Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 08:03, курсовая работа

Описание работы

Көп салалы экономика қалыптастыру және нарықтық қатынастарды дамыту аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруда, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуде, халықтың тамақ азық-түлігіне деген қажеттілігін қамтамасыз етуде және ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуде маңызды.
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндіру бойынша оның экономикасын дамытуға басым бағыттардың бірі болып саналады.
Дегенмен, ауыл шаруашылықты жүргізудегі экономикалық механизмнің жетілдірмегенінен ең алдымен, ауыл шаруашылық құрылымдарының басқа да шаруашылық субъектерімен экономикалық өзара қарым-қатынастарының жолға қойылмағанынан агроөнеркәсіптік өндірістік әлеуеті жеткілікті деңгейде пайдаланылмай келеді.
Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындарды, қайта өңдеу және рыноктың басқа да шаруашылық жүргізу субъектерін қайта қалыптастыру бұрыннан келе жатқан агроөнеркәсіптік интеграция мен шаруашылық жүргізудің кооперативтік формаларын өзгертіп жіберді. Шағын жеке шаруашылыққа бағдарлану басқа тиімдірек ұйымдық құрылымдарды қалыптастыруды тоқтатып тастады.
Жекеменшік пен шаруашылық жүргізудің жаңа формаларының өсуі баға теңсіздігінің, мемлекеттің басқару атқарымдарынан өзінен-өзі кетіп қалғанының ауыл шаруашылығына әкелген теріс әсерлерін осы күнге дейін азайта алмай отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне қазіргі қалыптасқан бағалар жұмсалған шығындарды қайтаруды және кеңейтілген ұдайы өндіріс үшін пайда алуды қамтамасыз етпейді.

Работа содержит 1 файл

Азык тулик.doc

— 408.00 Кб (Скачать)

ӘОЖ 631.15 (574.5)                                                                Қолжазба құқығында

 

 

 

 

НҰРМАНОВ АБДИАЛИ АЛДАБЕРГЕНҰЛЫ

 

 

 

 

Қазақстанда бәсекеге қабілетті  ауыл шаруашылығы мен азық-түлік  өндірісін басқару мәселелері

 

 

 

08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару

(қызмет салалары бойынша)

 

 

 

 

 

 

 

 

Экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған               

                                                        диссертацияның

 

                                                   АВТОРЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Қазақстан Республикасы

                                                         Алматы, 2009

 

 

 

Жұмыс Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде  орындалды

 

Ғылыми кеңесші:        экономика ғылымдарының докторы,  

                                       Е. Байбарақов

 

 

Ресми оппоненттер:      -  экономика ғылымдарының докторы

                                        Апсалямов Н.

 

- экономика ғылымдарының докторы 

                                   Молдашев А. Б.                    

 

                                        - экономика ғылымдарының докторы

                                   Саханова А. Н.

 

 

Жетекші ұйым   –    Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

 

 

 

Қорғау 2009 жылдың «27»  наурыз сағат 1400 Т.Рысқұлов    атындағы Қазақ экономикалық университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін іздену үшін құрылған Д.14.02.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде өтеді, мекен-жайы: 050035,  Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144  бөлме.

 

Диссертациямен Тұрар  Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің  кітапханасында танысуға болады.

 

 

Автореферат  «____» ақпан  2009 ж. таратылды.

 

 

 

 

Диссертациялық кеңестің

       ғалым хатшысы, э.ғ.д.                                               Темирбекова А.Б.                                                                                 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Көп салалы экономика қалыптастыру және нарықтық қатынастарды дамыту аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруда, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуде, халықтың тамақ азық-түлігіне деген қажеттілігін қамтамасыз етуде және ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуде маңызды.

Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндіру бойынша оның экономикасын дамытуға басым бағыттардың бірі болып саналады.

Дегенмен, ауыл шаруашылықты жүргізудегі экономикалық механизмнің жетілдірмегенінен ең алдымен, ауыл шаруашылық құрылымдарының басқа да шаруашылық субъектерімен экономикалық өзара қарым-қатынастарының жолға қойылмағанынан агроөнеркәсіптік өндірістік әлеуеті жеткілікті деңгейде пайдаланылмай келеді.

Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорындарды, қайта өңдеу және рыноктың басқа да шаруашылық жүргізу  субъектерін қайта қалыптастыру бұрыннан келе жатқан агроөнеркәсіптік интеграция мен шаруашылық жүргізудің кооперативтік формаларын өзгертіп жіберді. Шағын жеке шаруашылыққа бағдарлану басқа тиімдірек ұйымдық құрылымдарды қалыптастыруды тоқтатып тастады.

Жекеменшік пен шаруашылық жүргізудің жаңа формаларының өсуі баға теңсіздігінің, мемлекеттің басқару атқарымдарынан өзінен-өзі кетіп қалғанының ауыл шаруашылығына әкелген теріс әсерлерін осы күнге дейін азайта алмай отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне қазіргі қалыптасқан бағалар жұмсалған шығындарды қайтаруды және кеңейтілген ұдайы өндіріс үшін пайда алуды қамтамасыз етпейді.

Баға және несие-қаржы  механизмін сәйкестендірмеу аграрлық саладағы капитал айналымын тежеп тастады және бүкіл агроөнеркәсіптік кешенінің қаржылық жағдайын нашарлатып жіберді, тауар өндірушілердің біршама бөлігін рыноктан ығыстырды, өнімдерді бөлу атқарымын делдалдарға өткізді және, ең бастысы өндіріс тиімділігін төмендетіп жіберді.

Осының нәтижесінде  өндіріс көлемі, ауыл шаруашылығы  өнімдерінің түрлері, тамақтық азық-түліктер, ең алдымен мал шаруашылығы өнімдері өте қысқарып кетті.

Қазақстанның жан басына шаққандағы ет тұтынуы 2006 ж. 1990 жылмен салыстырғанда 1,9 есеге, ал сүт пайдалану – 1,6 есеге қысқарды.

Халықтың төлем қабілеті бар сұранысының төмендеуі азық-түлікті тұтыну құрылымын өзгертті және, соған тиісінше, өндіріс көлемі мен құрылымын (ауыл шаруашылығы өнімдер көлемін ұлғайтудың орнына қысқарту пайдалы болып қалды) да өзгертті. Соның салдарынан қайта өңдеу өнеркәсібінде жаңа проблемалар пайда болды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы шикізаттары жетіспейтін болды, қазіргі заманға сай технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету нашарлады. Соның арқасында әлемдік стандарттарға сәйкес, бәсекеге қабілетті, арзан және сапалы өнім өндіру төмендеді. Осыған байланысты ет және етті-майлы консервілермен қамтамасыз ету 34%-ға дейін, шұжық заттарымен – 50,2%-ға, ірімшіктермен – 85%-ға дейін, отандық жеміс-көкөніс консервілерімен – 81,2%-ға дейін төмендеді.

Қазақстанның әлемдік  экономика жүйесіне ғаламдануы мен интеграциялану қарқыны экономиканың тұрақты негіздерін қалыптастыруды талап етеді. Ол үшін басым бағыттарды таңдау барысында қолданылатын тұрақты даму индикаторларын, және қоғамдық дамуды қамтамасыз ететін стратегия (немесе тұжырымдама) дайындап, оны өмірге енгізу керек.

Қазақстанда тұрақты  даму стандарттарына бірнеше алғышарттар  бар; ғылыми-техникалық, білім, интеллектуалды, көп компонентті табиғи және экономикалық әлеуеттер. Оларды тиімді пайдалану  әлемдік процестерде бірігуге және тұрақты даму жолына шығуға мүмкіндік береді.

Бәсекелестік қабілетіне қарай орналастыруға (ранжирования) байланысты (жалпы ішкі өнім өндіру) Қазақстан әлемдегі жақсы дамыған  елдер қатарына кіреді. Бәсекеге қабілеттілік экономикалық өсу қарқынын, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін қолдауы тиіс.

Бәсекеге қабілетті  өндіріс үшін негізгі талаптар мына төмендегідей: прогрессивті технологияларды  пайдалану, басқарудың қазіргі заманға  сай әдістері, өндірістің икемділігін, ондағы процестердің тепе-теңдігі мен  үздіксіздігін қамтамасыз ету.

Бәсекеге қабілетті  агроөнеркәсіптік кешенді дамыту АӨК-дегі экономикалық механизмдердің теориялық-әдіснамалық  көзқарастарын талап етеді және соның негізінде бәсекеге қабілетті  саланың да дамуын, аграрлық саланың  экономикасын мемлекеттік басқаруды қарастырады. Әрине, мұның бәрі қаржылық қамтамасыз ету, салық салу және басқа да мемлекеттік экономикалық басқару әдістерін ескере отырып жүргізіледі, олар кешенді түрде жүргізілуі тиіс.

Агроөнеркәсіптік кешеннің осы және басқа да міндеттері біз  қарастырып отырған проблеманың өзектілігін және оның ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті өндіріс қалыптастырудағы практикалық мәнін көрсетеді.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Шетелдік және отандық экономикалық әдебиеттерде экономика ауыл шаруашылықты басқару және агроөндірістік қатынастардың жиынтығы деген дәрежеде сипатталады.

Экономикалық механизмдерді  іс жүзіне асыруда мемлекеттің экономикалық қызметі ерекше маңызға ие. Біз  қарастырып отырған проблема А.Г.Аганбегян, А.Арыстанбаев, Г.В.Атапчук, А.Бачурин, Е.Байбараков, И.Бенке, Л.Брю, Д.Валовой, В.И.Вадяпин, А.С.Гаврилов, И.Голышев, Г.И.Ломакин, А.Б.Молдашев, А.В.Писулин, Г.Х.Попов, П.Самуэльсон, И.С. Санду, А.А.Сатыбалдин, М.И.Сигарев, М.Д.Тинасилов, Ф.Шаповалов, Л.Эрдхард, Н.Н.Янжула және басқа ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.

Дегенмен, агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік экономикалық реттеудің теориялық-әдіснамалық  негіздері экономиканың жаһандану жағдайында және ДСҰ-на ену кезіндегі экономикалық механизмдер қалыптастыру барысында толық ашылған емес, бәсекеге қабілетті аграрлық саланы қалыптастыруда кешенді көзқарастар ойластырылмаған. Қазақстанның аграрлық сала экономикасын басқару механизмдерін жетілдіру керек.

Зерттеудің  мақсаты және міндеттері.

Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты Қазақстан аграрлық саласында басқарудың экономикалық механизмдерін қалыптастыру бойынша әдіснамалық тәсілдемелер, тәжірибелік ұсыныстар әзірлеу, ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінде анықтау болып табылады.

Осы мақсатты орындау үшін мына төмендегідей міндеттерді алға қойдық:

- аграрлық саланың  экономикасын басқаруды қалыптастырудың  теориялық және методологиялық (әдіснамалық)  негіздерін зерттеу;

- агроөнеркәсіптік өндірісті  басқару стартегиясын негіздеу;

- аграрлық өнімдер өндірісінің бәсекелестік қабілетін қалыптастыру;

- нарықтық қатынастар  жағдайында шаруашылық жүргізу  механизмінің экономикалық тиімділік  критерийлерін анықтау;

- Қазақстан агроөнеркәсіп  кешеніндегі бәсекеге қабілетті  өндіріс қалыптастыруды талдау;

- өнім және азық-түлік  өндіруде аграрлық саланы басқаруды  болжау және бәсекеге қабілетті экономика қалыптастырудың әдістемелік көзқарастарын дайындау;

- экономиканың жаһандануы жағдайында аграрлық өндірісті мемлекеттік басқарудың экономикалық әдістерін дайындау;

- бәсекелестік қабілеті бар азық-түлік тауарларын өндіруде қаржылық менеджменттің стартегиясын негіздеу және ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндіруде кластерлік жүйе қалыптастырудың баға және сақтандыру әдістерін жетілдіру.

Зерттеудің  пәні және объектісі – Зерттеудің пәні әлемдік экономиканың барысында Қазақстанда экономиканың ғаламдануы жағдайында бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндірісін басқару проблемалары болып саналады. Зерттеудің объектісі - ауыл шаруашылығы қайта өңдеу кәсіпорындары және агроөнеркәсіп өндірісі экономикасын басқарудың барлық жүйесі.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне әлемдік және қазақстандық ғалымдардың экономикалық теория бойынша іргелі еңбектері, ғылыми идеялары мен тұжырымдары алынды. Әлемдік экономиканың дамуы және ДСҰ-ға кіру жағдайында Қазақстанның агроөнеркәсіптік өндірісінің экономикасын басқарумен байланысты институциональдық қайта өзгертулер проблемалары да жұмысқа негіз етіп алынды. Бұл мәселелер ұлттық және азық-түлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Диссертациялық жұмыста  республиканың заңдық және нормативтік  актілері, әлемдік рынокта бәсекелестік қабілеті бар өнім өндіріп отырған елдерде жинақталған тәжірибелер пайдаланылды.

Зерттеудің ақпарттық  базасы – ҚР статистика бойынша  Агенттігі, министрліктер мен ведомстволардың, академиялық және салалық ҒЗИ  мәліметтері, тұжырымдамалар мен экономиканы  дамыту бағдарламалар және, ең алдымен  агроөнеркәсіптік кешені мен оның кәсіпорындарының ұйымдарын дамыту бағдарламалары, шетелдік және республикадағы мерзімді баспа материалдары, сондай-ақ ізденушінің көп жылдық экономикалық зерттеулер нәтижелері.

Зерттеу жұмысы талдау жүйесі мен экономикалық азық-түлік секторының жұмыс жасауын, оның субъектерінің интеграциялық өзара іс-әрекеттерін, бағалаудың сандық және сапалық әдістерін үйлестіре алатын синтездеуге негізделген.

Экономикалық зерттеулердің  жалпы-ғылыми әдістері мен тәсілдері қолданылды: монографиялық, экономико-статистикалық, баланстық, есепті-конструктивтік, болжау, эксперттік және басқалар.

Зерттеу республика агроөнеркәсіптік кешенінің экономикасы деңгейінде жүргізілді.

Диссертациялық  жұмыстың ғылыми жаңалығы

Жүргізілген зерттеулер экономикалық ғылымға үлес қосатын ғылыми нәтижелер алуға мүмкіндік берді:

 Экономиканың жаһандануы  барысында бәсекеге қабілетті аграрлық өндіріс қалыптастырудың теориялық-методологиялық негіздері анықталды:

- бәсекелестік қабілеті  бар аграрлық өнім өндіруге  жағдай туғызатын экономиканы  басқарудың жалпы принциптері;

- агроөнеркәсіптік кешенінің даму стратегиясының бағыттары;

- ДСҰ жағдайында бәсекеге қабілетті аграрлық өнім өндірісін қалыптастыруға методикалық тәсілдеме ұсынылған.

 Ресурстық әлеуетті  тиімді пайдалануды, экономикалық қатынастарды жетілдіруді ескере отырып, Қазақстан агроөнеркәсіптік өндірісін дамытуға болжам берілген:

- ауыл шаруашылығы  өнімдері мен азық-түлік өндіруде  бәсекелестік ортаны дамытудың  негізгі факторлары анықталған;

- агроөнеркәсіптік өндірістің  ресурстық әлеуетін талдау негізінде алдағы болашаққа азық-түлік тауарларын көбейту бойынша ұсыныстар берілген;

- ауыл шаруашылығы  тауар өндірушілері мен қайта  өңдеу кәсіпорындары арасында  кластерлік жүйе негізінде экономикалық  өзара қатынастарды жетілдіру  бойынша ұсыныстар дайындалған.

 Халықты, әлемдік  сапа стандарттарына сәйкес келетін  тағамдық азық-түлікпен қамтамасыз  етуге бағытталған ұсыныстар:

- бәсекелестік қабілеті бар аграрлық өндіріс қалыптастыру бойынша мемлекеттік реттеудің экономикалық әдістері анықталған;

Информация о работе Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару мәселелері