Айналамен таныстыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:11, шпаргалка

Описание работы

1. Тоталитарлық саяси режим.
2. Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар.
3. Саяси партиялардың негізгі қызметтері.
4. Авторитарлық саяси режим.
...
82. Қоғамдық қозғалыстардың қызметтері.
83. Қазіргі заманғы ғылымдағы идеологияның негізгі ағымдары.

Работа содержит 1 файл

Саясаттану шпор.doc

— 828.00 Кб (Скачать)

1. Тоталитарлық  саяси режим. Саяси тәртіп деп саяси билік, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады. Қазіргі саяси тәртіп демократиялық және демократияға қарсы яғни (антидемократиялық) деп екіге бөлінеді. Демократиялық тәртіпті халықты биліктің қайнар көзі деп есептейді. Анитидемократиялық тәртіп тоталитарлық және авиторитарлық деп екіге бөлінеді. Авторитарлық тәртіп деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік саяси құрылысты айтамыз. Ал тоталитарлық (латынның бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен) тәртіп деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтады. Онда өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б.-бәрі тегіс бюақылаудың астында болады. Адамзаттардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, демократиялық ұйымдардың жұмыстарыена тыйым салынады, жазалау, қуғын-сүргін күшейеді, террорлық полициялық бақылау орнайды. Тоталитарлық тәртіпке жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сол жүргізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің өз еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Көсемнің ырқымен, соның айналасында құрылады. Ондай қоғамда идеологияның ролі үстемдік етеді. Ол барлық бұқара ақпарат құралдарын пайдаланады. Солардың күшімен жұртшылықты өз территориясының «шындығына» сендіруге тырысады. Идеологияны көсем анықтайды. Ол өз әрекеттерін биік бір арман, мұратқа жету мақсатымен бүркемелейді. Ол мысалыға Франконың христиандық қоғамы, Сталиннің бұрмаланған социализм идеялары сияқты болуы мүмкін. Басқаша ойлауға мүмкіндік бермейді.

 

2. Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар. Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе укіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады. Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей жағдайлар себеп болады: 1) жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады; 2) экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады, Мысалы, Жаңа Өзендегі (1989ж) әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда «Бірлік» деген ұйым құрылды, ал Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында сол уақытта «Парасат» деген ұйым дүниеге келді; 3) ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанда «Азат», «Желтоқсан» партиялары солай туған болатын. Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қазіргі заманда ондай ұйымдар мен қозғалыстар өте көп. Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады: қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы; үгіт-насихат, әрекет етусатысы; дамыған жұмыс кезеңі; саяси қозғалыстың өшу сатысы. Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолында алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы, жұмысының бірыңғай бағдарламасы, басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның әділеттілік, бостандық үшін күрес, ұлттың жаңарып өрлеуі, айналадағы ортаны қорғау т.с.с. жалпыхалықтық, адамзаттық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін. Көбіне қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.

 

3. Саяси партиялардың  негізгі қызметтері. «Партия» деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Ал қазіргі біздің түсінігіміздей саяси партиялар Еуропада ХІХғ екінші жартысында пайда бола бастады. Партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзіне асыруға белсене қатынасады. Қазіргі қоғамдағы саяси партилар мынадай қызметтер атқарады: 1) қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу; 2) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау; 3) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау; 4) саяси жүйелерді, оның жалпы принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу және т.б. 5) мемлекетте билік үшін күреске қатынасу және оның жұмысының бағдарламасын жасау; 6) мемлекеттік билікті іске асыруға қатынасу; 7) қоғамдық пікірді қалыптастыру; 8) жалпы қоғамды, яки оның белгілі бір бөлігін (топты, тапты, жікті) саяси тәрбиелеу; 9) мемлекеттің, кәсіподақтарының, қоғамдық ұйымдарының аппараты үшін кадрлар даярлау мен ұсыну және т.б. Бұл қызметтерді атап көрсеткен поляктың белгілі саясаттанушысы А. Боднар болатын. Сонымен қатар партиялар сайлау науқанын дайындау мен өткізу, өз мүшелерінің санын көбейту, орталық және жергілікті ұйымдардың мтаериалдық ахуалын күшейту, өз еліндегі және шетелдердің мақсаттары жақын партияларымен байланысты нығайтумен үнемі айналысады.

 

4. Авторитарлық  саяси режим. Саяси тәртіп деп саяси билік, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады. Қазіргі саяси тәртіп демократиялық және демократияға қарсы яғни (антидемократиялық) деп екіге бөлінеді. Демократиялық тәртіпті халықты биліктің қайнар көзі деп есептейді. Анитидемократиялық тәртіп тоталитарлық және авиторитарлық деп екіге бөлінеді. Тоталитарлық (латынның бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен) тәртіп деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтады. Ал авторитарлық тәртіп деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік саяси құрылысты айтамыз. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент жойылмайды, дегенмен, ол кеңесші органга айналады. Тоталитарлықпан салыстырғанда авторитарлық тәртіпке бірыңғай идеология, көпшілік партия болмайды. Экономика қатал бақылауға алынбайды, күштеу әдістері де азырақ қолданылады. Әдетте, ол саяси процеске белсенді араласатын әскер күшіне сүйенеді. Азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың саяси құқықтары мен бостандықтары шектеледі, оппозицияға тыйым салынады. Сайланбалы мемлекет органдары азаяды. Олардың жұмыстары мемлекет басшысының ырқына бейімделеді. Авторитарлық тәртіпке, мысалы, Пиночет кезіндегі Чилиді, Франко кезіндегі Испанияны, қазіргі Иорданияны, Индонезияны, Морокко, Кувейтті, Сауд Арабияны және т.б. жатқызуға болады. Мұндай тәртіп, әсіресе, Латын Америкасында жиі кездеседі. Тоталитарлық және авторитарлық саяси тәртіппен демократиялық тәртіпке көшу әр елде әр түрлі өтеді.

 

5. Қоғамдық-саяси қозғалыстардың типтері. Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе укіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады. Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей жағдайлар себеп болады: 1) жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады; 2) экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады, 3) ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси қозғалыстар консервативтік, реформистік, революциялық және контрреволюциялық болып бөлінеді. Олардың ұсынатын прициптері саяси партиялардағы сияқты болады. Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады: қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы; үгіт-насихат, әрекет етусатысы; дамыған жұмыс кезеңі; саяси қозғалыстың өшу сатысы. Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қазіргі заманда ондай ұйымдар мен қозғалыстар өте көп. Ол қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандығын білдіреді.

 

6. Қазақстандағы  қазіргі саяси партиялар. Қазақстанда ең алғаш Ә. Бөкейхановатың бастауымен 1905 жылы желтоқсанда Орал қаласында өкілдер съезі шақырылып, кадет партиясының бөлімі құрылды. Ал қазіргі таңдағы Қазақстандағы саяси партилардан «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1999 жылғы қаңтарда құрылған, Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы төрағасы Қалиев Ғани Әлімұлы 2002 жылы 1 наурызда тіркелген,, Қазақстан Патриотттар партиясы төрағасы-Қасымов Ғани Есенкелдіұлы, 2000 жылғы 4 тамызда тіркелген, , Қазақстан коммунистік партиясы, «Руханият» партисы, төрағасы-Мәмбеталин Серікжан  2003 жылы 6 қазанда тіркелген, «Ақ жол» демократиялық партисы төрағасы-Азат Перуашев, 2002 жылы 3 сәуірде тіркелген,, «Әділет» демократиялық партиясы төрағасы Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы, 2004 жылы 14 маусымда тіркелген, Қазақстан коммунистік Халық партиясы бірінші хатшысы Косарев Владислав Борисович, 2004 жылы 21 маусымда тіркелген, «Азат» демократиялық партиясы төрағасы-Әбілов Болат Мұқышұлы, 2005 жылы 29 сәуірде құрылған, 2006 жылы 17 наурызда «Нағыз Ақ жол» атауымен тіркелген, Жалпыұлттық социал демократиялық партия төрағасы-Тұяқбай Жармахан Айтбайұлы, 2006 жылы 10 қыркүйекте құрылған т.б. партияларды атап көрсетуге болады.

 

7. Саясаттану  пәні және оның негізгі ұғымдары. Саясаттанудың пәні жөнінде алыс, жақын, шетелдік болсын, біздің елдің ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды. Саясаттану дегеніміз-саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.

 

8. Саяси элиталардың ұғымы. "Элита" терминi фраңцуздың еiлне деген сөзiнең шыққан, сұрыпталған, тандалған, iрiктелген деген мағынаны бiлдiредi. XVIII ғ. бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX г. бастап саясаттану мен әлеуметтануда бiлiмi, байлығы, беделi, билiгi жоғары адамдардың азғантай әлеуметтiк тобын бiлдiредi. 
Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеушi тандаулыларға және олардың дегенiн iстейтiн бағаныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551— 479) адамдарды асыл азаматтарға (билеушi элитаға) жәнетөменгi (карапайым) адамдарға бөлдi. Платон билеушi-философтарға, әскерлерге, егiншiлер мен кәсiпшiлерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарастар жүйесi ретiнде XX ғ. басында италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, немiс Р. Михельс және т.б. қалыптастырды. Гаэтано Моска (1854-194!) элита теориясын "Саяси ғылым негiздерi" (1896) деген еңбегiнде негiздедi. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлiнедi дедi. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлiктi, байлықты, дiни дәреженi (мәртебенi) жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кiруге есiк ашады. ""Элита" терминiн ғылыми айналымға енгiзген Вальфредо Парето (1848—1923). "Жалпыға бiрдей социология трактатында" (1916) ол "элиталардың айналу" теориясын жасады. Ол бойынша элита билiк басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуының арқасында келедi. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, iзденiсi баяулай бастайды. Одардың орнына жаңа идеяны жаңа элита билiк басына келедi. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейдi олар, бiр элита екiншiнi алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып отырады. Роберт Михельс (1876-1936) "Саяси партиялар, Демократияның олигархиялық үрдiстерi туралы очерк" (19'1) Дегең еңбегiнде "олигархияның темiрдей заңын" шығарды оның ойынша, бұқара халықтың өзiн-өзi ұйымдастыруға жэне басқаруға қабiлетi жетпейдi. Парламенттiк демократия жайында кейбiреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды. Сейтiп Кәсiби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол көпшiлiктен бiртiндеп алшақтайды, қоғамның қарапайым мүшелерiне өздерiн қарсы қояды. Соның нәтижесiнде билiктi өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбелiндей байлар саяси және экономикалық билiкке ие болады. Халықтың егемендiгi, билiгi дегеннiң бәрi бос былшыл "Олигархияның темiрдей заңы" осы дейдi Р. Михельс. 
Американың саясаттанушысы Райт Миллс (1916—1962) "Билеушi элита" атты еңбегiнде АҚШ-тың XX ғ. ортасындағы элитасына талдау жасайды. Ол элитаны мәртебелер және стратегиялық рөлдер атқаратын топ деп аныктайды. Оның ойынша, қоғам үшiн ең маңызды рөл атқаратын саяси, экономикалық және әскери институттар. Соған орай билiк элитасын мемлекет, корпорациялар және әскери басшылар қүрайдьм 
Франция саясаттанушысы Р.Ж. Шварценбергер "Абсолюттiк құқық" деген еңбегiнде қазiргi элитаны жабық каста ретiнде сипаттайды. Францияда ол саясаткерлерден, жоғары әкiмшiлiктерден және iскер адамдардан тұратын билiктiң ұшбұрышын құрайды. Олар үкiметтi калыптастырадьi, мемлекеттi билейдi, iрi корпорациялар мен банктердi басқарады. Сонда қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар кандай? Оларға мыналар жатады: I) қоғамға арнайы бiлiмi, тәжiрибесi, қабiлетi бар кәсiби басқарушылар керек; 2) адамдардың психологиялық (туа бiткен) және әлеуметтiк (оқу, тәрбие барысында қолы жеткен) теңеiздiктерi; 3) қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады; 4) бүқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы (қүнделiктi өмiрде әркiм саясаттан шалғай өз жұмысымен айналысады). Саяси элита стратегаялық мақсатты айқындайды, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатын белгiлейдi, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетiктерiн табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеғе асуына бақылау жасайды. 
Сонымен, саяси элита деп қазына-байлықты белуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешiмдер қабылдауға катысты жоғары мәртебесi мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.Қазiргi саясаттану ғылымында бiлiмнiң, элитология деген арнайы саласы бар. Ол элиталардың қалыптасу жағдайын, оның қоғамдағы рөлiн, әлеуметтiк-саяси процестерге ықпал ету әдiс-тәсiлдерiн және т.б. зерттейдi.

9.Қазақстандағы  көппартиялық. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін көппартиялықтың қалыптасуының шынайы кезеңі басталды. Партия рөлінің күшеюі әлеуметтік топтардың саяси бағыттарының және әлеуметтік-экономикалық реформаларға ықпал етуге тырысуымен анықталды. Жаңа тұрпаттағы алғашқы саяси партиялар қатарында «Социал-демократтар» партиясы, «Алаш» ұлттық еркіндік партиясы, Қазақстанның «Халық конгресі» партиясы, «Республикалық» партия болды. 1991 жылдан бастап, қоғамдық бірлестіктердің қызметі «Қазақ КСР-дегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңмен реттеле бастады. Заңға сәйкес, 1991 жылдың 30 желтоқсанына дейін республика аумағында қызмет ететін барлық қоғамдық бірлестіктердің қайта тіркеуден өтуі талап етілді. Партия мен қоғамдық қозғалыстардың дамуы мен жұмыс істеу ережесі бүгінде 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, сонымен бірге ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңымен (1996 ж.) және «Саяси партиялар туралы» Заңымен (2002 ж.) реттеледі. Атап айтсақ, Ата Заңның 5-бабында:

1. Қазақстан Республикасында  идеологиялық және саяси әр-алуандылық  танылады. Мемлекеттік органдарда  партия ұйымдарын құруға жол  берілмейді.

2. Қоғамдық бірлестіктер  заң алдында бірдей. Қоғамдық  бірлестіктер ісіне мемлекеттің  және мемлекет ісіне қоғамдық  бірлестіктердің заңсыз араласуына, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттік  органдардық қызметін жүктеуге  жол берілмейді, – деп жазылған.

Қазақстанда қоғамдық және саяси-қоғамдық қозғалыстардың дамуын 6 негізгі кезеңдерге бөліп көрсетуге болады:

– 1986 жылдың күзінен 1989 жылдың басына дейін (бейресми бірлестіктердің  құрылуы, клубтық құрылымның дамуы);

– 1989 жылдың басы мен 1991 жылдың тамызы (көпұлтты және бірұлтты партиялардың, қозғалыстардың және ұйымдардың қалыптасуы);

– 1991 жылдың қыркүйегі  мен 1998 жылдар аралығы (КОКП таратылуы, КСРО-ның күйреуі, тәуелсіз Қазақстан  Республикасының қалыптасуы, дифференциацияның  өсуі және республика азаматтарының саяси белсенділігінің дамуы, жаңа партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуы және тіркелуі);

– 1998 жыл мен 2002 жылдар аралығы (партиялық жүйенің ары  қарай дамуы, сайлау заңына өзгерістердің  енгізілуі, жаңа қоғамдық-саяси бірлестіктердің  пайда болуы;

– 2002 жылдан 2007 жылға дейін («Саяси партиялар туралы» жаңа Заңның қабылдануына байланысты партиялық жүйе конфигурациясының өзгеруі, мемлекет пен БҰҰ ара-қатынастарының жаңа форматы);

– 2007 жылдан бүгінге дейін (ҚР Конституциясына түзетулердің енгізілуі, пропорционалды сайлау жүйесінің енгізілуі, «Саяси партиялар туралы» Заңға өзгерістердің енгізілуі). 1990 жылдың басы мен орта шенінде ұйым ретінде тіркелген саяси партиялар үгіт-насихат, жақтастарын іріктеу және саяси іс-қимылдарға тарту кезеңінде болды. Орталық ұстанымдағы анағұрлым көрнекті партиялар қатарында Қазақстанның «Социалистік» партиясы, Қазақстанның «Халық Конгресі» партиясы, Қазақстанның «Халық Бірлігі» Партиясын атауға болды. Қазақстанның саяси партиялары, қозғалыстары, қоғамдық бірлестіктері Жоғарғы Кеңестің XІІ және XІІІ шақырылымдағы сайлауларына, сонымен бірге 1990, 1994, 1995 жылдардағы Парламент мәжілісінің сайлауларына қатысып, олардың кейбірі еліміздің жоғарғы өкілдік органында депутаттық фракцияны құрады. Атап айтар болсақ, 1995 жылғы депутаттық корпуста Қазақстанның халық бірлігі партиясы, Қазақстанның халық Конгресі партиясы, Халықтық-кооперативтік партия, Қазақстанның қайта өрлеу партиясы, «Лад» қозғалысы және т.б. болды.

Информация о работе Айналамен таныстыру