Қатты дененің кинематикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 14:21, реферат

Описание работы

Жалпы өмірде кездесетін жағдайда дененің деформациясын елемеуге болатын немесе дененің екі нүктесінің (яғни екі бөлшегінің) ара қашықтығы өзгермей сақталатын денелерді абсолют қатты денелер деп айтамыз. Абсолют қатты дененің қозғалысы ілгерілемелі қозғалыс және айналмалы қозғалыс болып келеді.

Работа содержит 1 файл

Қатты дененің кинематикасы.doc

— 476.50 Кб (Скачать)

                                       

       

         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Глоссарий

       Кинематика – дененің уақытқа байланысты орын ауыстыруын қарастыратын механика бөлімі.

         Динамика – дененің қозғалыс күйін өзгеріске ұшырататын денелердің өзара әсерлерін қарастыратын механика бөлімі.

         Кинетикалық энергия – қозғалыстағы денелерде болатын энергия. Тыныштық күйдегі дененің кинетикалық энергиясы нөлге тең. Демек дененің кинетикалық энергиясы оның жылдамдығына тәуелді болады. Кинетикалық энергияға а) қозғалған дененің б) жылудың в) электр тогының энергиясы т.б. жатады.

        Векторлар - өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар.

        Қозғалыс - уақыт өтуіне байланысты денелердің кеңістікте орын ауыстыруы.

        Жылдамдық деп орын ауыстыру векторының уақыт бойынша алынған туындысына тең және траекторияға берілге нүктеге жүргізілген жанамамен бағыттас векторды айтады.

        Инерция (лат. inertia – әрекетсіздік), материялық денелердің механикадағы Ньютонның 1-және 2-заңдарында көрініс табатын қасиеті. Денеге сыртқы әсерлер (күштер) болмаған кезде немесе олар теңгерілген кезде, инерция дененің инерциялық санақ жүйесі деп аталатын жүйеге қатысты өзінің қозғалыс күйін немесе тыныштығын сақтайтындығынан білінеді. Дене инерциясының өлшемі – масса

       Үдеу (Ускорение) — нүктенің жылдамдығының мәні мен бағытының өзгеруін сипаттайтын векторлық шама.

        Күш моменті - күштің әсер ету сызығынан күш әрекеті қарастырылатын өске дейінгі ара кашықтығымен күштің көбейтіндісіне тең шама. Күш моменті векторы - ось бағытымен қарағанда күштің денені сағат тіліне қарсы бағытта айналдырғандай көрінетін күш пен моменттік нүктеден өтетін жазықтыққа перпендикуляр боп бағытталады.

      Өс - айналмалы иінді күшті тасымалдамайтын, айналып тұратын, не айналмайтын шыбық іспетті тетік. 
 
 
 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Абдуллаев «Жалпы физика курсы» 128-146б, ана тілі, 1991ж
  2. «Физика және астраномия  9кл» Алматы «мектеп», 2005 77-79б
  3. http://temakosan.net/load/referaty_na_kazakhskom/fizika/atty_dene_mekhanikasy/18-1-0-4291
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жоспар

    І. Кіріспе

         Қатты дене кинематикасы

    ІІ. Негізгі бөлім

         1) Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу

          2) Инерция моменті

          3) Жұмыстың кинетикалық энергияға  әсері

          4) Айналатын дененің кинетикалық энергиясы

    ІІІ. Қорытынды

           
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    Тест сұрақтары

1.Жалпы өмірде кездесетін жағдайда дененің деформациясын елемеуге   болатын немесе дененің екі нүктесінің ара қашықтығы өзгермей сақталатын денелерді ... деп атайды.

     А) абсолют  сұр денелер

     Б) абсолют қатты денелер

     В) салыстырмалы  қара денелер

     Г) салыстырмалы жұмсақ денелер

2. Абсолют қара денелер қозғалысы бөлінеді:

          А) 5

          Б) 4

          В) 3

          Г) 2

3.  ... қозғалыс кезінде қатты дененің барлық нүктелерінің жылдамдықтары (v) , сол сияқты үдеулері (a) де  бірдей.

         А) ілгерілемелі

         Б) айналмалы

         В) түзусызықты

         Г)  бірқалыпты

4. Айналмалы қозғалысының кинематикалық сипаттаммалық шамасы:

         А) кинетикалық энергия

         Б) бұрыштық жылдамдық

         В) импульс моменті

         Г) күш моменті 
 
 
 

5.  Бұрыштық жылдамдықтың өлшем бірлігі:

        А) рад/мин

        Б)  м/с

        В) рад/с

       Г)  км/сағ

6. Нүктенің шеңбер бойымен толық бір айналым жасауға қажетті  уақыты ... деп аталады.

      А) сағат

      Б) айналым

      В) тәулік

       Г) период

7.  Жүйенің (дененің) айналу осіне қатысты инерция моменті:

        А) 

        Б)  

        В)  

        Г)    
 
 
 
 
 
 

8.  Қозғалмайтын остьтен айналатын дененің кинетикалық энергиясы:

        А) 

        Б) 

        В) 

        Г)   

9. Көлбеу жазықтықтан домалап келе жатқан дененің кинетикалық   энергиясы мынаған тең:

        А) 

        Б) 

        В) 

        Г)   

10. Денені айналдырғанда істелінген жұмыс оның кинетикалық энергиясының ... жұмсалады.

        А) өзгертпейді

        Б)  кемуіне

        В)  өсуіне

        Г) жауап жоқ

    Тест  жауаптары:

      1. Б
      2. Г
      3. А
      4. Б
      5. В
      6. Г
      7. Б
      8. А
      9. В
      10. В
      11. В
      12. А
      13. Г
      14. Г
 
 
 
 
 

Қорытынды

      Қатты дененің айналмалы  қозғалысы деп центрлері айналу осі деп аталатын бір түзудің бойында жатқан, дененің барлық нүктелерінің шеңбер бойымен қозғалысын айтамыз.

     Айналмалы қозғалыстың негізгі динамикалық шамасы –кинетикалық энергиясы.

      Қозғалмайтын остьтен айналатын дененің кинетикалық энергиясы деп осы оське қатысты инерция моменті мен бұрыштық жылдамдықтың квадратының көбейтіндісінің жартысына тең шаманы айтады.

                                 

       Мұндағы, J – инерция моменті, ω – бұрыштық жылдамдық.

        Бұрыштық жылдамдық деп дененің бұрылу бұрышынан уақыт бойынша алынған бірінші ретті туындысына тең физикалық векторлық шаманы айтады:    

        Инерция моменті деп дененің немесе материалдық нүктенің массасы мен қарастырылып отырған оське дейінгі арақашықтығының квадратының көбейтіндісіне тең физикалық шаманы айтады:

                                 

           Ал жазықтықтан домалап келе жатқан, яғни айналу осі  қозғалатын, дененің кинетикалық энергиясы ілгерімелі қозғалыс энергиясы мен айналмалы қозғалыс энергиясының қосындысынан тұрады:

             
 
 

11. Егер дененің инерция моментін 4 есе арттырса оның кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?

       A) 2 есе артады.

       Б) 2 есе кемиді.

       B) 4 есе артады.

       Г) 4 есе кемиді.

12. Бұрыштық жылдамдығы , айналып тұрған маховикті тоқтату үшін қандай жұмыс жасау керек? Маховиктің айналу осіне қатысты инерция моменті :

       A) Дж.

       Б) Дж.

       B) Дж.

       Г) Дж.

13. Дененің бұрыштық  жылдамдығын 2 есе кемітсе, онда  кинетикалық энергиясы:

       А) 2 есе артады

       Б) 2 есе кемиді

       В) 4 есе артады

       Г) 4 есе кемиді

14. Айналған дискінің  кинетикалық энергиясы  Дж.-ға тең, ал инерция моменті  кг · м²-қа тең болғанда, бұрыштық жылдамдығы нешеге тең?

       А) 1

       Б) 0,5

       В) 4

     Г) 2

  
 
 
 

         

                                        

Информация о работе Қатты дененің кинематикасы