Аудармашының кәсіби біліктілігін қалыптастыру мәселесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Июня 2013 в 15:33, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған күннен бастап рухани бастауларының көзін ашып, бар-жоғын түгендеп, өркениетті әлемнің озық ойларынан нәр жинап, бүгінгі күн талабына сай рухани жаңғыруды мақсат қойып отыр. Бүгінгі күрделі де қиын әлемнің замана талабына сай болу үшін, мәдени-өркениеттік бәсекелестік “сахнасында” өздігіңді және өзіңдегіңді жоғалтып алмау үшін өзгенікін де біліп, саралап отыру керек. Ғаламдық сипаты күн өткен сайын “тайға таңба басқандай” айқындала түскен заманда мәдени бірегейлік тағдыры толғантқан ұлттық мәдениет “ұлы көштен” қалмастың да қамын ойлағаны жөн. Ол үшін ұлттық мәдениет өзінің өміршеңдігін ұзартатын жалғыз жол – өркениеттер арасындағы мәдени сұхбат жолын ғана бетке алуы тиіс

Содержание

КІРІСПЕ ...................................................................................................................5

1 АУДАРМА МЕН АУДАРМАШЫНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ .........................................................................................................8

1.1 Аударма туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдері ...........................8
1.2 Аударманың мәдениет тарихында пайда болуы және
оның мәдениеттер сұхбаттастығын қалыптастырудағы рөлі .......................13

2 ҚЫТАЙ-ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ АУДАРМА МӘСЕЛЕЛЕРІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҚИЫНДЫҚТАРЫ ................................................................................................15

2.1 Қытай-қазақ тілі аудармасының ерекшеліктері мен
артықшылықтары .................................................................................................15
2.2 Қытай-қазақ тілі аудармасының қиындықтары мен кемшіліктері ...........21
2.3 Қытай-қазақ тілі аудармасының болашақтағы жағдайы ............................22

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .................................................................37

Работа содержит 1 файл

kurs_3870.doc

— 237.00 Кб (Скачать)

Әлде бұл Жаратқанның  адамдарға жіберген сыны ма екен?! Адамзат  бір тілде сөйлеп, бірлесе жүріп  қана бас қоса алар ма екен, жоқ әлде, әр тілде сөйлеп, әр шетте жүріп те ортақ мүдделі болар ма екен деген?!

Егер сын болған жағдайда – адамзат жақсылы-жаманды ол Талапқа Жауап тауып келеді. Оның куәсі аударманың болуы, аудармашы  мәдени тұлғасының болуы, соның арқасында  жеткілікті-жеткіліксіз, мардымды-мардымсыз түсіністіктің болуы дер едік. Жаратқанның кәрі демей-ақ қойдық, шын қаһарланған болса жаратқан аударманы мүмкін етпей тастар еді ғой… Қалай дегенмен де, ортақ мүдделесуге әйтеуір бір саңылау, бір мүмкіндік, бір үміт қалдырып тұр ғой жаратқан…

Содан  бері Вавилон көптілділік бейнесі ретінде көзге елестетіледі. Қазіргі заманғы аудармашылар үшін Вавилон – олардың кәсібінің рәмізі. Сондықтан болар, аудармашылардың Халықаралық федерациясы  “BABEL”  деп аталады. Көне еврей тілінде бұрындары Вавилон осылай айтылса керек. Вавилондық мұнара рәмізі аудармаға арналған кейбір кітаптардың беттерінде де кездесіп тұрады.

Вавилондық тілдік “шашудан”  дәм татқан адамзат балалары бұрынғыдай бір тілде сөйлеуден қалса  да, шүкіршілік, аралас-құраластан қалмаған сияқты. Соңыра, екі тілді иемдену нәтижесінде екі ел болып кеткен ағайындарды байланыстырушы дәнекер буындар – аудармашылар пайда болды. “Үзілген жіп қайта сабақталды”, “үзілген байланыс қайта жалғасты”, “өшкен үміт қайта жанды”. Аударма – “үзілгенді” жалғау, аудармашы – жалғаушы, байланыстырушы дәнекер.

Әр тілде сөйлейтін  адамдар арасында өзара түсіністік тіптен жоқ деп айтуға ешкімнің тілі бармасы мәлім, бірақ та сол бір  бастапқы, “архе”-дегі, керек десеңіз, адамзаттың алғашқы мекені – жұмақтағы алғашқы адамзаттың ортақ тілі туралы, бастапқы түсіністік туралы тек армандауға ғана болады. Вавилондық апыр-топырдың ақыры – көптілділік тозағы, азабы, әлде қызығы?! Көптілділік тозақ та, азап та емес, жаратылыстың көптүрлілігіне тән адами жауап болар? Әйтеуір, көптілділік – жұмбағы мол күрделілік.

Аударма мәселесі тілмен тығыз байланысты болғандықтан осы  тұста тіл туралы түсінікті біраз  келтіре кеткен жөн. Аудармаға мәдениеттанудан, философиядан гөрі лингвистикалық, тілтануға  икемді анықтама берер болсақ, оның, біріншіден, тілдік дәнекерлік, байланысушылық түрі екендігін айтар едік, екіншіден, коммуникациялық тұрғыдан мәтіндік сәйкестілікті қамтамасыз ету жолы деп таныр едік.

Сонымен, алдында айтылғандардан ой түйе отырып, аударманы адам іс-әрекетінің ең көне түрлерінің бірі деп қарастырсақ ақиқаттан алшақтамаймыз. Әрине, ең алғашқы аудармашының кім екенін де, ең алғашқы аударылған мәтіннің қайсысы екендігін де ешкім дәл басып айта алмасы белгілі. Дегенмен де, жер жүзіндегі адамзаттың бәрі түгелдей бір тілде сөйлемейтіндігі, бірақ, соған қарамастан, бір-бірімен қатыспай тұра алмайтындығы да мойындайтын шындықтар. Ендеше көп тілді үлестірген, жаратқан (”Вавилон мұнарасы” мифінің желісінде) аудармашы мамандығын алғашқылардың бірі ретінде әрі қасиетті негізгілерінің қатарында қарастырғанына күмән жоқ…

Егер алғашқы адамдардың бірінші алыс-берісі әйел алмасудан  басталса, тарихтағы бірінші тілмаштар  да әйелдер болған шығар-ау! Архаикалық қоғамдағы  инцесті болдырмау жолдарының бірі ретінде өзге тайпадан қыз ұрлау дәстүрі әйел баласын алғашқы аудармашы болды деуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Қазақ мәдениетіндегі әйелге тән қасиеттер белгісіне “дәнекерлік”  көрінісі ретінде “тіл таба білушіліктің” тұруы да оның о баста екі түрлі жұртты, екі елді байланыстырушы қызмет атқарғандығын (тілмаштық немесе аудармашылық деп ұғына беруге болады емес пе?!) аңғартса керек.

Бастапқы жазу-сызусыз  мәдени кезеңде (әлгі әйелдердің тілмаш қызметін қажеттілік арқасында емін-еркін  жалғыз өздері алып жүрген шақтарда) аударма  әрине ауызекі аударма болса керек. Ал хатқа түсіру мүмкіншілігіне ие болған сәттен бастап-ақ жазбаша аудармалар пайда бола бастады. Оған куә сонау көне шумерлік мәтіндердің арасынан қостілді (біздің дәуірімізге дейінгі 3 мыңжылдықтар шамасы) сөздіктердің табылуы.

Ендігі жерде аударманың ел мен елді байланыстырушы сұхбаттылық пәрменіне тоқталатын болсақ, онда мәдениетаралық коммуникация, мәдениеттер сұхбаттастығы терминдері өзара ажыратуды, арақатынастарды саралауды  қажет ететіндігін айтуымыз керек. Коммуникация термині бізге орыс тіліндегі әдебиеттерден келгенмен, әуел баста латын тілінен шыққаны белгілі. Қазақ тіліне бұл термин “қатынас” деп аударылады әрі дәл аударылады деп ойлаймын. Қатынастың да түр-түрі болады. Солардың барлығын екі негізгі топқа бөліп қарау мүмкін. Олар: тікелей қатынас, жанама қатынас. Тікелей қатынасты біз “араласу” деген ұғым арқылы да жеткізе аламыз. Ол адамдардың өзара, бөгде біреулерсіз, тікелей, бетпе-бет қатынасқа түсуін білдіреді. Қазақи тілдік санада “аралас-қораласымыз бір”, “араласып жүрген жандар” деген сияқты тұрақты сөз тіркестері содан хабар береді.

Ал қатынастың жанама түрі орталық  қосымша буын болуын қажетсінеді, яғни ол ауыз екі тілден өзге қатынас  құралдарының қолданылатындығынан  хабар жеткізеді. Мысалы, телефон, телеграф, хат-хабар, бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. Осы орайда бой көтеріп отырған тағы бір мәселе – ақпарат құралдарына сай ақпараттың өзінің де, жеткізілуінің де түбегейлі өзгерістерге ұшырайтындығы. Ол туралы Маршалл Маклюэн өте көп айтып кеткен еді әрі біз сол туралы осы монографияның келесі тарауларында кеңінен тоқталатын боламыз.

Айтып өткеніміздей,  “қарым-қатынас” және “коммуникация” ұғымдарын біз синонимдер ретінде қолданып келеміз. Дегенмен, талай зерттеушілер олардың өзіндік ерекшелігін, тепе-тең еместігін айтатындығын бүгіп қалудың да керегі шамалы. Олардың айтуынша, өзара тығыз байланыстылығына қарамастан,  “қарым-қатынас” ұғымының “коммуникация” ұғымынан  басты ерекшелігі мынадай екен: “қарым-қатынас материалдық,  практикалық, рухани, ақпараттық сипаттама болатын болса, коммуникация таза ақпараттық процесті – белгілі бір мағлұмат алмасу процессін білдіреді”. Егер коммуникацияда біз ақпарат алу процесінің бір бағытты жолдануына кез болсақ, қарым-қатынас екі бағытқа да бірдей тиесілі екендігін байқаймыз. Коммуникацияда ақпаратты жіберуші және ақпаратты қабылдаушы бар, ал қарым-қатынаста жіберуші, қабылдаушы, белсенді немесе белсенді емес қатынасушы деген түсінік жоқ. Қарым-қатынас ортақ істің бірлескен тепе-тең мүшелерінен тұрады. Сонымен, олардың түсінуінше, қарым-қатынас ұғымы мағыналық жағынан коммуникация ұғымынан неғұрлым кең көрінеді. Меніңше, осындай көзқарастардың барлығын ескере отырып әрі келесі қарастырар “диалог” ұғымының жоғарыдағыдай түсініктегі “қарым-қатынаспен” астасып жатқандығына иек артып, ұғымдарды тізбектей бергеннен гөрі, тақырыпта берілген екі ұғыммен шектелген жөн сияқты. Оның үстіне, қазіргі таңда мәдениетаралық коммуникация термин ретінде ғана емес, арнайы ғылыми пән ретінде қалыптасып үлгергендіктен де біздің ұстанымымыз дұрыс деп білемін.

“Диалог” сөзінің шыққан тегі көне грек тілі. Осында бірден сұхбат, диалог сөздері ұғымдық мазмұны бір терминдер ретінде бірін-бірі алмастыра алатындығын ескерте кеткен жөн шығар. Оның үстіне, кейбір тұстарда сұхбат сөзінің орнына диалог сөзін қоюдың өзіндік контекстілік қисындылығы бар екендігі де белгілі. Өзінің алғашқы мағынасында “диалог” – екі адамның сұхбаты деген мазмұнға ие болған. Сәл кейінірек диалог – кейіпкерлердің пікір алмасуынан тұратын әдеби шығарманың түрі ретінде түсіндірілетін болды. Осы орайда көне грек философы Сократтың өзін қоршаған дос-жарандары, шәкірттері, тіпті, дұшпандарымен пікірталас ретінде өткізетін әңгімелерін еске алайық. Адамдар қарым-қатынасының құндылығын ашып көрсетіп, сұхбаттың адам игілігіне жарайтын ұлы күш екендігін аңғарған тұңғыш философ Сократ болды. Адамдардың бірге отырып ізденуінің, сұхбаттаса отырып сұрау салысуының барысында ғана ақиқатқа, шындыққа жетуге болады. Осыны анық ұққан Сократ өз әңгімелесуін шынайы қарым-қатынасқа, сұхбатқа айналдырды.

Сұхбаттың болмыс бастауын адам баласының табиғатынан іздестіру керек. Адам санасы оның әлеуметтік болмысының жемісі ретінде  адамның бір-бірімен қарым-қатынас жасауының нәтижесінде қалыптасты. Адамдық қарым-қатынас оны басқа қоршаған табиғи ортадан бөліп-жарып, өзгешелеп алды. Адам миының жемісі болып табылатын сана – мидың қос жартышарларының диалогының нәтижесі. Саналы адамның болмысы да диалогты, қоғамдаса өмір сүруі де сол бастапқы диалогтылықтан туындап жатса керек.

Енді коммуникация және диалог арақатынасына тоқтала кетeйік. Диалог пен коммуникацияны тепе-тең деп қарастырмайтын көзқарастар көптеп кездеседі. Диалогты тым тұлғалық, жеке бастың құбылысы ретінде алып, ал коммуникацияны – адам жанының тереңіне тиіспейтін үстірт қарым-қатынас деп, әсіресе, ақпарат алмасумен тәмәмдалу деп қарау да бар.

Диалог коммуникациядан:

1) тепе-теңдік жағдайдағы тұлғалар  қарым-қатынасымен;

2) ол екеуінің де  адресант әрі адресат бола  алатындығымен (сұрақ-жауап жағдайы  диалогқа имплицитті тиесілі  шарт екендігін ескерсек);

3) қарым-қатынас жасау еріктілігімен  айырықшаланады.

Жоғарыдағы талаптарға сай келетін  диалогқа жету оңай тірлік емес. Жалпы, шынайы диалог адамдар, мәдениеттер арасындағы күнделікті коммуникативті практикада сирек кездесетін құбылыс. Диалогта оған қатысушы адамдар, тұлғалар маңызды болса, коммуникацияда – алынатын ақпарат маңызды. Диалогта алынған хабарды адамның түсінуі, санасынан, жан дүниесінен өткізуі бар болса, коммуникацияда ол – міндетті шарт емес. Сондықтан диалог пен түсіну, диалог пен мағына мәселесі бір қатарда орналасқан деуге толық мүмкіндік бар.

ХХІ ғ. мәдениетін қазіргі қалыптасқан  дискурсивтілік пен метамәтінділік туралы көзқарастар тұрғысынан қарау жемісті болмақ. ХХІ ғасырдың  мәдениетінің дискурсивті өрісінің ерекшелігін “диалог”, “сұхбат” ұғымы арқылы түсіндіруге болады. Осы бір парадигмалық сипатқа ие болған идеяның  философияда, соның ішінде, ХХ ғасырдағы Ресей философиясында толысып жетілгендігін айта кеткен абзал.

Зиялы қауым тарапынан  бұл үшін  халықаралық деңгейдегі кездесулер, конференциялар тілі қазақ  тілі болуына ықпал ету керек, қажет болса талап ету қажет  деген  ұсыныстар айтылып жүр.  Алайда, бұл  мақсатқа қол жеткізудің бір ұшы ілеспе аудармаға келіп тірелетіні көпке дейін ескерілген жоқ. Еліміз Президентінің Халықаралық Қазақ тілі қоғамы өзіне «Ана тілінің айбары» алтын белгісін тапсыруы кезінде «мәжілістерді ілеспе аудармамен қамтамасыз ете отырып, қазақ тілінде жүргізуге көшу керек» дегені, бүгінде мемлекеттік органдардың жиындары ілеспе аударма жасала отырып, өткізілуі міндеттелгені ілеспе аударманы дамытудың өзектілігін көрсетеді. 

Қазақ тілінің  мемлекеттік тіл мәртебесін  нығайта  түсуге ілеспе аударманың қосатын үлесі аса зор екенінің басқа да мысалдары жеткілікті. Басқа жақтарын айтпағанның өзінде халықаралық жиындарда қазақ сөзінің естілуінің өзінде саяси мән бар. Ірі жиындарда дамушы елдерден келген не жойылып кету қаупі төніп тұрған ұлттардың өкілдері өз ана тілінде сөйлеудің қандай да бір мүмкіндіктерін пайдалануға ұмтылуында осындай астар жатыр. 

Біздің тәжірибемізде  халықаралық деңгейдегі жиында негізгі  баяндаманың қазақ тілінен орыс тіліне (реле-тіл), одан әрі басқа  тілдерге ілеспе аударма жасалуы Түркия Президенті Тұрғыт Озалдың 1993 жылғы Қазақстанға ресми сапарында жүзеге асты. Баяндамалар түрік тілінде жасалып, аудармашы оларды қазақ тіліне аударды, одан әрі реле-тіл – орыс тілі арқылы ағылшын, француз, араб, қытай, тағы басқа тілдерге аударма жасалды.

Осыдан кейін қазақ  тілінен аударма жасау үдерісі  дами түсіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің сьезінде қытай тілінен  қазақ тіліне ілеспе аударма жасады. Өткен жылы Қазақстанға ресми  сапармен келген Түркия Ұлы Ұлттық Жиналысының Төрағасы Көксал Топтан түрікше сөйлеп, Парламент ілеспе аудармашылары ілеспе аударманы сатылап аудару жолымен қамтамасыз етті.

Елбасының сөздерінде қазақ  тілінің үлесі жылдан жылға молайып  келе жатқаныны белгілі. 2005 жылы өткен  Еуразиялық медиафорумда Қазақстан Президенті негізгі сөзін тек қазақша сөйлеп, одан әрі алты тілге ілеспе аударма жасалды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезінде, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының 17-сессиясында да қазақ тілінде сөйлеп, орыс тілі арқылы шет тілдерге аударылды. Бұлар – қазақ тілі ілеспе аударма арқылы халықаралық жиын тіліне айналғанын көрсететін мысалдар.  

Саясат тілі ауыр, бірден ұғыну  қиын  болғанымен, саясаттың элементтері мүлде жоқ ұлттық тіл болмайды. Өйткені  саясат тілі – ұлт тілінің саяси коммуникация жасауға: белгілі бір идеяларды насихаттау үшін, жұртшылыққа эмоциялық тұрғыдан әсер етіп, оларды белгілі бір саяси іс-әрекеттер жасауға итермелеу үшін қолданылатын тармағы. Сондықтан саяси дискурсты ұжымдық мүдделер негізінде бірігетін адамдар топтарының тілі деуге болады. 

Саяси дискурсты аудару қиындығы саясат тіліндегі көп мағыналылықтан туындайды. Жария етілетін мәлімдеме  мазмұнының екіұшты болуы ілеспе аудармада көрініс табады. Саяси  дискурстағы орағытып сөйлеу, нормативті емес теңеулерді пайдалану да аударманы қиындата түсетін факторлар. 

Елімізде мемлекеттік  тілді дамыту ісінде басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілер жеткілікті болғанымен, тілді дамыту ісі өздігінен  жүріп кетпейді. Ол үшін Үкімет тарапынан, Конституцияда жазылғандай, қазақ тілінің дамуына ықпал ететін шаралар қолданылып, олардың идеологиясында қазақ тілінің ауқымды жиындарда сөйленетін тілге айналуы көзделуі қажет.  

Аудармадағы баламалылық  – осы саламен бірге жасасып  келе жатқан мәселе. Жазбаша аударма мен ілеспе аудармағы түпнұсқаға баламалылықты салыстыра отырып, тұжырым жасау ілеспе аударманы дамыту үшін аса маңызды. Өйткені, қай тілден аударсақ та баламалылық – аударма сапасының басты көрсеткіші. Басқа ел зерттеушілері (В.Н. Комиссаров, Ю. Найда, т.б.) мен біздің ел ғалымдарының (Э. Сүлейменова, А. Алдашева)  бұл терминді түсіндіруінде сәл алшақтық болғанымен, қайшылық жоқ. Соларға сүйене отырып, ілеспе аударма мен жазбаша аудармадағы түпнұсқаға баламалылықты аударманы тыңдаған адамның:

1) түпнұсқаны  тыңдаған  адам алатын ақпаратты алуы;

2) сөйлеген адамның  өзі айтып тұрған мәселеге  көзқарасы туралы  түпнұсқа мәтінді   тыңдаған адам алатын әсерді  алуы;

3) сөйлеген адамның  жеке тұлғасы туралы түпнұсқа  мәтінді  тыңдаған адам алатын  әсерді алуы деген өлшемдермен  бағалауға болады деген ойдамыз.

 

 

 

2.2 Қытай-қазақ тілі  аудармасының қиындықтары мен  кемшіліктері

 

Орта ғасырлардағы қытай  және жапон поэзиялары қағазға қаріп  боп түсуі жағынан да, көркемдік  өрнегі жағынан да ұқсастық бар. Алайда, қарап отырсаңыз, жапонның ескі жырлары  орысшаға қандай төгіліп түскен, Таң дәуірінің қытай ақындары болса, сондай нашар аударылған.

Қытай тілінің ежелгі жазба ескерткіштері б.д.д. екінші мыңжылдықтың екінші жартыжылдығынан  өз бастамасыз алады, яғни қытай тілі - Дүниежүзінің  көне тілдерінің бірі.

Информация о работе Аудармашының кәсіби біліктілігін қалыптастыру мәселесі