Шрифтік сызбалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Апреля 2012 в 19:52, реферат

Описание работы

Шрифтік сызбалар - жоба мен картада маңызды рол атқарады. Шрифт үлгілерінің сәтті таңдалуы мен сызу жұмысының дұрыс орындалуы жоба – картографиялық құжаттардың дұрыс қабылдануына негіз болады.

Жерге орналастырулық сызба жұмыстары кезінде жоба мен картада шрифтер қолмен сызылады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім

1)

2)

3)

4)

5)

6)

3. Қорытынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Жоспар 162.docx

— 33.20 Кб (Скачать)

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

1)

2)

3)

4)

5)

6)

     3. Қорытынды

     4. Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Шулейкин А. С.  «Шрифты для планов и карт» Москва,Теодезиздат 1962г.

2. Лебедев К. М. «Топографическое черчение» Москва, Недра 1987 г.

3. Егорова Т. М. «Землеустоительное черчение» Москва, Недра 1982 г.

4.  Востокова А. В. «Оформление карт»

5. Интернет сайты: www.google.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Шрифтік сызбалар - жоба мен  картада маңызды рол атқарады. Шрифт үлгілерінің сәтті таңдалуы мен сызу жұмысының дұрыс орындалуы  жоба – картографиялық құжаттардың дұрыс қабылдануына негіз болады.

Жерге орналастырулық сызба  жұмыстары кезінде жоба мен картада  шрифтер қолмен сызылады. Сондықтанда  жобы мен картаға сай келетін  шрифт үлгілерін таңдай білу керек. Жерге орналастыру және шнеодезиялық сызба жұмыстары кезінде ертеден  қалыптасқан шрифт түрлері бар: гротеск, курсивті, бірқалыпты, архетектуралық.

План мен карта сызу жұмыстары кезінде шрифт үлгілерін  таңтай үшін графикалық білім талап  етіледі. Қазіргі кезде әлеуметтік ортаның безендіру мәдениетін бағалау  дәрежесінің өскеніне байланысты бұл  талапқа үокен мән беріліп  отыр. Сол себептіде карта мен  жобада дұрыс шрифт үлгілерін  таңдау үшін арнайы әдебиеттер шығарылып  курстар ұйымдастырылып жатыр. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолмен сызылатын  шрифтер

Колиграфиялық жазбалар

Жоба, сызбалар, жоспар, техникалық құжаттардағы шрифтік сызбаларды безендіру  кезінде калиграфиялық шрифт  қолданылады. Бұл шрифт әдемі, сызылуы  үнемді және жақсы қабылданады. Ол қарапайым немесе сызба перосымен және автоқаламмен де сәтті орындалады.

Шрифті қолданудағы  негізгі элементтер

Негізгі шарт: сызылған әріп оң жаққа қарай 1:3 қатынасындай болуы  керек. Алфавиттегі еңіс шрифттердің  ерекшелігі олар қарапайым және тік  сызықтардан тұрса, жазба шрифтері өз кезегінде қиын жұмысты талап  етеді.

Алфавиттік әріптер бірқалыпты және енді болып бөлінеді. Бірқалыпты әріптердің биіктігінің еніне қатынасы 1:2 Ж, Т, М, Ш, Щ, Ы, Ю әріптері биіктігі бойынша бірдей болады. Сөздердегі әріптер жіңішке сызықтар арқылы байланысады. Ал сызба кезінде сөздердегі әріптер арақашықтығы көз мөлшерімен қойылады. К, Н, Э, Ю әріптерін жазу кезінде орта сызықтары сәл жоғарырақ болады. Байланыстырушы сызықтың басы мен соңы жіңішкерек болуы керек, сонымен қатар у, в, з, ь, ы әріптерінің де орта сызығы жоғары болу керек.

Баспа әріптері жазба әріптерінен  кішірек болады. Ұсақ әріптерді жазу кезінде жазба әріптері баспа әріптерінен қарағанда 2,5 – 3 артық жазылады.

Шрифтерді өзгертудің негізгі  элементіне оларға түс беру, жартылай майлы ету жатады. Сызба жолының  биіктігін өзгеру арқылы сол тоға сай шрифт таңдау кезінде транспаранттық графика көмегіне жүгінуге болады. Сызба жолындағы әріптердің элемент  сипатына қарай 2 топқа бөлінеді.   1) сызықтық элемент, 2) еңістік элементі.

Алфавит құрамындағы әріптер ені бойынша ерекшеленеді. Мысалы, жіңішкерек (2:4) Е, З, О, С, Э; енді (5:4) Д, Ж, М, Т, Ш, Щ, және бірқалыпты (4:4) Н, П, Р, Х, және тағы басқалары. Кейбір әріптердің жоғарғы бөлігі төменгі бөлігіне қарағанда жіңішке: А, Е, Л, М, және тағы басқалары. Ал Д, И, Р, У, Ц, Ү,  әріптерінде керісінше жоғарғы бөлігі төменгі бөлігіне қарағанда жуанырақ болады.

Құрамындағы элементтердің  сипатына қарай жазба әріптерін  үш топқа бөлуге болады.

    1. И, Ш, Ц Щ – тік сызық элементтері басым әріптер.
    2. С, О, Е, Э, З, Х, Ж, Я, - тік сызықсыз көбінесе дөңгелек элементі басым әріптер.
    3. Г, П, Т, Б, Д, Ф, У, Н, К, Ю, Р, В тік сызық пен дөңгелек элементтері араласқан әріптер.

Стандартты шрифт

Стандартты шрифтер техникалық сызба жұмыстары кезінде кеңінен  қолданылады. Жерге орналастыру  сызба жұмыстары кезінде бұл  шрифт түрі ұсақ шрифтерде қосымша  сызу ретінде, яғни толықтыру жұмысы ретінде қолданылады. Стандартты шрифт  қарапайым және жеңіл жазылады, және сызба жұмыстарында оны арнайы перомен немесе әйнек трупкамен сызуға болады, жазба уақытын үнемдеуге көмектеседі.

Барлық әріптер бас  және кіші әріптер болып бөлінеді. Сонымен      қатар альфавит құрамындағы әріптер симметриялы  және ассиметриялы болып бөлінеді.

Әріптердің барлық элементтері  бірдей қалыңдықта болу керек. Бірақ  көздің қабылдау эллюзиясына байланысты горизонталь сызықтар вертикаль  сызықтарға қарағанда қалың болып  көрінуі мүмкін. Сондықтан горизонталь  сызықтарды жіңішке етіп сызу керек. Жазуларға қоылатын талап әріптердің ара қашықтығы бірдей болуында. Әріптердің арақашықтығы сызықтық емес аудандық арақашықтықпен есептеледі. Мысалы, МИР деген сөздегі әріптердің арақашықтығы бірдей болу керек. Себебі әріптер арасындағы аудандары бірдей. Егер әріптер арасындағы арақашықтықтар әр түрлі ауданмен көрсетіліп тұрса, яғни әріптер әр түрлі элементтерден құралған деген сөз. Сондықтан әріптер арасындағы арақашықтық қосымша аудандар арқылы үлкейеді. Бұл арақашықтық шамамен берілген. Әріптер арасындағы аудандарды анықтаудың бірнеше әдістері бар. Геометриялық әдіс негізгі әріптер арасындағы қашықтық әріп ішіндегі ақ бөлігінің ауданына тең деген заңдылық қабылданған. Бірақ бұл заңдылық жерге орналастыру сызбаларын жүзеге асыруда қолданылмайды. РН, СТ, КЛ және т.с.с. әріптер үйлесімінде олардың арақашықтығы 0,5мм болу қабылданған. ГО, ГЛ, ГА сияқты үйлесімдерде 0 – ге тең.

Сол жаққа қарай ашық элементтер: З, У, Ч, Э, Я. Шрифт өлшемі бас әріптердің биіктігі арқылы анықталады. Әріптердің ені мен ұзындығына қойылатын  жалпы талаптар жоқ. Бас әріптердің биіктігі кіші әріптерден 1,5 есе биік болу керек. Көптеген әріптер қалыпты  ендікке ие: Б, П, Г, Е, З, И, К, Л, Н, О, Р, С, Т, Ч, Э, Я, Ц, Д, Ж, Ш, Щ, Ю, Ы, Ф. М әріпі  басқа әріптерге қарағанда 1,5 есе  кеңірек салынады.

 

Гротестік шрифтер

Әртүрлі масштабтағы жерге  орналастыру және топографиялық  жобаларда шрифтер жазбаларды безендіру  үшін қолданылады. Тақырып пен тақырыпшаларды жазу кезінде үлкен көлемді, жартылай майлы немесе майлы шрифт  түрлері қолданылады, толықтыру жазбаларында, әсіресе көп сөзді добалар 6-8-10 мм шрифтермен жазылса, тұрғылықты жерлер, жолдың бағыттары және басқа да жазбалар ұсақ көлемдегі шрифт (4-2мм) түрімен жазалады.

Гротестік шрифтердің элементтері

Бұл шрифтерді жазуда негізгі  элементтері бұл топ әріптері тік (немесе еңіс), горизонтальді, дөңгелек болады. Шрифтер тік болады және оң немесе сол жаққа еңіс болуы  мүмкін. Енінің биіктігіне қатынасына байланысты гротеск шрифтерінің  бірнеше түрлері болады. Мысалы, біріңғай әріптер 1:2; енімен биіктігі пропорциялы 6-8, штрих ені 1:8 және тағы басқа түрлері.

Гротесктік шрифтерді  жазу кезінде әріптер арасындағы қашықтық 1:3 пен 1:2 Н, ал сөздер байланысты болады. Н, Ж, К, Б, В, Я, Э, Ы, Ь, Ъ, З, Ю әріптері мен 3, 5, 6, 8, сандарындағы байланыстырушы сызықтар ортасынан жоғары болса, А, Р, Ү әріптері мен 4, 9 сандарының ортасын байланыстырушы сызықтар ортасынан төмен болады. Х әріпінің қиылысу жері ортасынан биік болуы керек. Сонымен қатар гротеск шрифтінің ерекшелігі әріптерінің енінің биіктігіне қатынасы 1:2 Н болады және сызық ені жазу және бас әріптерінде бірдей болады. Дөңгелек әріптердің айналу элнменті 1:8 Н болуы керек.

Курсивті шрифтер

Жерге орналастыру жобалары мен планшеттерінде шрифтер жазбаларды безендіру үшін қолданылады. Шрифтердің енінің биіктігіне қатынасы, еңіс түріне және де еніні байланысты басқа шрифт  түрі керек болады. Тәжірибеде мұндай кезде курсивті шрифт түрі қолданылады. Курсивті шрифттердің сызықтарының ені бірдей болады. Шрифтер оң жаққа 1:3 еңіспен жазылады. Біріңғай П, Н, Р, Ц, И, О, С, Э, Е, З, Ч, В, Б пропорциясы 4:7 Н, енді Ш, Щ, Ю, Ф, М, Ж, Ы әріптерінің пропорциясы 1,5 рет жиі – 6-8:7, ауыспалы Т, Л, У, Д, А әріптерінің пропорциясы 4,5 тен 5,5 Н дейін болады. Г әріпінің еңісі 3,6:7 Н болады.

Шрифт элементтерінің құрамында  болады:

А) еңіс және горизонтальді  тік, дөңгелек элементтер;

Б) тік элементтердің қйылысуында  еңіс 1:7 Н тең болады;

В) Ц, Щ, Д, Г, Е, Т, Б, С, Е, Э, З  әріптерінде бір және бірнеше  тік штрихтар болады;

Г) тақырып әріптері биігірек және еңісі 2:7 Н тің болады.

Курсивті шрифтер алфавиттегі  әріптердің түріне, сипатына байланысты 4 топқа бөлінеді.

    1. Тік элемент: П, Н, Ц, Ш, И, Щ, Г, Е, Т;
    2. Еңіс элементті: А, Х, М, Д, Л, У сонымен қатар 1,4,7 сандары;
    3. Жартылай дөңгеленген Р, Б, В және тағы басқалары, 2,3,5 сандары;
    4. Дөңлелек әріптер: О, С, Э, З, Ю, Ф.

Картографиялық  курсив

Картографиялфқ курсив- қою  шрифт.

Ол кәдімгі курсивтен  өзінің майлы элементпен жіңішке  элементінің дұрыс контрастылығымен ерекшеленеді. Картографиялық курсивтің дұрыс жазылуы келесідей: еңістігі 1:3 Н; біріңғай әріптердің ені 4:7 Н тең; енді әріптердің еңістігі 1:7 Н тең. Дөңгеленген әріптерде ол еніне байланысты болады. Дөңленген әріптердің радиусы 1:3 Н тең болуы керек.

Ежелгі курсив

Ежелгі курсив шрифт түрі қала, кент, ауыл аттарын жазуда, 1:25000 және 1:50000 масштабты карталарда қолданылады. Ежелгі курсив шрифті картографиялық шрифт түріне ұқсас, айырмашылығы горизонтальді сызықтарының еніңе байланысты болады. Мысалы: П, Н, Ш, О, Ю, С, Р, Ы әріптерінде еңістік 2:3 Н тең болса, басқа әріптерде байланыстырушы сызықтар мен дөңгелену түріне байланысты. И, А, Д, М, Л, Х, К, У, Ж және 2, 4, 7, 8 әріптерінің еңістігі 2:3 Н болады. Дөңгелек әріптер О, Ю, Э, С еңістігі 1:3 Н, Ш, Щ, М, Ы, Ж, Ю әріптерінің еніне байланысты еңістігі 6 – 7:7 Н болады. Г, Е, Б, К, В әріптерінде жоғарғы бөліктеріне байланысты айырмашылық 0,5 болады.

Бірқалыпты шрифттер

Бұл топ шрифтерінің құрамына кәдімгі, капитальды, кәдімгі түссіз және альдине жатады. Бірқалыпты шрифт түрі көбінесе картографиялық материяладарда қолданылады. Бірұалыпты шрифтердің ерекшелігі ендерінің констрастылығында және бір әріпті жазып екінші әріпке өткенде арақашықтығына байланысты болады. Негізі элементтерінің ендірінің арақатынасы штифт түріне байланысты әр түрлі болады. Ені мен биіктігінің өзгеруіне байланысты қалыңдығы мен ұзандығы басқа шрифт түрін алуға болады. 

Кәдімгі шрифт – негізгі  ерекшелігі әріптерінің тік еңіс және жуан болуында, сонымен қатар  кәдімгі шрифттерде әріптердің ені 1:7 Н немесе 1:5 Н тең болуы керек. Бас әріптер басқа әріптерден 5:7 пропорционалдылығымен ерекшеленеді.

Капиталды шрифт – жерге  орналастырулық план мен карталарда атауларды жазуда кеңінен қолданылады. Кәдімгі шрифтан айырмашылығы оның негізгі элементі оның жуан сызықтарында. Капиталды шрифтің басты ерекшелігі тік және дөңгелек формадағы элементтерінің үндесуінде.

Кәдімгі түссіз шрифт –  оның кәдімгі шрифтан айырмашылығы, шрифтің ені түссіз немесе жіңішке  сызылады. Бұл шрифт түрі ауыл –  шаруашылық атластарда ұсақ атауларды  безендіруде қолданылады.

Альдине шрифті - көбінесе қалалардың аттары топографиялық планшеттердің  номенклатурасын, ірі масштабтағы  жеоге орналастырулық пландар мен  карталарда сызыуда қолданылады. Бұл  шрифт түрі нақты болып есептелінеді, қолмен, рейсфедер, перомен сызу жеңіл.  Альдине шрифті сипатына қарай кәдімгі  шрифтіге ұқсас болып келеді.

Архитектуралық  шрифт

Графикалық материалдарда: кестелерде, жобалар мен жоспарларда  үлкен көлемдегі түсіндірме жазулар  және сандар жазылады. Архитектуралық шрифт түрі қолмен жазылатын атаулар  мен жазбаларды орындауда қолданылады. Бұл шрифт түрінің ені биіктігіне және доғалдығымен бірдей. Түсті сызбаларды сызуда кеңінен қолданылады. Шрифт әріптері қарапайым ұсақ және көлемді болады.

Академиялық шрифт

Академиялық шрифт – орыс әріптері үшін ең жақсы шрифт түрі. Ол жоспар мен карталарды безендіруде  қолданылады.

Академиялық шрифт үлкен  және орташа көлемде әдемі көрінеді. Еңіс жіне горизонтальды оң жаққа  қатысты элементтерді жіңішке сызуды талап етеді; олардың ені 1:2 модуліне сай келуі керек.

Роман шрифті

Роман шрифті – өзінің сызбадағы  нақтылығымен оқуда жіңілділігімен, тік қаттылау шрифтерімен ерекшеленеді. Ол ауылдық жерлердің аттарын картада жазып безендіруде қолданылады. Роман шрифтінің әрәптері мен сандарының жазылу негізі 1:7 Н модулінде жатыр. Барлық қалың элементті әріптермен сандар ені 1, ал жіңішкелері 1:4, 1:3 модуліне сай келеді. Шрифтің барлық горизонтальды элементтері жіңішке сызықтармен орындалады.

Зодче шрифті

Зодче шрифті – негізінен  үлкен көлемдегі қала мен ауыл атауларын безендіруде қолданылады. Шрифтің негізгі өзгеше белгісі, оның әдемілігінде. Әріптер мен сандарды жазу пропорциясында шрифт үлкен нақтылықты талап етеді. Зодче шрифті – тік. Әріптерді сызу негізіне квадрат алынған. Квадрад 9 бөлікке бөлінеді, сол себепті 1:9 модулі жұмыс істейді. Жіңішке әріптердің ені 1:2 модуліне тең. Шрифт стилін сақтау барысында қалың және жіңішке элементті әріптердің, тік және еңіс сызықтарды сызу ережесін есте сақтау керек. Зодче шрифін сызудың бірнеше формалары бар.

Египеттік картографиялық шрифт

Басқа шрифтерге қарағанда  египеттік картографиялық шрифт  геометриялық заңдарға сүйене отырып сызылады. Египеттік шрифт әріптерінің  енімен биіктігінің ұзындығын сақтау қатаң талап етіледі. Сонымен  қатар сөздермен әріптер арасындағы арақашықтыкта заңға сая болуы  керек. Египеттік картолграфиялық  шрифті дұрыс менгеру үшін үзіліссіз  жаттығу мен оқу талап етіледі. Египеттік картографиялық шрифт  әріптерінің енінің биіктігіне қатынасы 1:2 тең. Шрифт әріптері бірдей енді болады.    

Информация о работе Шрифтік сызбалар