Азаматтың құқықтың субъектілері. Жеке тұлғалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 20:12, реферат

Описание работы

Заң тілінде құқықтар мен міндеттердің иелерін құқық субъектілері деп атайды. Басқаша айтқанда, субъекті — азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы болып табылады. Субъектілер жеке тұлға және заңды тұлға болып екі топқа бөлінеді. Жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады. Жеке тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуі екі шартпен тікелей байланысты.

Работа содержит 1 файл

кукик катынас.docx

— 21.20 Кб (Скачать)

Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігі сол лицензия алған кезден бастап пайда болады да, оның мерзімі біткенде немесе жарамсыз деп танылғанда тоқтатылады. 

Заңды тұлғалар заңға сәйкес коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар болып екі түрге бөлінеді: Қоммерциялық заңды тұлғалардың мақсаты пайда табу. Коммерциялық емес заңды тұлға пайда табуды көздемейтін Және оны қатысушыларына үлестірмейтін ұйым болып табылады.

[өңдеу]

Коммерциялық заңды тұлғалар: 

мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік коопертив нысандары.

[өңдеу]

Ал коммерциялық емес заңды тұлғалар: 

мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестіктер, т.б. Қоғам өмірінде әр түрлі жағдайлар болады. Осындай кезерде заңды тұлғалар қайта құрылып немесе таратылып ты жатады.

[өңдеу]

Заңды, тұлғаны қайта құру 

Заңды, тұлғаны қайта құру дегеніміз — бұрынғы заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің басқа заңды тұлғаға өтуі. Заңды тұлғаларды қайта құрудың бес түрі: қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту екені белгілі.

[өңдеу]

Заңды тұлғаны тарату дегеніміз 

Заңды тұлғаны тарату дегеніміз—тұлғаның өз қызметін тоқтатуы.

[өңдеу]

Мемлекет азаматтың құқықтың субъектісі ретінде 

Қазір елімізде қолданылып жүрген азаматтық заңдардың бір ерекшелігі — мемлекетті азаматтық құқықтың субъектісі ретінде тануы. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет басқа азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылармен тең дәрежеде мемлекеттік қатынасқа түседі. Мемлекеттік билік пен баскару органдары мемлекет атынан сотта сөйлей алады, мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді иеленеді және оны жүзеге асыра алады. 
 

Сонымен, азаматтық- құқықтық қатынасқа қатысушылардың екі түрі бар — жеке тұлға және заңды тұлға. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқық қабілеттілігі мен әрекет- қабілеттілігі болуы керек. Бұл түсініктер өзара байланысты. 

Жеке тұлғаның құқыққабілеттілігі ол өмірге келгеннен, ал әрекетқабілеттілігі белгілі бір заңға сәйкес, заңмен белгіленген жастан бастап пайда болады. Мемлекет толығымен азаматтық құқықтың субъектісі ретінде әрекет ете алады.

Информация о работе Азаматтың құқықтың субъектілері. Жеке тұлғалар