Курстық жұмыс Құбырды сынау және сапасын анықтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 15:09, курсовая работа

Описание работы

Технологиялық өткізгіш тұрбаларды дайындау және жөндеу қазіргі өнеркәсіпте үлкен мәнге ие. Мұндай жұмыстар мұнай, химия, тағамдық, металлургиялық өнеркәсіп мекемесін, минералды тыңайтқыштар өндіру нысандарын тұрғызған кезде қолданылады. Жөндеу жұмыстарының жалпы көлемінде технологиялық өткізгіш трұрбаларды жөндеу құны мұнай және мұнай химиялық өнеркісіп мекемесін тұрғызғанда 65% , химиялық және тағамдықта 40% ,металлургиялықта 25% болады. Технологиялық өткізгіш тұрбалар әр түрлі жағдайларда жұмыс жасайды, үлкен қысым мен жоғары температураларда болады, коррозияға ұшырайды және периодтық суыту мен жылытуда болады.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………… 3
1 Өткізгіш тұрбалардың жөнделген құрылғыларын сынау….. 4
1.1 Жөнделген өткізгіш тұрбаларды сынаққа даярлау және қабылдау..............................................................................
4
1.2 Болат өткізгіш тұрбаларды гидравликалық сынау………….. 7
1.3 Өткізгіш тұрбаларды жуу және үрлеу………………………. 10
1.4 Қабылдау-берулік өндірістік құжаттама……………………… 10
2 Дәнекерлік қосылыстардың сапасын анықтау………………... 11
2.1 Нормативті сілтемелер…………………………………………… 13
3 Дәнекерлеу жалғанулардың сапасын бұзбай бақылау әдістері……………………………………………………………...
16
4 Өткізгіш тұрбаларды дайындау және жәндеу кезіндегі еңбекті қорғау…………………………………………………..
18
4.1 Дәнекерлеу жұмыстары және термиялық кесу……………. 18
4.2 Өткізгіш тұрбаларды жөндеу және сынау………………….. 20
4.3 Қолданылу саласы………………………………………………… 21
Қорытынды………………………………………………………… 23
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………… 24

Работа содержит 1 файл

дамир.doc

— 189.00 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

Құбырды сынау және сапасын анықтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Технологиялық    өткізгіш   тұрбаларды   дайындау   және   жөндеу  қазіргі    өнеркәсіпте   үлкен  мәнге  ие. Мұндай    жұмыстар         мұнай, химия, тағамдық, металлургиялық  өнеркәсіп   мекемесін, минералды тыңайтқыштар   өндіру   нысандарын  тұрғызған   кезде  қолданылады. Жөндеу   жұмыстарының   жалпы  көлемінде    технологиялық    өткізгіш   трұрбаларды  жөндеу   құны   мұнай   және   мұнай  химиялық    өнеркісіп мекемесін тұрғызғанда 65%  ,  химиялық  және  тағамдықта        40%  ,металлургиялықта  25%   болады.   Технологиялық   өткізгіш   тұрбалар  әр  түрлі   жағдайларда   жұмыс жасайды,     үлкен    қысым мен жоғары   температураларда  болады,  коррозияға  ұшырайды және  периодтық  суыту   мен   жылытуда  болады.  Олардың  конструкциясы  тұрғызылатын  нысандардың   бірлік  қуатының   кеңеюіне  байланысты  жылдан   жылға   транспортталатын  заттардың   жұмыс    параметрлерінің   көбеюі  және  өткізгіш  трубалардың  диаметрінің   өсуі   есебінен  күрделеніп   келеді.  Технологиялық    өткізгіш   тұрбаларды    жасау    ұшін   әсіресе   химия   және   тағам    өнеркәсібінде,    полимер   материалдарды   кеңінен    қолдануда.  Аталған    тұрбаларды  көлемі    мен     қолдану   саласында   өсуі    олардың    коррозияға  жоғары  шыдамдылығымен ,    массасының     төмендігімен ,    өңдеудің     және   дәнекерлеудің   технологиялығымен ,    төмен   жылу   өткізгіштігімен,  жылудан   қорғауға   төмен    шығындарымен     түсіндіріледі. Мұның   бәрі  жөндеуіштен   білімнің   терңдігін,әр    түрлі   математикаларды     қолдану тапсырмаларын    дұрыс   қадағалауды,  өткізгіш   тұрбаларды   дайындау  және   жөндеу   бойынша   ережелермен арнайы  технологиялық   тапсырмаларды орындауды талап етеді. Соңғы жылдары еңбек өнімділігін 40%  арттыратын  және  тікелей   жөндеу алаңында  орындалатын жұмыстар   көлемін 3-4 есе азайтуды  қамтамасыз  ететін  өткізуші  тұрбалармен жұмыстарды   өндірудіің  индуктриялды   әдістері   кең  масштабта  енгізілуде, осы  кезде  өткізгіш  тұрбаларды    жөндеу  жұмыстары  азаяды. Өткізгіш     тұрбалармен  жұмысты   индустриализациялау  мәні    барлық  тұрба   дайындау   жұмыстары   зауыттың   жағдайға  көшіру  ,  яғни   құрлыс   өндірісін  зауыттық  дайындалудағы   дайын  түйіндер  мен    блоктардан   тұратын   нысандарды   жөндеудің  кешенді-механикаландырылған   процесіне  айналдыруда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Өткізуші  тұрбалардың    жөнделген   құрылғыларын  сынау

1.1 Жөнделген  өткізгіш  трубаларды  сынаққа  даярлау  және  қабылдау

 

Технологиялық  өткізгіш  тұрбалар   оларды   жөндеу   жұмыстары    аяқталған  соң   олар  технологиялық   қондырғымен   бір  уақытта    қолданысқа   беріледі.  Бірнеше   нысанға   немесе   қондырғыларға   қызмет   ететін   цех   аралық   өткізгіш   тұрбаларды   оларға   қатысты    жөндеу     жұмыстары    аяқталған соң    өз   бетімен   қолданысқа    беріледі.Өткізгіш   тұрбалар   мен   қондырғыларды   жөндеу   жұмыстарының   аяқталуын   жеке    сынақтар  мен   оларды   қабылдау  актісін   жұмыс   комиссиясының   жазылуының  аяқталуы  деп  санауға   болады.Жеке   сынақтарды     және  олардың  басталуын     қамтамасыз  ететін     жұмыстарды   жүргізу   тәртібі   мен  мерзімдер     құрылыс-  жөндеу    жұмыстарының   орындалуына  қатысатын   жөндеу    және   бастау   ұйымдары  ,   тапсырыс   беруші   және    басқа  үйымдардың  келісіміне  қарай   графикпен   орнатылады.Жанармай,   токсинді   және   қысылған   газдарды    таситын   өткізгіш    тұрбаларды   сынау  кезінде   өткізгіш   тұрбада   жұмыс    қысымын   тудырады.Осы   кезде   жырықтар,саңлаулар   ,т.б. түріндегі   жүйенің   тығыздық  еместігін   табу   мақсатымен   оны   сғып   қарайды. Тығыздыққа   тексерген   кезде    өткізгіш   тұрбада   12   сағаттан кем емес   ұсталатын    жұмыс   қысымын    жасайды.Осы   кезде    манометрмен сынақ   кезіндегі    қысымның    төмендеу   ұсталатын    жұмыс   қысымын   жасайды.Осы кезде   манометрмен   сынақ кезіндегі   қысымның   төмендеу    өлшемін   анықтайды, сол   арқылы   жүйенің    тығыздығы   туралы   айтады.Сынаудың   бұл   түрі   өткізгіш  тұрбаның    ең  кіші   тығыздығын   табуға     мүмкіндік     береді.Беріктілік   пен   герметикалыққа   сынаған  кезде    қысымды   екі  манометрмен   өлшейді.Олардың   біреуі   бақылаушы.Манометрдің   дәлдік  класы 1,5  (ГОСТ8625-77Е)-тен төмен   болмауы ,  корпус  диаметрі 150-мм-ден    кем емес   болмауы   және  номиналды   қысым   өлшенетін     қысымның   ¾-ше   жуық  болуы керек.  Пневматикалық сынақ кезінде     қолданатын   термометрлердің    шкаласының   бқлінуі құны  0,1º С –ден   көп   болмауы керек. Сынаққа   даярлау   кезінде    өткізгіш   тұрбаның     схемасын   жасақтайды,онда    шу   немесе   ауаны    беру   үшін    уақытша   өткізгіш   тұрбаларды     қосу   орындары  , сығу      агрегаттарының    құрылғылары   ,  жіберу   сызықтарының   қиындылары  , ауа   және   уақытша   жабу   қондырғылары    көрсетіледі, өткізгіш   тұрбаларды    толтыру   тізбегі     мен    тәртібі     анықталады. Сыналатын    өткізгіш  тұрбаны     және  өткізгіш    тұрбаның   сыналмайтын   бөліктерінен     инвентарлы    жабумен,  кей    жағдайларда  табандармен    айырады.Бұл  мақсатта    өткізгіш  тұрбада   орнатылған    жабық  арматураны   пайдалануға   болмайды.Сыналатын   өткізгіш     тұрбалардың   ұштарын    герметикалық    үшін   инвентарлы     жабуды    қолданылады.   Дy=80…700мм   өткізгіш   тұрбаны   2,5МПа   дейінгі   қысымға   сынау  үшін    дөңгелек   резина    сақинасы   бар   инвентарлы    жабынды   қолданады. Гайкаларды  бұраған  кезде    дискілер  бір-біріне   тартылады  және   өздерінің  конустары мен   толық   серметикалықты   қамтамасыз  етіп  тұрба   қабырғасына   тиіп  тұрған    манжетті    қысады. Суды   штуцерден  береді.Жабындардың   тұрбадан    шығып  кетуінің  алдын-алу   үшін  3-4 (тұрба   диаметріне байланысты)  тірек   струбиналарды орнатады.Дy=100…1000мм  өткізгіш  тұрбаларды  2,5МПа-ға  дейінгі     қысымға  сынау   үшін  конусты   және  резина  сақинасы   бар  инвентарлы    жабынды  өолданады.Олардың   айырмашылығы   тұрба  қабырғасына   тірелетін   және   сұйықтықтың  ішкі  қысымыныі   әсерінен   жабынды   шығаруды    болдырмайтын    кесілген  цанганың   болуында.Өткізгішті  трубалардың ұштарын  герметикалау   үшін   винттік  және   флану  аралық  жабындар  қолданады.

Мүмкін   болса өткізгіш  тұрбалардың  барлығын  сынаған   жөн.  Егер жұмыс  құжатында тсәйкес  бұйрық  көрсетілмесе  ,  өткізгіш   тұрбаларды    бөліктерге  бөлумен  жөндеу    ұйымы    айналысады. Өткізгіш  тұрбаларды   сынау   алдында    жобаға  сай    орындалған  жөндеу    жұмыстарының    аяқталғандығы  ,  сонымен   бірге   сынақ  жүргізуге   дайындығын   тексереді.Сонымен   бірге  мыналарды   тексереді:

- барлық  жөндеу  жұмыстарының  орындалу   дұрыстығы  және   олардың  термоөңдеу  мен дәнекерлеу    сапасын   бақылауды   қоса,  жобаға   сәйкестігін;

- өткізгіш  тұрбаларды  берілген  бұрылуларының  және   орнатылған   арматура  типінің сәәйкестігін;

- арматураның   жөнделуінің  және   оның   дистанционды  жалғауларының   дұрыстығын, арматураның  ашылуы  мен   жабылуының  жеңілдігі;

- дренаж , ауалық,  құйма   сызықтары , штуцерлер мен   диафрагма  құрылғыларының  орнатылуы  мен    орналасуының  дұрыстығын  және   аяқталғандығын;

- тіректерде  және   құрылыс  конструкциясында ,жабылулар   мен   қабырғаларда  өткізгіш  тұрбалардың    қысылуы   болмауын;

- параллель  жатқызылған    өткізгіш  тұрбалар , өткізгіш   тұрбалар мен  құрылыс   конструкциясы  арсындағы   қашықтықтың жобаға   сәйкес   болуын;

- бақылау   өлшегіш   құрылғылармен   автоматикалық   болуын;

- баруы   қиын   жерде   орналасқан    арматураларға қызмет   көрсету үшін   алаңдар мен сатылардың   болуын;

- тіректер  мен  ілулердің  типтерінің ,  олардың   қондырылу  мен  бекітілуінің  дұрыстығы  және  жобаға   сай   болуын;

- жөндеудің  механикалық  құжаттамасының  дұрыстығын  және   жинақтылығын;

Тексеріс  жөндеу   ұйымының   және  тапсырыс  берушінің   өкілдерімен  жүргізіледі.Табылған   қателіктерді   жойған  соң   жөндеу   ұйымы   тапсырыс   берушіден    тұрбаға   сынақ   жүргізуге   рұқсат  (жазбаша)  алуы  керек. Ыстық   су   буының   өткізгіш  тұрбалары (Ду>70мм-дегі  1- категориядағы ,  Ду> 100мм –дегі 2  және  3-категориялы өткізгіш   тұрбалар)  оларды    іске  қосқанша   техникалық  куәләндірілуі керек ,  яғни   жөндеудің   техникалық   құжаттамасын  ,  сыртқы   қорғауды   тексеру    және    гидравликалық   сынақ  жүргізу. Техникалық   куәләндіруді    жергілікті   мемлекеттік   техникалық   бақылау    органының    инспекторы и   жүргізеді.Өткізгіш   трубаларды     беріктілікпен   герметикалыққа    сынауды  көбіне      гидравликалық      немесе    пневматикалық     әдіспен,  ал  тығыздыққа     сынау- тек    пневматикалық  әдіспен   жүргізіледі. Пневматикалық   әдісті     келесі   жағдайларда   қолданады:

- тірек   конструкциясы     немесе   газ    өткізгіш  оны     сумен     толтыруға есептелсе;

- егер  ауа    температурасы     теріс   және   жүйенің      қатып   қалушының   алдын  алатын    құралдар   болмаса .Әрекеттегі   цехтарда   орналасқан;

- эстакада  да  арналарда    және   әрекеттегі   өткізгіш  тұрбалар   жанында   орналасқан;

- 0,4МПа   қысымнан    артық болған  өткізгіш   тұрбалар    үшін,егер    өткізгіш   тұрбада   сұр шойыннан    жасалған  арматура   орнатылса   беріктілікті   қарауға    пневматикалық сынақтар   жүргізуге болмайды;

Сынақ   түрімен   әдісін,  ұзақтығын   және   сынақ     нәтижелерін   бағалауды    жұмыс  құжаттамасына    сай   қабылдайды.Мұндай  бұйрық   болмағанда   сынақ   әдісін ( пневматикалық немесе   гидравликалық)   жөндеу  ұйымы    таңдайды  және   тапсырыс   берушімен   келіседі, ал   сынақ       түрі  мен  сынақ   қысымдарының   мәнін   Мемлекеттік   техникалық   бақылау  ережелерін   сай   қабылдайды (1 кесте) .Жөнделген   өткізгіш  тұрбаларды   оларды   тұйықтағанға дейін   сынайды. Тігіссіз   тұрбалардан    немесе   алдын-ала   даярланған   және   сыналған    блоктардан   жасалған   тұрбаларды    дәнекерленетін  жөндеу  бөлшектерін   және   фланцепті жалғануларды  тұйықтамай   қарауға    ыңғайлы   еткен   жағдайда   жылулық   немесе   антикоррозиялық   қорғалуы   бар  тұрбалар  түріне   қарамастан    сынауға    рұқсат   етіледі.Ыстық   су  және   будың   өткізгіш   тұрбаларын   Мемлекеттік   техникалық   бақылаудың  жергілікті   органдарының   рұқсатын  алған  соң     қорғаныс   жауып   сынайды.Өткізгіш   тұрбаларды   сынау    процесінде    жөндеу  жұмыстары  кезінде    жіберілген    ақаулар   табылған  жағдайда   сынақ   ақаулар  жойылған   соң   қайталануы  керек.

Жалпы  арналудағы болат   өткізгіш   тұрбалар  үшін   сынақ   қысымдары.

      

                                                                                                                          1-кесте

                                   

Өткізгіш  тұрбаның   арналуы

Сынау   қысымы

беріктілікке

Сынау  қысымы

Герметикалығына

400ºС –ға   дейінгі орта   температурасы  кезіндегі жұмыс   қысымы 0,5МПа –ға  дейінгі өткізгіш  трубалар 

1,5Рр ,бірақ 0,2-ден  кем  емес

 

 

 

Рр

400ºС –ға   дейінгі орта   температурасы  кезіндегі жұмыс   қысымы 0,5МПа –ға  дейінгі және   одан  жоғары   өткізгіш   тұрбалар

1,25 Рр , бірақ 0,8- ден   кем   емес

Рр

Жұмыс  қысымынан  тәуелсіз  ортаның  жұмыс  температурасы 400с- ден   жоғары   өткізгіш   тұрбалар

105 Рр , бірақ   0,8-ден  кем   емес 

Рр

Жанармай,токсиді және  сиретілген   газдар үшін   артық   жұмыс   қысымы МПа;

0,005-ке   дейінгі

0,0051-ден жоғары 0,005-ке  дейінгі

>0,051>0,1  өткізгіш  тұрбалар

 

 

 

 

-

-

-

 

 

 

 

0,02

Рр+0,03

Рр бірақ0,085 кем  емес

Бумен  ыстық  су үшін  өткізгіш  тұрбалар*

1,25Рр

Рр


 

 Бу  мен  ыстық  суды  өткізгіш  тұрбаларды  тек  гидравликалық   сынақтан  өткізеді.

 

1.2 Болат   өткізгіш  тұрбаларды   гидравликалық  сынау

 

Өткізгіш тұрбалардың  гидравликалық  сынауын  50С- ден төмен емес    қоршаған  ауаның   ең   температурасы   кезінде беріктілік  пен   герметикалығына   бір  уақытта  сынайды.Өткізгіш   тұрбаларды   гидравликалық   сынау  процесі  келесі    операциялардан  тұрады:

- өткізгіш   тұрбаны   сумен   толтыру,  осы   кезде     барлық  ауалықтар    оларда  су    пайда  болғанша    ашық  тұрады, бұл   өткізгіш   тұрбадан   ауаның  толық    шығарылғандығын  куәләндіреді;

- жарықтардан   судың  ағуын   және     жалғаулардағы  тығызсыздықты  табу  мақсатымен   сумен   толтыру   кезінде    өткізгіш  тұрбаларды   қарау;

- суды   шығару    және   табылған  ақауларды   жою;

- өткізгіш   тұрбаны    екінші  рет  сумен   толтыру  жіне    жұмыс  құжатында    көрсетілген    жұмыс  қысымына  дейін  қысымды   көтеру  және  өткізгіш     тұрбаны  қайта  қарап  шығу;

- қысымды  сынақтыққа  дейін  көтеру және  оны 5  минут бойы  ұстап   тұру  ( беріктілікке  сынақ);

- қысымды   жұмыстыққа   дейін  төмендету   және  массасы  1,5 кг-нан көп  емес   балғамен  тігістің  екі   жағынан   15...20мм   қашықтықтағы   дәнекерленген   тігістерді  жаймен   соғып   , өткізгіш   тұрбаны ақырғы  рет қарау (герметикалыққа  сынау);

Жұмыс  құжаттамасында  көрсетілмесе  герметикалыққа  сынау   жүргізу  уақыты  үткізгіш   тұрбаны   қарап   шығу  ұзақтығымен  анықталады.Егер   сынақ   кезінде   қысымның    манометр   бойынша   төмендеуі  болмаса  және  дәнекерлеу   тігістерінде , флануты   жалғасуларда,  корпустарда   және  арматура  бастарында  , тұрбалар  бетінде  және  өткізгіш  тұрбалар  бөлшектерінде   ағын  және  булану   байқалмаса ,  үзіліс  белгілері  және   көрінетін   қалдық  деформациялар  болмаса   өткізгіш  трубалар  беріктілік пен   герметикалыққа   дейін  төмендеткен   соң  ғана   ақауларды   жояды.Дәнекерленген  тігістердегі  табылған  ақауларды   өңдеуге  болмайды.Жөндеуге   тап  болған   дәнекерленген   тігістердің  барлық  бөлігін  бақылаудың  радиографикалық   әдісімен   тексереді.Ақаулы   ұзын  тігістері  бар   тұрбалармен   бөлшектерді жаңасымен   ауыстырады.Алынбалы   флануты    жалғауларда     ағын   анықталғанда оларды   бөлшектейді.Ағын  себебін    анықтайды және  оларды   жояды.  Өткізгіш  тұрбаларды     ақырғы   қарау     кезінде   табылған   ақауларды (бұзылулар  немесе   тығызсыздық)  жойған   соң    сынақ қайталанады,  оған  қысымды       сынақтыққа      дейін      көтеру  кезеңі   қосылады.Сынақ     аяқталған   соң     ауалықтар     толығымен      ашылуы  керек,   өткізгіш    тұрба   толығымен      судан    босатылады.  Өткізгіш  тұрбадағы      сынақтық  қысым    жасау   үшін     толтырылған - сығылған    насостар  қолданылады

Информация о работе Курстық жұмыс Құбырды сынау және сапасын анықтау