Бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдердің қолданылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 08:26, курсовая работа

Описание работы

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
1 Бастауыш сыныптарда әдіс – тәсілдердің маңызы......................................5
1.1 Педагогикалық технологиялардың қазіргі білім беру саласындағы маңызы.................................................................................................................5
1.2 Бастауыш білім берудің жаңа мазмұнын жобалаудың теориялық негіздері...............................................................................................................7
1.3 Бастауыш білім берудегі оқыту әдісі........................................................11
2 Бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдерді қолдану негіздері............................16
2.1 Модульдік технологияны бастауыш сыныптарда пайдалану.............................16
2.2 Сезім тәрбиесіндегі дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолдану..................20
Қорытынды.........................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................25
ҚОСЫМША........................................................................................................26

Работа содержит 1 файл

Бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдердің қолданылуы.docx

— 70.91 Кб (Скачать)

Курстық  жұмыс

Тақырыбы:  Бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдердің қолданылуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе..................................................................................................................3

1  Бастауыш сыныптарда  әдіс – тәсілдердің маңызы......................................5

1.1   Педагогикалық технологиялардың  қазіргі білім беру саласындағы  маңызы.................................................................................................................5

1.2  Бастауыш білім берудің  жаңа мазмұнын жобалаудың теориялық  негіздері...............................................................................................................7

1.3  Бастауыш білім берудегі  оқыту әдісі........................................................11

2  Бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдерді қолдану негіздері............................16

2.1  Модульдік технологияны бастауыш  сыныптарда пайдалану.............................16

2.2  Сезім тәрбиесіндегі  дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді  қолдану..................20

Қорытынды.........................................................................................................24

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................................25

ҚОСЫМША........................................................................................................26

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы  дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде  мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Тәрбиенің сан салалы, күрделі  мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнде-лікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне  әсер ететін білім мен тәрбиенің  алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп. Бастауыш саты – білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кез келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Сондықтан, оның сипаты мен мазмұны, оқытудың әдістері мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені, баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілі-гінің, белсенділігінің қалыптасуы мектеп-ке дейінгі тәрбие мен бастауыш сынып-тарда жүзеге аспақ. Оқушының рухани күш-қуаты мен ерік-жігерінің, шығарма-шылық қабілетінің, жалпы мүмкіндікте-рінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптас-тыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға – Ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.

Халқымыз әрқашан да ұстаз  мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшы-лығы жақсы ұстаздан болады» деп айтқан ұлы Абай. Ал чехтің педагогы Я.А.Коменский: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі» деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.

Мектеп табалдырығын аттаған  жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагоги-каның нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейіл-ділік қасиеттерін қалыптастыруға, бала-ның жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс. 
Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетіл-діре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технология-ларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болған-дықтан, бастауыш сынып мұғалімі олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйым-дастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады.  
Кіші мектеп оқушылары үшін мұғалім олар еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс-қимылына, жү-ріс-тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.

Пәнді оқытуға жалпы дайындық оқу жоспарын, бағдарламасын оқып-үйреніп, күнпарақтық-тақырыптық жоспар жасаудан және сабақтың материалдық-техникалық базасын – оқу бөлмесін, көрнекі  құралдар, ОТҚ, құрал-саймандарды, приборларды  т.б. реттеуден тұрады (құралады). Бұл дайындық, әрине, оқу жылы басталмай тұрып жасалады.

Мұғалімнің әрбір сабаққа  дайындығы күрделі де жауапты  жұмыс. Оқу материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып-үйрену қажет. Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, сүйеніш білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы – тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет.

Жұмыстың мақсаты: бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдердің қолданылу жолдарын қарастыру.

Міндеттері:

1. Педагогикалық технологиялардың қазіргі білім беру саласындағы маңызын зерттеу;

2. Бастауыш білім берудің жаңа мазмұнын жобалаудың теориялық негіздерін ашып қарастыру;

3. Бастауыш білім берудегі оқыту әдістерін қарастырып өту.

Жұмыстың ұүрылымы:  курстық  жұмыс кіріспе, екі тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен  құрылады.

1  Бастауыш  сыныптарда әдіс – тәсілдердің маңызы

 

 

1.1  Педагогикалық технологиялардың қазіргі білім беру саласындағы маңызы

 

Қазіргі білім беру жоғары технологиялық деңгейге көтерілуде. Жаңа технологияларды іздестіру  үрдісі бұрынғы дәстүрлі технологияны ығыстырумен, педагогикалық үрдісті тұтас үрдіс, яғни оны жалпы адамзаттық құндылықтар, ізгілендіру теорияларына сүйенген жүйе ретінде қарастырумен, субъекті қарым-қатынастың басымдық танытуымен байланысты туындауда.

Осыған орай соңғы он жылдықта алуан түрлі педагогикалық жүйелер ұсынылып, нәтижесін де түрлі инновациялық типтегі мектептер пайда болуда. Олардың ерекшелігі онда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға өзіндік амалдар мен тәсілдер, оқыту мен тәрбиенің соңғы технологиялары дүниеге келіп, тәжірбиеде орыналуда.

Бүгінгі таңда Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі, П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы және тағы да басқа ғалымдардың технологиялары танымал.

Аталған технологиялар тұлғаның теориялық ойлау жүйесін топтастыруды, сондай-ақ түрлі жағдаяттарда нақты шешім қабылдай білуге, өзіндік көзқарасы мен пікірін жеткізе білуге, взінің іс-әрекетін бағалай білуге үйретуді мақсат етеді.

Демек, оқу тапсырмалары бала үшін тек қана білім мазмұнын бекітудің, меңгерудің  жолы ғана емес, белгілі бір ойлау механизмдері мен әдістері негізінде игерілетін нәтижеге жетудің жолы болып табылады.

Мектеп тәжірибесінде жаңаша жұмыс істеп жаңашыл технологияларды пайдаланып жүрген мұғалімдер бар. Бірақ олардың пікірінше жаңашыл әдіс-тәсілдерді ісжүзінде нәтижелі қолдану жолдарын, инновациялық үрдістерді бір жүйеге келтіріп оның педагогикалық негіздерін анықтау, оларды білім беруді дамытудың негізгі факторларына айналдыру мәселелерін шешу қиындық тудырады.

Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім параграмасына сүйене отырып біз оқыту технологияларының тиімді жақтарын таңдап алуымыз қажет және оқу-тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізуіміз керек. Өйткені еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы негізгі мәселе - әлеуметтік-педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру, оны өмірде пайдалану.

Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту  оқыту мен тәрбие берудің соңғы  әдіс-тәсілдерін, инноватикалық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде, өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болу, ал зерттеуші педагог өз кезінде ізденуші шәкіртті тәрбиелеуді талап етеді.

Қазіргі таңда оқылатын пәндердің балалардың брлашағы, таңдайтын мамандығына қарай бағытталуына, яғни мақсатты білім беру ісіне ерекше назар аударуда. Сондай-ақ, жеке тұлға, яғни дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр. Кәсіпке дайындау, мақсатты білім беру-тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселелер. Педагогикалық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақгы жолдарын көрсетеді.

Мектептің «Оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық негіздері» атты кезеңінде қазіргі заманғы жаңа педагогикалық технологияның оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану мүмкіндіктері мен ерекшеліктері ашылып, педагогикалық негіздері қарастырылды.

Жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану мүмкіндіктерін қарастыра отырып, оқытудың жаңа технологиясына қойылатын педагогикалық талаптар мен шарттардың теориялық негізі айқындалды.

Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық инновациялық технологияның түрлері, әдістері, мақсаттар, міндеттемелері, мазмұны айқындалып, зерттелінді.

Қазіргі кезеңде жалпы  орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие жүйесінде практикада пайдаланып, оңды нәтижесін беріп жүрген жаңа педагогикалық технологияның класси-фикациясы жасалынды.

Жаңа педагогикалық технологияларды  жетілдіру мен пайдалану кезеңдері (1920-2000 жылдар аралықтары) әр он жылдыққа бөлініп мазмұны мен пайдалану ерекшеліктері сараланды.

Педагогикалық технологияны жаңа бағытта зерттеу адамның қайталанбайтындығын қолдаумен, тұлғаның өзін-өзі белсендендірумен, жеке тұлғаның дамуын ойлаумен байланысты. Әрбір оқушы оқу материалы бойынша жеке қозғалыс жолын таңдауға, оның мақсатына, қажеттілігіне және қызығушылығына жауап беретін қоғамдық тәжірибені меңгеруге ерікті.

Осы тұрғыдан Н.Д.Хмельдің берген анықтамасы тиімді болып табылады: «Педагогикалық технологиялар - теориялық білімдерді тұтас педагогикалық процестің қызметін практика жүзінде іске асыруға бағытталған және сол процесс нәтижелерін кезеңдер бойынша өлшеп, тұлғаның да, ұжымның да даму динамикасын көруге болатын, педагогтар мен оқушылардың өздерін-өздері дамытуларына мүмкіндік тудыратын жүйелі іс-әрекеттер кешені».

Шынында, педагогикалық технологиялар  әрбір баланың даму тенденциясын алдын-ала, байқауға және болжауға бағытталуы тиіс. Диагностика нәтижесі бойынша педагогикалық процестің әрбір бөлігіндегі іс-әрекет жобаланады.

Қазіргі кезде педгогикалық лексикада «педагогикалық технология» ұғымын қолдану әр түрлі түсіндірілетін бастапқы теория, әдістер, әдістеме, технология, педагогикалық технология сияқты ұғымдарды саналы түсінуді, жете зерттеуді талап етеді. Практикада кейде технология ұғымы «әдістеме» немесе оқытуды ұйымдастырудың «формасы» ұғымының синонимі ретінде қолданылады.

Оқыту технологиясы - оқыту  процесінің алдын ала жоспарланған, оқытудың диагностикалы қойылған мақсатына  практикада жүйелілік және бірізділікпен  жету құралдары.

 

 

1.2  Бастауыш  білім берудің жаңа мазмұнын  жобалаудың теориялық негіздері

 

Қазақстан Республикасындағы  әлеуметтік-экономикалық жаңарулар  адамдар санасында күрделі өзгерістер үдерістерін туғызып, іргелі және әмбебап білімдердің мәнін қайта ойластыру және оларды білім беру жүйесі арқылы жаңаша жүзеге асыруды талап етеді.

Ұлттық мектептің жаңа моделі оқытудың өзгеше әдістемелік жүйесімен, сонымен бірге білім берудің жаңа мазмұнымен ерекшеленетін болады. Білім берудің жаңа мазмұнының басты міндеті «оқушылардың қабілеттерін дамыту, шығармашылық ойлауын қалыптастырудың құралы мен шарты қызметін атқарып, сол арқылы өмірдің кез-келген аясында әрекет етуге қабілетгі және әртүрлі жағдайларда белсенді бола алатын жеке тұлғаның негізін қалау».

«Білім беру туралы» Заңда  мектептің міндеті оқушыларға тек білімді тарату емес, сонымен бірге білім алушыларды білімді өзбетті алу тәсілдеріне үйрету екені көрсетіледі. Бұл міндетті табысты жүзеге асыру үшін білім алушыларды оқу уақытын неғұрлым тиімді пайдалануға, жеке пәндерге оқытуда танымның ғылыми әдістерінің негіздерін меңгерумен бірге оқу үрдісіне енетін іс-әрекеттің барлық түрін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, оқу іскерліктері және дағдыларымен қатар іс-әрекет тәсілдерімен де қаруландыру қажет. Бұл - білім алушылардың мектепте және одан тыс жерде тиімді өзбетті білім алу мүмкіндігін, келесі білім алу деңгейлерінде жалғастыруға мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.

Білім алушылардың олардың  дамуы үшін өте маңызды біліктер мен дағдыларды, іс-әрекет тәсілдерін меңгеруі көп жағдайда білім беру мазмұнын дұрыс жобалауға тәуелді. Мектептің іс-шарасы аталған кезеңдегі мектептегі оқытудың әдістемелік жүйесінің түгел түбегейлі жаңаруын жүзеге асыруға байланысты жаңа сипатқа ие болады. Білім беруге мәдениеттің бөлігі ретінде қатынас жасау білім берудің жаңа парадигмасымен шартталған, бұл мектептің мақсатын және ондағы білім беру мазмұнын жаңартудағы міндетін қайта қарастыруда көрініс табуда.

Информация о работе Бастауыш сыныптарда әдіс-тәсілдердің қолданылуы