«Директ-костинг» жүйесінің теориялық негізі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 20:38, контрольная работа

Описание работы

Алғаш рет шығындарды тұрақты және айнымалы деп неміс ғалымдары Т:Е.Клипштейн, О.Шманбах және Г.Гесс бөлді. Бірақ олар бұл классификацияның шарттарын нақты құра алған жоқ. Шығындарды өндірістің көлемінің өзгеруіне байланысты тұрақты және айнамалыға бөліп нақты құрған 1923 жылы Дж. Кларк болды.

Работа содержит 1 файл

Директ-костинг 1-2 болим.docx

— 84.13 Кб (Скачать)

    Маржиналдық қор рентабельдігі пайыз түрінде  көрсетіледі. Маржиналдық қор =ақша бірлігінің маржиналдық қоры/ түсімнің жалпы сомасы.  

    Ұйымның зиянсыздық нүктесі келесі формула арқылы анықталады: 

         K=C:(R-VI)/pI=C-pI/dM                              (15) 

    3) Графикалық әдіс. Жалпы, айнымалы және тұрақты шығындардың өнімді өткізуден түскен пайдасымен байланысын, маржиналдық табыс және негізгі қызметтен түскен пайданың арасындағы байланысты көру үшін графикалық әдіс қолданылады.  Координаттың вертикаль бойымен (У) өзіндік құн және өткізуден түскен түсім, горизонталь бойымен (Х) – натуралды өнім көлемі көрсетілген.

    Тұрақты шығынды жүргізу үшін А нүктесін белгілейміз, ол горизонтальды оське  параллель болады. Түсім сызыын салу О нүктесінен ДNнүктесіне дейін сызық жүргіземіз. Ал тұрақты шығындар сызығын салу үшін Б нүктесі бойымен абциссаға параллель түзу жүргіземіз. Графикалық әдіске сәйкес табыс пен пайда арасындағы байланыс 7-суреттен көрініс тапты.  
 
 

    

    

      
 

    

      

    

      

      

      
 
 
 

      

    Сурет 7. Өндірістің зиянсыздық нүктесін анықтау графигі 

    «Директ-костинг» жүйесі негізінде басқару шешімін  қабылдау келесі сатылардан тұрады:

    - Төменгі сату бағасымен қосымша тапсырыс алу туралы шешімді негіздеу. Бұндай шешім қабылдау өндірістің төмендеу жағдайында пайда болады. Сондықтан басқарушы алдында төмен бағамен тапсырыс алу керек пе деген сұрақ тұрады. Басқа жағдайда ол тапсырыс қабылдаудан бас тартады. Егер ұйым өндірісі төмендеп, нарықта бәсекелестердің көбеюіне байланысты тапсырыс қабылданады. Шешім қабылдар  алдында баға мен тұрақты шығынға есептелетін айнымалы шығынды салыстыру қажет. Сонғысы өндіріс көлемінің өзгеруімен белгілі бір масштабтық базада өзгермейді. Сондықтанда келісім шарт  жасау олардың өсуіне әкелмейді.

    - Шығарылған өнім құрылымын оптимизациялау.  «Директ-костинг» жүйесінен алынған ақпарат басқару шешімін қабылдауға әсер етеді. Оның ішінде зиянсыздықты талдау нәтежесінде шығарылған өнімнің ассортиментін  жоспарлауға үлкен үлес қосады, себебі, негізгі өндірісте үлкен пайда әкелетін өнімнің түрлерінің үлесіе көбейту болып табылады. Банкротқа ұшырау қауіпсіздігін ұйым әкімшілігі өзінің өндірістік бағдарламасын тек табысты көп әкелетін бір түріне ғана  жүктемейді, ол нарықтық конъюктураның өзгеруіне байланысты. - «Өндіру немесе сатып алу» мәселесінің шешімін таңдау.  «Директ-костинг» жүйесін қажетті шикізат, бөлшек, басқа да компоненттерді сатыа алу немесе өзінде өндіру мәселесін шешуге қолданады. Дұрыс шешім қабылдау үшін зиянсыздықты талдау әдісін қолдану қажет. Өзінде бөлшекті жасаудың толық өзіндік құнына тұрақты және айнымалы шығындар кіреді.

    - Ресурстар шектеулі болған жағдайда өнім ассортиментін анықтау. Қысқа мерзімдік жоспарда өнімге деген сұраныс өндірістік күштен асып кетеді. Бұл жағдайда өнім көлемін ұлғайтуға қандай ресурс кедергі болатынын табу керек. Оларға материалдар, еңбек және қаржы ресурстары жатады. Бұл факторлар шектеулі болып табылады. Өнім ассортиментін қалыптастыру үшін  ресурстар жетіспейтін өнімнің бірлігі беретін маржиналды табысты анықтау қажет. 

    - Қысқа мерзімді капитал салымдарын жасау шешімін қабылдау.  «Директ-костинг»  жүйесінде айнымалы және тұрақты деп бөлінетін шығындар туралы ақпаратты қолдану нәтежесінде қысқа мерзімді инвестиция жасауды таңдауға болады. Қысқа мерзімді инвестиция тек қысқа мерзімде жүзеге асырылады.  
 

    1.  Калькуляциялаудың екі әдісін салыстыру
 

    Шығындарды  толығымен үлестіретін калькуляциялаудың  әдісінде (абзорпшн-костинг) барлық өндірістік шығындар, сонымен қатар тұрақты өндірістік үстеме шығындарда, өнімнің өзіндік құныныа жатқызылады. Бұл әдіс міндетті түрде сыртқы қаржылық есеп дайындауда қолданылады.

    Айнымалы  шығындар бойынша калькуляциялау әдісінде (директ-костинг) өнімнің өзіндік  құнына тек айнымалы шығындар ғана жатқызылады, ал тұрақты өндірістік үстеме шығындар кезең шығындары  ретінде қарастырылып, пайда мен  зия шотында есепке алынады. Бұл  әдіс көп жағдайда басқару шешімін  қабылдаған кезде қолданылады. Абзорпшн-костинг  және директ-костинг арасында негізіг  ерекшелігі тұрақты өндірістік үстеме шығындарды калькуляциялау кезеңдер арасында бөліп тарату тәртібімен қорытындыланады. Абзорпшн-костинг әдісінде барлық шығындар сатылған өнім және дайын өнім қорлары арасында бөліп таратылады. Олардың ұқсастығы мынада, екі әдісте де өндірістік емес шығындар кезең шығынары болып табылады. Екі әдістің өнімнің өзіндік құнын есептеу және қаржылық нәтижелер бойынша есеп берудің құрылымы 9-кестеде берілген.  

    9-кесте

    Өнімнің өзіндік құнын есептеу және қаржылық нәтижелер бойынша есеп берудің  құрылымы 

    Абзорпшн-костинг Директ-костинг
    Өнімнің өзіндік құнын есептеу  (теңге/бірлікке)

    Негізгі материалдар 

    (+) тікелей  еңбекақы шығындары  (+) тікелей еңбекақы  шығындары
    (+) айнымалы  өндірістік ҮШ  (+) айнымалы  өндірістік ҮШ
    (+) тұрақты  өндірістік ҮШ -
    (=) бірліктің өндірістік өзіндік құны (=) бірліктің айнымалы өндірістік өзіндік құны
    Қаржылық  нәтижелер туралы есеп беру (теңге)

    Өнімді  сатудан түскен табыс 

    (-)сатылған  өнімнің өзіндік құны  (-) өндірістік  айнымалы шығындар
    - (-) өндірістік  емес айнымалы шығындар
    (=) жалпы табыс (=)маржиналды табыс
    (-) өндірістік  емес шығыстар (-) өндірістік  тұрақты шығындар
    - (-) өндірістік  емес тұрақты шығындар
    (=) таза табыс (=) таза табыс
 

    Маржиналды  табыс- сатылған өнімнен түскен табыс  және барлық айнымалы шығындар арасындағы айырмашылық.

    Жалпы табыс - сатылған өнімнен түскен табыс  және өнімнің өзіндік құны арасындағы айырмашылық.

    Екі әдістің пайда мөлшеріне әсерінің салыстырмалы талдауы:

    - өндіріс көлемі мен сатылу  көлемі тең болған уақытта,  пайда калькуляциялаудың екі  әдісінде де бірдей болады.

    - егерде өндіріс көлемі сатылу көлемінен артық болса, онда абзорпшн-костингті қолдану директ-костингті қолдануға қарағанда көп пайда мөлшеріне алып келеді.

    - егер өндіріс көлемі сатылу  көлемінен кем болса, онда директ-костингті  қолдану абзорпшн-костингті қолдануға  қарағанда көп пайда мөлшеріне  алып келеді [19].

    Бірақ жалпы өндіріс уақытын қарастырғанда, жиынық пайда екі әдісті қолданғанда  да бірдей болады. Айырмашылық тек  кезең араларында жатқызылатын пайда  мөлшерінде ғана болады.

    Айнымалы  шығындар бойынша калькуляциялауда пайда мөлшері сатылу көлемінің  функциясы болып табылады, ал шығындарды толығымен үлестірілетін калькуляциялауында пайда мөлшері өндіріс көлемі мен сатылу көлеміне тәуелді болады. Директ-костингтің артықшылықтары 8-суретте  келтірілген.  

      
 

      
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет 8. «Директ-костинг» әдісінің артықшылықтары 

    Міндетті  түрде сыртқы қаржылық есеп дайындауда қолданылатын абзорпшн-костинг жүйесінің  өзіне тән артықшылықтары бар.                            Абзорпшн-костинг жүйесінің артықшылықтары 9-суретте көрсетілген.  

      
 

      

 
 
 
 
 
 

Сурет 9. «Абзорпшн-костинг» әдісінің артықшылықтары 

    Директ-костинг  жақтаушыларына сәйкес, тұрақты өндірістік шығын дайын өнімді нақты шығаруға емес, өндіріске жәрдемдесуге тығыз  байланыста болады. Сондықтан олар тұрақты шығындарды өнімнің өзіндік құнына енгізбей, бірден кезең шығындарына жатқызу қажет деп есептейді. Ал директ-костинг оппоненттері қорларды бағалауда тұрақты өндірістік шығындар компонентін енгізу қажетті деп есептейді, бұл шығындарсыз өнім өндіру мүмкін емес [20].

    Курстық жұмыстың екінші бөлімінде «директ  костинг» жүйесі бойынша өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялау, ұйымның зиянсыздығын талдау, «директ-костинг» және «абзорпшн костинг» жүйелерін салыстыру міндеттері бойынша мәліметтер ұсынылып, шешімдер қабылданды.  Ұйымның зиянсыздық дейгейін түрлі тәсілдермен зерттеп, талдау жасалынды,сонымен қатар «директ-костинг» және «абзорпшн костинг» жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктері сипатталып, әрбір бөлімше ашылып көрсетілді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қорытынды 

    Курстық жұмыста «директ-костинг» жүйесі туралы мағлұматтар берілді. Айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау әдісінде (директ-костинг) өнімнің өзіндік құнына тек айнымалы шығындар ғана жатқызылады, ал тұрақты өндірістік үстеме шығындар кезең шығындары ретінде қарастырылып, пайда мен зия шотында есепке алынады. Бұл әдіс көп жағдайда басқару шешімін қабылдаған кезде қолданылады. Дамыған «директ-костинг» принциптері:

    1. Шығын өткізу және соңғы нәтеже қызметтің сегменттері бойынша саналады. Бұл ақпарат ішкі және сыртқы барлық сегменттерге жеткізіледі;

    2. Сегментке тікелей жатқызылатын шығындар жанама тарату әдістерінің қатысуынсыз тікелей таратылады;

    3. Айнымалы және тікелей тұрақты  шығын есебі бойынша бірнеше  маржа анықталады.

    Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде «директ-костинг» жүйесінің пайда болуы және дамуы, «директ-костинг» жүйесі бойынша шығындарды классификациялау, «директ-костинг» жүйесі бойынша өндірістік есепті ұйымдастыру міндеттері бойынша толық ақпараттар беріліп, «директ-костинг» жүйесінің дамуы тарихы мен шығындарының жіктеу, жүйеге сәйкес өндірісітік есепті ұйымдастыру тәсілдері көрсетілген. Шығындар классификациясы – басқару шешімін қабылдау, өнімнің өзіндік құнын қалыптастыру, ақпарат алу және оларды жедел басқару үшін анықталған белгілері бойынша оларды топтастыру. Ол өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау, өндірістік шығынды талдау және есепті ұйымдастыру негізінде жатыр. Классификация бір шығынды екінші шығыннан ажырататын барлық белгілерді көрсетеді. Сонымен қатар, өндірістік есепті ұйымдастыру, біріншіден, пайдаланатын бухгалтерлік шоттар жүйесі, екіншіден, өз шығындарын топтаудағы кәсіпорынның қолданатын шешімдерін айтуға болады.

    Екінші  бөлімде «директ костинг» жүйесі бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау, кәсіпорынның зиянсыздығын талдау, «директ-костинг» және «абзорпшн костинг» жүйелерін салыстыру міндеттері бойынша мәліметтер ұсынылып, шешімдер қабылданды.  Ұйымның зиянсыздық дейгейін түрлі тәсілдермен зерттеп, талдау жасалынды,сонымен қатар «директ-костинг» және «абзорпшн костинг» жүйелерінің артықшылықтары мен кемшіліктері сипатталып, әрбір бөлімше ашылып көрсетілді.

    «Директ костинг» жүйесі бойынша өнімнің  өзіндік құнын калькуляциялау үшін  Қазақстанда орналасқан сыра өндіретін  кәсіпорындар және олардың өндіретін  өнімдері мысал ретінде келтіріліп, өнімнің өзіндік құын анықталды.

Информация о работе «Директ-костинг» жүйесінің теориялық негізі