Қазақстан Республикасындағы төлем балансының қиыншылықтарын шешу және дамыту жолдары

Дата добавления: 05 Января 2012 в 07:58
Автор: y********@mail.ru
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (61.60 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Төлем балансы. КУРСОВАЯ 07.doc

  —  216.00 Кб

       Айта кететін жағдай, тауар экспортының өсуі негізінен баға факторына байланысты болады. 1996 жылғы тауар тобының бағасының өсуі мұнай мен мұнай шикізаттарының бағасының өсуіне байланысты. 1996 ж.1-кварталда 1 тонна мұнай 90,7 млн. доллар болса, 2-кварталында 12,7%-ке (102,2 доллар), 3-кварталда 106,8 долларға (104,5%) өсті. Барлығын қоса алғанда, 1996 ж. 1995 жылмен салыстырғанда мұнай өндірудің көлемі 3685 мың тоннаға, яғни 388,7 млн. долларға өсті.

       Сонымен, 1993 жыл мен 1995 жыл аралығында Қазақстан кәсіпорындарының басқа әлемге қарызы 50,3%-ке қысқарды. [2-64]

     2003-ші жылы Қазақстанның сырткы сауда айналымы 21,2 млрд. АҚШ долларын құрап, 2002-ші жылмен салыстырғанда 31%-ға өсті. Соның ішінде экспорт -12,9 млрд. доллар (33%-ға), импорт 8,3 млрд. доллар (28 %-ға) өсті. Экспорттың жалпы көлеміндегі ТМД елдерінің үлесі 22,9%-ды құрады. Қазақстан өнімдерін негізгі сатып алушылар: Бермуд аралдары  (7%), Ресей (15,2%), Швейцария (13%), Қытай (12,8%) болып табылды. [14-30]

       2003-ші жылы барлық импорттың 42,1%-ы ТМД елдерінің еншісіне келеді. Бұл көрсеткіш 2002-ші жылы 46,7% құрады. Импорт өнімдерін негізгі жеткізушілер болып табылатындар: Ресей-39,3%, Германия-8,9%, Қытай-6%, АҚШ5,6%, Украина-3,9%, Англия3%, Италия-2,9%, Түркия-2,6%, Жапония-2,4%.

         2003-ші жылғы Қазақстан экспортының басты тауары мұнай мен газ конденсаты болды. Мұнай мен газ конденсаты экспортының 2003-ші жылғы көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда заттай күйінде 13%-ға өсті. Сөйтіп экспорттың құрамында минералдық өнімдердің үлес салмағы 65%-ға жетті, металлдардың үлес салмағы 20% болды.

       2004 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда саласында айтарлықтай өсу динамикасы байқалған. Жоғары баға жағдайында сыртқы сауда айналымының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,5 еседен артық шамаға өсіп, 32,9млрд. долларды құрады. Өткен жылы экспорт 56% өсіп, 20,1 млрд.долларды құраса, импорт 52% өсіп, 12,8 млрд. АҚШ долларына тең болды. Сыртқы сауда сальдосы 7,3 млрд. долларға жетті. [18-209]

       Экспорттың жалпы көлеміндегі ТМД елдерінің үлесі 23% құрады. Ал Қазақстан өнімдерін негізгі сатып алушылар болып табылатындар: Швецария 17,4%, Ресей 15,4%, Қытай 12,2%, Франция 7,3%, Италия 11,4%, Иран 4,3%, Виген аралдары 4,1%.

       2004 жылғы қаңтар – мамырдағы барлық импорттық жеткізілімдердің 49,6% ТМД елдерінің еншісінде. Өткен жылы ол 46,6% құрады. Импорт өнімдерін негізгі жеткізушілер болып табылатындар: Ресей-38,8%, Германия - 8,5%, Қытай - 6,0%, Украина - 5,9%, АҚШ - 5,0%, Жапония - 3,2%, Корея- 2,8%, Италия- 2,7%.

       2004 жылдың қаңтар – мамырында ТМД елдерімен сыртқы сауда айналымы – 3858 млн.доллар құрады және өткен жылмен салыстырғанда 57%-ке өсті соның ішінде экспорт - 1621,8 млн.доллар, импорт - 2236,2 млн.доллар құрады. Жалпы товар айналымдағы ТМД мемлекеттерінің үлесі – 33% болды. Дүниежүзінің басқа елдермен сыртқы сауда айналымы – 7689,7 млн.АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 40%-ке өсті.Соның ішінде экспорт 5418,0 млн.доллар 39%-ға өсті, импорт 2271,7 млн.доллар 43%-ға өсті.

       Оң экономикалық тенденциялар және энергоресурстарға деген жоғарғы баға БҰҰ мемлекеттеріндегі сыртқы сауданың көтерілуіне ықпал жасады. 2005 жылдың қаңтар – қараша айлары аралығында 2004 жылдың аналогтық мерзімімен салыстырғанда экспорттын жалпы көлемі 29%-ға , соның ішінде импорт 26%-ға өсті.

      2005 жылдың қаңтар – қараша аралығында сауда балансының оң сальдосы Қазақстанда, Ресейде және Түркіменстанда қалыптасты. 2004 жылдың аналогтық мерзіммен салыстырғанда ол Қазақстанда 46%-ға өсіп, 9,4% млрд.АҚЩ долларын құрады. Қалған елдерде сауда балансының сальдосы теріс нәтиже беріп оның неғұрлым көп дефициті Грузияда ,Украинада қалыптасты. [15-25]

      2005 жылдың қаңтар-қарашасында ТМД мемлекеттері арасындағы тауар саудасы 2004 жылдың аналогтық кезеңімен салыстырғанда өсті. Бұрынғысынша тауарларды экспорттайтын және тұтынатын заттардың көп үлесі Ресейге тиіп отыр. [15-31]

  2005 жылдың қаңтар-қараша аралығында ТМД мемлекеттерімен сауда сальдосы сол нәтижелі болып отыр, осы жылдың қаңтар-қараша аралығындағы ТМД мемлекеттерінің басқа мемлекеттерге тауар экспорты алдыңғы жылдың қаңтар-қараша айымен салыстырғанда шамамен 34%-ке жоғарылады, ал импорт 36%-ке жоғарылады. Басқа елдермен активті сауда байланысын Қазақстан және Ресей алып отыр. [15-32]

      Осы уақыт аралығында Қазақстан 45,3 млн. тонна шикі мұнай экспорттады және бұл 2004 жылмен салыстырғанда 6% -ке жоғары. Оның ішінде мұнай өнімдер 3,1 млн.тонна құрады. [15-36]

      Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы 2006 жылдың қаңтар-ақпан аралығында 6981,2 млн.АҚШ доллар құрап, алдыңғы жылдың ақпан-қаңтарына қарағанда 20,8%-ға өсті.

      Қазақстандық өнімдердің негізгі сатып алушылары: Швецария -20,4%, Италия - 19,1%, Ресей- 9,5%, Франция - 8,4%, Қытай - 8,2%, Нидерландия 4%, Иран 3,8%, Испания 3,7%, Израиль-2%, Ұлыбритания және Румыния - 1,9%, Германия және Виргин аралдары - 1,5%, Канада - 1,3%.

      БҰҰ мемлекеттерінің осы есептеліп отырған мерзім аралығындағы экспорттың жалпы үлесі 13,4% құрайды және бұл 2005 жылдың ақпан-қаңтарында 19,1% көрсетті. [16-18]

      2006 жылдың қаңтар-ақпан аралығындағы инвестициялық тауарлардың жалпы көлемі 1097,3 млн.доллар немесе 43,9%-ті құрады. Ал бұл 2005 жылдың қаңтар-ақпанында 1012,4млн.доллар немесе 47,6%-ін құрады.

      2006 жылдың қаңтар-ақпанында ТМД мемлекеттері арасындағы сыртқы тауар айналымы 1822,6 млн.долларды құрап,алдыңғы жылмен салыстырғанда 9%-ке өсті.Соның ішінде экспорт 602,2 млн.долларды құрап, 13,5%-ға азайды, ал импорт 1220,4млн.долларды құрап, 25,1%-ға өсті.

      Жалпы тауар айналымдағы ТМД мемлекеттерінің үлесі 26,1%-ке тең болды. Ал бұл алдыңғы жылы 28,9% қамтыды.

      ТМД мемлекеттері минералды өнімдердің,  химиялық және металлургиялық өндірістің негізгі жеткізушілері болып табылады: бұл мемлекеттерден минералды ресурстар бойынша импорт үлесі 2006 жылдың қаңтар-ақпанында - 92%, металлургиялық өнімдері - 57%, тұтыну тауарлары - 53%, химиялық тауарлар - 44% құрайды.

      2006 жылдың қаңтар-ақпанында басқа мемлекеттермен сыртқы тауар айналымы 5158,6 млн.АҚШ долларын құрады және бұл өткен жылдың аналогтық мерзімімен салыстырғанда 25,6%-ға өсті, оның ішінде экспорт 31,3% -ға өсіп, 3878,9 млн.АҚШ долларын құрады, ал импорт 1279,7 млн.АҚШ долларын құрап 11,1%-ке өсті. [16-19]

      Мемлекеттің сұранымдарын қанағаттандыруда басқа елдер негізгі тауарлармен қамтамасыз етуде үлкен рольге ие: бұл елдерден машина құрылысы бойынша импорт үлесі 2006 жылдың қаңтар-ақпанында 68% құрады, формацевтикалық тауарлар 85% ,киім 88%, тұтыну тауарлары 47% көрсетілген импортта құрады. [16-20]

      Салыстырмалы түрде қарастырсақ, 2005 жылы Қазақстанда сыртқы сауда балансы 1522,3 млн.АҚШ долларына тең болды. Ал Ресейде сыртқы сауда балансының сальдосы 19179,1 млн.АҚШ долларын құрады.

      2006 жылы Қазақстанда экспорт көлемі 4481,2 млн.АҚШ долларына, ал импорт көлемі 2500,1 млн.АҚШ долларына тең болды .Жалпы сыртқы сауда балансының сальдосы 1981,1 млн.АҚШ долларын құрап оң көрсеткішке ие болды.

      Ал Ресейде экспорт көлемі 42455,2 млн.АҚШ долларын, импорт көлемі 14336,6 млн.АҚШ долларын құрады. Соның нәтижесінде, сауда балансының сальдосы 28118,6 млн.АҚШ долларына тең болды.

      Жалпылап қарастыратын болсақ, 2005 жылы Ресей мен Қазақстан арасындағы сыртқы сауда балансындағы айырмашылық 17656,8 млн.АҚШ долларына тең болды.

      Ал 2006 жылы бұл айырмашылық 26137,5 млн.АҚШ долларын құрады. 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда бұл айырмашылық 8480,7 млн. АҚШ долларына жоғарлаған.

      Сонымен 2006 жылы импортты экспорттың жабу деңгейі ТМД мемлекеттер арасында 203% құрады. Ал бұл көрсеткіш алдыңғы жылдың қаңтар-ақпанында 199% құрап еді. [16-14]

      Осылардың нәтижесінде біз елдің сауда балансын құрайтын экспорт және импорт мөлшерінің кезеңдік қозғалысын көре аламыз. Өз алдына сауда балансы төлем балансының маңызды тармағы екені белгілі және бұл мемлекеттің төлем балансына тікелей түрде ықпал етеді және байланыстырылады.  Осыған байланысты Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар саласындағы орнын тұрақтандырып, ролін мейлінше арттыру бағыттарында қолға алатын жұмыстар жеткілікті. Соның бірі Дүниежузілік Сауда Ұйымына өтуі оның ең маңызды стратегиясы болып табылады.

      Сонымен, Қазақстан Дүниежүзілік Сауда Орталығынан маңызды әдістер алуы – сыртқы сауданың дамуы мен төлем балансына байланысты мәселелерді тиімді шешуі  болып табылады.  [6-38]                                                                              
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ , ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 

2.1.Қазақстан Республикасындағы төлем балансының негізгі мәселелері 

           Кез-келген мемлекет өзінің сыртқы әлеммен байланыс орнатуының статистикалық нәтижесінде белгілі бір уақытта төлем және сауда балансының тапшылығына ұрынуы мүмкін.

          Сауда балансындағы салыстырмалы бағадағы өзгерістің әсері – құнсыздану сауда балансын нашарлатады. Сауда балансының теңдеуін былайша жазалық:

      NX=X*ePf/P*Q

      Мұндағы Х – біздің тауарға деген шетелдік сұраным, Q – біздегі импорт санын білдіреді. Е(Рf /Р)*Q – біздің импорттың құнын өлшейді.

      Айырбас құнсыздарды, ең алдымен елдегі және шет елдегі бағалар Р және Рf өзгерген жоқ делік. Импорттың салыстырмалы бағасы – еРf /P өсті. Бұдан екі нәтиже туындайды. Егер импорттың физикалық көлемі өзгермесе, оның елдегі ақшамен өлшенген құны бағаның жоғары болуына байланысты өседі. Физикалық импорттың көлемі өзгермеген кезде Q-дің бағасы жоғары болуы импорт шығынының көбейгені және сауда балансының айырбастың құнсыздануына орай берілген кері жауабы болып табылады. Импорттың салыстырмалы бағасының өсуі бәсекелестігімізді арттырып, біздің тауарға сұраныс пайда болады. Алмастыру көлемінің нәтижесі сауда балансының жағдайын жақсартады.

      Ендігі сұрақ осынау көлем нәтижелері баға нәтижесінен артық па немесе құнсыздану таза экспортты өсіре ме, әлде төмендете ме дегенге саяды. Бұл сұрақтың жауабы мынадай: қысқа мерзімді көлем нәтижесі айталық, бір жылғы өте төмен деңгейдегі баға нәтижесінен артық емес. Ұзақ мерзімді көлем нәтижесі, керісінше, әжептәуір болады. Сондықтан, сауда балансын салыстырмалы баға деңгейіне сәйкестендіре алады.

      Мұны іске асыру мынадай жолмен жүргізіледі.Бұл біріншіден, төменгі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді көлем нәтижелерінің тұтынушылар мен өндірушілердің салыстырмалы бағаны реттеуіне байланысты. Кейбір реттеулер жедел жүргізіледі. Алайда мәселен, туризмді алатын болсақ, оны реттеуге 6 ай немесе 1 ай уақыт кетеді. Ал өнімді таратып, оның халықаралық бағасын, шығынын реттеуге жылдар қажет. [9-543]

      Саудадағы салыстырмалы бағаны реттеуде артта қалушылықтың болуы мүмкін.  Бұл артта қалушылық сауда балансындағы салыстырмалы бағаға қалай әсер етуі мүмкін деген сұрақ туындайды. Айталық, тапшылықтан бастап импорт бағасын көтеретін құнсыздану басталды делік. Қысқа мерзімді нәтиже шамалы, сондықтан сауда балансы алғашқысында нашарлайды. Уақыт өте келе көлемі салыстырмалы баға өзгерісіне қарай реттелгенде экспорт артып, импорт көлемі төмендей бермек.  Яғни, ұзақ мерзімді көлем нәтижесі басым болып, сауда балансы жақсарады. Осыған байланысты үкімет айырбас курсына ықпал ету үшін әртүрлі себептермен оның ісіне араласады. Мұндағы себептердің бірі – Ұлттық Банктер саудаға ықпалын жүргізу үшін нақты айырбас курсын қозғайды. [9-546]  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2 Қазақстан Республикасындағы  төлем балансының қиыншылықтарын                                       шешу және дамыту жолдары.

       Төлем балансындағы жалпы тапшылық деп ағымдағы есеп пен капитал қозғалысы саясатының сомасы ретіндегі мемлекет резиденттерінің щет елдіктерге елеулі төлем жұмсап және өздері де олардан төлем алатынын айтамыз. Жалпы төлем балансы тапшылықта болған кезде мемлекеттің шет елдіктерге едәуір шет ел валютасын төлеуіне тура келеді. Тұрақты курс жүйесінде Ұлттық Банк ресми тұрақты айырбас курсынан туындайтын төлем балансының тапшылығын қаржыландырады. Баға құнын тұрақты ету үшін шет ел валютасын молынан жинақтай отырып, оны қажет кезінде өз ақшасына алмастыруды қамтамасыз ету керек. [9-121]

Описание работы
Төлем балансы деген белгiлi бiр уақыт аралығында мемлекеттiң шетелге төлеген валюталық сомасымен оған шетелден түскен соманың арақатынасы. Белгiлi бiр мерзiмiнiң және бiр күндiк төлем балансы болады.
Төлем балансы қосарлы шот принципі бойынша жасалады, яғни барлық экономикалық мәмілелердің екіжақты жазбасы болып табылады. Бұл жағдайда кез келген мәміленің екі тарабы болады: егер сіз өзініңіздің шетелдік әріптесіңізден бірдеңе сатып алсаңыз, сіз оған төлеуге тиіссіз, ал ол өз кезегінде сізден алған ақшаны қалайда пайдалануға – не оны жұмсауға, не банктегі шотқа салуға тиіс.
Содержание
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ, ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДАДАҒЫ БАЙЛАНЫС
1.1Төлем балансының шоты және оны мемлекеттік реттеу................................4
1.2Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы........................8
1.3 Қазақстан Республикасының және ТМД мемлекеттерінің сыртқы сауда
айналымын талдау................................................................................................13 2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының негізгі мәселелері......18
2.2 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының қиыншылықтарын шешу және дамыту жолдары................................................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................26