Бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдердің қолданылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 08:26, курсовая работа

Описание работы

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
1 Бастауыш сыныптарда әдіс – тәсілдердің маңызы......................................5
1.1 Педагогикалық технологиялардың қазіргі білім беру саласындағы маңызы.................................................................................................................5
1.2 Бастауыш білім берудің жаңа мазмұнын жобалаудың теориялық негіздері...............................................................................................................7
1.3 Бастауыш білім берудегі оқыту әдісі........................................................11
2 Бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдерді қолдану негіздері............................16
2.1 Модульдік технологияны бастауыш сыныптарда пайдалану.............................16
2.2 Сезім тәрбиесіндегі дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдану..................20
Қорытынды.........................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................25
ҚОСЫМША........................................................................................................26

Работа содержит 1 файл

Бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдердің қолданылуы.docx

— 70.91 Кб (Скачать)

5. Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай (В.Оконь); жаңа білімді игеру әдісі өзіндік білім әдісі проблемалық әдіс практикалық әдіс көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі.

Солардың ішінде ең көп тарағаны - білім берудің көздеріне сәйкес (И.Т.Огородников, С.И.-Перовский, Е.Я.Голант): сөздік немесе ауызша баяндау әдісі көрнекілік әдістер тәжірибелік әдістер.

Окыту әдістерін жетілдіру бүгінгі  күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін арттырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажеттігіне педагогикалық зерттеулерде айрықша мән беріледі.

Алайда, оқыту әдісін қайта құру — күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра  сілтеушілікке жол бермеу керек. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, таңдап алады.

Олай болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алуы белгілі шарттарға байланысты болады.

Оқыту әдістерін мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану.

Қолда бар нақты көрнекі және техника құралдарын, кабинет жабдықтарын ескеру.

Мектептің географиялық орналасуын ескеру. Мысалы, оқыту қала мектептерінде  оқушылардың өндіріс орындарына экскурсия жасау мүмкіндігімен, ал ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскелерге, табиғатқа, ауыл шаруашьшық өндірісіне бару жағдайымен байланыстыру.

Мұғалімнің іс-тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне тікелей  байланысты шараларды іске асыру.

Окытудың нәтижелі өтуіне негіз  болатын түп казық - мақсаттың  жүзеге асуы. Мұғалім қандай тақырып өтсе де, ең алдымен оның мақсатын анықтауы тиіс.

"Мақсат, — деп жазды Н.К. Крупская, - барлык пәндердің арасында, барлық әдістердің арасында ішкі байланысты құрайды".

Алайда мақсат абстрактылы болмайды, ол білім беру мазмұнында өз көрінісін  табады. Әрбір пәннің мазмұны едәуір оның оқып үйрену әдістерін де анықтайды. "Бір тәсілмен математиканы оқыту керек болса, — деп атап көрсетті Н.К. Крупская, екіншісі мен жаратылыстануды окыту керек. Бірақ әрбір жеке сабақты өткізу әдісін таңдағанда мүғалімге белгілі бір тақырыпты үйрену үшін қандай әдістерді жақсы оқып үйренуге болатынын тереңнен ойластыруға тура келеді".

Қазіргі таңда қолданылып жүрген педтехнологиялардың 50-ден аса түрі бар. Биылғы оку жылы-нан бастап мектебімізде методикалық жұмысты М.Жанпейісованың "Модульдік оқыту технологиясы" бойынша жүзеге асыру ісі колға алына бастады. Бұл технологиямен қазақ тілі пән секциясы жұмыс жүргізуде.

Оқу жүйесіне оқытудың жаңа технологиясын  енгізу дегеніміз - оқушыларға дәріс берудің бұрынғы түрін түбегейлі өзгертіп, жаңарта енгізу деген. Ұстаздар қауымы оқулықты қайта қарап шығып, оқулыктағы тарауларды жинақтап, топтап 7-12 сағаттық модульдық схемаға (3 бөлімнен тұратын: кіріспе, диалогтық бөлім, қорытынды) түсіреді. Модульдық схемаға енген тақырыптарды тірек сызбасына түсіреді. 7-12 сағатқа арналған сабақтардың негізгі түйіні тірек сызбадан көрініс алады. Мұғалім тірек сызбасы арқылы модульдық сабақтын кіріспе бөлімінде алдағы өтілетін сабақтарға түсініктеме жасап түсіндіреді.

Диалогтық бөлімінде сабақтың бірнеше  типі мен түрлері қойылған. Мұғалімдер тапсырманы жеңілден ауырлата отырып, тапсырманың беру мақсатын бірінші, екінші, үшінші деңгей дәрежесінде құрып әкеліп оқушыларды жұптап, топтап оқытуды үйренеді. Негізгі мақсат оқушылардың өз бетінше жұмыстарын дамыту, олардың логикалы ойлау қабілеттерін дамытатын материалдарды "тиянақта, тапсырмаларға қарай топта, талда, меңгерген білімді бағала, өзара білім деңгейіңді бағала, қорыт" деп оқушылардың өз бетінше, қауымдасып, кеңесіп жұмыс істеулеріне мүмкіндік туғызу.

Бұрынғы стандарт бойынша сабақты мұғалім түсіндіреді, 2-3 оқушы ғана орнынан тұрып жауап беру, одан кейін жаңа сабақ түсіндіру, оны бекіту болса, бұл жаңа технологияда мектеп оқушыларының өз бетімен оқуы негізгі мәселе болып отыр.

Мұғалім окушыларды бірнеше топқа (А, В, С, Д) бөледі. Әр топқа үлестірілмелі қағаз арқылы танымдық қабілеттерін дамытатын материалдар береді. Барлық оқушыларға жұмыла қарауға, тапсырманы орындауға уақыт береді. Берілген уақытта топтағы оқушылар өзара сөйлесіп, кеңеседі. Тексеру әдісінің түрлері арқылы мұғалім немесе оқушылар өздерінің бағалауы арқылы топтарға баға қойылады.

Бір сабақта 10-15 тапсырма беріліп, бірлесе  орындау арқылы жарыс ойындары, іскерлік ойындары, дәріс алу ойындары, проблема тудыру ойын-дары арқылы тапсырмалар орындап, талданып, білімі бағаланады.

Бірлесіп жұмыс жасауда оқушылардың өзара сыйластық, шығармашылық, дәлелдеп беру қажеттіліктері қанағаттандырылады. Оқушылар еркін сөйлеп, дәлелдеп, ашық сөйлеуге үйренеді, дайындығы мен жеңіп шығу арқылы олардың қызығушылығы артады.

Модульдық оқыту технологиясы оқушының жеке тұлғасын дамытуға және қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Олар белсенді сөздік қоры, яғни ауызша сөйлеу мәдениетіне үйренеді, өзара көмек және өзара қолдау процестерін бірге бастап өткізіп келеді. Бағдарламада көрсетілген материалдар меңгеріледі.

Оқытылып болғаннан кейін, модульдық  қорытынды бөлімінде тестілеу, сынақ, хат, бақылау жұмыстары, мазмұндама, шығарма қаралған. Бұл кезенде оқушылар жеке дара орындайды.

Қорыта келгенде, оқыту жұмысының нәтижелі болуы окыту әдістерін үйлесімді етіп таңдап ала білуіне, мұғалімнің іскерлігіне, біліміне, сабақ құрылымын жасай білуіне байланысты.

1. Кім асқар тау?

Кімі жоқ адам, ағашсыз орман?

Кісіні танымақ болсаң несіне қара

Күшіңе сенбе ісіңе ...

Асық ойнаған азар, доп ойнаған

Мал қожасын іздейді, кім туысын іздейді?

Талап, еңбек, терең ой Қанағат, ойлап қой

Сөз жүйесін тапса, не иесін табады?

Ауырып іздегенше, ауырмайтын жол ізде

Ән болса, не болады?

Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан жалғыздық артық

Бір ауылда мың туысың болғанша, 

ауылда бір туысың  болсын

13. Атаңа не қылсаң, алдыңа келер

Желтоқсан құрбаны?

Байлықтан қымбат не?

Ұстаз мейірі мен ата-ана мейірі қандай?

Сөзжұмбақты шешкен сіздерге. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2  Бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдерді қолдану негіздері

 

 

2.1  Модульдік технологияны бастауыш сыныптарда пайдалану

 

Қоғамымыздың казіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін  технологияландыру мәселесін қойып отыр. Сол себептен бастауыш білім — үздіксіз білім берудің басқышы болғандықтан өзім сабақ беріп жүрген сыныбымда оқушылардың кіші жастан өз бетінше ізденуге, ойлауына, есте сактауын, ынтасын, белсенділігін, ез пікірін айтуға көңіл бөліп, кабілетті, білімді оқушы тәрбиелеу үшін оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын іздестірдім. Сондықтан сыныбыма бақылау жасай отырып, М. Жанпейісованың "Модульдік оқыту технологиясын" тандап алдым. Бұл технологиямен жұмыс істей бастағаныма көп бола қойған жоқ, мол тәжірибе жинау мақсатында мұғалімнің ынтасы, жұмыс істеуге деген құштарлығы, білім беру жүйесінде нәтижеге жеткізетіндігін байқадым. М. Жанпейісованың "Модульдік оқыту технологиясын" сараптап, оның ұтымды тұстарын көрдім.

Оқушының жеке танымдық қабілеттерінің дамуына жағдай жасалады;

Есте сақтау, ой қорыту қабілеттері  дамиды;

Оқушының оқуға деген ынтасын, ерік-жігерін оятады;

Окушының сөздік қорын, жазба шығармашылық қабілеттерін дамытады;

Өз бетінше білім алуға, ізденуге, өздерін тұлға ретінде сезіне білуге үйретеді;

— Іштей бір-бірінен қалмауға тырысады. Алдыма қойған мақсатым:

— Жан-жақты қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу;

Білім алуына көмек көрсету, өздігінен  жұмыс істеуге баулу;

Оқушылардың қызығушылығын, ынтасын, қабілетін дамыта отырып, өз білім деңгейлерін анықтап, келешектерін көруге, қиыншылыққа төтеп беруге үйрету. Модульдік технологияны бастауыш сыныпта кеңінен пайдалануға болады.

Оқу модулі үш құрамды беліктен: кіріспеден, сөйлеу және қорытынды бөлімдерінен тұрады.

7-12 сағаттан тұратын оқу модулі неғұрлым тиімді. Модульге берілген сағат санының аздығына немесе көптігіне қарамастан кіріспе бөлімге 1-2 сағаттан артық берілмейді. Ал, калған сағаттар сөйлеу бөліміне беріледі. 3-4-ші сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі. Оқушы өз мүмкіңдігіне қарай түрлі деңгейдегі тапсырманы тандауға ерікті. Сөйлеу бітімі — оқыта үйрету ойындары арқылы жүргізіледі. Бұл технологияның шарты - оқушылар кез-келген ғылыми материалдар, оқу құралдарын пайдалануға болатындығы және мұғалімнен жедел кеңес алатындығы.

Мен жасаған модуль 4-сыныптың дүниетану  сабағына арналған. Модульдің кіріспе  бөлімінде мұғалім блім мен біліктілігінің арқасында оқушыға неғұрлым қысқа, да анық ақпараттар ағымын беруі тиіс.

Сөйлеу бөлімінде мүғалім шеберлігінің нәтижесінде оқыта үйрету ойындары арқылы оқушыларды өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыттаймыз. Бұл технологиямен жұмыс істеген мұғалімнің рөлі де, оқушы релі де өзгереді. Көп жағдайда мұғалім оқу процесін басқара отырып, оқушылардың өзіндік дербес, танымдық қызметін ұйымдастырады. Жұмысты алғаш бастағанда ойыма алған істің бәрі жүзеге аспай, қанағаттанбаушылықты сезіндім.

Балалардың тосын, жаңа ойындарды  сынақтан өткізу барысында айқай-шуы, соның салдарынан біраз уақытты  өткізіп алып, оқушылардың білім  сапасының төмендеуіне әкеліп соқты. Кейіннен оқу процесі біршама  тұрақтанды, оқушылардың өздеріне деген сенімі артып, оқушының сөйлеу тілі, ойлау қабілеті артып, қоркыныш-мазасыздық сезімі жоғалды. Осы орайда 4-сыныпта "Дүниетану" пәні бойынша "Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары" тақырыбыңда өткізілген сабақтың үлгісін ұсынып отырмын.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның табиғат аймағын жете тануға, өсімдіктер мен жануарлары туралы мәлімет бере отырып, баланың кызығушылығын ояту, оларды қосымша ізденуге, корытынды жасай білуге дағдыландыру, туған жер табиғатын сүюге, өз ойын дұрыс, накты жеткізе білуге үйрету.

 

1 -сабақ лекция түрінде өтеді, тірек-схема арқылы

 

Бөлімі

Сабақ саны

Сабақтың мазмұны

Уақыты

1 бөлім. Кіріспе

1 сабақ

1. Лекция: Шалғын дала. Шөп пен жануарлары, оларды корғау.

2. Дала мен шөлді аймактағы егіншілік пен мал шаруашылығы.

3. Тірек-сызба

45 мин

 

2 сабақ

1. Орман-тоғай есімдіктері мен жануарлары, олардың пайдасы және оны қорғау.

2. Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары және оларды корғау.

3. Таулы жер есімдіктері мен жануарлары және оларды корғау.

45 мин

2 бөлім.

Сөйлеу

бөлімі

3 сабақ

1. "Қарлы кесек" атты оқыта үйрету ойыны

45 мин

 

4 сабақ

1. "Брейн-ринг" окыта үйрету 
ойыны.

2. Бағалау.

40 мин 

5 мин

 

5 сабақ

"Өзара оқыту сабағы"

45 мин

 

6 сабақ

"Білім биржасы"

45 мин

 

7 сабақ

"Өзара оқыту сабағы"

45 мин

 

8 сабақ

"Рольдік оқыта үйрету"

45 мин

3 бөлім. Қорытыңды

9 сабақ

Тест жұмысы Деңгейлік тапсырма

30 мин 15 мин

 

10 сабақ

Қайталау.

45 мин


 

2-сабақта да езім сөйледім, бар білгенімді беруге тырыстым. Оқушылар дәптерге жазады, кейде жетелейтін сұрақтарға ғана жауап береді.

3-сабақты "Карлы кесек" окыта үйрету ойыны аркылы жүргіздім. Сыныпты 5 топка бөлдім.

А тобына: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары және шалғынды қорғау.

Б тобына: Дала өсімдіктері мен жануарлары далалық жердің жаз кезіндегі керінісін әңгімелеу.

В тобына: Орман-тоғай өсімдіктері мен жануарлары. Орманның пайдасы және оны қорғау.

Г тобына: Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары. Су қоймасы өсімдіктері мен жануарларын қорғау.

Әр топқа керекті материалдар, яғни окулықтар, қосымша әдебиеттер, папкалар үлестіріліп берілді. Әр окушы тірек-конспект жазу арқылы берілген тапсырманы орыңдауға кіріседі. Топ мүшелерінің әрқайсысында төс белгілері бар.

А - 1, А - 2, А - 3, А - 4, А - 5.

Тапсырманы орындауға 15-20 минут  уакыт бердім. Белгіленген уақыт  біткен соң әр оқушы "Бағыттаушы парағы" бойынша орын ауыстырып отырады. Әрбір оқушы өзі орындаған тапсырма бойынша 4 рет сөйлеп шығады. Топ мүшелерін тындап болған соң неғұрлым қызықты, жоғары танымдық деңгейде сейлеген оқушыларды бағыттау парағындағы "Ең жақсы сейлеуші" жолына жазып алады. Ең соңында мұғалім барлық окушылардың бағыттау парақтарын жинап алады да, ортақ парақка жазады. Сол ортақ парақ арқылы ең жақсы топ, ең жақсы ойыншылар анықталады.

Информация о работе Бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдердің қолданылуы