

1. Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу.

2. Саптағы жаттығулар; түзел, тік тұр, оңға, солға, айнал, еркін тұр.

3. Жүру жаттығулары; алаңның сыртқы жиегімен айналып жүру, шеңбер бойымен қиғаш жүру, ирелеңдеп жүру, жартылай отырып жүру, толық отырып жүру.

4 Жүгіру жаттығулары;

а) қол  желкеде аяқты сермей жүгір.

б) қол  белде аяқты артқа тастай жүгір.

в) қол  белде оң иықпен жүгір.

г) қол  белде сол иықпен жүгір.

д) қолды  алға созып тізені алақанға тигізіп  жүгір.

5. Ж.Ж.Ж.-ы:

1) Б.қ.  аяқ алшақ, қол белде. 1-2 басты алға, 3-4 басты артқа шалқайту

2) Б.қ.  қол белде 1-2 белді оңға 3-4 солға  қарай ию.

1. Арнайы жаттығулар.

2. Ойын: «Допты ұста» ойыны.

Ойнаушылар  екі командаға бөлініп, эстафеталық  сапқа тұрады. Әр команданың алдыңғы  жағынан 6-8м қашықтықтан шеңбер сызылады. Шеңберде капитан допты ұстап тұрады. Тәрбиешінің белгісі бойынша капитан допты өз жағының бірінші ойыншысына лақтырады да өзі жүгіріп барып командасының соңына сапқа тұрады. Бірінші ойыншы доп қолына тиісімен шеңберге жүгіріп келіп, допты екінші ойыншыға лақтырады. Т.с.с. капитан шеңберге қайта келгенде ойын аяқталады. Капитаны шеңберге бұрын келген команда жеңіп шығады. 

1. Топты  сапқа тұрғызу.

2. Тыныс  алу жаттығуларын орындату.

3. Бағалау

 
2 рет 

1 айналым 
 
 

1 рет

1 рет 
 
 
 
 

4 рет 

1 рет 
 
 
 
 
 
 

4-5 рет

Киіміне назар  аудару

Қатарды бұзба 

Кеудені тік ұста басты жоғары көтер 
 

Кеудені тік ұстау

басты жоғары көтер 

Толық иіл 
 
 
 
 
 

Жылдам  жүгір, сызыққа дейін ұста, белгіден бұрын шықпа, қатарды бұзба. 
 
 
 
 
 
 

Толық тыныс алу.

Информация о работе Дене тәрбиедегі сабақ жоспарының мәні