Қазақстан Республикасындағы төлем балансының қиыншылықтарын шешу және дамыту жолдары

Дата добавления: 05 Января 2012 в 07:58
Автор: y********@mail.ru
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (61.60 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Төлем балансы. КУРСОВАЯ 07.doc

  —  216.00 Кб

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3 

1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ, ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДАДАҒЫ БАЙЛАНЫС

1.1Төлем балансының шоты және оны мемлекеттік реттеу................................4

1.2Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы........................8       

1.3 Қазақстан Республикасының және ТМД мемлекеттерінің сыртқы сауда

  айналымын талдау................................................................................................13 2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

2.1 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының негізгі мәселелері......18

2.2 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының қиыншылықтарын шешу және дамыту жолдары................................................................................20

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................26

 

КIРIСПЕ

 

     Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында  халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интернационалдануы және жаһанданумен сипатталады. Халықаралық валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта және ең басты элементтердің бірі төлем балансы жатады.

     Төлем балансы деген белгiлi бiр уақыт аралығында мемлекеттiң шетелге төлеген валюталық сомасымен оған шетелден түскен соманың арақатынасы. Белгiлi бiр мерзiмiнiң және бiр күндiк төлем балансы болады.

       Төлем балансы қосарлы шот  принципі бойынша жасалады, яғни  барлық экономикалық мәмілелердің екіжақты жазбасы болып табылады. Бұл жағдайда кез келген мәміленің екі тарабы болады: егер сіз өзініңіздің шетелдік әріптесіңізден бірдеңе сатып алсаңыз, сіз оған төлеуге тиіссіз, ал ол өз кезегінде сізден алған ақшаны қалайда пайдалануға – не оны жұмсауға, не банктегі шотқа салуға тиіс.

     Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы, халықаралық валюталық қатынастағы төлем балансының құрылымын талдау және ұлттық экономикадағы төлем балансының оң сальдосының маңыздылығын түсінудің қажеттігі болып табылады. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де зор әсер етедi. 
 
 

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ,                                        ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ

САУДАДАҒЫ БАЙЛАНЫС 

1.1 Төлем балансының шоты және оны мемекеттік реттеу әдістері 

        Белгілі бір мемлекеттің төлем балансы – бұл олардың резиденттерінің арасындағы және сыртқы әлеммен жасалған экономикалық келісімдерінің белгілі бір мерзімдегі статистикалық есеп берулері болып табылатыны белгілі. Төлем балансында ағымдағы операциялар есебі – NX, капитал қозғалысының есебі – KA және арнайы резервтік активтердің өзгерісі – ΔR белгісімен есептеледі. NX және КА сомаларын негізінде арнайы есеп беру шотының балансы деп те атайды.

 BP=NX+KA

         Егер, арнайы есеп беру шотының балансы шетел тауарларының таза сатып алымдарын, қызмет көрсетулер және активтерін көрсетсе, валюталық реттеу органдары дисбалансты орталық банкте сақталып тұрған шетел валюталарының резервтерін пайдалану арқылы қаржыландырулары керек.

 NX+KA=ΔR

     Өзіне арнайы резервтік активтерді кірістірген жағдайда оның жалпы сомасы нөлге тең болады. Ағымдағы есеп балансы сыртқы келісімдердің масштабтары мен бағыттарын анықтайтын болғандықтан, ол төлем балансының жағдайын көрсететін негізгі көрсеткіш болып табылады. Елдің импортты экспорттан асып түскен жағдайда ағымдағы операциялар балансының дефицит көлеміне сәйкес теріс ағымдағы операциялар балансы сыртқы саудадағы борыш есебінен жабылуы тиіс. [12-147]

 Сонымен, операциялар шотын (NX) оны қаржыландыру көзінің негізгі сомасы ретінде қарастырған жағдайда мынаған ие боламыз:

 NX=ΔR-ΔKA=ΔNFA,

     Бұл жерде: ΔR – таза резервтердегі шетел валютасының өзгерісі;

     ΔКА – таза ликвидті міндеттемелердің сыртқы әлем алдындағы өзгерісі (капитал кірісі мемлекеттің басқа мемлекеттер алдындағы ликвидті міндеттемелерінің өскенін білдірсе, капитал шығысы елдің басқа мемлекеттерге ликвидті міндеттемелерінің өскенін білдіреді).

     ΔR және ΔKA арасындағы айырмашылық мемлекеттің таза шет елдік активтеріндегі өзгеріс көлемін көрсетеді (ΔNFA). ΔNFA – мемлекеттің басқа елдерге ликвидті міндеттемелер көлемінің таза өсімі.

     NX мемлекеттің таза сыртқы активтерінің қаншалықты өскенін көрсетеді. Егер мемлекеттің ішкі шығындары оның түсімдерінен аз болып және NX оң нәтижелі болған жағдайда мемлекеттің басқа елдерге ликвиті міндеттемелері өседі. Ағымдағы операциялар шотының оң сальдосы шетелдік валюталық резервтердің және мемлекеттің кірістер көлемінің азайғанын көрсетеді.

     Егер NX оң болып және мемлекет халықаралық қаржы нарығында кредиттер берген жағдайда оның жағдайы өседі.Себебі шетелдіктер осы мемлекеттің экспортының әрбір бірлігін бүгінде өздерінің импортымен төлемей, соңында осы алынған кредиттер пайыз көлемінің өсуімен үлкен сомада төленеді.

     Егер NX теріс болып, мемлекет халықаралық қаржы нарқында борышты болған жағдайда оның жағдайы төмендейді.

     Сонымен қатар, NX=ΔR – ΔKA=ΔNFA теңдігінде ұзақ мерзімдік кезеңдегі ағымдағы операциялар балансының күнделікті дефицитінің нәтижесі теріс көлемде болуы мүмкін таза шет елдік активтер көлемінің қысқаруына алып келеді. Осының нәтижесінде мемлекет нетто-қарызгерге айналып мемлекет алдында қарызды қалай төлеу керек туралы проблема туындайды.

     Теңдікті жалғастыра отырып, мынаған ие боламыз:

     (Sp-I)+(T-G)=ΔNFA

     Жеке сектордағы инвестициялар және жинақтарды тең деп пайымдайық. Бұндай жағдайда мемлекеттік бюджеттің артықшылықтары мемлекеттің басқа елдерге қатысты міндетті төлемдерінің өсуін көрсетеді. Ол сыртқы қарыздың азаюымен немесе шет елдік валюталық резервтердің көбеюімен сипатталады. [12-148]

     Осыған байланысты төлем балансының жағдайына ықпал етудің бірнеше негізгі әдістері бар.

      Бірінші – тікелей бақылау, регламенттік импортты қосқанда (сандық шектеулер арқылы) және кедендік т.б. жинақтар, шетелге шетелдік инвестициялар арқылы және ақшалай трансферттер арқылы жеке адамдардың пайда келтіруіне тыйым салу және шектеу; осындай көмектің күрт қысқартылуы, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді капиталдың шығарылуы және т.б.

     Тікелей бақылаудың бұл түрі елдің көптеген фирмаларына (қатты) үлкен қиындықтар және өшпенділіктер туғызады.

     Қысқа мерзімді жоспарда төте бақылау жақсы нәтиже береді.

     Ұзақ мерзімде бұл әдістер жағымды және жағымсыз нәтиже туғызады. Жергілікті өндірушілерге “қолайлы жағдай” жасау шетел инвесторларының табыстарын өткізуге тыйым салу олардың қызығушылығын төмендетеді. Сондай-ақ шетелдік мамандарды тартуда қиындықтар туындайды.

     Отандық экспортёрлар үшін шетелдерге тауар және қызмет көрсету жүйелерінің кеңеюіне кедергілер келтіреді.

     Бұл өшпенділік туғызбайды, керісінше, тікелей шара отандық фирмалар мен экспорттың көмек қаражат (субсидия) жасалуын қолдайды. Бірақ ол қымбатқа түседі, оның қолданылуы мемлекеттің бюджетіне байланысты.

     Мемлекеттік ықпалдың келесі әдісі – дефляция (инфляциямен күрес), ішкі экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған, бірақ жанама әсер төлем балансынын жағдайын жақсартады. Дәстүрлі дефляция саясат көпшілігінде өндіретін көлемін төмендетеді, импорттың қысқаруына және экспорттың өсуіне әкеп тірейді.[2-67]

     Сол мемлекеттерде несие-банк жүйесі дамыған болса, қысқа мерзімді капиталды келуге ықпал етеді.

     Бірақ дефляция, сонымен қатар, қарама-қайшы жағдайлар да туғызады.                                                              Мысалы:  ұлттық валюта айырбас курсы жоғарылайды, ол импорттың көбеюіне жол ашады. Бірақ ұлттық валютаның курсының өсуі мемлекетте экспорттық табысты төмендетеді. [2-68]

     Күшті экономикалық дағдарыстарды болдырмау үшін мемлекет тарапынан валюта курсынын тұрақты және “қалқымалы”курсына қатаң бақылау жасалуы керек.

     Төлем балансы тапшы елдер мынадай саясаттарды қолдануы тиіс:

        1.Дефляциялық саясат: бюджеттік шығындарды қысқартады; ішкі сұранысты қысқартады; жалақыны және бағаны ұстап тұрады.

     Ал, негізгі құралы-қаржы және ақша-несие шаралары. Бюджет тапшылығының қысқаруы ұлттық банктің ставкасының өзгеруі, несиенің шектелуі, ақша массасының өсуі шегінің белгіленуі. Бірақ жұмыссыздықтың өсуі және өндіріс күштерінің толық пайдаланылмауы өндірістің төмендеуіне жұмыс күшін қамсыздандыруының төмендеуіне ықпал етеді.

     2.Девальвация (құнсыздану). Бұл саясатта ұлттық валюта курсының төмендеуі, экспорты ынталандыру, импорттық тауарды шектеуге бағытталады.

     3.Валюталық шектеу. Экспортерлер экспорттан түскен пайданы кенінен пайдалана алмайды. Белгілі бір мөлшерін мемлекеттік ұлттық банкке сатуға тисті. Ал қалғанын өзі пайдалана алады.

     4.Каржы және ақша-несие саясаты. Төлем балансының тапшылығын азайту үшін экспортерлерге бюджеттік субсидия қолданылады. Импорттың салыққа протекционистік көтерме, пайыздық салықты алып тастау,  құнды қагазды шетел иеленушілерге төлеу.

     5.Төлем байланысына қатысты қолданылатын мемлекеттік ықпалдың арнайы шаралары оның негізгі баптарынын сауда балансынын қалыптасуына байланысты ”көрінбейтін” операциялар және капитал қозғалысы. [2-68]

Капитал қозғалысы балансы – қаржылай құйылымдарын көрсетеді.

Сауда баланысы:

  1. Активті – біздің елге келетін кірістер.
  2. Пассивті – біздің елден кетіп жатқан шығын.

     Сауда балансының жағдайы анықталған кезеңдегі мемлекеттің сыртқы экономикалық жағдайын мәлімдейді. Сондықтан да мемлекет оны үнемі реттеп отыруы қажет. Ол үшін мемлекет импорттық және экспорттық операцияларға тікелей бақылау орнатады. Салықты реттеу, табыстарды ауыстыруға тыйым салады т.б.

     Квоталық  –  тауарлардың санын шектеу.

     Төлем балансына мемлекеттік ұлттық валютаның айырбас бағамын реттеу арқылы әсер етуі:

     Револьвация - ұлттық валюта бағамын жоғарлату.

     Девольвация - ұлттық валюта бағамын төмендету.

     Төлем балансының экономикаға әсер етуі валюта бағамына әсер ету арқылы жүреді. Шынында да сальдоның өз алдына тек сандық сипатымен статистикалық мәні болады, оның еш экономикалық мағынасы жоқ. Ал валюта бағамы елдің тауар айналымын жүргізеді. Ол елдің ішіндегі өзінің бес функциясын орындауына бағамымен әсер етуінде. Себебі қазіргі заманда әлемдік экономикаға қатысу елдің жалпы дамуының негізгі алғышарттарының бірі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Страницы:12345следующая →
Описание работы
Төлем балансы деген белгiлi бiр уақыт аралығында мемлекеттiң шетелге төлеген валюталық сомасымен оған шетелден түскен соманың арақатынасы. Белгiлi бiр мерзiмiнiң және бiр күндiк төлем балансы болады.
Төлем балансы қосарлы шот принципі бойынша жасалады, яғни барлық экономикалық мәмілелердің екіжақты жазбасы болып табылады. Бұл жағдайда кез келген мәміленің екі тарабы болады: егер сіз өзініңіздің шетелдік әріптесіңізден бірдеңе сатып алсаңыз, сіз оған төлеуге тиіссіз, ал ол өз кезегінде сізден алған ақшаны қалайда пайдалануға – не оны жұмсауға, не банктегі шотқа салуға тиіс.
Содержание
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ, ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САУДАДАҒЫ БАЙЛАНЫС
1.1Төлем балансының шоты және оны мемлекеттік реттеу................................4
1.2Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы........................8
1.3 Қазақстан Республикасының және ТМД мемлекеттерінің сыртқы сауда
айналымын талдау................................................................................................13 2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының негізгі мәселелері......18
2.2 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының қиыншылықтарын шешу және дамыту жолдары................................................................................20
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................26