Айналамен таныстыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 16:11, шпаргалка

Описание работы

1. Тоталитарлық саяси режим.
2. Қазіргі кезеңдегі саяси қозғалыстар.
3. Саяси партиялардың негізгі қызметтері.
4. Авторитарлық саяси режим.
...
82. Қоғамдық қозғалыстардың қызметтері.
83. Қазіргі заманғы ғылымдағы идеологияның негізгі ағымдары.

Работа содержит 1 файл

Саясаттану шпор.doc

— 828.00 Кб (Скачать)

Екіпартиялық - мұнда  нағыз бәсекелестік ірі екі пар¬тия  арасында болады. Жалпы сайлау арқылы үкімет басына келеді. Үнемі бір-бірін сынға алып отырады. Мыса¬лы: АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партиялары. Ұлыбританиядағы консерваторлар мен лейбористер партиялары, Германиядағы христиандық демократтар мен социал-демократтар. 
Көппартиялылық - мүнда үш немесе одан да көп пар¬тиялар болады. Саяси мәселелер жан-жақты қаралады, бюрократияға тежеу салынады. Билік басына нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік туады. Мысалы: қазіргі Қазақстан Республикасы. Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция құруы мүмкін. Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады. 

 

55. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы идеологиялық хал-ахуал. Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Қазіргі идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Идеология әр түрлі-саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар идеология болсын саясатпен тығыз байланысты. Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады. Саяси идеология деңгейлері - қызмет істеу деңгейлері: теориялық-түжырымдық, бағдарламалық-саяси және өзектілік. Теориялық-түжырымдық деңгейде нақты тап (ұлт, мемлекет) идеалы мен құндылықтарын немесе саяси даму мақсаттарын ашатын негізгі қағидалар қалыптасады. Бағдарламалық-саяси деңгейде әлеуметтік-философиялық принциптер мен идеалдар бағдарламаларға, саяси элитаның нақты ұрандары мен талаптарына айналады. Яғни, басқару шешімдерін қабылдаудың нормативтік негіздерін қалыптастырады.

Өзектілік деңгей идеология мақсаттары мен принциптерінің азаматтармен игерілуін, оларды өз істерін- де қолдану деңгейін сипаттайды.

56. Саяси ойлардың кезеңдері. Саяси ойлар тарихы адамзат санасындағы мемлекет пен биліктің пайда болуы мен қызмет етуінің саяси тәжірибесі мен осы процеске адамдардың катысуының көрінісі болып табылады.Саяси ойлар тарихы осы процесі тарихи және саяси салдарға ие тұстары мен сәттерін қарастырады.  Саяси ойдың даму кезендері адамзаттың әлеуметтік-мәдени дамуының сатмларымен байланысты. Бірінші кезең — ежелгі дүние.

Ежелгі дүние  өз бастауын ғасырлардың терең қойнауы- нан алады. Осы ретте ежелгі дүниеде  адамдар қалай өмір сүрді, онда билік, адамдарды басқару болды ма —  деген бірінші сауалымызға жауап  беріп көрелік. (Адамзаттың жасаған  өркениеті бастапқы табиғи, хайуандық жағдайдан шықты деген концепцияға сүйенер болсақ, осы табиғи жағдайға және одан кейінгі даму барысына алғашкы қауымдағы адамдардың тіршілік әрекеттері үшін қажетті тәртіптілікті ендірген басқарудың тән болғандығын мойындауға тура келеді. Гректер мемлекетке дейінгі баскарудың бұл түрін белгілеу үшін "архия" (билік, баскару) терминін пайдаланды. Бұдан — анархия (биліксіздік), монархия (бір адамның билігі) келіп шықты.Бірақ анархия кемелденген саяси мазмұнда болмады, ол алғашқы қауымдық адамдардың шынайы өмірімен араласын кеткен болатын және адамдардың бір тобының басқа топка үстемдік ету формасы бола алмады. 
Бірақ басқарудың бұл түрі өзінің осы қарапайым формасында адамзат қауымдастығына бастапқыдан-ақ тән екендігімен қызық ал баскарудың мемлекеттік формасы, мемлекеттік билік қоғам дамуының бұдан гөрі кемелденген сатысында пайда болды, олардың пайда болуы билік функциясының, басқару проблемаларының мазмұнының күшеюімен байланысты болды. Алғашқы мемлекеттер ежелгі Шығыс елдерінде (Мысыр, Үндістан, Қытай) пайда болдыуОлар ірі жер иеленуші өркениеттер еді. Жер және су ең негізгі ресурстар болғандықтан, осы ресурстарға кім иелік етер болса, сол шешуші әлеуметтік-экономикалық және саяси позицияға ие болатын. ірі ирригациялық құрылыстар (бөгендер, каналдар) салу үшін құлдардың күші кеңінен пайдаланылды. Қоғам сословиелерге бөлінді. Ресурстарға иелік етіп отырған жоғары сословие өкілдері өздерінің арасынан жоғары билеушіні бөліп шығарып оның шыкқан тегі мен іс-әрекеті жеткілікті дәрежеде мифологияландырылды. 
Орта ғасырлар.


Бұл кезенде тарихи процесс бірте-бірте Жерорта теңізі жағалауьшан еуропалық қүрлықгың ішкері аймақгарына қарай көше бастады. Бұл процесс еуропалық қүрлықтағы варварлық тайпаларды қарқынды әлеуметтік өмірге араластырған римдік жаулап алулардан бастау алады. Варварлар аяғына тұрып, өркениеттенген соң, өзінің бар күшін Римге төгіп оны құлатты және осының нәтижесінде бұрынғы күл иеленуші алып империяның қираған орнында көптеген жаңа мемлекеттер пайда болды. Еуропаның ортағасырлық тарихы осылай қалыптаса бастады. Бұл кезең діни соғыстар, мұра үшін күрестер, таққа талас, крест жорықтары, еретиктерді қудалау, шаруалар көтерілістері секілді оқиғаларға толы болды ( Орта ғасырларда озық ойлы элитаның негізгі қаруы, оның "ғылыми матрицасы" діни догматика болды. Діни күпірлік (ересь) өзінің мазмұны жағынан өзгеше, діни ортодоксалды емес еді, мұнда діни тұманды жарып өтіп адам- дардың шынайы, өмірлік мүдделері қарастырылды. Бұл кезенде саяси өмір сахнасында билік үшін күресті жер иеленуші аристократия мен дін басылар, ақсүйек билеушілер, шіркеу қайраткерлері сияқты екі үлкен саяси күш ұйымдасқан түрде жүргізді. Бұл күрестің басында билікті зандастыру проблемасы түрды Орта ғасырда құл иеленуші (Римнің құлауы нәтижесі. Жерорта теңізі бассейінінде өте күшті мемлекет -Сараб Халифаты пайда болды. Оның пайда болуы жалғыз Құдай — "Аллаға сенушілердің әлеуметтік ынтымақтастығыц тани- тын бұқаралық әлеуметтік-саяси қозғалыс ретіндегі исламның шығуымен байланысты. 
Исламның дамуы Жерорта теңізінің шығысын, оңтүстігін, батысын өте тез қамтыған, өзінің ыкдалын азиялық құрлықтың шығысына дейін таратқан динамикалық әлеуметтік-саяси процесс болды. Ислам мемлекеті өзінің идеологиялық базасы бар, құқықтық негізге ие, жекеменшік, нарық жүйесі, дінге сенушілердің әлеуметтік ынтымақтастығы, құқықтық және моральдық нормалар тәрізді бірлесіп өмір сүрудің позитивті құндылықтары сақталған теократиялық мемлекет еді. 
Жаңа заман

Нидерландыдағы революция (1566-1609 жж.), Ағылшын революциясы (1642-1689 жж.), Француз революциясы (1789-1794 жж.) сияқты Еуропа халықтарын бірінен кейін бірін қүйзеліске ұшыраткдн революциялық оқиғалардан басталады. Аталған революциялық оқиғалар ұзақ және қатыгез сипатта болын, тұтас халықтар мен елдерді қанды қырғынға ұшыратты. Осынау революциялық оқиғалар қарсаңында, олардың кезінде және олардан кейінгі іргелі өрлеуде саяси ілім өз дамуына аса үлкен карқын алды. Саяси ғылымның одан кейінгі дамуының, саяси мәдениеттің қалыптасу концепциясының негізіне айналған бірқатар принципті ережелер жасақталды.

  1. Монархиялық режимнің тірегі болған шіркеуге елеулі сокқы берілді. Біртіндеп дін мен шіркеудің демократиялық қоғамдағы саяси ортасы — клерикализм көрініс ала бастады.# Қоғамның құқықтық мәдениеті мейлінше дәйекті және мақсатты түрде қалыптасып, құқықтық мемлекеттің концертуалдық негіздері қалана бастады
  2. Билікті шектеудің қажеттілігіне: конституциялық құрылыстың орнауына (барлық билік құрушы субъектілер, барлық азаматтар қолданатын қоғамдық және мемлекеттік құрылыстардың жаңа принциптері мен заңдарының салыстырмалы тұрғыда өзгермейтін жинақтарының қабылдануы; биліктің шектелуі; билік құрушы субъектілердің өкілеттігінің анықталуы; биліктің вертикалдық тұрғынан және белдеулік тұрғыдан бөліну принциптерінің жүзеге асуы; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот билігі тармақтарына бөліну) көңіл аударыла бастады.
  3. Билікті легитимдендіру проблемалары жасақталды. Сайлау жүйесінің біртіндеп қалыптасуы, оларды демократияландыру жүрді.
  4. Биліктің өкілетті органдары кең канат жая бастады.

 

57. Саяси партиялардың түрлері. Саяси партияларды жіктеп. жүйелеудің көтеген өлшем және белгілері бар. Француз ғалымы М.Дюверже сайлаушылар мен белсен ділер санына қарай екіге бөлген: 
Кадрлық: 
Сайлаушылардың 10 пайызы ғана болатын мүше саны аз,ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық билеті бар. Мүшелік жарна төлейді. Жарғысын мүлтіксіз орындайды. М: ГФР-дің Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы. 
Бұқаралық 
Сайлаушылары көп, мүшелері белсенділері де көп. Партия¬лық билеті жоқ мүшелік жар¬на төлемейді. Мысалы: Ұлыбританияның Лейбористер партиясы АКШ-тың республикалык және демократиялық партиялары. 
Сайлаушылар партиясы - бұл партияның, негізгі мақсаты үміткердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.с.с. Мұнда тұрақты мүшелік жоқ ұйымдық құрылым жоқ 
Парламенттік партия - екі қызмет атқарады: парламентке бақылау жасайды, сайлауға дайындалады.

Авангардтық партия - орталықтанған  өзінің барлық мүшелерінен партиянын  жұмысына белсенді катынасуын талап  етеді. 
Қауымдастық партиясы - ортак көзкарас, ұқсас мүд-делеріне орай маңызды мәселелерді талқылау үшін бірік-тіріледі.

Коммунистік партиялар  — К.Маркстің ілімін басшы-лыққа  алады. Тапсыз, меншіктің жеке түрі жоқ қоғам мүддесін қорғайды. 
Социал-демократиялық партиялар - бұл партиялар үнемі еңбекші халыктың мүддесіне сай қоғамды реформалап отырады. Негізгі құндылықтары: әділеттілік, бостандық, теңдік, ынтымақтастық.

Буржуазиялық-демократиялық  — билік үшін ашық күрес жүргізеді. Үкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жетеді. Заң алдында бәрінің, де тең болғанын қалайды.

Консервативтік партиялар - ірі буржуазияның мүдде¬сін қорғайды. Тенсіздікті сақтағысы келеді.

Фашистік партиялар - адам құқықтары мен бостанықтары шектеледі. Ұлтшылдықты уағыздайды. Жеке мүддеден мемлекеттік мүдде жоғары тұрады. Күштеу басым болады.

Билеуші партиялар - билік  қолға жеткен соң, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын  айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, басқа  партиялардың үстінен билік жүргізеді.

Оппозициялық партиялар - олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қарсыластық қасиет тән.

Ресми партия - жұмысын  ашық жүргізеді. Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркеуден өтеді. 
Жартылай ресми партия - формалды түрде рұқсат етілген, кейбір жұмысына шек қойылған.

Құпия партиялар - заң  бойынша тыйым салынған, жұмысын  жасырын жүргізеді 
Бірпартиялық - өзінен баска партияның болғанын қаламайды. Мұндай партия тоталитарлық және авторитарлық коғамға тән. Мысалы: бұрынғы КСРО-дағы коммунистік партия.

Екіпартиялық - мұнда нағыз бәсекелестік ірі екі пар¬тия арасында болады. Жалпы сайлау арқылы үкімет басына келеді. Үнемі бір-бірін сынға алып отырады. Мыса¬лы: АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партиялары. Ұлыбританиядағы консерваторлар мен лейбористер партиялары, Германиядағы христиандық демократтар мен социал-демократтар. 
Көппартиялылық - мүнда үш немесе одан да көп пар¬тиялар болады. Саяси мәселелер жан-жақты қаралады, бюрократияға тежеу салынады. Билік басына нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік туады. Мысалы: қазіргі Қазақстан Республикасы. Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция құруы мүмкін. Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады. Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады. Мынандай түрлері бар: 
Парламентке қатысатын партиялардың, ешқайсысы өз алдына бөлек басқара алмаған уақытта құралған көппартиялық коалиция;

2. Екіпартия бірігіп  үкіметті баскара алатындай уақытта  құрылатын екіпартиялық коалиция:

3.  Билік үшін бәсеке екі партия одағының арасында болса, екі блоктық коалиция болады;

4.  Егер дербес|:Партия ұзақ уақыт билік етсе оны басымдық коалициясы дейді. Барлық саяси партияларын жұмысы Конституцияға қайшы болмауы керек. 
4. Қазақстандағы көппартиялылық

 

58. Саясаттануды оқып-білудің маңызы. Саясаттану сөзі ("политология") гректін, «политика" және "логос" деген сөздерінен шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі. 
Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері болыпты-мыс. 
тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түрініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды. Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты. Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады. Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары кұдайдың калауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты.

Информация о работе Айналамен таныстыру