Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі: жағдайы және болашағы

Дата добавления: 28 Февраля 2012 в 03:24
Автор: t************@list.ru
Тип работы: дипломная работа
Скачать полностью (865.00 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Толық диплом.docx

  —  1.10 Мб

 

                                                        КІРІСПЕ

 

        Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында  436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің  9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі  жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.

        Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты жолдауында «Қазақстан тез дамушы елдер қатарына кіру керек, өзінің азаматтарына өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру қажет» екендігін алға қойды, сонымен қатар  «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Казақстан Республикасының халқына президентіннің Жолдауында: «...іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін. Осылайша, біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз    етуін   халықаралық    стандарттармен     сәйкестендіреміз» деп атап  өтті. Бұл елбасының ең біріншіден халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру,зейнеткерлерді тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету, Қазақстанның зейнетақы жүйесін алдыңғы қатарлы елдер жүйесімен сәйкестендіруге бағытталған.

Зейнетақы реформасын жүргізуде көптеген нәтижелермен бірге, әдістемелік қателіктер жіберілді, соның салдарынан нарықтық жағдайға қазіргі зейнеткерлердің зейнетақылық қамтамасыз етілуі толығымен бейімделмеді және мемлекеттік бюджеттен автономдық ала алмады.

Зейнетақы реформасының бастапқы концепциясы  тежеуленді. Бірінші және басты қателік  – 1998 жылы бірынғай әлеуметтік салықты  еңгізу болып табылады, себебі ол да қосылған құн салығы мен табысқа  салық қатарына түсіп кетті. Бүгінгі  күні осы институттың радикалды  трансформациясы қажеттілігінде проблема туындап тұр. 1998-2006 жылдарда зейнетақылық қамтасыз етуде басты кемшілік ол максималды зейнетақы проблемасы болып  табылады. Ол зейнетақы көлемі бойынша  жоғары емес және азаматтардың еңбегін  толық есепке алмайды.

        Қазіргі таңда мемлекетте үлкен құрылтайшылар иленген жинақтық зейнетақы қорлары қызмет көрсетуде. Мұндай қорлардың нәтижелілігі құрылтайшылардың  жағдайларына   тәуелді. Сондықтан,   қосымша зейнетақылық қаматамасыз етілуге үлкен кәсіпорындар, қаржы-өнеркәсіп топтар  мен банктердің жұмыскерлерінің ғана мүмкіндігі  бар.

  Қазақстан Республикасының зейнетақылық қамтамасыз ету реформасының он үш жылдық тәжірибесі көрсеткендей, мемелекттік емес зейнетақылық қамтамасыз етуде түбегейлі өзгерістер болу қажет. Зейнетақылық қамтамасыз етуде институционализациялау, құрылымдау, зейнетақыны сақтандыру, зейнетақылық үрдістерді енгізу, қорлардың міндеттерін актуалды бағалау, табыс алу үшін активтерді инвестициялау бойынша қажетті шараларды іске асырмайынша, зейнетақы реформасының қандай да болмасын нәтижелері тұрақсыз, уақытша сипатқа ие болады. Сондықтан халыққа жеткілікті зейнетақыны қамтамасыз ететін жаңа механизмдерді ұсыну қажеттілігі туындап отыр, яғни қазақстандық зейнетақылық қамтамасыз етуді модернизациялау қажет.

  Қазіргі кезеңде зейнетақы қорларының  инвестициялық қызметінен түсетін табыстың  төмендеуі байқалып отыр. Оның басты себебі қор нарығында қаржы құралдардың жетіспеушілігінен туып отыр.

 Осы қалыптасқан жағдайда жинақталған активтерді тиімді  қолдануын ұйымдастыру қажеттілігі туып, бір жағынан халықтың зейнетақы жинақ көзінің нақты өсуі ретінде болса, екінші жағынан маңызды  әлеуметтік халық шаруашылық міндеттерді шешу ретінде қарастырады . 

 Әлеуметтік бағытталған мемлекетте экономика халықтың өмір сүру деңгейін көтеруіне, сыртқы ортаны қорғауға, материалдық, әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталуы керек.

 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінде  тиімді инвестициялау мәселелерін зерттеу тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету соңына дейін аяқталмаған болатын.  Қаржылық институттармен  экологиялық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, инвестициялау процесінің белсенділігі төмен болғандықтан, республикадағы тұрақты  экономикалық дамумен қамтамасыз ету төмен болады.

 Дипломдық жұмыстың мақсаты – мемлекеттің ұлттық экономикасын модернизациялау барысында зейнетақы жүйесінің қазіргі жағдайын бағалау мен талдау, зейнетақы зейнетақы қорларының жұмысын жетілдіру.

Берілген  мақсатқа сай жұмыста мына міндеттер  шешіледі:

    -жинақтық зейнетақы қорлар жүйесінің ғылыми-теориялық негіздерін ашу;

  -Қазақстан Республикасындағы жинақтық зейнетақы жүйесінің құрылымы мен қазіргі жағдайын талдау, экономиканың әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатымен  оның қалыптасу және даму ерекшелігін анықтау, Қазақстандағы зейнетақы қорының инвестициялық қызметін талдау арқылы бұл саладағы негізгі мәселелерді шешу;

Зерттеудің  объектісі - Қазақстан Республикасындағы жинақтық зейнетақы қорының қызметі.

Зерттеу пәні – Қазақстан Республикасындағы  жинақтық зейнетақы жүйесін дамыту және оны жетілдіру жолдары.

Өз дипломдық жұмысымның бiрiншi бөлiмiнде зейнетақы жүйесінің мазмұны мен нарықтағы роліне, зейнетақы реформасының қажеттiлiгi мен бағытына,шетелдік тәжірибелеріне тоқталдым.

Екiншi бөлiмiнде  жинақтаушы зейнетақы қорларының қазіргі ағымдық жағдайына талдаулар жүргiздiм.

Үшiншi бөлiмiнде қазiргi кездегi зейнетақы жүйесiнiң жұмысын жетiлдiру және даму бағыттарын қарастырдым.

 

 

I  НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ  ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ    ҒЫЛЫМИ-           ТЕОРИЯЛЫҚ   НЕГІЗДЕРІ

    1. Зейнетақы жүйесінің мазмұны, қалыптасуы  және  нарықтағы рөлі

Зейнетақы - бұл  жұмысшының  тапқан табысының бір бөлігін арнайы құрылған  қорға зейнетақы жасына  келгенде    жұмысшының  өзіне зейнетақы төлемі   ретінде қайтарылып  берілетін жарна түрі.  Зейнетақыны зейнет жасына   келген адамдардың  қартайған    шағында  дұрыс өмір сүруінің кепілдік  полюсы     деп атауға да болады. Сондықтан әрбір азамат зейнетақы жүйесінің    дұрыс жұмыс істеуіне, оған ай сайынғы жарналарының уақытында     төленілуіне өздері мүдделі.   Зейнетақыға әсер етуші негізгі екі факторды      ерекше бөліп қарастыруға болады, осы екі фактор елдің қандай зейнетақы жүйесін  таңдау керек    екендігіне көп әсер етеді,(Сурет 1)  олар:

       1. Экономикалық   даму деңгейі, жұмысшылар мен жұмыссыздардың ара 
қатынасы, жаңа жұмыс орнының пайда болу жылдамдығы көрсеткіштеріне көп көңіл бөлу керек

      2.Демографиялық - халықтың өсу карқыны, болашақ жұмысшылар 
мен бүгінгі жұмысшылардың сандық қатынастарына көңіл бөлінеді.

    Зейнетақы    жүйесін   реформалау  мақсаттарьнда  біздің мемлекетіміз  Қазақстан Республикасының    Зейнетақы    қорын    Зейнетақыларды   төлеу    жөніндегі мемлекеттік  орталыққа       өзгертті және     жинақтаушы  зейнетақы қорларының жүйесін  құрды. Жинақталатын жеке зейнетақы қаражаттарын   қалыптастыру үшін жинақтаушы      зейнетақы корларының екі түрі құрылды:  мемлекеттік жинақтаушы  зейнетақы  қоры (МЖЗҚ) және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы коры  (МЕЖЗҚ).

        1998 жылғы 1 қаңтардағы     жағдайы бойынша кем дегенде алты айлық еңбек стажына ие азаматтар       зейнетақыны толыққанды жүйеден де (пропорционалды еңбек стажы бойынша) және егер зейнетақылық жарналарды төлеп отырса, жинақтаушы зейнетақы қордан да алатын болады . Зейнетақыларды төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық төлемдерді төлеуді тоқтатқан кезде, тек    2045 жылға карай ғана орын алуы мүмкін. Бұл кезге дейін азаматтардың басым көпшілігі зейнетақыны Зейнетақыларды төлеу жөніндегі  мемлекеттік орталықтан да, өздерінің  жинақтаушы  зейнетақы  қорынан да  алады.

      Әрбір мемлекетте халықты әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламалары бар. Олар әр түрлі институттарда қолданады, әр түрлі инструменттер, тәсілдер мен әдістерді пайдаланады. Бірақ,  осы шаралардың барлығы бір ғана мақсатқа бағытталған-халықты әлеуметтік қорғау, осы бағдарламаның маңызды бөлігі болып табылады. Әсіресе,  бір экономикалық  жүйеден екінші экономикалық жүйеге өту  кезеңінде зейнетақы жүйесін тиімді, әрі дұрыс  ұйымдастыру  мемлекет экономикасының тығырыққа тірелмей, дағдарыстан кейін экономиканы тез оңалдыруға көп жағдай жасайды. Егер экономикалық дағдарыс ұзақ уақытқа созылса, халық қатты күйзеліске ұшырайды. Осыны болдырмау - әрбір мемлекеттің ең басты мақсаты. Бұл зейнетақы жүйесін қажеттілігінің бір жағын ғана көрсетеді. Зейнетақы жүйесінің басты мәні - халықты әлеуметтік қорғау, қоғамның басты байлығы – адамның өмірін жеңілдетіп, игілігі мен ынтымақтастығына жұмыс жасау.

       Жинақтық зейнетақы қорлары – бұл контрактілі-сақтаушы типтегі қаржылық институттары болып табылады, олар ұзақ мерзімді контрактілерге сәйкесті салымшылармен төленетін зейнетақы жарналардың негізінде халықтың сақталатын ақша қаражаттарын тартады. ЖЗҚ-ның ерекшелігі – олар еңбеккке қабілеттілігін жоғалту барысында адамдардың материалдық және әлеуметтік қажеттілігін қамтамасыз ету үшін құрылады. Зейнетақылық жарналардың салымшылары белгілі бір жасқа келгеннен кейін табыс көзқайнарын қалыптастыру мақсатында зейнетақы қорларының қарыздық міндеттемелерін сатып алады.

       Зейнетақы қорлардың дамуы корпорациялардың жоғары маманданған жұмыс күшін тартуға ұмтылысы есебінен пайда болды. Зейнетақы қорлары - жеке және заңды тұлғалардың зейнетақы төлемдерінің орнына зейнетақы міндеттемелерін шығаратын қаржылық мекеме. Зейнетақы төлемдері- зейнетақы төлемдері үшін халықтың, фирмалардың, мемлекеттің  салымдары.

        Зейнетақы қорларын құрудың негізгі мақсаттары бағалы қағаздарға  зейнетақы жарналарын  инвестициялау есебінен жұмыскерлерге төлемдер жасау болып табылады. Зейнетақы қорлары сенімгерлік компанияларға, коммерциялық банктерге  немесе сақтандыру компанияларына берілу мүмкін. Мұндай сақтандыру қоры сақтандырылмаған деп аталады. Бірақ корпорациялар сақтандыру компаниялармен келісім жасау мүмкін, яғни сақтандыру компаниялар зейнетақы төлемдерін қабылдап, зейнетақы төлемдерін беруді қаматамасыз етеді.Ондай сақтандыру қоры сақтандыратын деп аталады .

       Еркін активтерді құрай отырып зейнетақы жарналары зейнетақы қорларында  жинақталады. Сондықтан зейнетақы қорларының активтері экономикада маңызды роль атқарады .

 

                               « 1-сурет » Зейнетақыға әсер етуші факторлар

 

«Сурет 2»

 

        Зейнетақы қорлары инвестициялар сияқты экономикада макроэкономикалық және микроэкономикалық қызмет атқарады.(Сурет 2)

       Зейнетақы   қорларының макроэкономикалық қызметіне :

       - Олар  инвестициялық ресурстарды тиімді орналастыруға үлес қосады, яғни инвестицияланатын қаражаттың  иелері мен қолданушылардың (фирмалардың, компаниялардың, өндірістік ұйымдардың және т.б.)  нақты емес ақпарат алу тәуекелдігін азайту есебінен болады. Жинақталған мәліметтер негізінде банк әлеуетті қарыз алушылардың қаржылық жағдайын құрастырады, сөйтіп қаржылық нарыққа тиімділігі аз және сенімсіз компаниялардың кіруіне жол бермейді. Сонымен қатар банктерде мәліметтер  болу есебінен кәсіпорынның шаруашылықты дұрыс жүргізуіне , басымды бағыттар мен қызмет формаларын таңдауына әсер етеді.

      -Қаржылық делдалдардың  жекеменшік міндеттемелерін  шығару  экономикаға қажетті және ұсынылатын қосымша ресурстар арасында қарама қайшылықтарды шешеді. Сөйтіп жинақ көлемі ұлғаюы әсерінен ақшаға сұранысы , нарықтағы пайыз ставкалары да төмендейді. Қысқа мерзім  кезеңінде инвестициялық сұраныстың өсімі табыстың мультипликативті  кеңеюі және жиынтық сұраныстың төмендеуін өтейді. Ұзақмерзімді кезеңде жаңа техника мен технологияға  материалданған инвестициялар  экономикалық өсудің  сапалық және сандық әлеуетін қалыптастырып, өндіріс  көлемінің  сұраныс және ұсыныс жағдайында ұлғаюының факторы болды  .

        Зейнетақы қорлары қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа үлес қосатын қосымша әлеуметтік қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

        Зейнетақы қорларының  микроэономикалық  қызметіне :

      - Халықтың еркін ақша қаражаттарын шығара отырып, зейнетақы қорлары қарыз алушының қажеттіліктеріне сай оларды инвестиция түрінде салады.

     -Зейнетақы қорлары  көптеген иеленушілердің ресурстарын біріктіргендіктен жаппай инвестициялаудың формасына жатады.Осыдан тәуекелділік деңгейі төмендейді.

     - Өндірісті инвестициялай отырып, зейнетақы қорлары олардың кәсіпкерлік белсенділігін қаржылық институт ретінде ынталандырады. Ұзақмерзімді  қарыздық міндеттемелерді зейнетақы қорлары (акцияларды, корпорациялардың  ұзақмерзімді облигациялары)  сатып алғаннан кейін кәсіпорынға қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етіп, инвестициялық қызметті ұтымды жоспарлауға мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерін сатып алғаннан кейін  зейнетақы қорлары корпорацияның уақытша ақша қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.Қысқа мерзімді инвестициялар айналым қорларын  толықтыру үшін қажет. Сөйтіп зейнетақы қорлары  қаржылық делдал бола отырып, кәсіпкерлік секторды несие төлемдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай,инвестициялық сұраныс  пен экономикалық белсенділіктің жалпы деңгейін көтереді .

       Қазақстанда зейнетақы реформасының басты себебі болып әлеуметтік қамсыздандыру саласын дағдарысқа ұшыратқан посткеңестік экономикалық дағдарыс саналады. Халықтың қартаюы мен жұмыспен қамсыздандырудың төмендеуі өлшемінен жұмыссыздардың әлеуметтік қорғалуына ЖІӨ-дегі мемлекеттік шығындардың үлесі өсті. Қазақстанда бір зейнеткерге 2.5 жұмысшы тең келді. Халықтың еңбекке қабілетті бөлігіне салықтық ауыртпашылық лезде жоғарылады, ол зейнеткерлерге ағымдық төлемдерінің тапшылығын тудырды. Зейнетақылық реформаның басында зейнеткерлер алдындағы борыш 36 млрд.теңге көлемінде қалыптасты.Кейбір аймақтарда зейнетақы төлеу мерзімінің кідірісі 10 айға жетті. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінде қаржылық жағдай мен тиімділікке байланысты қалыптасқан күрделі экономикалық және әлеуметтік қауіп төндірген, жүзеге асырылушы жүйе қаржылық стресте болды. Сондықтан зейнетақылық қамсыздандыру реформасы объективті қажеттілікке ие болды .

Описание работы
Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.
Содержание
содержание отсутствует