Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 08:03, курсовая работа

Описание работы

Көп салалы экономика қалыптастыру және нарықтық қатынастарды дамыту аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруда, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуде, халықтың тамақ азық-түлігіне деген қажеттілігін қамтамасыз етуде және ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуде маңызды.
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндіру бойынша оның экономикасын дамытуға басым бағыттардың бірі болып саналады.
Дегенмен, ауыл шаруашылықты жүргізудегі экономикалық механизмнің жетілдірмегенінен ең алдымен, ауыл шаруашылық құрылымдарының басқа да шаруашылық субъектерімен экономикалық өзара қарым-қатынастарының жолға қойылмағанынан агроөнеркәсіптік өндірістік әлеуеті жеткілікті деңгейде пайдаланылмай келеді.
Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындарды, қайта өңдеу және рыноктың басқа да шаруашылық жүргізу субъектерін қайта қалыптастыру бұрыннан келе жатқан агроөнеркәсіптік интеграция мен шаруашылық жүргізудің кооперативтік формаларын өзгертіп жіберді. Шағын жеке шаруашылыққа бағдарлану басқа тиімдірек ұйымдық құрылымдарды қалыптастыруды тоқтатып тастады.
Жекеменшік пен шаруашылық жүргізудің жаңа формаларының өсуі баға теңсіздігінің, мемлекеттің басқару атқарымдарынан өзінен-өзі кетіп қалғанының ауыл шаруашылығына әкелген теріс әсерлерін осы күнге дейін азайта алмай отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне қазіргі қалыптасқан бағалар жұмсалған шығындарды қайтаруды және кеңейтілген ұдайы өндіріс үшін пайда алуды қамтамасыз етпейді.

Работа содержит 1 файл

Азык тулик.doc

— 408.00 Кб (Скачать)

Кластерлік даму республиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиясының құрамдас бөлігі, өндірістің, қайта өңдеудің, тауарларды сатудың әдісі болып табылады. Сондықтан да оған экономиканың барлық салаларының экономикалық әлеуеті жұмылдырылады.

Бұл жағдайда технологиялық процестің әр түрлі звеноларының, өнімнің бір түрін өндіру бойынша, мысалы, мақта, тоқыма өндірісі және жіп иіру бойынша сатылас бірігуі құрылады. Сондықтан, кластер – ең алдымен ұдайы өндіріс байланыстарының белгілі жабық (аяқталған) жүйесінің салааралық кешені, ол технологиялық жаңартпашылықтармен біріктірілген. Кластер бір-бірімен өзара байланысқан және бірін-бірі өзара толықтыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың аумақтық бәсекелестігі негізінде қалыптасады, өздерін жақын жерге орналасуымен, рынокта бәсекелестік ұстанымын қамтамасыз ету үшін мамандандырумен пайда табуға ұмтылады.

 

2-кесте. Қазақстан  қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуы

 

Көрсеткіш

2007 ж. (нақты)

2010 ж. (есепті)

қуаты, мың т

қуаттарды пайдалану коэффици-енті, %

өнім өндіру, мың т

қуаты, мың т

қуаттарды пайдалану коэффици-енті, %

өнім өндіру, мың т

Етті қайта өңдеу кәсіпорындары

 

         

Ет және ет өнімдері

86

32,8

28

86

74,3

65

о.і. ірі қара, қой, шошқа, жылқы

 

45

 

14,5

 

7

 

45

 

64,3

 

29

Құс еті

41

53,5

22

42

86,0

38

Ет және ет-өсімдік консервілері

 

12

 

12,0

 

1

 

12

 

21,0

 

3,1

Астық өңдеу

47

33,5

16

47

84,7

41

Ұн (майдалап тартылған)

4581

36,6

1591

4690

49,3

2218

Тазартылған күріш

177

23,5

42

177

42,3

75

Қантты қайта өңдеу

0,8

60,8

0,5

0,9

73,4

0,7

Өсімдік майын қайта өңдеу

 

0,3

 

36,4

 

0,1

 

0,5

 

65,8

 

0,3

Қайта өңдеу өнеркәсібі:

           

көкөніс консервілері

34

17,8

6

38

35,6

15

Жеміс-жидектерді қайта өңдеу:

           

жидек шырыны

72

79,4

57

86

84,5

72

жидек консервісі

2

16,6

0,3

4

61,3

1850

Сүтті қайта өңдеу:

           

сары май

51

20,0

10

53

42,5

23

қатты ірімшік

7

45,7

3

8

77

5,3

сүт, кілегей (қатты формада)

 

4

 

47,4

 

2

 

9

 

71,1

 

4

Қаймағы алынбаған өнім

462

24,9

115

465

59,5

279

Ескерту – ҚР статистика бойынша  Агенттігінің материалдарынан автордың есептеуі.


 

Дегенмен кластерлік механизмін арттыруда  тек кеңістік-ұйымдық қана фактор, ол бәсекелестік артықшылық үшін қажетті  алғашқы негіз қалайды. Аумақтық өндіріс қаншама ұйымдастырылған  болса да, ең алдымен олар азық техникамен, прогрессивті технологиялармен, жоғары сапалы жұмыс күшімен жабдықталуы тиіс және нақтылы бәсекелестік артықшылықтар алуы қажет.

Сыртқы экономикалық байланыстардың тиімділігін бағалау үшін бірнеше  көрсеткіштер қолданылады.

Шетке шығарудың валюталық тиімділік көрсеткіші – сыртқы рынокта тауарлар сатудан алынған таза түсімнің оларды өндіруге, тасымалдауға, несиелік коэффициентінің әсері ескерілген (егер тауар несиеге сатылған болса) жұмсалған шығындарға қатынасы.

Шеттен әкелу тиімділігінің  көрсеткіші - әкелінген тауарлар құнының (өндірістің ішкі жағдайы бойынша) оларды сатып алуға, шекараға дейін жеткізуге жұмсалған толық валюталық шығындарға қатынасы.

Сыртқы сауда алмасуының тиімділік көрсеткіші – шеттен әкелінген тауарлардың бағаланған құнын (өзімізде өндіріс бар болған болса шеттен әкелінетін тауарларды алмастырушылардың толық шығынын) шетке шығаратын тауарларды өндіру, тасымалдау шығындарына қатынасы.

Шығындар тиімділігінің  көрсеткіші – шет елдерде техникалық жәрдем көрсету бойынша: жәрдем көрсеткені үшін таза түсімдер.

Лицензиялар сатып  алу тиімділігінің көрсеткіші – жаңа технологияға шет елдерде алынған лицензияларды пайдаланудың, халық шаруашылық тиімділігінің мөлшері, ол уақыт факторын, тауарлар өндіруге жұмсалған, лицензияларға төленетін шығындарды, есепке ала отырып анықталады.

Өндірісті халықаралық мамандандыру екі бағытта дамиды: өндірістік және аумақтық. Мамандандырудың негізгі  формаларының көрініс табуы: заттық (дайын өнім өндіру); бөлшекті (бөлшек, құрамдас бөлік өндіру); технологиялық  (жекелеген операциялар).

Мамандандырудың негізгі көрсеткіші салыстырмалы экспорттық коэффициент, ол мына төмендегі формуламен анықталады:

         Эо

К =  ______ ,   мұндағы                                                                          (1)

        Эм

 

Эо – елдің шетке  шығару тауарларының сыбаға салмағы;

Эм – тауарлардың  әлемдік экспорттағы сыбаға салмағы.

Әлемдік нарықта сыртқы экономикалық байланыстар мемлекеттің  саясатымен анықталады. Бірқатар тауарлар рынокқа түспейді де, сондықтан әлемдік бағаларға әсерін тигізеді, бәсекелестердің көп болуынан мамандандыру салыстырмалы төмен болады. Әлемдік рынокта нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттер маңызды роль ойнайды, ұлттық рынокты қорғайды, өз тауарларын шетке шығару саясатын жүргізеді, әлемдік рынокты реттеуде мемлекеттік-монополистік формаларын қолданады.

Әлемдік рыноктағы бағалар  жүйесі мына төмендегілерді қамтиды: өндірушілер  бағасы, көтерме сауда және бөлшек сауда бағалары, ішкі және экспорттық бағалар (шетке шығару бағалары ішкі рынок бағаларынан төмен, ол әлемдік рыноктағы өте қатал бәсекемен байланысты); өзара келісім шарт бағалары, ол белгілі сападағы тауардың жеткізуі мен төлеудің жағдайына сәйкес келетін нақты бағаны белгілеу – тауарлық биржаларда саудаланатын тауарлар бағалары; анықтамалық бағалар – сатушылар шикізаттық тауарларға жариялайтын бағалары; прейскуранттар мен баға анықтамалығы – тұтынуға және өндірістік бағыттағы дайын бұйымдар көрсеткіштері; ұсыныстар бағасы.

Халықаралық сауданың формалары  болып: тауарлық биржалар, баспа-бас  айырбас саудасы, ыңғайласпа сауда, лицензиялық сауда, шекара маңындағы сауда, халықаралық сауда-саттық саналады.

Елдің АӨК салаларының  қазіргі кезеңдегі бәсекелестік қабілеттерін талдау бәсекелестік артықшылықтарын  анықтауға мүмкіндік береді, оларды әлемдік рынокқа бірігу және ДСҰ шеңберінде сыртқы экономикалық қатынастарды ырықтандыру нәтижесінде АӨК-нің жекелеген салалары пайдаланылуы мүмкін.

Жалпы Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен  азық-түлік өндірісін талдау барысында  біздің ДСҰ-ға мүше болуымызды қарастыруымыз керек. Қазіргі кездегі АӨК-де қаржы-несие қатынастары қалай, ДСҰ-ға мүше болғанда қалай болмақ деген сұрақтар төңірегінде ой қозғауымыз керек.

Қазақстанға ДСҰ-ға мүше болу экономиканы әртараптандыру үшін қажет. ДСҰ ережелері шеңберінде өндірісті дамыту, өнімдерді сыртқы рыноктарға өткізуді, отандық өнімді шетке шығарушыларды қорғау мәселелерін жүргізу талап етіледі. Біздегі мемлекеттік қолдаудың түрлерін ДСҰ талаптары бойынша жіктеу мемлекеттік қаржылық қолдаудың 2006 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артқанын көрсетіп отыр. Дегенмен әлі де болса несиелік ресурстарды пайдаланғаны үшін пайыздық мөлшерлеме жоғары күйінде қалып отыр.(2005 ж.-20%, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде -3,5-4,5%)

Айта кететін бір  мәселе ДСҰ-ға кіру жағдайында біздегі аграрлық саясат құрылымдық шараларға бет бұруы керек: Мысалы, инфрақұрылымдарды (жол тізбектері, сумен қамтамасыз ету, байланыс т.б.) дамытуға, өндірушілер үшін нарықтық ақпараттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету, АӨК-нің барлық салаларына инвестиция салуға қолайлы жағдай туғызу. Олар АӨК-дегі қаржы-несиелік қатынастарды ДСҰ-ға қосылу барысында жетілдіруге жағдай туғызады, ДСҰ талаптарына қарсы келмейді және аграрлық сектордың бәсекелестік қабілетін жоғарылатуға бағытталған:

баға белгілеу саласында – «Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдеріне бағалар тепе-теңдігі туралы» Заң қабылдау; астықты, мақтаны форвардтық мәмілелер бойынша мемлекеттік сатып алуды қалпына келтіру (кеңейту);

несиелендіру саласында – қысқа мерзімді (ағымдағы шығындарға) және ұзақ мерзімді (негізгі қорларды толықтыруға) несиелендіруді қалпына келтіру; ипотекалық несиелендіруді енгізу; жеке қосалқы шаруашылық дамыту үшін микронесиелендіру шараларын дайындау;

лизинг саласында – техникаға лизинг мерзімін тозғанға дейін ұзарту, бірінші жарнаның мөлшерін 8-10%-ға дейін төмендету; кеден баж салығын және лизинг операциялары салықтарын төмендету; лизинг операцияларын жүргізетін ұйымдарға бірінші жылда алатын пайдасына салық мөлшерлемесін 90%- ға, кейінгі жылдарға 50%-ға төмендету; және т.б.

АӨК-ні салаларының әлемдік  рынокта бәсекелестік қабілетіне байланысты және олардың бәсекелестік әлеуетін кеңейту мүмкіндігіне қарай АӨК-нің  барлық салаларын үш негізгі топтарға бөлуге болады:

- бірінші топ – азық-түлікті шетке шығаруға бағдарланған және тамақ өнімдерін сыртқы рынокта сату үшін өндіретін салалар;

- екінші топ - әлемдік рынокқа өнімдердің бәсекеге қабілетті түрлерін өндіру үшін, тиісінше, өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуеті бар салалар;

- үшінші топ – негізінен халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету және ішкі рынок сұранымын қанағаттандыру үшін азық-түлік тауарларын өндіруге бағдарланған салалар;

АӨК-ін мемлекеттік қолдау шектеулі екенін және ДСҰ ережелерімен қатаң реттелетінін ескере отырып, азық-түлік рыноктарының жасырын  формаларын қолдауды дамыту мен реттеуге маңызды орын беру керек. Әсіресе, көтерме  сауда инфрақұрылымдары мен азық-түлік  рыногын дамытуға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Олардың даму деңгейінен, көп жағдайда, отандық азық-түліктердің ішкі және сыртқы рыноктардағы бәсекелестік қабілеті байланысты болатын белгілі.

 

Аграрлық өндірісті  ішкі және сыртқы рыноктарда мемлекеттік 

 реттеу

Әлемдік шаруашылықтарды қайта қалпына келтіру өндіріс пен халықаралық еңбектің бөлінуімен, ұдайы өндірістің жиынтық процесіне жаңа елдердің тартылуымен, әлемдік сауданың экономикалық өсудің бірден-бір маңызды факторына айналуымен және халықтың әр түрлі тауарлар мен қызметтерге қажеттілігін қанағаттандырумен заңдылықтармен алдын-ала анықталған.

Шаруашылық тұрмысты интернационалдандыру елдер арасында тауарлар мен жұмыс күштерін ғана емес, сонымен қатар, капиталдардың  да алмасуын күшейтеді. Капиталды әкелу  шекара арқылы құнның біржақтама алмасуы (тауар немесе ақшалай формада) болып табылады. Бұл процесс кәсіпкерлік пайда түсіру немесе пайыздар алу мақсатында жүргізіледі.

Осыған байланысты халықаралық  еңбектің бөлінуін елдер арасындағы аумақтық еңбектің бөлінуіндегі дамудың жоғарғы сатысы ретінде қарастыруға болады. Ол жекелеген елдердің тұрақты және экономикалық пайдалы мамандандырылған өндірісіне сүйенеді (белгілі өнім өндіретін) және олардың арасында өндіріс нәтижелерімен белгілі бір сандық, сапалық қатынастарда өзара алмасуға алып келеді.

Халықаралық еңбектің бөлінуіне  көмектесетін жиынтық факторлар  бар: табиғи жағдайлары бойынша табиғи байлықтардың таралуындағы айырмашылықтар; елдің географиялық жағдайы; еңбек  ресурстарының мөлшеріндегі айырмашылықтар; өндірістің тарихи дәстүрлері.

Құн заңы дүниежүзілік еңбектің бөлінуіне тауарлық өндіріс жағдайында қозғаушы күш болып табылады, себебі тауарлар интернационалдық құнды құрады және дүниежүзілік рыноктың заңына бағынатын  үйлесімде алмасады, о.і. құн заңына да сәйкес алмасады.

Әлемдік рынокты реттеуде, қоғамдық ұдайы өндіріс процесінің нақты жағдайын көрсететін оның жағдаяты (конъюнктурасы) маңызды роль ойнайды. Ол жағдаят құратын жиынтық факторлардың әсерімен қалыптасады.

Шаруашылық жағдаят  өндірістік капиталды, өндірістік ресурстарды, өнімді көп шығаруды және шаруашылықтың ұдайы өндіріс құрылымын қосады: рынок, оның сыйымдылығы мен құрамы (сатылатын өнім сипаты, халықтың саны, экономикалық даму деңгейі, еңбектің бөлінуі және т.б.); шаруашылықтың ұйымдық құрылымы (өндірісті және өткізуді мамандандыру, мемлекеттік-монополистік реттеу және т.б.); рыноктағы сұраным мен ұсыныстың жағдайы; өнімді сатудың коммерциялық жағдайлары.

Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын факторлар – экономикалық әлеует және экономиканың өсу қарқыны; өндіріс тиімділігі; халықаралық еңбектің бөлінуінде қатынасуы; ішкі рыноктың серпінділігі мен сыйымдылығы; ғылым мен техниканың даму деңгейі, техникалық жетістіктерді игеру қарқыны; қаржылық жүйенің айқындылығы мен икемділігі; экономиканы мемлекеттік реттеудің ықпалы; еңбек ресурстарының біліктілік деңгейі мен олармен қамтамасыз етілуі; әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси ахуал.

Бәсекелестік қабілеттің жоғары деңгейі экономикалық бизнестің  дамуымен, әлемдік сұраныстың дамуына  экономиканың және оның құрылымының бейімделуімен; ұлттық мамандандыруды анық таңдауымен; қатаң және мәні жоқ бәсекелестік күрестен бас тарта білумен; жаңа тауарлар шығаруға тез өтумен; жаңа рыноктарды игерумен; әлемдік сұраныстың ғаламдық құрылымын білумен және қажетті бағытта белсенді қалыптасуымен сипатталады.

Әлемдік тауарлы рыноктардың  пайда болу саласы және ішкі баға белгілеу құн заңымен сипатталады. Сонымен бірге, бағаларға басқа да көптеген факторлар әсер етеді: сұраныспен ұсыныстың ауытқуы, рыноктарды монополиялау, бағаны мемлекеттік негізде реттеу, инфляция және т.б.

Әлемдік рыноктарда құн заңы тек үрдіс ретінде жұмыс істейді: сұраныс ұсыныстан жоғарылаған жағдайда тауар бағалары өседі, ал сұраныс азайған жағдайда – төмендейді.

Информация о работе Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару мәселелері