Азаматтың құқықтың субъектілері. Жеке тұлғалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 20:12, реферат

Описание работы

Заң тілінде құқықтар мен міндеттердің иелерін құқық субъектілері деп атайды. Басқаша айтқанда, субъекті — азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы болып табылады. Субъектілер жеке тұлға және заңды тұлға болып екі топқа бөлінеді. Жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады. Жеке тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуі екі шартпен тікелей байланысты.

Работа содержит 1 файл

кукик катынас.docx

— 21.20 Кб (Скачать)

14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелеттік жасқа толмағандар қажетті азаматтық мәмілелерді ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана жасай алады. Алайда олар ұсақ тұрмыстық мәмілелерді өз беттерінше жасауға, өзінің жалақысына, шәкіртақысына және өзге табысына иелік етуге. авторлық және өнертабыстық құқықтарын жүзеге асыруға және банк мекемелеріне ақша салуға құқылы. Мұндай әрекетқабілеттілік ішінара деп аталады. Кәмелеттік жасқа толмаған баланың ата-анасы барлық жағдайда оның мүлкіне өз қалаулары бойынша билік ете алмайды және оның атынан мәміле жасай алмайды. Kәмелеттік жасқа толмаған баланың мүлкін азайтуға алып келетін мәмілені жасау үшін (мысалы, сату, сыйға тарту, кепілге қою, жалға беру) баланың ата-анасы (олар болмаған жағдайға тағайындалған қамқоршы) қорғаншылық және қамқоршілік органдарының алдын ала келісімін алулары тиіс 

14 жасқа дейінгі кәмелеттік жасқа толмаған баланың деликтқабілеттілігі жоқ, яғни олар өз міндеттемелері бойынша дербес мүліктік жауапкершілікті алып жүре алмайды. Кәмелеттік жасқа толмаған баланың өрекеттері үшін оның ата-анасы жауапты. Ал 14 жастан 18 жасқа дейінгі көмелеттік жасқа толмағандар толықтай деликт қабілеттілікке ие, олар өз міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен бірге дербес жауапкершілікте болады. Егер көмелеттік жасқа толмаған балалар үіпінші тұлғаларға және мүлікке зиян келтірсе, оны өтеу үшін кәмелеттік жасқа толмаған баланың табысы жеткілікті болмаса, онда оның ата-анасы қосымша жауапкершілікте болады. 
 

[өңдеу]

Тұлғаны хабар-ошарсыз кеттпі деп немесе қайтпыс болған деп тану 

Кейде өмірде адамдар ұзақ уақыт бойы хабар-ошарсыз жоғалып кететін жағдайлар болады. Мұндай жағдайларда coт азаматты хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп таниды.

[өңдеу]

Азаматты хабар-ошарсыз  кеткен деп 

Азаматты хабар-ошарсыз  кеткен деп тану, адамның тұрғылықты жері бойынша ол туралы бір жыл бойы мәлімет болмаса, мүдделі тұлғалардың сот тәртібіндегі өтініші бойынша мүмкін болады. Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған адамның жұбайы некені АХАТ органдарында бұза алады. Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған адам келген немесе тұрған жері табылған жағдайда, сот оны хабар- ошарсыз кеткен деп тану туралы және оның мүлкіне қорғаншылық тағайындау туралы шешімін жояды.

[өңдеу]

Азаматты қайтыс болды 

Азаматты қайтыс болды деп жариялау, егер адамның тұрғылықты жері бойынша ол туралы уш жыл бойы мәлімет болмаса, мүдделі тұлғалардың сот тәртібіндегі өтініші бойынша мүмкін болады.

[өңдеу]

Заңды тұлғалар азаматтық құықтпың субъектісі ретінде 

Азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың келесі түріне заңды тұлгалар жатады. Заңды тұлға — бұл белгілі бір әрекеттерді жасауға және азаматтық айналымға қатысуға құрылған адамдардың бірлестіктері. Оларға: университеттер, институттар, емханалар, дүкендер, фирмалар, мемлекеттік органдар, фабрикалар, зауыттар, т.б. жатады.

Заңды тұлға деп шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікке өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жене мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады. 

Заңды тұлғаның дербес балансы, сметасы және өз атауы, мөрі болады. Заңды тұлға өз қызметін жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен өрекетқабі- әрекетқабілетілігінің жеке тұлғалардікіне қарағанда өзгешелігі болады. Заңды тұлғалардың құқыққабілеттілігі мен әрекет- қабілеттілігі бір мезгілде, яғни заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап пайда болады. Арнайы лицензия алып қызметпен айналысуды қажет ететін заңды тұлғалар болады. Оларға банктер, күзет агенттіктері, айырбас мекемелері және т. б. жатады.

Лицензия дегеніміз  — заңда көрсетілген кәсіп түрімен шұғылдану үшін өкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат. Мысалы: жеке оқу орны мемлекеттің арнайы рұқсатын алғаннан кейін ғана өзінің қызметін атқара алады. 

Информация о работе Азаматтың құқықтың субъектілері. Жеке тұлғалар