Стандарттау негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 21:45, реферат

Описание работы

Стандарттау-бұл белгілі бағыттағы жұмыс барлық жұмыстарды бір тәртіпке келтіру,барлығына бірдей қолдануға жататын ережелер шыға- ру және қолдану арқылы жүргізіледі,істеліп жатқан немесе алдағы жұмыстарды қолданылады.
Стандарттаудың мақсаттары:

Содержание

Негізгі бөлім
Стандарттаудың мақсаты, ғылыми және әдістемелік негіздері
Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың мақсаттары, міндеттері және негізгі қағидалары
Стандарттау объектілері
1.5 Мемлекеттік қызмет стандарттарының құрылымы мен құрамы
1.7 Қорытынды

Работа содержит 1 файл

стандарттау негіздері.docx

— 34.03 Кб (Скачать)

- мекеменің ішінде орналастырылатын мекеме жұмысы туралы көрнекі мәлімет;

Мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларға берілетін  мәліметтің құрамы мыналарды қамтиды:

- қызметтің нақты бір түрін көрсетуге уәкілетті жабдықтаушы туралы жалпы мәлімет;

- мемлекеттік қызметтер тізімі туралы мәлімет;

- мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларға тікелей көрсетуші лауазымды тұлғалар туралы мәлімет;

- мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларға қойылатын талаптар ман шарттар туралы мәлімет.

Мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушы туралы жалпы мәлімет мыналарды қамтиды:

- жабдықтаушының толық атауы;

- заңды адресі;

- жұмыс уақыты;

- телефон нөмірлері;

- вебсайт және электрондық поштасы;

- қалалық (жергілікті) көлік жүру бағыттары.

Осындай мәліметтер, мемлекеттік қызметтерді  жабдықтаушы ұйым бағынышты болып  табылатын мемлекеттік орган  туралы да беріледі.

Мемлекеттік қызметтер тізімі туралы мәлімет 5.3 пунктте берілген.

Мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларға тікелей көрсетуші лауазымды тұлғалар туралы мәлімет мыналарды қамтиды:

- тегі, есімі, әкесінің аты, лауазым атауы, кабинет нөмірі;

- тұтынушыларды қабылдау уақыты;

- негізігі міндеттері мен шешетін сұрақтарының көрсетілуі;

- даулы немесе түсініксіз сұрақтарды шешу үшін тікелей жетекшісінің тегі, есімі, әкесінің аты, лауазым атауы, кабинет және телефон нөмірі.

  Мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларға қойылатын талаптар ман шарттар туралы мәлімет 5.4 пунктте берілген.

Лауазымды тұлғалардың  құқықтары мен міндеттері, мемлекеттік  қызметтерді көрсету барысындағы  заңсыз әрекеттеріне жауапкершілік  деңгейі 

мемлекеттік қызметтерді  жабдықтаушы туралы Ережелерде (Жарғыда) және нақты орындаушылардың қызметтік  нұсқауларында көрсетіледі.

          Қызмет көрсету орнындағы шарттар мынадай талаптар қойылуын талап етеді:

- мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушының жұмыс уақытына;

- мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушының орналасу жеріне, жаяулар және көлік үшін оңтайлылығына;

- күту және тікелей қызмет көрсету орындарындағы санитарлық-гигиеналық шарттарға.

Қызмет көрсету саласында  тұтынушылармен жұмыс істеудің жалпы  ережелері тұтынушылармен жұмыс  істеудің бірыңғай ережелерін белгілеуді талап етеді. Олар мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушының тұтынушының алдындағы қоғамдық міндеттерін айқындайды. Бұл міндеттер жариялануы және барлығына қолжетімді жерлерде орналастырылуы тиіс.

 

 

      4. Мемлекеттік қызмет стандарттарының құрылымы мен құрамы

 

Мемлекеттік қызметтерді  көрсету саласында стандарттау  объектісінің ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік стандарттардың мынадай  түрлері шығарылады:

- мемлекеттік қызмет стандарттарын шығарудың және енгізудің жалпы тәртібін реттейтін жалпы ұйымдық-әдістемелік ережелерді, терминологияны, қағидаларды, талаптарды, ережелерді белгілейтін негізгі стандарттар;

- қызметтің нақты түріне немесе тобына талаптар қоятын мемлекеттік қызмет стандарттары. Біркелкі қызмет топтарына қойылатын талаптарға және шарттарға стандарттар шығару мүмкін. Мысалы, қызмет көрсетудің классификациясына, түрлеріне және әдістеріне;

- Қызмет көрсетудің әр түрлі кезеңдерінде орындалатын нақты жұмыс түрлеріне қойылатын талаптарды белгілейтін процесс стандарттары. Процесс стандарттары әр түрлі мемлекеттік стандарттарды, олардың өмірлік циклдарының (жобалау, базарлау, орындау, қызмет көрсету, хабардар ету) барлық кезеңдерінде көрсету технолгиясына (әдістер, жолдар, тәсілдер, нормалар) қойылатын талаптарды реттейді;

- терминологиялық стандарттар. Мемлекеттік қызмет көрсетумен байланысты кейбір жұмыс салаларында қолданылатын әр түрлі терминдердің анықтамаларын және құрылымын қамтиды.

 

 

 

 

Қорытында:

 

 

            Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет. Стандарттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

өнімге, процестерге (жұмыстарға), қызмет көрсетулерге нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу;

өнім, процестер, көрсетілген қызметтердегі адамдар өмірі, денсаулығы, мүліктер үшін қауіпсіздігін, қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету.

өнімнің техникалық және ақпараттық сыйысымдылығын, сондай-ақ өзара алмасымдылығын қамтамасыз ету;

өнімнің, процестердің, қызмет көрсетулердің сапасын ғылыми-техникалық даму деңгейімен сәйкестендіру және сапа мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету;

ресурстардың барлық түрін сақтау және ұтымды пайдалану;

елдің қорғаныс қабілеті мен жұмылдырушылық әзірлігін қамтамасыз ету;

табиғи және техногенді апаттар мен басқа да төтенше жағдайлардың туындау қаупін ескере отырып, шаруашылық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Стандарттау объектілеріне көп мәрте ұдайы өндірілу және пайдалану перспективалары бар өнімдер, процестер (жұмыс тар), қызмет көрсетулер жатады, ал өзара байланыстағы стандарттау объектілерінің жиынтығы стандарттау аумағы деп аталады. Мысалы, тамақ өндірісі стандарттау аумағына, ал ондағы шығарылатын өнімдер, қолданылатын технологиялық үдерістер ж.б. стандарттау объектілеріне жатады. Стандарттау саласындағы негізгі нәтижелер - өнімнің, көрсетілетін қызметтің және процестің функционалдық міндетіне сәйкестік деңгейін жоғарылату, халықаралық тауар айналымында болатын техникалық кедергілерді жою, ғылыми-техникалық дамуға көмектесу және салааралық ынтымақтастықты нығайту.

 

 

 

 


Информация о работе Стандарттау негіздері