Аудармашының кәсіби біліктілігін қалыптастыру мәселесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 15:33, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған күннен бастап рухани бастауларының көзін ашып, бар-жоғын түгендеп, өркениетті әлемнің озық ойларынан нәр жинап, бүгінгі күн талабына сай рухани жаңғыруды мақсат қойып отыр. Бүгінгі күрделі де қиын әлемнің замана талабына сай болу үшін, мәдени-өркениеттік бәсекелестік “сахнасында” өздігіңді және өзіңдегіңді жоғалтып алмау үшін өзгенікін де біліп, саралап отыру керек. Ғаламдық сипаты күн өткен сайын “тайға таңба басқандай” айқындала түскен заманда мәдени бірегейлік тағдыры толғантқан ұлттық мәдениет “ұлы көштен” қалмастың да қамын ойлағаны жөн. Ол үшін ұлттық мәдениет өзінің өміршеңдігін ұзартатын жалғыз жол – өркениеттер арасындағы мәдени сұхбат жолын ғана бетке алуы тиіс

Содержание

КІРІСПЕ ...................................................................................................................5

1 АУДАРМА МЕН АУДАРМАШЫНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ .........................................................................................................8

1.1 Аударма туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдері ...........................8
1.2 Аударманың мәдениет тарихында пайда болуы және
оның мәдениеттер сұхбаттастығын қалыптастырудағы рөлі .......................13

2 ҚЫТАЙ-ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АУДАРМА МӘСЕЛЕЛЕРІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚИЫНДЫҚТАРЫ ................................................................................................15

2.1 Қытай-қазақ тілі аудармасының ерекшеліктері мен
артықшылықтары .................................................................................................15
2.2 Қытай-қазақ тілі аудармасының қиындықтары мен кемшіліктері ...........21
2.3 Қытай-қазақ тілі аудармасының болашақтағы жағдайы ............................22

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .................................................................37

Работа содержит 1 файл

kurs_3870.doc

— 237.00 Кб (Скачать)

С. Басснетт-Макгайр “Аудармашылық ізденістер” деген кітабында өзінің аудармашылық ізденістерінің аударма тарихына байланысты бірінші тарауында кезінде Дж. Стейнер берген кезеңдеме тарихи ізденістерге қойылатын талапқа толық сай емес деп таниды. Аударма тарихын кезең-кезеңге бөліп қарамай, қалыптасқан аудармашылық мектептердің бағыттарына сай қарастыру керек деп біледі.

С. Басснетт-Макгайр болса  өзінің берген кезеңдемесінде мынадай  тарихи үрдістерге тоқталады:

Көне Римдегі грекиялық  түпнұсқаға қол жеткізу үшін жасалған “еркін аударма” және соған сай  өз тіліңде шығарма тудыруға  талпыну. Ал Інжіл аудармашылары, керісінше, сөзбе-сөз аудармаға ден қойған болатын. Өйткені орта ғасырларда сәл өзгерген сөз үшін шіркеу “ересь” деген жала жауып, аудармашының басы кетер еді.

Жаңа еуропалық тілдердің  пайда болуымен байланысты үрдістер. Ол кезеңнің аудармаларында көптеген кірме сөздерге ден қою, еліктеу пайда болып, аудармашылар шетелдік сөздерді өз тілдерін байыту жолы ретінде қарастырған болатын. Классикалық тілдер мен сол тілде жазылған шығармаларды ұлттық тілдерді нығайту үшін пайдалану барысы аудармадағы еркіндіктерге жол берген. Аудармашы өзін орталық дәнекер буын ретінде емес, мәдениет қайраткері ретінде, революционер ретінде сезініп, өзінің қызметін ел-жұртына, заманына  қажет деп шабыттанған. Соның буымен аудармашылардың біраз еркінсіп, түпнұсқада болмаған дүниелерді мәтінге  араластырып жіберетін кездері де болған. Мысалы, ХҮІІІ ғ. Францияда “түзетуші аударма” деген құбылыс кең етек алған болатын. Олар аударылған дүниені француздардың нәзік “жоғары талғам” талаптарына сай ету үшін “көркемдеп, безендіре өңдейтін-міс”.

Келесі бір үрдістерді С. Басснетт-Макгайр “романтизм” және “постромантизм”  деп атайды. Бұл концепциялардың өкілдері – Шлегель, Шелли, Шлейермахер, Карнейл, Морристер аударманың халықтың мәдениеті мен әдебиетін дамытудағы рөлін баса айтып, аударылған тілдің өзіндік “өңін” (“шармын”) сақтау керектігін қолдаған.

С. Басснетт-Макгайр тарихи шолулармен бірге аудармашы тұлғасының да өзіндік орнына басты назар  аударып, оның бір мезетте, бір тұлғада  бірнешеме рөл атқаратындығын тұжырымдайды. Мысалы, аудармашы мәтінмен жұмыс істеп, оны аударып қоюшы ғана емес,  “аудармашы – ең алғашқы оқырман” деген анықтама береді [6].

А. Нойберт – неміс лингвисті – аударма теориясындағы прагматиканы аударманың маңызды аспекті ретінде алып қарастырады. 1968 ж. жазылған “Аударманың прагматикалық аспектілері” деген кітабында ол адекватты аударма түпнұсқаның прагматикасын сақтай білуі керек дейді.

Прагматика ұғымын Альберт  Нойберт кең ауқымда талқылайды. Бәріміз білетініміздей, прагматика – тілді пайдаланушылардың тілдік белгіге деген қатынасы. Ал Нойберт прагматика айтушының айту форматын таңдауының  тыңдаушыға тигізер әсерін зерттейді деп есептейді. Сонымен, прагматика өзіне стилистиканы қосып алады да өзін жүзеге асыртып отырған грамматика мен семантикаға қарсы қойылады. Бұндай түсініктемеде аударманың мақсаты – түпнұсқаның прагматикалық қалдырар әсерін сақтау. Себебі аударманың грамматикасы мен семантикасы аударылған тілдікі болмақ, ал қалатыны – прагматика. А. Нойберттің айтуынша, аударылу мәселесін мәселе ететін де осы прагматика болса керек. Нойберттің осы көзқарасы – қазіргі аударматануда кеңінен танымал көзқарас.

А. Нойберттің “Мәтін және аударма” (1985) деген монографиясы мәтін  категориясын аударма мәселесімен  байланыстыра қарастырады. Жалпы, А. Нойберт  кез келген коммуникация мәтіндер арқылы жүзеге асады деп есептейді. Кез келген мәтін құрылымдық-семантикалық біртұтастық ретінде тіршілік етеді. Мәтіннің жалпылама біртұтас құрылымы макроқұрылымдар қатарынан тұрады. Ал олар, өз кезегінде, көптеген микроқұрылымдардан жинақталады. Мәтіннің жалпылама мағынасы сол мәтін құрастырылған сөздер мен мәтін құрылымдарындағы семантикалық материалдардың барлығының жиынтығынан да артық шығатын мәнді білдіреді деп қорытындылайды ол.

Аударматануда аты қалған, өзіндік орны бар зерттеушілер жеткілікті, олардың барлығының көзқарастарымен бір монография көлемінде үстірт те болса таныса қою, бәлкім, қиын болар әрі біз ондай “скопос” (мақсат) қойып та отырған жоқпыз. Мұнда бізді көбінде мәдениеттанулық ұстанымы бар  аударма теориялары мен концепциялары қызықтырғанын да жасыра алмаймыз. Аударматанушылық ғылым саласында өзінің әдеттегідей үйреншікті емес пікірлерімен есте қаларлық тель-авивтік Гидеон Туридің концепциясымен осы бір қысқаша экскурсты тәмамдауға да болады.

Г. Тури өзінің концепциясының “бісмілләсін” аударма теорияларын сынаудан бастайды.  Г. Тури “Аударма теориясын іздестіру барысында” (”В поисках теории перевода”, 1980) деген кітабында барлық аудармаға қатысты теориялар жалған алғышарт ұстанады деп біледі. Оның себебін Г. Тури аударматанушылардың аударманы бастапқы мәтін – түпнұсқаға қарай, сол мәтін жазылған тілге қарай бағалауынан табады.

Г. Тури аударма концепциясын “сипаттамалық” концепция деп біледі. Ал аударма мүлдем басқа постулаттардан құралады. Ол концепция процеске емес, аударма нәтижесіне – алынған жаңа мәтінге басты назар аударады. Аударма мәтіні Г. Тури үшін басты категория. Егер қандай да бір мәтін аударма деп танылар болса, сонысымен де ол түпнұсқамен қатынаста эквиваленттілік танытқан мәтін болар еді. Аударма, Г. Тури түсінігінде, телеологиялық категория, өйткені оның жүзеге асу барысы мен нәтижесі оның түпкі мақсатына – аударма мәтінін алуға бағытталған. Сонымен, келтірілген экскурс барысында аударма туралы түсініктің қалыптасуын, аударма теориясының тарихи эволюциялық жолын, ондағы аударманың мәдениеттанымдық теориясына мұрындық болар концепцияларды қарастырдық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Аудармашы түпнұсқа мәтіннің коммуникативтік-функционалдық белгілерін, жанрлық ерекшеліктерін, аударылатын мәтіннің аудиториясын, рецептордың білім деңгейін, ұлттық, кәсіби сипаттарын ескере отырып, тілдік қызметтің екі түрін: сөйленген мәтінді қабылдауды және қабылдау аяқталмай жатып, аударманы сөз сөйлеушімен жарыстыра туындатуды жүзеге асырады. Жалпы аударма аспектілерін зерделей келе мынадай қорытынды жасауға болады: 

  • аударма – тіліміздің мемлекеттік мәртебе алуына байланысты пайда болған аударманың  түрі ретінде Қазақстанның әлемдік жүйеге ұлттық тілімен интеграциялануына және мемлекеттік тілдің қолданылу аясының кеңеюіне үлкен үлес қосып отыр. Ана тілімізді тек қазақи ортаның тілінен ірі саяси жиындар тіліне айналдырудың ең тиімді тетігі – ілеспе аударма жасай отырып, ол жиындарды қазақ тілінде өткізу. 

· шетелдік зерттеушілердің барлығы да жазбаша және ілеспе аударманың арасында айырмашылықтардың болуын мойындайды. Бұл – саяси және ресми дискурсты қазақ тілінен орыс тіліне аударма жасауда да кездесетін жайт. Мұндай айырмашылықтардың болуына:

- жазбаша және  ілеспе аудармашы әртүрлі жағдайда  жұмыс істейтіні; 

- жазбаша аудармашының сөздіктер пайдалану, кеңес алу  мүмкіндігі болуы; аудармашының өзінің есте сақтау қабілетіне ғана сене алатыны;

- жазбаша мәтіннің  аудармашыға эмоциялық салмағы  көп болмайтыны; ілеспе аудармашы  психикасына жиын атмосферасы  тікелей әсер ететіні;

- жазбаша аудармашы  жұмыс істеу қарқынын өзі айқындайтыны, ал ілеспе аудармашы шешеннің  сөйлеу қарқынына байлаулы екендігі  әсер етеді.   

 ·  саяси және ресми дискурсты қазақ тілінен орыс тіліне ілеспе аударма жасауда сапалы нәтижеге қол жеткізудің заңдылықтары бар, олар:

- аудармашының  бойында табиғи және өздігінен  ізденіп, үйренуі арқылы қалыптасқан  қабілеттердің болуы;

- аудармашының  тілдік те, тілден тыс та аудармашылық құзыреттілігі;

- лингвистика  мен аударма теориясы саласында  жеткілікті білімдарлығы және редакторлық, стилистік дарыны болуы; 

- түпнұсқа тілге  тән табиғи бояу мен айшық-өрнекті  дәл түсінуі, аударма жасалатын  тілдің идиомдық, фразеологиялық  ерекшеліктерін білуі;

- аударма жасау  стратегиясын жедел құра алуы;

- ілеспе аударма  жасау барысында кездесетін экстремалдық жағдайлардан алып шығар кәсіби шеберлігінің болуы. Бұларға қоса:

- шешеннің сөйлемді  сауатты құра білуі, сөйлеу  мәдениетін игеруі;

- жиынды ұйымдастырудың  өзіндік талаптары орындалуының  маңызы зор.   

Сөз сөйлеуші мен ілеспе аудармашы бір коммуникативтік актімен байланысқан өзара тәуелді тараптар болғандықтан, актінің нәтижесі екеуінің қабілет-қарымына бірдей байланысты деген ойдамыз.

·  басқа елдердегі аударма процесін жеңілдету үшін қолданылатын ережелерді зерделеу олардың бірқатарын қазақ және орыс тілдерінің коммуникативтік ерекшеліктеріне бейімдеуге болатынын көрсетті. Олар: берілген ақпаратты нығыздау амалы (компрессия);  байқап көру амалы; уақыт ұту амалы; күту амалы; ықтимал болжамдау амалы және т.б. 

Саяси және ресми  дискурсты қазақ тілінен орыс тіліне ілеспе аударма жасауда біз қолданып жүрген: сөйлемнің синтаксистік құрылымын жеңілдету, қысқарған сөздерді (аббревиатураларды) пайдалану, кітаби лексиканың орнына ауызекі лексиканы пайдалану, сөйлемді құбылту және басқа да амалдар оң нәтиже береді. 

·  Беделді халықаралық жиындарда қазақ тілінде сөз сөйленбеуі еліміздің әлемдік аренада ұлттық тілімізбен танылуына кедергі келтіреді. Қазақстанның өзге елдермен қарым-қатынасын жеңілдету үшін қазақ тілінен орыс тіліне ілеспе аударма жасаудан бастап, қазақ тілінен тікелей шет тілдеріне ілеспе аударма жасайтын мамандарды дайындау мәселесі пісіп-жетті. 

Қай елде болмасын ілеспе аударманың кәсіптік және академиялық  өлшемдерін жасауда өз ілеспе аудармашылардың  тәжірибесіне сүйенген. Себебі бұл салада ережелер түзу үшін шет тілдерінен ілеспе аударма жасау амалдарын көшіріп қолдануға келмейді.   

Ірі халықаралық  ұйымдарда аудармашының тек шет  тілінен ана тіліне аударуы талап  етілетіні бізде де қазірден бастап осы бағытта жұмыстар жүргізілу қажеттігін көрсетеді. Республика Президентінің 2006 жылғы 30 мамырдағы №127 Жарлығында елімізде іс қағаздарын жүргізу толықтай қазақ тіліне көшірілу көзделген. Бұл қазақ тілінен орыс тіліне ілеспе аударма жасайтын мамандарға сұраныс пайда болатынын білдіреді. 

Зерттеудің  болашақтағы бағдары. Зерттеу жұмысы елімізде аударманың жаңа саласы –  ілеспе аударманы тануға және бұл  саланы дамытуға елеулі үлес қосады; ізденіс  нәтижелері қазақ тілінен орыс тіліне ілеспе аударма жасауды үйренушілерге  нақты әдістемелік көмек көрсетіп, қазақ тілінен шет тілдеріне ілеспе аударма жасау аспектілерін зерттеуге негіз қалайды.  

Сонымен бірге  ілеспе аударма актісі – тиісті білімі, тәжірибесі, психологиялық  әзірлігі бар аудармашы жүзеге асыратын және оның организміне орасан зор  салмақ түсіретін ауыр жұмыс. Еуропада ілеспе аудармаға психологтар, физиологтар, психолингвистер қызығушылық танытып, ілеспе аудармашылардың миында, қан айналымында, жүрек соғуында болатын психо-физиологиялық процестерді зерттеу қолға алынып жатқаны ой салады.   

Қазақстанда Кәсіптік ауруларды зерттеу жөніндегі  республикалық ғылыми орталықта (Қарағанды) вокзал дикторларының жүрек-жүйке жүйесіне түсетін жүктеме тексеріліп, ғылыми ізденіске негіз болар нәтижелер алынды. Халықаралық еңбек ұйымының № 121 конвенциясында адам организміне келтіретін зияны жағынан сараланған кәсіптер ішінде ілеспе аудармашы мамандығы сынаушы-ұшқыш, шахтер мамандықтарымен қатар аталған. Осы тұрғыдан алғанда бұл еңбек болашақта ғалымдарға ілеспе аударма қызметін жүзеге асырудың лингвистикалық аспектілеріне қоса психологиялық, физиологиялық аспектілерін зерттеуге ой салады деп үміттенуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1 Жақыпов Ж.  Аударматануды аңдату. – Астана, 2004. – 142 б.

2 Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 215 б.   

3 Комиссаров В.Н. Лингвистика перевода.- М.: Межд. отношения, 1980. - 167 с.

4 Гофман Е.А. К истории синхронного перевода. «Тетради переводчика» – 1963, – №1. – С. 14-21.

5 Әбуов Ж.Ә.  Қазақ тілінің халықаралық деңгейде оқытылуы. // «Полимәдениет және полилингвизм – Қазақстандағы этносаралық келісімнің және саяси тұрақтылықтың факторлары» дөңгелек үстелдің материалдары. – Астана, 2008. – 43-45 бб.

6 «Егемен Қазақстан» газеті. 23.10.2009 – № 345-347. 

7 Қайдаров Ә. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамытудың жолдары мен шаралары. –  Алматы, 1990. – 19 б.

8 Мағыналас мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздігі. – Астана, 2006. – 164 б.

9 Ілеспе аударма жасаудың теориялық және практикалық негіздері: оқу-әдістемелік құрал. – Астана, 2007. – 121 б.

10 Ілеспе аударма: әдістемелік құрал. –  Астана, 2007. – 303 б.

11 Аударматану: ғылыми-практикалық көмекші құрал. – Алматы, 2008. –  323 б.

12 Ілеспе аударма тәжірибесінен: әдістемелік жинақ. – Қарағанды,  2009 ж. – 99 б. 

13 Айтазин Қазтай. Кәсіби лексика мәселелері: (Ғылыми мақалалар жинағы)/Қ.Айтазин. – Алматы: Арыс, 2000.

Информация о работе Аудармашының кәсіби біліктілігін қалыптастыру мәселесі