Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі: жағдайы және болашағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 03:24, дипломная работа

Описание работы

Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Толық диплом.docx

— 1.10 Мб (Скачать)

          Зейнетақы қорларының тиісті тәуекел-менеджменттің болмауы зейнетақы қорларының тәуекелдік бағыты тұрғысынан біле тұра сапасыз эмитенттерді  іріктеуге  әкеледі.  Бағалы  қағаздар нарығында жемқорлық пен айлакерліктің пайда болуымен қаржы нарығының бұл сегменті үшін қадағалау атқарылымы мейлінше қатаң  болуы тиіс.

         Қазақстандық зейнетақы жүйесінің проблемасы ,әрі ерекшелігі, зейнетақы қорын көбінесе қызметкер емес, жұмыс беруші тандайды. Бұл түрлі нысанда жүреді, мысалы, жұмыс беруші қызметкерлердің атынан берілген сәтте келісімшарт бланкілері  бар  қормен у-шусыз  келісімшарт жасайды немесе қор өкілдерімен оның қызметкерлері жұмыс беруішіге мүмкін қор  құрылтайшылығына қорсететін қандай да болмасын қызметі үшін осы қордың айырбасқа  ұсынған  салымшылары болып есептелінетіне  жасырын келіседі.

         Жұмыс берушінің қызметімен байланысты басқа проблема- міндетті зейнетақы жарналарьн уақытылы аудармау. Және де, онымен салымшыны инвестициялық табыстан айыру. Назар аударылған  жеке проблема, бұл - әйелдер мен халықтың өзін-өзі    жұмыспен  қамтығандарының  зейнетақыларының  төмендігі. Н.Ә. Назарбаев  өзінің   Қазақстан халқына жолдауында (2005 ж.) зейнетақы базасының, зейнетақы   мөлшерлерінің артатыны жөнінде айтты, алайда мұндай шара барлық зейнеткерлерге де қатысты. Ал әйелдерге жеке көңіл бөлу  керек,  әлі жасалмаған  зейнетақы есептеудің  басқа тәсілдері қажет.Теріс табыстылыққа айналатын зейнетақылық активтер  мен активтерді инвестициялау проблемалары , қаржы нарығындағы дағдарыстың аса өтемпаздығымен  түсіндіріледі :  артық ақша көлемінің қысымымен,   мемлекеттік   бағалы   қағаздардың   табыстылығын  дағдарыс деңгейінен төмен  құлдырауға  әкелетін  мемлекеттік облигациялар нарығында қаржы институттары  тарапынан   бәсекелестікпен;   баламалы   қаржы   институттарының тапшылығымен;   қаржы   құралдары   өтемпаздығының  төмендігімен. Зейнетақы қорлары активтерінің көлемдері, мемлекет пен жеке меншік секторы  тарапынан құралдарды ұсыну көлемдеріне  қарағанда әлдеқайда тезірек өседі — бұл бағытта ЖЗҚ мен мемлекет бірлескен күш салулары керек. 

      Әлемде     зейнетақылық       қамтамасыз     етудің      үш      негізгі   жүйесі      бар:  мемлекеттік, аралас (мемлекеттік-жеке) және    мемлекеттік    емес (жеке).   Қазақстандағы    зейнетақылық     сақтандыру туралы заң       жобасын     өңдеушілердің     бірі - Қ.Тулепбаевтың    тұжырымдауынша   , Қазақстан     1998    жылы зейнетақылық қамтамасыз етуді мемлекетік жүйесінен,    әралас  жүйені айналып   өтіп, мемлекеттік   емес жүйеге өтуі қателік болуы мүмкін. Оның   ойынша, 80 пайыз  жұмыскерлерінің еңбек    ақысы   төмен және    орташа болатын қоғамда мемлекетік  жүйе қажет. Егер  жұмыскерлерінің 10  пайызында - төмен    , 60 пайызында    -орташа,ал    30   пайызын да     - орташадан жоғары еңбек ақы болса, жеке жүйе тиімді болып табылады. Аралас  жүйе қоғамның материалдық жағдайы бірінші жағдайдан    жоғары ал  екінші    жағдайдан    төмен     болған    жағдайда   қажет.        Сондықтан Қазақстан       қазіргі     әлеуметтік ,  экономикалық жағдайда тек жеке жүйені  емес,  аралас жүйені енгізуі қажет. Әлемнің     бүкіл     елдерінде      зейнетақылық      қамтамасыз ету     сферасының   ғалымдары    өзара     байланысқан және     өзара     шартталған    аралас ынтымақтастық-жинақтаушы   жүйені, олар параллель  әрекет етпеуі үшін олардың ішкі өзара  тәуелділік және өзара шартталғандық механизмін  құруға    тырысады. Қазақстанда    ынтымақтастық    жүйе    тек   қазіргі     зейнеткерлерді , ал жинақталған жүйе болашақ  зейнеткерлерді  қамтамасыз етеді және олардың арасында   өзара   байланыс   және   де   өзара шартталғандық жоқ. Қ Төлебаев ынтымақтасқан жеке зейнетақы жарналарын төлеу көзінің механизмін ұсынады. Бұл жерде ынтымақтасу     ұрпақтар арасында (тігінен) емес, ұрпақ ішінде(көлденең),сәйкесінше әрбір ұрпақ өзін-өзі зейнетақымен қамтамасыз етеді.   Ұсынылатын  зейнетақылық  қамтамасыз етудің қазақстандық   моделінде     ынтымақтасқан    ,   жеке    сипаттағы     қаржыландыру   көздері нақты анықталған , жаңа       құрылым жинақтаушы    зейнетақы     жүйесінің      біріккен резервтік   қоры ұсынылған, оның  иесіз    шотында жұмыс берушілердің     жарналарын шоғырландыру  болжанады. Зейнетақыны   төлеуді  ұйымдастырудың кепілдендірілген  механизмі, инвестициялық  сәясаттың ережелері өңделген. Осылардың    барлығы төмен жалақы алатын  жұмыскерлерге    орта  еңбекақының   60 пайызы мөлшерінде зейнетақы      алуға     мүмкіндік     береді.

           Әрине, ұсынылған ынтымақтасқан-жеке  сипаттағы қаржыландыру   көздері, болашақтағы зейнеткерлердің    зейнетақы    төлемдеріне тигізетін үлесі  сөзсіз, дегенмен, жинақтаушы    зейнетақы жүйесінің     біріккен   резервтік қорын құру арқылы қайтадан орталықтан басқаруға  келуіміз мүмкін. 

          Әлемдік  тәжірибеде азаматтарды    зейнетақылық    қамтамасыз  етудің  үш деңгейлі  моделі  қалыптасқан : бірінші деңгей тіркелген мөлшердегі мемлекеттік    зейнетақылар  ; екінші   деңгей - жұмыс істейтін      азаматтарды    міндетті    қосымша  зейнетақылық     сақтандыру    бойынша   зейнетақылар; үшінші   деңгей - жеке ерікті сақтандыру бойынша, сондай-ақкәсіпорыннан қосымша кәсіби зейнетақылар.

         Келтірілген   міндетті зейнетақы жарналарының салымшылар саны оларға  ашылған дербес(жеке) зейнетақы   шотының   санын  сипаттайды. Бұл жерде міндетті зейнетақы жарналары бойынша «бір салымшы - бір қор принципі сақталмаған. Бүгінгі таңдағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің проблемаларының бірі бір салымшы (алымшыда) бірнеше дербес зейнетақы шотының ашылуы. Бұл шоттар келесідей  жағдайларда ашылуы мүмкін:

      - салымшы   өзінің  қаржылық ісіне, жағдайына ешқандай мүдделілігінің болмауы, яғни жаңа жұмыс орнына ауысқан көзде өзінің  зейнетақылық   қамтамасыз     ету     шартының көшірмесін жаңа жұмыс  берушіге бермеуі. Мұндай жағдайда  агент айлық жарнаны жалпы  төлем жасалатын қорға аударады, сәйкесінше салымшыға  (алымшыға) жаңа зейнетақы шоты ашылады;

     -   салымшы қосымша инвестициялық кіріс әкеледі деген есеппен өзінің  алдыңғы   қордағы  шотын  әдейі сақтағанда;

     -  салымшы  өзінің аты жөніндегі өзгерістер туралы қорға уақытында хабарламаған  жағдайда.

         Мұндай зейнетақы шоттарын жинақтаушы зейнетақы  қорларының дербес жауып тастау құқығы жоқ, міндетті түрде салымшының      (алымшының) өтініші қажет. Заңнамада салымшының (алымшының) міндетті  зейнетақы жарналары  есебінен бір уақытта екі немесе одан артық зейнетақылық қамтамасыз ету шартын жасауға тиым салынады. Осы жағдайды түзету үшін 2006 жылдың  екінші  жартысынан жинақтаушы зейнетақы жүйесі оңтайландыру         бағдарламасын    жүзеге асыра     бастады .

         Бағдарламаға  сәйкес  зейнетақы   жарналары ең   алдымен   Зейнетақы   төлеу   бойынша     мемлекеттік   орталыққа түседі, ал одан жинақтаушы зейнетақы қорларына бөлінеді. Бұл салымшының (алушының) қорды    дербес таңдап оны құпияда        ұстауға      мүмкіндік   береді.  Әрбір  жинақтаушы   зейнетақы      қорларының ұсынған мәліметтері негізінде зейнетақы төлеу    бойынша   мемлекеттік    орталық   жеке   тұлғалардың бірыңғай тізімін құрастырып алған. Зейнетақы төлеу    бойынша мемлекеттік  орталықтың  нақты жинақтаушы зейнетақы қорына   зейнетақы   жарналарын  аударуы үшін негіз болып, неғұрлым соңғы жасалған салымшы шарты табылады. 2007 жылғы  мәліметтер   бойынша  әлі де 2348829 салымшының екі және  одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорларымен қамсыздандыру туралы   шарттары бар   екендігі  және олардың өсу беталысында екендігі анықталды.

          Қазіргі кезде қосарлы шоттар проблемасын шешу үшін кейбір жинақтаушы зейнетақы қорлары  салымшыға  өзінің зейнетақы  шотын кез-келген уақытта бақылауға және зейнетақы  жинақтарын өзінің қалауы бойынша  кез-келген қорға ауыстыруға мүмкіндік беретін электронды төлем карточкаларын енгізуді ұсынуда.

         Зейнеткерлік жасы да зейнетақы жүйесінің  проблемаларының бірі болып табылады. Әрине, ерлердің өмір сүру кезеңінің орта  ұзақтығы 59жас, ал зейнеткерлікке шығу  жасы-63 жас. Осыған  орай зейнеткерлікке  шығу жасын төмендету  қажет. Сонымен қатар, міндетті  кәсіби зейнетақының пайда болу сәтін үкіметпен емес, саланың өзімен анықтаған жөн,  өйткені кәсіпорын коллективі ғана өзінің өндірісінің ерекшелігін ескеріп қандай жаста кәсіби зейнетақыны тағайындау керек екендігін   анықтай алады.

         Зейнетақы жүйесінің проблемаларының бірі оның қаржылық   тұрақсыздығы болып табылады. 14 жинақтаушы зейнетақы қорының  тек 4-5 ғана салыстырмалы тұрақтылық  туралы айта алады. Бұл кезде са лымшылары-алушыларының саны бойынша осы қорлардың үлесі бүкіл зейнетақы секторының 80 пайызға жуығын құрайды. Жалпы жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жинақтарының  құрылымы 1 ке стеде талданған. Ең көп жинақталған зейнетақы қаражаттары сомасына мынадай жинақтаушы зейне тақы қорларының салымшылары (алушылары) ие болды: жинақталған зейнетақы  қаражаттарының жалпы сомасынан «Қазақстан Халық Банкі» ЖЗҚ, «Ұлар Үміт» ЖЗҚ, «МЖЗҚ», «БТА Қазақстан» ЖЗҚ және «Грантум»ЖЗҚ. Жалпы алғанда.осы-5қорға жинақталған   зейнетақы қаражаттарының жалпы сомасының 80,07% келді .

          Жалпы  жинақтаушы зейнетақы  нарығының  жағдайына талдау жасайтын болсақ, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 2008 жылдың желтоқсанында 2007жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2есеге 213,8 млрд  теңгеге жоғарылаған (кесте 2). Зейнетақы активтерін инвестициялаудан  түскен, салымшылардың (алушылардың) дербес зейнетақы      шоттарына бөлінген «таза»инвестициялық кіріс сомасы (комиссиялық сыйақыны шегергенде) 2008 жылғы қаңтардағы      жағдай бойынша 339,7 млрд теңге болды немесе өткен жылдың желтоқсанында 20,3 млрд теңгеге (6,35%) артты. 2007 жылы «таза» инвестициялық кіріс сомасы  84,0 млрд  теңгеге,(32,86%)  ұлғайды.

        Көрсетілген кестеде есепті жылда таза инвестициялық кіріс  көлемінің    төмендегені    байқалады. 2007 жылы «таза» инвестициялық кірістің   өсім      сома 2006 жылға өсімнен 16,6млрд   теңгеге  (16,5%)  төмен  ,  ал 2008 жылдың есепті кезеңінде 2007 жылдың  сәйкес  кезеңімен салыстырғанда    29  млрд  теңге яғни 1,2 есеге төмендегеи таза инвестициялық кіріс көлемінің кемуіне Қазақстан Республикасының  мемлекеттік бағалы қағаздары (жиынтық инвестициялық портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі 28,7% құрайды), АҚШ долларында деномирлеген облигациялар бойынша кірістіліктің  төмендеуі, сондай-ақ АҚШ долларының теңгеге   қатысты   курсының    құнсыздануы  ықпал еткенін атап өту қажет .

         Жинақтаушы   зейнетақы      қорларының қаражаттары бұл   «ұзын   ақшалар»  өйткені көптеген зейнеткерлер зейнетақылық телемдерді он-жиырма  және  одан   кейін алады.Сондықтан оларды зейнетақы қорларының  табыстылығы емес, тұрақты және кепілденген табыс     ынталандырады.   Жинақтаушы           қорларының қызметінің  бағалы қағаздар операциялары  мен   шектелуі   тәуекелді  бағыт болатындығын    тәжірибе      көрсетті. Сондықтан, зейнетақы қорларының инвестициялаудағы маңызды бағыты құрылысқа және жалға берілетін      үйлерді , инфрақұрылым    объектілерін пайдалануға қатысу болуы     болды.  Жинақтаушы   зейнетақы қорларының    ақшаларына    үлкен  қысым   түсуде. Зейнетақы жарналарының       ай сайынғы көлемі     15-20млрд     т еңге. Ресми    деректерге сәйкес 2008 жылдың 1     қыркүйегіне     дейін   әр  зейнеткер- салымшыға   шаққанда 145 мың      теңгеден жиналыпты . Егер 2,5      миллион зейнеткер-салымшы     екі   және   одан да көп   зейнетақы      қорларына    салым    салып    жүргенін ескерсек, онда әрбір       зейнеткер-салымшының   жинағаны 200 мың  теңге көлемінде      болып шығады      екен.  Дәл      қазіргі      таңда әр зейнеткерге жылына  шамамен   250 мың теңге, ал ай  сайын 20800 теңге төленетінін  ескерсек, онда болашақ зейнеткерлердің 10  жыл бойы жинағаны 9,5 айға ғана жететін  болып шығады.

        Әрине, мемлекет    қорлық    құралдардың құнының төмендеуі    салдарынан  жинақтаушы    зейнетақы қорларының   қаражаттарының   толық  құнсыздануына жол бермейді.            Мемлекеттік    бағалы қағаздардың жаңа шығарылымы ЖЗҚ ның артық өтімділігін төмендетеді, бірақ зейнетақы    қорлары  осы инвестициядан жоғары табыстылық алмайды, өйткені мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша орташа    ставка 7-8%  құрайды, ал бұл инфляция деңгейінен төмен (қазан айында 14% құраған). Бюджетте қарастырылған     мемлекеттік    бағалы  қағаздардың эмиссиясының   көлемін жоғарылату өтімділік     деңгейін  жоғарылатуға    бағытталған   ішкі  қор  нарығын   тұрақтандыру және әлемдік қаржылық дағдарыстың   әсерін   төмөндету  бойынша мемлекеттік саясаттың тиімді құралдарының бірі болып табылады.

        Қазақстан   қор биржасында мемлекеттік   бағалы   қағаздарды орналастыру   мемлекеттік   бағалы  қағаздарды  бастапқы   орналастыру зейнетақы активтерін  дербес басқарушы ЗАИБЖАҰ мен  ЖЗҚ-ға қол жеткізуді    ұсыну мақсатында    жүзеге   асырылады Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін инвестициялауға арналған , инфляция мәніне индекстелген  сыйақы ставкасы, мемлекеттік   бағалы   қағаздарды  бастапқы орналастыру сауда-саттықты өткізудің жеке тетігі пайдаланылып жүзеге асырылатын болады.

        Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың  баламалы нысандарын дамыту осы  инвестициялық жобаларды қаржыландыру  үшін шығарылған облигациялар  бойынша мемлекеттік  кепілдіктерді  бере отырып ,осындай жобалардың  тізімін заң жүзінде белгілеу  жолымен жүзеге асырылады.Мемлекеттің  кепілдіктер бойынша  міндеттемелерді  орындау жағдайы туындаған кезде  оларды кейін мемлекеттің меншігіне  бере отырып,облигациялар эмитентінің  акцияларын мәжбүрлеп шығару  тетігі көзделуі мүмкін.

       Зейнетақымен камсыздандырудың жинақтаушы жүйесі өз өздігiнен қартайған қоғамды барлық қиыншылықтардан қорғаушы бола алмайды. Әлемдік тәжірибе олардың қызметінің жетiстiгi бір мағыналы еместiгін көрсеттi, ал зейнетақымен қамсыздандырудың қазiргi жүйесiнiң реформалау бағыттарының әрбiр қадамы, жинақтаушы жүйесi концепциясының салдарынына кешенді бағалау мен белгiлi шарттарды сақтауды талап етедi, зейнетақы қаражаттарын болашақта зейнеткерлерге табыс әкелетiн инвестициялық ресурстарға айналуын болжамдайды. Бұл жүйенің күтiлетiн артықшылықтарына рынокта зейнетақы активтерін тиімдi басқару есебiнен, оның барлық қатысушылары үшін жаңа ережелердi сақтаған жағдайда ғана жетуi мүмкiн.

          Сондықтан зейнетақы жүйесін қолдау мен дамыту Қазақстанның экономикалық саясатының басымдылықты бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі кездегі жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары оны одан әрі дамыту, салымшылар мен алушылардың құқықтарын қорғау, ұзақ мерзімді ішкі инветициялар көздері ретіндегі зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру болып табылады.

Жоғарыда  айтылғандарға  сәйкес  біздің  зерттеудің   негізгі мәселелерінің бірі,   ұлттық зейнетақы жүйесін нарықтық экономикамен  әлемдік   стандарттарға   сәйкестендіру болып табылады. Жүргізілген зерттеу мен талдау  нәтижелері ЖЗҚ дамуындағы  инвестициялық қызметтердің  дамуына қатысты бірқатар мәселелер мен жетістіктерді бөліп қарастыруға мүмкіндік береді:

        1. Биржа айналымындағы зейнетақы нарығы  субьектілерінің үлесін  төмендетудің теріс тенденциясы байқалады: 2006 жылы KASE   шарттарының барлық  көлемінің   4,1 % құраса, (2002 жылы-15,9% ) .

2. Ірі және  ұсақ  ЖЗҚ  арасында  алшақтықтың   ұлғаюы  және  кейбір  ЖЗҚ  өзін-өзі  басқаруға   көшуі.  Мұның  барлығы  зейнетақы   нарығы  субьектілері    арасында  тоқырауға  алып  келуі  мүмкін.  Нәтижесінде  олар,  басқа   зейнетақы  нарығы субьектілерімен   одақ  құруға  ұмтылады немесе  жойыла  бастайды,  немесе  басқа   қаржы  ұйымдарына  түрленуі  мүмкін.

Информация о работе Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі: жағдайы және болашағы