Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 04:15, курсовая работа

Описание работы

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.
Сонымен, Халықаралық сауданың қазіргі теориялары, тауардың ұсынысы мен сұранысына бірдей көңіл бөлуде. Ұсыныс трансформациясынын шекті деңгейімен, ал сұраныс орын басудың шекті деңгейімен сипатталады. Елдер бір-бірімен сауда қатынастары түскенге дейін баланс осы елдердің ішкі рыноктарындағы трансформацияның шекті деңгейі мен орын басудын шекті деңгейіне өзара әрекеті жолымен қалыптасатын.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................. 3
І Халықаралық және сыртқы сауда саясаты......................................... 4
1.1 Сауда саясаты: мәні, негізгі түрлері....................................................... 4
1.2 Сауда саясатының құралдары................................................................. 5
1.3 Дамыған және дамушы елдердегі сауда саясаты.................................. 7
ІІ Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі халықаралық сауда............................................................................................ 12
2.1 Қазіргі халықаралық сауда.....................................................................12
2.2 Халықаралық сауданың стандартты моделі.........................................14
2.3 Дүние жүзілік сауданың қазіргі кездегі түрлері және құрылымы......20
ІІІ Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі.............. 25
3.1 Қазақстан Республикасының сыртқы саудасының дамуының
басты бағыттары........................................................................................... 25
3.2 Халықаралық сауданың артықшылығы мен келешегі.........................28
Қорытынды..................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..........

Работа содержит 1 файл

курсовая сауда саясаты.doc

— 476.50 Кб (Скачать)

    - егер белгілі бір саланың келешекте  әлемдік нарықта белгілі бір  орынды қамтамасыз ету мүмкіндігі  болса, бірақ та қазіргі таңда  осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру  жағдайы болмағанда:

    1) кедендік қорғау;

    2) қаржылық және фискальдық ынталандыру;

    3) қолайлы жағдайлар мен жеңілдіктердің  басқа түрлерін құру.

    Бұл жүргізілетін өнеркәсіптік саясат ұтымдылығы бар сыртқы сауда саясатының адекваттығын қажет етеді (интенсивті модернизацияны бастан кешіріп отырған салаларды  қорғау белгілі елде өндірілмейтін тауарлар өндірісін дамыту; өндірістің басым салалары қызмет ете алмайтын тауарлар импортын ынталандыру).

    Экспорттық-импорттық  саясаты жүзеге асыру кезіндегі  әдістемелік жолдар төмендегілерге қатысты мұқият таңдалуы тиіс: нақты  тауарға; оны өндірудегі қалыптасқан жағдайға; ішкі ұлттық нарық, елдің экспорттық жеткізулер кұрылымындағы оның орнына; халықаралық еңбек бөлінісіндегі (ХЕБ) болашағына.

    Осы жағдайда белгілі бір таңдалған  құрал протекционистік режимге, не ырықтандыру режиміне қызмет көрсетеді.

    Аталғандардың бірінші режимі өз тіршілігінде уақытша  параметрлермен шектелген және қол  жеткен мақсат бойынша әлсірейді  не толығымен тыйым салынуы мүмкін. Бір мезетте, экспорттық позициялардың  даму локомотиві болып табылатын  салалар инвестициялық саясатгың басым объектісі болып табылады.

    Осы кезде дамыған елдердің халықаралық  экономикалық ұйымдары тарапынан болатын  протекционистік режимдер өзіне  қатысты қарама-қайшы күштерда сезінуі  мүмкін. Өйткені, кез келген дамушы мемлекет маңызды тұтқалардың (рычагтардың) қысымын басынан өткереді, ал оған жауапты шаралар ретінде оларды маневрлеу үшін жеткілікті варианттарды қолданады.

    Әлемдік шаруашылық байланыстар интеграциясының  тұжырымдамасын алға қою өзара қарым-қатынастар векторының ақырындап өзгеруін қамтамасыз етеді.

    Импорттық саясатты жүзеге асыру кезінде төмендегідей әдістеме қолданылады: тауарлар өндірісіндегі  ұлттық мүмкіндікті талдау; оның  ұлттық экономика құрылымындағы  экспорттық позициядағы орнын анықтау; әлемдік нарық тенденцияларын талдау.

    Төлем балансының тең болмауы, экспорт тиімділігінің төмендеуі жағдайларында протекционистік режимді қамтамасыз ететін құралдардың кең арсеналы қолданылады.

    Белгілі бір нақты мақсат пен қорғау дәрежесіне қол жеткізген кезде протекционистік  режимнің бұл құралдары басқа шаралармен және реттегіштермен ауыстырылады. 

    1.3 Дамыған және дамушы елдердегі сауда саясаты 

    АҚШ-тың  сауда саясатының ерекшеліктері. Сауда  саясаты сыртқы экономикалық саясатпен  тығыз байланысты болатыны белгілі. Мұндай өзара байланыстың мазмұндылығы – сыртқы сауданың американдық экономикаға елеулі түрде әсер етуімен анықталған.

    Тиісінше, сыртқы саудалық саясатты анықтайтын құрамдас бөліктер ішіндегі сыртқы саудалық емес, жалпы-шаруашылық сипаты бар инфляциялық экономикалық дамуды атап өту керек.

    Дегенмен, сауда саясатының автономдылығы: инвестициялауға ынталандыруды күшейту, еңбек өнімділігін арттыру, инфляцияны әлсірету сияқты саясаттарды толықтырады. Экономикалық қайта өркендеудің мұндай саясаты президент Р. Рейганның басқаруы кезінде орын алған еді, ал саудалық тапшылық оның дамуы жолындағы «тежегіш» болды, АҚШ сөрелерін шетел тауарларының «ағылып келуі» бәсекені күшейтті. Мұндай жағдайға дәстүрлі емес салалар тап болды. Олар нарық пен жұмысшы күшінің жойылуына тойтарыс бере алмады. Аталған жағдай АҚШ қоғамын «тебіренте» алмады. АҚШ-тың демократиялық партиясы мұндай сұрақты бірінші рет қозғап нәтижесінде оны шешуге беделді республикаларды қосты. Бұл кезең заңдарға протекционистік ұсыныстардың ағылып келуін интенсивті дамытумен сипатталады.

    1984 жылы АҚШ Үкіметі Тарифтер мен сауданың Бас келісімдері (ТСБА) шеңберінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту шешімін қабылдайды.

    Тиісінше, 1985 жылы Р. Рейган әкімшілігі сыртқы сауда  балансындағы тапшылықты төмендеудің арнайы шараларын жасады және төмендегі шаралардан тұратын нақты бағдарламаны ұсынды:

    а) сыртқы нарықтағы әділетсіз бәсекені ығыстыру жолымен американдық экспорт үшін қолайлы жағдайларды жасау;

    ә) американдық экспортты субсидиялауды  едәуір кеңейту;

    б) доллар бағамын төмендету мақсатында валюталық нарықтардағы операцияларды Батыс серіктестерімен бірігіп басқару.

    Американдық үкімет ірі Батыс мемлекеттеріне күшті қысым көрсетті.

    Ондағы  мақсат – осы мемлекеттерде экспансионистік ішкі экономикалық саясатты күшейту.

    Осы мезетте Р. Рейган әкімшілігі демпингпен және патенттік құқықтарды бұзумен күресті күшейте отырып, халықаралық саудадағы АҚШ-тың мүдделерін қорғауды күшейту бойынша жоба дайындады.

    Р. Рейган мынаны атап өтті: «егер американдық еркін саудаға ықпал етуде күмәнданатын болса, онда ол баршаға зиян келіп, күйрейді». Бұл айтылғанды тек қана теориялық абстракция деп есептеген басқарушы органдар мен кәсіподақ қозғалысы арасында бұл жайт резонанс тудырды.

    Үкіметтің бүкіл сыртқы экономикалық доктринасы күмәнданды, өйткені еркін саудаға ықпал ету елдің толық мүддесіне сәйкес келмейді (Р. Бреннон, П. Самуэльсон, П.Кругман).

    Сонымен қатар, американдық экономистердің басым көпшілігі тікелей протекционизмдік үгіттеуді (жариялауды) жоққа шығарды.

    Осының  салдарынан, американдық экономикада  сауданы жүргізу әдістерін түсінуде елеулі қарама-қайшы пікірлер туындады. Бірақ, біз халықаралық сауданың тежелуін байқаймыз.

    Елеулі  пікірталастар нәтижесінде осы кезеңдегі АҚШ-тың сыртқы сауда саясаты төмендегі ерекшеліктермен сипатталады:

    - әділ сауда терминінің кең түрде түсіндірілуін қатаң қолдануға ұмтылу;

    - 30-жылдары Тарифтер мен сауда  бойынша Бас ассоциацияның ұсынған өзаралық принципті жаңарту. Бұл принциптің мәні мынада, яғни көп жақты келіссөздер процесінде мемлекеттердің бір-біріне ұсынатын сауда жеңілдіктерінің белгілі бір сәйкестілігін талап етуі;

    - американдық үкіметтің сыртқы экономикалык саясатын қоғамның қабылдамауы екі жақты негізде кедендік қорғаудың қарама-қарсы салмағын туындатты. Бұл жол тауарлардың жекелеген категорияларын ескеруді талап етті.

    АҚШ-тың агрессиялы сауда тұжырымдамасы саудалық соғыстардың күшеюін айқындады.

    Тиісінше, АҚШ «шетелдегі жабық есіктерді ашу үшін» сауда санкцияларын қолдануды қолға алды. Рейган мырза бұл санкцияны соңғы құрал ретінде қолданылатынын атап өтті. Бірақ көптеген экономистердің пікірі бойынша, сауданы ырықтандырудың мұндай жолдары қарама-қарсы шектеуші шарттарды туындата отырып, бүкіл әлемде оған қарсы күресін (конфронтация) күшейтуі мүмкін.

    Әкімшіліктің  жаңа тұжырымдамасы елеулі түрде  елдің өнеркәсіптік саясаты проблемаларымен байланысқан.

    Дегенмен, американдық өндіріс еркін сауда саясатын көздей отырып, осы саясаттың бірқатар құралдарын қолданады.

    Оның дәлелі ретінде көптеген шетел мемлекеттерінің өнеркәсіптік саясаты қарастырылады, яғни ол саясат кезінде ұлттық өнеркәсіптің жекелеген салаларына жасанды қолдау көрсетіледі.

    Шетелдік  мемлекеттердің Үкіметі өз компанияларының  салыстырмалы артықшылығын субъективті түрде қалыптастыратындығын атап өту керек. Тиісінше көптеген ғалымдар мен ірі өнеркәсіпшілер жеткілікті деңгейдегі теңдік кезінде бәсекелестік жағдайларын талап етеді. Бұл жағдайда АҚШ-тың Сауда палатасы ерекше орын алды, олардың айтуынша Үкіметтік көмекке емес, нарықтарға арқа сүйеу керек.

    Бұл жүргізілген сауда саясаты нәтижесінде сыртқы нарықтардағы, соның ішінде ғылыми өнімдер нарығындағы АҚШ үлесінің едәуір темендегені анықталды.

    Бұл кездегі факторларды қалыптастырушылар:

    • бір жағынан, әлемдегі елдерді АҚШ деңгейіне тартатын жаңа тауар өндірушілердің туындауы;

    • екінші жағынан, АҚШ-тағы инвестициялаудың төмендеу жағдайында экономиканың жеткілікті түрде жоғары қарқынмен дамуы.

    Осыдан, АҚШ Президенті жанындағы экономикалық кеңесшілер Кеңесі «Американдық өнеркәсіп құрылымын анықтауда Үкімет рөл ойнауы тиіс пе?» деген сұрақ қойып отыр.

    Оның  мынандай салдары болуы мүмкін: протекционизмнің күшеюі, орталықтандырылған жоспарлау, жемқорлық элементтерінің туындауы, мемлекеттік сектордағы кереғар жағдайлар.

    Сондықтан сыртқы сауда саясаты бойынша  АҚШ-тың Ақ кітабында – Үкіметтің өнеркәсіптің бейімделу сипатына, нарық талабына және әлемдік шаруашылықгың құрылымдық өзгерістеріне қатынасы — саясаттын ең маңызды элементтерінің бірі болып қарастырылады.

    АҚШ-тың  билеуші органдарының пікірінше, жетекшілікке қол жеткізу үшін әлемдік шаруашылықтың шешуші салаларындағы үстемдік тұғырды сақтап қалу керек.

    Осылайша, әкімшіліктің ресми қадамдары оның тактикалық әдістеріне үнемі да сай келе бермейді.

    Нарықтық  күштерге сүйенудің заңды екендігін анықтай отырып, кейінгі бағдарламалық құжаттарда «Өнеркәсіптік саясат» термині қарастырылмаған.

    Бірқатар  экономистер мен сауда өкілдерінің  пікірінше, кейбір салаларды әлемдік  нарықтан шығарып тастау табиғи процесс  болып табылады.

    Соның арасында әлемдік саудадағы тенденцияларды ескере отырып, Үкімет экономикаға өте көп араласуда және АҚШ-тың Мемлекеттік Хатшыларының бірінің пікірі бойынша, АҚШ-тың Еуропамен және Жапониямен экономикалық келіспеушілігі осымен анықталады.

    Сол сияқты, әлемдегі бәсекенің шиеленісуі мен сауда балансының нашарлауына қарамастан, экспортқа жағдай жасаудың шешуші қадамдарының қабылданбай жатқандығын түсіндіру керек. Сыртқы саясаттын бағыттарынан шығатын экспортерді марапаттау:

    - қолайлы сауда-саяси режимдерді қалыптастыра отырып, жанама әдістермен шешілуі тиіс.

    Мұны  түсіндіретін жайттың бірі мынау: яғни АҚШ ішкі нарықтағы пассивті қадамдарды сақтау кезінде шетелдік кедергілерді алып тастайды.

    Кедергілерді  жою саясаты американдық экспорт жолында тұрған салаларға қатысты болады. Осы мәселелерді шешу және экспорттық экспансияның тиімділігі үшін американдық үкімет қолайлы жағдайларды туғызу үшін күрес жүргізеді:

    • жеке меншік капиталдың сыртқы экономикалық қызмет үшін;

    • көп жақты, екіжақты, аймақтық аспектілер негізінде көпсалалық компаниялар үшін.

    Осылайша, сыртқы сауданы ырықтандыру әдістеріндегі даму жөніндегі деректі атап көрсетуге болады (әрбір елмен автомашинаны салықсыз сату жөніндегі келісімі, Жапониямен импортты шектеу – «Серілік келісімдер»).

    АҚШ-тың сауда-саяси стратегиясында Тарифтер мен сауданың Бас ассоциациясы шеңберінде келіссөздерді ұйымдастыру ерекше орын алады.

    70-жылдар  аяғындағы болжам бойынша, таяудағы 10 жыл қызмет көрсету саласында, яғни көрінбейтін саудада 90% көлемінде жаңа жұмысшы күшінің орны құрылады. Бұл сала халықаралық бақылау саласынан тыс қарастырылады.

    Тиісінше, Д.Картер Токио раунды келіссөздері кезінде қызмет саудасындағы ырықтандыруды күшейту жөніндегі сұрақты ерекше атап өтті. Өйткені халықаралық еңбі бөлінісінде американдық экономиканың жаңа орны, яғни тауар өндіруші емес, қызметтерді өндіруші ретіндегі рөлі анықталды.

    Бірнеше жылдан кейін, американдық үкімет Тарифтер мен сауданың Бас ассоциациясы шеңберіндегі келіссөздерді ғылыми тауарлардың халықаралық саудасы шартымен байланыстырды.

    Өйткені 80-90-жылдар аралығында ресурстың ең тапшы түрі - технология болып саналды.

    Көптеген  мемлекеттерде бұл сала өзінің дамуына үкіметтің араласуын қажет деп тапты.

    Жоғарыда  айтылғандар негізінде мынандай қорытынды жасауға болады: АҚШ-тың бәсекелестік артықшылығы саласының біртіндеп тарылуы салдарынан, 1986 жылдың аяғында ТСБА-ның Уругвай раундына 92 ел қатысты, ол көпжақты келіссөздердің бастамасы болып табылады.

Информация о работе Қазақстанның халықаралық саудадағы орны мен рөлі