Әлеуметтану

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 15:35, реферат

Описание работы

Әлеуметтану — қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін калаған француз ғалымы Огюст Конт (1798—1857) еді. Бұған дейін қоғамның өмір сүруі мен дамуы жөнінде түрлі ілімдер Шығыс және Батыс ойшылдарының жалпы философиялық көзқарастарының құрамды бөлімі іспетті қарастырылып келген еді. Қоғамның дамуында ғасырлар бойы өзіндік ерекше, бірегей көзкарастар қалыптасып, ол туралы, әсіресе, саясат, мораль, ғылым, дін, өнер мәселелері көне Үнді, көне Қытай, көне Грек философтарының, Еуроазияның орта ғасырлық және жаңа заман ойшылдарының еңбектерінде баяндалған болатын.

Работа содержит 1 файл

Әлеуметтану.doc

— 126.00 Кб (Скачать)

Сөз болып  отырған мәселелерге ғылыми тұрғыдан қараудың идеологиямен алмастырылуы, әрине, дұрыс емес. Оған ешбір күмән  жоқ. Қоғамдық кұбылыстарға объективтік  талдау жасау зерттеуші үшін қашан да маңызды. Алайда, оның әлеуметтік статусы — сол талдаудың көрінісі, бұл жағдай зерттелетін қоғамдық процестер мен құбылыстарға орай жасайтын оның қорытындыларына сөзсіз әсер етеді. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану кез-келген кезеңде де идеологиялық бағыт ұстайды. Ал, идеологиялық бұрмалаушылыққа жол бермеу үшін әлеуметтанулық зерттеудің барысын, сондай-ақ одан туындайтын қорытындыларды шектен тыс идеологиялаидыру мен саясаттандыруға болмайды. Керісінше оларды жалпыадамзаттық құндылықтармен сәйкестендірген пайдалы.

К. Маркс "Фейербах туралы тезистерінде" "философтар дүниені әр түрлі деңгейде түсіндіріп қана қойды, ал істің мәні оны өзгертуде  жатыр" , — деген еді. Ақиқатында дүниені өзгерту оны түсіндіру  негізінде ғана жүзеге асуы тиіс. Алайда, мұмдай өзгеріулер қара бастың қамы үшін жасалмауы керек. Адамдардың өмір жағдайын жақсарту, мұқтаждықтар мсн құндылықтарға орай калынтасу көрініс тапса, міне, сонда ғана ол қажеттілікті өтейді. Сөйтіп, мұндай әлеуметтанудан маңызды алеуметтік қызмет — сыншылдық пайда болады. Бұл жерде әңгіме дүниеге жеке түлғаның козқарасымен баға берудің озара байланыстылығыңда болып отыр. Осы қызметті жүзеге асыруда әлеуметтану ақиқатқа дифференциалдық түрғыдан қарайды. Бір жағынан ол сақтаудың, нығайтудың, дамытудың қажетгігін немесе бәрін өзгертудің, қайта құрудың, т.б. керек еместігін көрсетеді. Ал екінші жағынан қиыдығына көшсек, түбегейлі өзгертулерді керек ететіндерін анықтайды.

     Әлеуметтану ғылымының қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар ара-сында алатын өзіндік орны бар. Ол осы ғылымның қоғамда атқаратын қызметімен және әлеуметтану білімінің құрылымымен айқындалады. Қоғамның әлеуметтік құрылымын, оның даму заидылықтарын ашатын, тарихи процесте объективтік және субъективтік факторлардың өзара әрекетін көрсететін жалпыалеуметтанулық теориялар, мысалы, тарих, саясаттану, құқықтану, әлеуметтік психология, этика және басқа да ғылымдардың проблемаларын түсіндіруде маңызды дүниетанымдық жөне методологиялық рөл атқарады. Жалпытеориялық алеуметтану аталмыш ғылымдардың проблемаларын кең көлемдегі әлеуметтік контексте карастыруға, олардың зерттейтін құбылыстарының қоғамдағы және тарихи процестегі орны мен рөлін анықтауға мүмкіндік туғызады. Сөйтіп, сол құбылыстарды ғылыми тұрғыда талдау мен түсіндірудің жалпытеориялық бағытта қарастырылуы мен методологиясын жасайды.

     Бірқатар  ғылымдар үшін арнайы әлеуметтану теориялары деңгейінде қалыптасқан ережелер мен  қорытындылар да маңызды болып саналады. Олар енбек, тұрмыс, адамдардың қызмет түрлерінің проблемаларына қатысты  болуы мүмкін. Бүл мәселелерді  басқа да гылымдар, соның ішінде экономика, экология, педагогика және тағы басқалар қарастырады. Бірақ, арнайы әлеуметтанулық теориялардың бұл мәселелерді қарастыруда өзіндік ракурсы бар. Осы тұрғыдан алып карағанда олар басқа ғылымдардың мәліметтерін толықтырады, ез қорытындыларымен қаруландырады және кұбылыстарды жанжақты зерттеуге мүмкіндік жасайды.

     Арнайы  әлеуметтанулық теориялар адамдардың еңбек, саяси және өзге де қызметінің әлеуметтік аспектілерін ашады, олардың  әлеуметтік жағдайларын (айталык, қалалық  немесе селолық), отбасылық және жеке басының тұрмыстық жағдайларын ашып көрсетеді. Олар экономикалық, саяси, құкықтык. Және басқа да қоғамдық қатынастар жүйесінде жеке тұлғаның және әр түрлі әлеуметтік топтардың озін-өзі әлеуметтік жағынан көрсету мүмкіндіктерін бейнелейді. Бұл жердегі әңгіме - осы қатынастардың ерекше аспектілері туралы, әсіресе ондағы адамдардың өмірі мен қызметінің мүмкіндіктері, олардың бөлсу қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру дәрежесі жөнінде болып отыр. Арнайы әлеуметтану теориялары денгейіңде жасалған дәлелді қорытындылардың әр түрлі қоғамдық және гумапитарлық ғылымдар үшін маңыздылығы да әрқилы.

     Нақты әлеуметтанулық зерттеулер көптеген қоғамдық және гума-нитарлық ғылымдар шеңберінде қоғамдық өмірдің кайсыбір процестері туралы жедел мәліметтер алу немесе адамдардың бұл процестерге қаты-насын анықтау мақсаттарында жүргізіледі. Соның арқасында бұл зерттеулер, қай ғылымның саласына сәйкестендіріле жүргізілсе де, зерттелген қүбылыстар мен процестер жөнінде мейлінше дәл мәліметтер алуға мүмкіндік тудырады. Осы жедел ақпараттарды пайдалана отырып, қоғамдық өмірдің жекелеген құбылыстарын жан-жақты қарастырумен қатар, құбылыстардың қайсыбір әлеуметтік жүйедегі және жалпы қоғамдағы орны мен ролін нақты ашуға мүмкіндік жасайды, қоғам өміріндегі макро жөне микро процестердің өзара әрекеттерін анықтайды.

     Сайып келгенде, әлеуметтану — қоғамның өмір сүруінің және да-муының зандылықтарының қалыптасуы жөніндегі ғылым. Ол әлеуметтік фактілерді, үрдістерді, қатынастарды, жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың қызметін, олардың рөлін, статусын және әлеуметтік мінез-құлқын, бұлардың институттық формада ұйымдастырылуын зерттеумен айналысады. Әлеуметганудың өз алдына жеке ғылым болып қалыптасуына О. Коит,           Г. Спенсер, т.б. корнекті әлеуметтанушылардың тұжырымдамалары мен ілімдері зор ықпал етті. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

 

     Әлеуметтану білімінің келесі деңгейіне нақты  әлеуметтанулық зерттеулерді жатқызуға  болады. Олар - анкеталық сауалнама, сұхбатнама (интервью), бақылау, т.б. түрлерінде іске асырылады. Зерттеулер әлеуметтік ақиқаттың жан-жақты салалары жөніндегі шынайы мәліметтер алу мақсатында әлеуметтану, экономика, құкық, т.б. ғылымдар шеңберінде, сонымен қатар қоғамдық өмірдегі белгілі бір оқиғаларға халықтың көзқарасы туралы мағұлмат алу үшін (сонымен бірге жекелеген әлеуметгік топтар), қоғамдық пікірді білу мақсатында, адамдардың қайсыбір әлеуметтік проблемаларға. оларды шешудің тәсілдеріне және т.б. қатысты пікірлерін анықтау үшін жүргізіледі.

     Мұндай  зертеулерден алынған мәліметтер қоғамның және мемлекет өмірінің, әр түрлі әлеуметтік топтардың, еңбек және басқа да ұжымдардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың қызметтерінің ағымдағы және болашақтағы міндеттерін шешуге ұсыныстар дайындау үшін негіз бола алады. Олар арнайы және жалпыәлеуметтанулық теориялар деңгейінде пайымдаудан өтіп, қоғам дамуының аса мәнді, өзекті проблемаларын шешу үшін қолданылады.

     Қоғамдық  өмірдің кез-келген саласы жөнінде  нақтылы, шынайы ақпарат берілген тұжырымды  әлеуметтанулық зерттеулер өмірде орын алған қарама-қайшылықтарды анықтауға, сонымен қатар белгілі бір  әлеуметтік құбылыстар мен ағымдық  үрдістердің даму бағыттары мен  барыстарын айқындауға көмектеседі. Бұлардың екеуі де әлеуметтік проблемаларды, қоғамдық процестерді басқару мәселелерін ғылыми тұрғыда түсініп, шешу үшін өте маңызды.

     Нақты әлеуметтанулық зерттеудегі ең маңызды  нәрсе - ол қоғамда, оның бір саласында  не болып жатқаны және оларды адамдар қалай қабылдап отырғаны жөнінде айқын ақпарат алу.

     Нақты әлеуметтанулық зерттеулер эмпирикалық  әлеуметтанудың маңызды саласы болып  табылады. Бұл бағыт адамдардың күнделікті практикалық қызметін, оның объективтік  және субъективтік жақтарын зерттеуге бағытталған.

     Бұл бағыт әлеуметтік шындықты зерттеумен айналысады және оларды пайымдау жөнінде  фактілер мен материалдар жинаудың, бақылау мен тәжірибе жасаудың, басқа  да мәліметтер алудың тәсілдерін қамтиды. Осының бәрі шындықты танудың эмпирикалық мәні болып саналады.

     Қазіргі кезде білім мен мәдениет ықпалының  артуы, ғылым мен техникалық таным  құралдарының дамуы адамдардың әлеуметтік ақиқаттың сан алуан салаларына орай тәжірибелік, эмпирикалық білімін  тұрақты түрде жетілдіруде. Теориялық ой қорытуға орай эмпирикалық білімнің теориялық компоненттері тығыз байланысып, көбеюде және күшеюде.

     Қоғамдық  өмір құбылыстарын эмпирикалық тану ерекше ғылымды — эмпирикалық  әлеуметтануды қалыптастырды. Ғылымның бұл саласы АҚШ пен Еуропа елдеріңде  қарқынды дамып келеді.

Жоғарыда  сипатталған әлеуметтану білімінің  деңгейлері - жалпы-әлеуметтанулық, арнайы әлеуметтанулық теориялар және нақты  әлеу-меттанулық зерттеулер бір-бірінен  алыстаған емес, олар өзара органикалық  түрде әрекет етеді, сөйтіп бірдей және тұтастай әлеуметтану білімінің құрылымын құрайды. Бірақ бұл құрылымда олардың рөлі бірдей емес. Нақты әлеуметтанудың зерттеу барысында қазіргі өмірдің ағымдағы ІІроцестері жөніндегі әр турлі ақпараттар алынғанымен, олар кейін арнайы және жалпыәлеуметтанулық теориялар деңгейінде пайымдалады. Бұл қоғамдық өмірдің жекелеген салаларында және тұтас қоғамда болатын процестерді ғылыми негізде ой елегінен өткізіп, мойындауға мумкіндік жасайды. Сондай-ақ, жалпыәлеуметтанулық теориялар арнайы әлеуметтанулық теория мен нақты әлеуметтанулық зерттеулер деңгейінде проблемаларды шешу үшін де қолданылады.

     Әлеуметтанудың  қалыптасуында теориялармен қатар  категориялар мен заңдар маңызды  рөл атқарады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер

 
 
  1. Рахметов, Болатова, Исмағанбетова  «Социология» Алматы 2003
 
  1. Ибрахим Шамшатұлы, «Әлеуметтану» Алматы 2004
 
  1. Абдсаттаров «Әлеуметтану» Алматы 2004

Информация о работе Әлеуметтану