Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 04:15, курсовая работа

Описание работы

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.
Сонымен, Халықаралық сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясынын шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-бірімен сауда қатынастары түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудын шекті деңгейіне өзара әрекеті жолымен қалыптасатын.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................. 3
І Халықаралық және сыртқы сауда саясаты......................................... 4
1.1 Сауда саясаты: мәні, негізгі түрлері....................................................... 4
1.2 Сауда саясатының құралдары................................................................. 5
1.3 Дамыған және дамушы елдердегі сауда саясаты.................................. 7
ІІ Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда............................................................................................ 12
2.1 Қазіргі халықаралық сауда.....................................................................12
2.2 Халықаралық сауданың стандартты моделі.........................................14
2.3 Дүние жүзілік сауданың қазіргі кездегі түрлері және құрылымы......20
ІІІ Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі.............. 25
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының дамуының
басты бағыттары........................................................................................... 25
3.2 Халықаралық сауданың артықшылығы мен келешегі.........................28
Қорытынды..................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........

Работа содержит 1 файл

курсовая сауда саясаты.doc

— 476.50 Кб (Скачать)

    • әр түрлі тауарлардың шығарылу арақатынасын көрсететін өндірістік мүмкіндіктер қисығы әр түрлі елдерде өзгеше болып, оларды бір-бірімен сауда жасауға итермелейді.

    • егер қисықтар сәйкес келіп, басқаша айтқанда тауар шығарылу арақатынасы екі елде бірдей болса, онда сауда өте жақын елдерде сәйкес келмейтін тұтынушылардың талғауындағы ерекшеліктеріне негізделеді;

    • ұсыныс трансформацияның шекті деңгей қисығымен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейінің қисығымен анықталады;

    • халықаралық сауда пайдаланатын тепе-теңдік баға салыстырмалы әлемдік сұраныс пен ұсыныс арақатынасымен анықталады.

    Сауа  жоқ жағдайдағы баланс.

    Елдер өзара сауда қатынастарға түскенге дейін, баланс трансформациясының шекті деңгейі (ұсыныс) мен орын басудың шекті деңгейі (сұраныс) өзара әсер жолымен анықталады (1-сурет) 1-і елдің өндірістік мүмкіндіктер қисығы орын басудың шекті деңгейінің І-і қисығы елдің максималды қажеттіктері өтелетін А нүктесінде жанасып, ел өзі өндіретін 1-і және 2-і тауардың максималды тұтыну мөлшерін көрсетеді. Екінші елдің өндірістік мүмкіндіктер қисығы орын басудың шекті деңгейінің І-і қисығы А1 нүктесінде жанасып, осы елдің 1-і және 2-і тауардың тұтыну мүмкіндігінің максималды мөлшерін көрсетеді. Айта кететін жағдай, талғаусыздық қисықтары бір-бірімен қиылыспайды, ал елдер сауда жоқ жағдайда жоғары талғаусыздық қисығына жете алмайды, сондықтан бұл елдерде қажеттіліктерді максималды қанағаттандырудың тек бір нүктесі бар.

    

    Сурет 2. Сауда жағдайындағы баланс 

    Өндірістік  мүмкіндіктер қисығы мен орын басудың  шекті деңгейінің қисығының әр елдегі конфигурациясы әр түрлі болғандықтан, 1-і және 2-і тауардың А және А1 нүктелерінде салыстырмалы бағалардың да өзгешеленетіні айқын. 1-і елдегі 1-і тауардың А нүктесінен өтетін түзу сызық арқылы тепе-тең салыстырмалы бағасы көрсетіліп, 2-і тауардың 1/4 бөлігін құрайды.

    Рa = P1/P2 = 1/4

    Осы 1-і тауардың 2-і елдегі салыстырмалы бағасы А1 нүктесі арқылы қөрсетіліп, 2-і тауардың 4 данасын құрайды.

    Ра = Р12 = 4

    Ра < Ра1 болғандықтан 1-і ел 1-і тауар бойынша, ал 2-і ел 2-і тауар бойынша салыстырмалы артықшылыққа ие болады. (+) (1-і және 2-і елдің) өндірістік максималды көлемі (V) А және А1 нүктесінде жетіп, 1-і және 2-і тауардың көлемі Q1, және Q2 болып көрсетеледі.

    Р1 х Q1 + Р2 х Q2 = V

    Сауда жағдайындағы баланс.

    Сауда басталысымен 1-і ел 1-і тауардан салыстырмалы артықшылыққа ие болғандықтан соған маманданып, оның өндіріс көлемін ұлғайтып, 2-і тауар өндірісін қысқартады. Сондықтан өндірістік мүмкіндіктер қисығының А нүктесі сызық бағыты бойынша жылжиды. 2-і ел 2-і тауардан салыстырмалы артықшылыққа ие болғандықтан, оның өндіріс көлемін ұлғайтып, 1-і тауар өндірісін қысқартады. Оның өндірістік мүмкіндіктер қисығы А1 нүктесінен сызықпен жоғары жылжиды. (2-сурет). Бұл процесс екі елде салыстырмалы бағалар теңелмегенше жүріп отырады. Жаңа салыстырмалы баға Ра = 1/4 пен Ра1=4 арасында болып, 1-і елдің В нүктесі мен 2-і елдің В1 нүктесі арқылы өтіп, Рвв1=1-ге тең болады. Осымен салыстырмалы артықшылық теориясы бітеді. Стандартты модель орнын басу шығындарының өсуін есепке ала отырып өзгертілген интерпретацияны ғана ұсынады.

    Одан  ары қарай сұранысты талдау элементі енгізіледі. Тепе-теңдік экономикада тауардың тұтыну көлемі оның өндірісіне тең болуы керек, графикте олар қиылысуы қажет екені белгілі. Егер Д1 мен Д2 -1-і мен 2-і тауардың тұтынуы болса, онда

    Р1 х Д1 + Р2 х Д2 = Р1 х Q1 + Р2 х Q2 = V

    1-і  ел 1-і тауардың 60 данасын артық өндіріп, оны 2-і елге экспорттап (ВС векторы), 2-і елде 2-і тауардың 60 данасын сатып алады (СЕ векторы). 2-і ел 2-і тауардың 60 данасын артық шығарып 1 елге экспорттайды (В1С1 векторы) да, 1-і елден 1-і тауардың 60 данасын сатып алады (С1Е1 векторы). Осының нәтижесінді ұсынысты сипаттайтын орын басу шекті деңгейінің қисығы 1 елде ІІ1 деңгейге ауысып, 1 елдің 1 және 2 тауарлардың 20 даналарынан, көп тұтынатын Е1 нүктесіндегі салыстырмалы тепе-тең бағасының түзуімен жанасады. Сөйтіп II1-і қисық І-і қисығынан жоғары тұрғандықтан 1-і елдің 2-і тауарды тұтынудағы мүмкіндіктері өсе түсті. Осындай жағдай 2-і елде болады да II1 қисығы I1 қисығынан жоғары болып, екі тауарды тұтыну мүмкіндіктері өсе түседі. Сауда нәтижесінде, салыстырмалы артықшылық моделіне қарағанда, елдердің толық мамандануы жүзеге аспайды. Бұл орнын басу шығындарының өсе түсуінің нәтижесі. 1-і ел 2-і тауардың бір мөлшерін өндіре береді, ал 2-і ел 1-і тауардың белгілі бір мөлшерін өндіреді. Өзара саудадағы тепе-теңдік баға, әр елдің иеленген салыстырмалы артықшылығы бар тауарға мамандануына дейін қалыптасады. Өзара саудадағы тепе-теңдік баға орнағаннан кейін, одан әрі қарай әр елдің мамандануының экономикалық тиімділігі жоғалады, өйткені орнын басу шығындарының өсе түсуі шет елден сатып алғаннан гөрі қымбатқа түсетін болады. 2-суретте тепе-теңдік баға РВРВ1=1 мағынасында елдердің толық мамандануға жеткенге дейін қалыптасты, өндіріс нүктесі толық мамандану бағытына қарай жылжығанымен, оған жетпей, ол 1-і елдің көлденең осі мен 2-і елдің тік осіне сәйкес келеді.

    Саудадан  алынатын ұтыс.

    Саудадан  қандай да бір пайда алғанда ғана әрбір ел үшін оның маңызы бар. Өзінің құрылымы бойынша ол айырбастан алынған ұтыс пен маманданудан алынған ұтыстан тұрады.

    Айырбастан  алынған ұтыс – елдің басқа елдермен сауда қатынастарына түскенінен алынған артықшылық.

    Мысалымызды ары қарай қарастырайық. 1-і ел 2-і елмен саудаға түскеннен  кейін де 1-і тауарға маманданғысы келмейді немесе қандай да бір себептермен жүзеге асыра алмайды деп болжамдайық. Ол 1-і тауарды өндірістік мүмкіндіктер қисығының А нүктесінде анықталған көлемдерде өндіре береді (3-сурет). Бірақ әлемдік салыстырмалы баға елдің ішкі салыстырмалы бағасындай 1/4 емес, 1-і ге тең болады. Сөйтіп, маманданусыз-ақ оның біршама бағалық қоры болады. Сондықтан, ол әлемдік баға бойынша 1-і тауардың 20 данасын сатып, 2-і тауардың 20 данасын маманданусыз-ақ сатып апа алады; тұтыну өсе түсіп, орын басу шекті деңгейінің В қисығы жоғары ауысып, Т тұтыну нүктесі А нүктесінен жоғары болады. Ешқандай мамандану жоқ болғандықтан, тұтыну нүктесінің А-дан Т-ға ауысуы 1-і елдің 2 елмен сауда қатынастарына немесе айырбасқа түскенінен алынған ұтыс екенін көреміз.

    Маманданудан  алынған ұтыс – елдің сауда жағдайында ие болған салыстырмалы артықшылығы – бар тауар өндірісіне күш-жігерін жұмылдырып, алған артықшылығы.

    Жоғарыда  көрсетілген модельдегідей 1-і ел 1-і тауарға маманданды дейік. Осының нәтижесінде өндірістік мүмкіндіктер қисығы А нүктесінен В нүктесіне қарай төмен жылжыды. Бұл нүктеде, жоғарыда көрсетілгендей, ел 1-і тауардың 60 данасын 2-і тауардың 60 данасына айырбастай алатыны көрсетілген (3).

    Осының  нәтижесінде тұтыну орын басу шығындарының шектігі III деңгейіндегі Е нүктесінде болады. Тұтынудың В-дан Е нүктесіне қозғалысы елдің маманданудан алынған ұтысын көрсетеді.

    

    Сурет 3. Саудадан алынған ұтыс және  

    Кіші  және үлкен елдер арасындағы сауда.

    Егер  сауда кіші және үлкен елдер арасында дамыса, онда салыстырмалы артықшылық теориясына сәйкес орын басу шығындарының тұрақтылығы кезінде тек кіші ел салыстырмалы артықшылығы бар тауарға маманданады. Бірақ кіші ел осы тауарға толық маманданса да, үлкен елдің қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Сондықтан үлкен ел өзі иеленген салыстырмалы артықшылығы бар тауарға маманданумен қатар, салыстырмалы артықшылығы кіші елдегі тауардың белгілі бір мөлшерін өндіре береді.

    Орын  басу шығындарының өсуі жағдайында, кіші елде де толық маманданбау пайда болады. Оны 3-суреттегі 1-і елге қатысты мысалмен көрсетуге болады. 1-і ел - өте кіші, ал 2-і ел - өте үлкен ел деп болжайық. Бәрінен бұрын бұл кіші елдегі баға өзгерісі үлкен елдің баға өзгерісіне әсер етпейді. Сондықтан әлемдік салыстырмалы бағасы сол Р1 деңгейде қалады. Кіші ел 1-і тауарға мамандана бастайды, өйткені оның ішкі салыстырмалы бағасы Р-1/4 әлемдік бағадан төмен болып, оның өндірісіне А нүктесінен В нүктесіне жылжиды. В нүктесінде толық мамандану әлі жоқ, ал ішкі салыстырмалы баға әлемдік бағамен теңеседі. 1-і тауардың 60 данасын экспортқа шығарып, Үлкен елден 2-і тауардың 60 данасын импорттаған кіші ел, орын басудың шекті деңгейінің жоғары қисығына өтіп, Е нүктесіндегі 2-і тауардың да көп мөлшерін тұтына бастайды.

    Осыдан көріп отырғанымыздай, стандартты модельдегідей, ел кіші болып саналмаған кездегідей жағдай қайталанады. Айырмашылығы – кіші елдің ішкі салыстырмалы бағалары әлемдік салыстырмалы бағасына әсер етпейтіндігі мен осы жағдайда кіші ел партнер-елмен саудадан алынған толық пайданы бөліспейтіндігінде.

    Сонымен, Халықаралық сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясынын шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-бірімен сауда қатынастары түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудын шекті деңгейіне өзара әрекеті жолымен қалыптасатын. Сауда жағдайындағы баланс тауар ел ішіндегі салыстырмалы бағасы мен шет елдегі салыстырмалы бағасының арақатынастарының қате мен сын әдісі арқылы, тепе-теңдік бағаға қозғалысына негізделген. Әрбір ел өзі ие болған салыстырмалы артықшылығы бар тауар өндіріс ұлғайтып, оны осы елдің салыстырмалы артықшылығы бар тауар сату арқылы айырбастайды. Нақты әлемде орын басу шығындары тұрақсыз болғандықтан, сауда нәтижесінде елдің иеленген салыстырмалы артықшылығы бар тауарға толық мамандануы болмайды. Сауда нәтижесінде әрбір ел мынандай артықшылыққа ие болады: айырбастан алынатын пайда және маманданудан түсетін пайда. Кіші және үлкен елдер арасындағы сауданың айырмашылығы кіші елдің ішкі салыстырмалы бағаларының, үлкен елдердің ұсыныс пен сұранысқа байланысты қалыптасатын әлемдік салыстырмалы бағаға әсер етпеуі мен кіші елдің саудадан алынған пайданы, сауда партнерімен бөліспеуінде болып отыр. Саудаласушы елдердің өндірістік мүмкіндіктер қисығы сәйкес келген жеке жағдайларда, оларда тұтынушылардың талғамдық өзгешеліктерімен елдердің пайдасына негізделеді.  

    2.3 Дүние жүзілік  сауданың қазіргі  кездегі түрлері және құрылымы 

    Халықаралық сауда – мемлекеттер және ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда қалыптасып, бірақ тек XX ғасырда ғана дүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатысады. Халықаралық сауда дүниежүзілік еңбек бөлінісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи-жағрапиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруге маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді.

    Дүниежүзілік  сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш күштердің дамуына, дүниежүзілік өндірістің құрылымына тәуелді. Егер XIX ғасырда айырбаста көбінесе шикізат, азық-түлік жеңіл өнеркәсіп өнімдері ғана болса, қазіргі кезде енеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машина мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Соғыстан кейінгі уақытта шикізаттың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 3/5-дан 1/3-ға дейін кеміді, ал өнеркәсіп бұйымдарының үлесі 2/3-ға өсті. Құрастырмалы бұйымдар мен қосымша бөлшектер айырбасы артты, экспорт тез қарқынмен дамыды, мысалға, машиналардың түйіндерін құрастыру және басқа да құрал-жабдықтар мен халық тұтынатын техниканы жасау жұмыстарын айтуға болады.

    Қазіргі уақытта халықаралық айырбас өрісіне ғылыми-техникалық жетістіктер айырбасы қосылады (лицензиялар және нау-хау мен сауда жасау), олардың үлесі халықаралық сауданың жалпы айналымының 10%-ын құрайды. Технологиялық күрделі өнімдермен, лицензиялармен сауда-саттық жедел өсіп отыр. Егер 1970 жылы лицензиялардың дүниежүзілік экспорттағы көлемі 2,4-2,7 млрд доллар болса, 80 жылдардың екінші жартысында бұл сан жылына 17 млрд доллардан асты.

    Халықаралық сауда объектілерінің қатарына қазіргі уақытта жобалау жұмыстары, лизинг (жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алу) инжиниринг (инжаерлік құрылыс жұмыстарын атқару үшін жасалынған келісімдер) жатады.

    Халықаралық саудада «жаңа индустриялды елдер» (Гонконг, Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань) үлкен рөл атқара бастады. Бұл елдердің экспортында өнеркәсіптік тауарлардың алатына орны елеулі және олардың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 1960-1985 жылдары екі еседен асып түсті. Тарихи тұрғыдан алғанда дүниежүзілік рыноктағы бәсекелік күресте ұлттық мүддені қорғаудың әр түрлі мемлекеттік формалары бар. XV-XIII ғасырларда негізгі экономикалық теория ретінде меркантилизм үстем болған кезде мемлекеттер экспортты ынталандыру және импорт тауарларын шектеу шараларық яғни катаң протекционизмді қолданды. Ұлттык өнеркәсіп өнімдерінде тиімді жоғары кеден бажын енгізу арқылы белгілі бір тауар түрлерін сатуға, мемлекеттік монополия ақшалай байлықты арттыруға ұмтылды.

Информация о работе Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі