Әлеуметтану

Дата добавления: 07 Ноября 2011 в 15:35
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: реферат
Скачать полностью (32.93 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Әлеуметтану.doc

  —  126.00 Кб
 

    МАЗМҰНЫ 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

1. Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні

 

   Әлеуметтану — қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін калаған француз ғалымы Огюст Конт (1798—1857) еді. Бұған дейін қоғамның өмір сүруі мен дамуы жөнінде түрлі ілімдер Шығыс және Батыс ойшылдарының жалпы философиялық көзқарастарының құрамды бөлімі іспетті қарастырылып келген еді. Қоғамның дамуында ғасырлар бойы өзіндік ерекше, бірегей көзкарастар қалыптасып, ол туралы, әсіресе, саясат, мораль, ғылым, дін, өнер мәселелері көне Үнді, көне Қытай, көне Грек философтарының, Еуроазияның орта ғасырлық және жаңа заман ойшылдарының еңбектерінде баяндалған болатын.

     Әлеуметтану философиядан бөлінгенімен қоғамның біртұтастығын, оны дамытатын козғаушы күштерді, тағы басқа да проблемаларды қарастырумен шектеліп қалмайды. Ол коғам өмірінің барлық жақтарын қарастырады, соның ішінде мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және коғамдық дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен айналысып, кейіннен олардың өздерін жекелеген ғылым салаларына, зерттеу пәніне айналдырады.

     Алайда, қоғам дамуына байланысты оның жекелеген  салалары жөніндегі білімнің жинақталуына орай, әлеуметтану бір ғана коғамдык, әмбебап теория ретіндегі рөлін біртіндеп жоғалтты. Оның кұрамынан саясаттану, құқықтану, саяси экономика, этика, эстетика, т.б. бірнеше ғылымдар жеке бөлініп шықты. Содан бастап, яғни XIX ғасырдың ортасынан әлеуметтану дербес ғылым болып дами бастады, бұл жағдай, біріншіден, өзінен бөлініп шыкқан білім салаларына қатысты болса, екіншіден, бұған дейінгі әмбебап философиялық жүйелерге де байланысты еді.

     Бірте-бірте, уақыт озған сайын қоғам дамуын тұтас әлеуметтік организм ретінде қарастыру, оның объективтік және субъективтік жақтарының өзара әрекеті, тарихи дамудағы материалдық пен руханилықтың диалектикасы, әлеуметтік прогрестің алғышарттары, азаматтык коғам, гуманизм, әлеуметтік әділеттілік проблемалары, сайып келгенде, осының бәрі әлеуметтанудың назар аударатын және зерттеу пәнінің іргесін калайтын бірден-бір жол болды. Соның нәтижесінде XIX ғасырда аталмыш мәселелерді шешу жолдарын ұсынған бірнеше жалпы әлеуметтанулық көзқарастар калыптасты. Сол көзқарастардан көпшіліктің мойындағаны Георг Вильгельм, Фридрих Гегель, Огюст Конт, Герберг Спенсер, Карл Маркс, кейіннен Эмиль Дюоркгейм, Макс Вебер, Габриель Тард, т.б. әлеуметтанушылардың әлеуметтік теориялары болатын.

     Осы аталған ойшылдардың әрқайсысы тарихи процесті ғылыми түрде түсіндіруге аса құнды үлес қосты. Олардың қоғам дамуы жөніндегі концепциялары өмірдің және ғылымның алға қойған сауалдарына бірегей және мазмұны терең жауаптар қайтарды, сондықтан да олардың ілімдері қазіргі әлеуметтік проблемаларды шешуде де оздерінің маңыздылығын жоғалтқан жоқ.

     Әлеуметтану әмбебап философия жүйесінен бөлініп, жеке ғылым болып дамығанына қарамастан, әлі де өзінің философиялық мазмұнын толық жойған емес. Ол философиялық мәндегі қоғам дамуына талдау жасау және барынша терең зерттеу жүргізуде жалпы әлеуметтануды кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалпы теориялық әлеуметтану өзінің іргелі ережелерімен және байыпты қорытындыларымен де, философиялық ғылым тұрғысында да көзге түсіп келеді.

     Сөйтіп, философиялық алғышарттарға сәйкес жалпы теориялық әлеуметтану қалыптасты. Кейбір философиялық концепцияларға, жетекші рөл атқарып келген белгілі бір дүниетанымға жалпытеориялық әлеуметтану арқа сүйейді.

     Бұл концепцияның ұстанымымен мына мәселелер: қоғам дамуының қозғаушы күштері проблемалары, әлеуметтік процестерді бағыттау мәселелері, тұлғалардың езара әрекеті, әлеуметтік топтардың және қоғамның арақатынасы, тарихи дамудағы материалдық пен рухани дүниенің өзара әрекеті, яғни қоғам өмірі мен дамуының аса іргелі проблемалары шешіледі. Оларды шешу методологиясы, дәлірек айтсақ, басқа да әлеуметтану проблемаларын жүзеге асыруды қажет етеді, соның ішінде жалпыламалыққа біршама қатысты болғанымен, жеке сипаттағы мәселелерді шешуді қолға алады.

     Әлеуметтанушының осы саланы зерттеу кезінде басшылыққа алатын дүниетанымы мен методологиясы – философия мен әлеуметтанудың әрдайым органикалық байланыста болатынын көрсету. Сонымен қатар, бұл ғылым салалары өз дербестіктерін де сақтап келеді. Әлеуметтанудың дербестігін кезінде француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм атап көрсеткен еді. Ол өзінің "Әлеуметтану әдісі" деген еңбегінде "Әлеуметтану ерекше және жеке-дара ғылым" екенін жазып, оның әлеуметтік фактілерді объективті зерттеуге бағытталғанын түсіндірді. Әлеуметтанудың ғылымдық

сипаты  мен мазмүны жөніндегі осындай байыпты пікірді қазіргі көптеген белгілі әлеуметтанушылар ұстанып отыр, солардың арасында П. Лазарсфельд, Р. Мертон. Т. Парсонс, т.б. бар. Олар әлеуметтануды философиялық ғылым деп сыңаржақты пікір білдірген емес. Алайда, олар көптеген әлеуметтік құбылыстарды түсіндіруде философиялық дәлелдемелерге жүгінеді, соның ішінде позитивизм, прагматизм, интуитизм, т.б. солар сияқты ағымдарға сілтеме жасайды. Ол орынды нәрсе. Өйткені қайсыбір қоғамдық құбылысты әдеуметтік терең зерттеу логикасының өзі сол талдау мен сараптаудан туындайтын қорытындыларды философиялық ой елегінен өткізуге әкеліп соқтырады.

     Түптеп  келгенде, қазіргі әлеуметтану — тұтас әлеуметтік жүйе күйіндегі, қоғам жөніндегі, оның жүйешелері (подсистема) мен жекелеген элементтері туралы өз алдына дербес ғылым. Кез-келген қоғамдық кұбылыс қоғамның әлеуметтік жүйесінің элементі болып саналады. Осы жүйенің шеңберінде бүкіл әлеуметтік құбылыстар мен процестер, олардың озара бір-бірімен әрекеті ғылыми сараптаудан өтеді.

     Қоғам жүйесі түзілім ретінде өзінің элементтерімен және сол элементтердің кез-келген жиынтығымен салыстырғанда ғана ерекше сапаға ие болады. Ежелгі ойшылдардың пайымдауынша, тұтастық өзі қамтитын бөліктердің жиынтығынан әлдеқайда үлкен. Оның элементтері интегративтік тиімділікке жетіп, тұтастық жаңа сапаға ие болады. Бұл жаңа сапалар қоғамның жүйесі ретінде белгіленеді.

     Қоғам осы сапаларға байланысты өзін қалыптастыратын субъектілерден, әлеуметтік институттардан, қоғамдық өмір салаларынан, т.б. сол сияқтылардан дербестігін сақтап қалады. Ең алдымен қоғамнын, өмір сүру механизмдерін зерттейтін, түрлі субъектілердің өзара әрекетін зерделейтін, ұйымдар мен әлеуметтік институттарды қарастыратын әлеуметтану ғылымы баяндалған жағдайды ерекше белгілеп, дәлелдейді. Әлеуметтану сондай-ақ, қоғам дамуының зандарын да ашады және оларды зерттейді. Осыған орай, әлеуметтануды — әлеуметтік жүйенің өмір сүруі мен дамуының заңдары жөніндегі, сол заңдардың субъектілерінің, яғни әлеуметтік үлкен және кіші топтардың, адамдар кауымдастықтарының, сонымен бірге жекелеген тұлғалардың қызметінен көрініс табатын ғылым ретінде сипаттауға болады. Сайып келгенде, мұның бәрі әлеуметтанудың езіндік мәнін және ерекшеліктерін сипаттайды, өның зерттеу объектілерін де көрсетіп береді. Әлеуметтану — қоғамдық құбылыстардың беймәлім жақтарын зерделеп, социумда қалыптасқан әлеуметтік қатынастарды адам факторымен ұштастырып қарастыратын ғылым.

     Бірақ қоғамды бұл ғылымнан басқа да бірнеше қоғамдық ғылымдар: тарих, саясаттану, құқық, психология, т.б. өз ағымына сәйкес зерделеп, зерттейді. Бұдан: сонда әлеуметтану қоғамның несін зерттейді? — деген заңды сауалдың тууы ықтимал. Бұған жауап беретін болсақ, оның пәнін, яғни зерттеу тақырыптарын анықтайтын дәлел ретінде әр түрлі ой-пікірлерді ұсынар едік.

     Ғалымдардың өз ішінде осы мәселе жөнінде әлі күнге дейін тұрақталған пікір жоқ. Бүл мәселеде әркім өз көзқарасын жөн санайды. Дегенмен, әлеуметтану пәні туралы негізгі ұстанымдарына сейкес ғалымдарды екі топ пен бағытқа бөліп қарастыруға болады: 1) әлеуметтанудың зерттеу тақырыбын өз зерттеу қорытындыларымен байланыстырған оқымыстылар; 2) әлеуметтану пәнінен осы ғылымның ең басты ұғымын тауып, сол пәнге айналуы тиіс деп санайтын ғалымдар.

     Демек, әлеуметтанудың пәні деп отырғанымыз — қоғам мен адамның беймәлім қырлары, құпия жақтары, яғни олардың арасындағы қатынастар, байланыс механизмі мен құрылымы, әлеуметтік ұйымдар, өлеуметтік институттар, әлеуметтік іс-әрекет пен адамдардың мінезқұлықтары, мүдделері мен мұқтаждары, құндылықтары, бұлардың өмірде байқалуы мен өзгеріске ұшырауын қалыптастырған себептер және олардың нөтижелері.

     Әлеуметтанудың объектісі мен пәні оның білімдік құрылымы мен деңгейлерін анықтайды.

2. Әлеуметтік ұғымы. Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары

 

   Әр  ғылымның өзіне тән категориялары мен зандары бар. Әлеуметтану ғылымының категориялары әлеуметтану білімінің пәндік ерекшеліктерін нақты түсіну үшін бастапқы ұғым болып саналса, ал әлеуметтік зандылықтар оның мәнін ашатын қажетті ұғым болып табылады.

   К. Маркс пен Ф. Энгельстің ғылыми еңбектерінде қоғамға, ондағы процестер мен қатынастарға ғылыми талдау жасалғанда екі ұғым қолданылған. Оның бірі — қоғамдық, екіншісі — әлеуметтік ұғымдары.

   К. Маркс пен Ф. Энгельс жалпы  қоғам туралы мәселе қозғағанда және коғамдық өмірдің экономикалық, саяси, идеологиялық салаларының өзара байланысы жөнінде айтқанда "қоғамдық", "қоғамдық катынастар" ұғымдарын қолданды, ал адамның адамға, адамдардың бір-біріне қарым-қатынастарының табиғаты туралы, олардың тіршілік әрекетінің алғышарттары жөнінде, социумда адамдардың алатын орны мен атқаратын міндеттері туралы, жалпы қоғамдағы қарым-қатынастар жөнінде қарастырғанда К. Маркс пен Ф. Энгельс "әлеуметтік" ұғымын пайдаланды және соған сәйкес "әлеуметгік қатынастар" туралы әңгіме де көтерді.

   К. Маркс пен Ф. Энгельс шығармаларында кейде "әлеуметтік" ұғымы "азаматтық" ұғымымен бір мағынада қолданылған. "Азаматтық" ұғымы адамдардың нақты әлеуметтік қауымдастық, атап айтқанда, отбасы, тап, т.б. шеңберіндегі және жалпы қоғаммен өзара әрекет етуімен байланыстырылды.

Қоғам туралы теорияны жасай отырып, К. Маркс пен Ф. Энгельс қоғамның тіршілік әрекеттерінің, қоғамдық қатынастардың бүкіл жақтарының езара әрекеттеріне баса көңіл аударды, ал кейбір марксшіл ғалымдар "қоғамдық" және "әлеуметтік" ұғымдарын бір мағынада қолданатын болды, ғылыми айналымнан "азаматтық қоғам" ұғымы бірте-бірте шығып қалды.

     Тәжірибелік әлеуметтану біршама дамыған Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-та жағдай басқаша қалыптасты. Осыған орай француз және ағылшын тілдерінде "әлеуметтік" ұғымы "қоғам" ұғымынан бөлініп алынып, дәстүрлі тар мағынада, яғни тәжірибелік түсінігінде қолданылды. Бұның өзі жалпы қоғамға қатысты құбылыстар мен процестерді белгілеуде қиындықтар туғызды. Сондықтан әлеуметгану дамуының белгілі бір сатысында "социентальды" ұғамы енгізілді, бұл ұғым жалпы қоғамды және экономикалық, әлеуметтік-саяси және т.б. тұратын бүкіл қоғамдық қатынастардың жүйесін сипаттау үшін қолданылды.

     Отандық ғылымда "қоғамдық" және "әлеуметтік" ұғымдарының арасында нақты шектеудің болмауы — қалыптасқан кейбір тілдік дәстүрмен байланысты "әлеуметтік" ұғымы "қоғамдық" ұғымының синонимі ретінде қарастырылды. Әлеуметтанудың бірте-бірте дамуымен байланысты "әлеуметтік" ұғымы өз аддына жеке маңыздылыққа ие болды.

     Әлеуметтік  — бұл нақты уақыт пен белгілі  орында жеке адамдардың немесе жеке адамдар топтарын бірлесе еткен қызметінің процесі барысында кіріктендірілген сол қоғамның қоғамдық қатынастарының жиынтығы. Кез-келген қоғамдық қатынастар (экономикалық, саяси, т.б.) жүйесі адамдардың бір-біріне және қоғамға қатынастарына қатысты болды. Сондықтан бұл жүйелердің әрқайсысының өзіңдік нақты әлеуметтік аспектісі бар.

Әлеуметтік - бұл индивидтердің қарым-қатынасы мен өзара әрекетінен көрінетін әр түрлі жеке адамдардың біріккен қызметінің нәтижесі.

     Әлеуметтік  адамдардың өзара әрекетінің барысында  пайда болады, нақты қоғамдық құрылымда олардың алатын орны мен рөлін анықтайды. Бұл өз кезегінде, жеке адамдар мен жеке адамдар топтарының қоғамдық өмір құбылыстары мен процестеріндегі әр түрлі қатынастарынан көрінеді.

"Әлеуметтік  қауымдастық" — әлеуметтанудың негізгі категорияларының бірі. Әлеуметтік қауымдастық — бұл, индивидтер мен кез-келген адам топтарының жәй ғана қосындысы емес, керісінше, ол тұрақты және тұтас әлеуметтік түзілім, оның субъекгілері ортақ мүддемен біріккен және өзара бір-бірімен араласа әрекет етеді.

     Осындай өзара әрекеттің нәтижесінде әлеуметтік қатынастар қалып-тасады, қоғамда әлеуметтік сала ерекшеленіп, әрбір адам өзінің әлеуметтік сапасын өз бойына сіңіреді. Әлеуметтік қауымдастық әдетте түрлі әлеумеітік қауымдастыққа кіретін және соның ішінде әр түрлі әлеуметтік рөл атқаратын жеке адамның әлеуметтік болмысының (тұрмысының) сан алуан түрлері мен формаларын қамтиды. Сол тұлға мен қоғамның өзара байланысы мен әрекетін жанама түрде көрсетіп береді. Әлеуметтанудың мәні мен ерекшелігін түсіну үшін әлеуметтік қауымдастық категориясы өте маңызды құбылыстар мсн процестердің субъективтік қызмет жағын ерекшелеп, бөліп көрсетеді.

     Өзіннің түрі жағынан әлеуметтік қауымдастықтар соның кеңістік мезгілдік көлемдегі түрі (мысалы, адамдардың әлемдік қауымдастығы және олардың мемлекеттік қауымдастығы; әр түрлі көлемдегі қоныстық қауымдастықтар; социодемографиялық кауымдастықтар) және олардың мүдделерінің мазмұнымен бірігетін түрі (мысалы, әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-кәсіби, ұлттық т.б. қауымдастықтар) болып бөлінеді.

Страницы:123следующая →
Описание работы
Әлеуметтану — қоғам жөніндегі ғылым. Оны өз алдына ғылым етіп, негізін калаған француз ғалымы Огюст Конт (1798—1857) еді. Бұған дейін қоғамның өмір сүруі мен дамуы жөнінде түрлі ілімдер Шығыс және Батыс ойшылдарының жалпы философиялық көзқарастарының құрамды бөлімі іспетті қарастырылып келген еді. Қоғамның дамуында ғасырлар бойы өзіндік ерекше, бірегей көзкарастар қалыптасып, ол туралы, әсіресе, саясат, мораль, ғылым, дін, өнер мәселелері көне Үнді, көне Қытай, көне Грек философтарының, Еуроазияның орта ғасырлық және жаңа заман ойшылдарының еңбектерінде баяндалған болатын.
Содержание
содержание отсутствует