Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2012 в 08:40, курсовая работа

Описание работы

Жұмыссыздық - соңғы кезде қоғамымызда белең алып отырған осы бір қолайсыз құбылысқа да бойымыз үйрене бастағандай. Бұрындары «екі қолға – бір жұмыс» деп, алыстан жылтыраған шамның болар-болмас жарығындай көкейде бір үміт сәулесі болғаны еді. Оның да әлсіз оты бірте-бірте сөнуге айналған тәрізді. Қазіргі жағдайда халықты жұмыспен қамту түбегейлі өзгерістерге түсуде. Оның басты себебі – экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты: кімнің өнімі сұранымға ие, соның кәсіпорындарда жұмыс орны болады.

Содержание

Кіріспе
1. Жұмыссыздықтың пайда болуы мен себептері
2. Қазақстан Республикасындағы еңбек биржасының қалыптасуы. Еңбек
нарығы.
3. Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу
жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:

Работа содержит 1 файл

жұмыссызықұ1.doc

— 239.00 Кб (Скачать)
stify">   Созылыңқы жұмыссыздық – 12 айға және одан ұзақ уақытқа созылатын жұмыссыздық.

   Өнеркәсібі  дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып шетел авторлары  олардың жекелеген түрлерін тудыратын  нақты факторларын қарастырады. Мысалы, АҚШ-ы Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссияның  жүргізген зерттеуі жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың әрқайсысының өзінің ерекше “себептері” бар. Экономистер барлық жұмыссыздықтың түрлерін негізінен екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына – “жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен”туындауын жатқызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші тобына – “жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес: фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін” жатқызамыз.

   Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам  үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.

   Жұмыссыздқ  деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:

   ЖБ=ЖС/ЖК*100

   Мұндағы – ЖБ – жұмыссыздық деңгейі;

                       ЖС – жұмыссыздар саны;

                       ЖК – жұмыс күшінің саны.

   Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бар бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздыққа ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі өсе түседі.

   Әйелдердің  де, еркектердің де жұмыссыздықтарының негізгі себептері оқу орнын  бітіргеннен кейін жұмысқа орналасудың  қиындығы және кез келген жұмыстың табылмауы болып табылады. Әйелдердің салыстырмалы теңсіздігінің себебі – олар еркектерге қарағанда штат қысқартуға байланысты  жұмыстан жиірек босатылады және үй шаруашылығын жүргізу қажеттілігі бойынша жұмысты тастайды.

   Жасқа қарай жұмыссыздық сипаттамасы  да сондай-ақ еңбек рыногындағы әйелдер  мен еркектер арасындағы теңсіздікті  айғақтайды.

   Кесте 1

   Жұмыссыздық себептері, 2007 жыл 

     

   

     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

     Дерек көзі: Қазақстан Республикасындағы  еңбек рыногы: 2006 жыл. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі Агенттігі, 2007ж. 

 Еңбек  өндіріс факторы, ерекше тауар  болып табылады. Оның тауарлық формасының  ерекшелігі мыналардан тұрады:

  1. Бұл ресурс, әдетте, өзінің толық көлемінде сатылу обьектісі болып шықпайды.
  2. Жалдау формасындағы сату.
  3. Шамалы жинақылық (аймақтық, өндірістік және т.б.)
  4. Тұтас еңбектік бөлігі (элеуметтік формада) тұрақты өтімді таппайды. Қорытындысында тұрақты құбылыс – жұмыссыздық туады.

         Жұмыссыздық – бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа талаптар қоятын ғылыми – техникалық прогресстің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналыстырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін.

           Жұмыссыздық – құбылыс, жұмысқа  қабілетті адамдардың тұрақты  немесе уақытша жұмыс істемейтін  бөлігі.

Жұмыссыздық нарықтық экономикада типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс күшіне сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал көлеміне тәуелді. Сондықтан капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне деген сұранысты төмендетеді. Мұндай жағдай, нарықтық экономикадағы қорлану заңының іс-әрекетінің нәтижесі объективтік заңдылық. Осы заңның нәтижесінде қосымша жұмыс күшін өндіріске тарту жай жүреді және капиталдың органикалық құрылымының өсуінің әсерімен өндірістегі жұмысшылар қысқарады – нәтижесінде жұмыссыздар армиясы пайда болады.

             Жұмыссыздық негізгі себептері:

         Неоклассикалық теория. Жұмысшылардың табыспен келіспеуі, төмен жалақымен жұмыс істеуден бас тарту.

         Кейнтік теория.  Жұмысбастылық жиынтық ұсынысқа, тұтыну бейімділігіне және инвестициялар көлеміне байланысты.

         Маркстік теория. Қорланған капиталдың қажетті нәтижесінде, жанды еңбекте машина мен жабдықтарға қарағанда аз өседі.

         Жұмыссыздықтың  мынандай түрлері) бар:

  1. Ағымдағы немесе фрикциондық жұмыссыздар. Адамдар бір

          жұмыстан екінші жұмысқа ауысады,  бір жерден екінші жерге көшеді,

          жұмыс іздейді, оны күтеді. Осы  себептерге байланысты жұмыссыз

          болады, оны фрикциондық немесе  ағымдағы жұмыссыздар дейді.

                Сонымен, фрикциондық жұмыссыздық  жұмыс күшінің объективті

                қажеттілікпен қозғалысына байланысты.

  1. Құрылымдық жұмыссыздық – жұмыс күшінің құрылысына жұмыс

                орнының  құрылымының сай келмеуіне  байланысты болады.

          Өндірістегі технологиялық өзгерістер  жұмыс күшіне сұраным

          құрылымын өзгертеді. Жұмыс орнының  жаңа құрылымы бұрыннан

          келе жатқан (ескі технологияға  сай) жұмыс күшінің құрылымына  сай

          келмейді, осыған байланысты жұмысшылардың  белгілі бір бөлігі

          өндірістен ығыстырылып, құрылымдық  жұмыссыздарды құрайды.

          Жұмыссыздықтың жоғарыда келтірілген екі түріде шарасыз, 

          сондықтан егер елде жұмыссыздықтың  фрикциондық және

          құрылымдық түрлері болса, онда  жұмыссыздық жоқ деп есептелінеді.

    1. Технологиялық жұмыссыздық – ғылыми – техникалық прогресспен байланыты (ҒТП). ҒТП – жоғарғы қарқынмен дамыған кезде жұмыс орындары босайды, оның саны тез көбейіп кетеді. Сонымен қатар ҒТП – тің ерекшеліктері де бар. Технологиялық зерттемелердің еңбек сыйымдылығы жоғары процестеріне қызмет жасау үшін жұмыс жасау күшін тартады. Сайып келгенде ҒТП жұмыссыздықтың өсуіне алып келеді, сондықтан мемлекет еңбек нарығын реттеуге әсер ететін шараларды қарастыру қажет.
    2. Циклдық жұмыссыздық – экономикалық дағдарыста өндірістің төмен құлдыраған (спад) кезеңінде пайда болады. Жұмыссыздықтың бұл түрі жалпы тұтынушы және инвестициялық шығындардың бірден қысқаруымен сипатталады. Тауар мен қызметтерге жалпы сұраным қысқарып, жұмыссыздық өседі. Сондықтан жоғарыдағы себепке байланысты, оны сұраным  ділгірлігіне (тапшылығына) (дефицит) байланысты жұмыссыздық деп те атайды.
    3. Көрінбейтін немесе маусымдық (сезондық) жұмыссыздық – белгілі бір уақытта жұмыс істеп, қалған уақытында жұмыссыз (ауыл шаруашылығы, құрылыс, туристтерге қызмет көрсету) немесе толық емес жұмыс күнінде жұмыс жасау.
    4. Аймақтық жұмыссыздық – жеке аймақтарда тарихи, демографиялық, әлеуметтік – психологиялық жағдайлардың әсерінен қалыптасады. Мысалы, көмір өндіретін өндірістің шоғырланған аймақтар. Әлемдік тәжірибе бойынша жергілікті мемлекеттік мақсатты бағдарламалар негізінде шешеді.  (Сурет 1,Сурет2)

      Қазіргі замандағы жұмыссыздықтың сипаттына бірнеше факторлар ықпал етеді:

    • Ғылыми – техникалық прогресс;
    • Экономикадағы құрылымдық және аймақтық ілгері басушылық;
    • Сыртқы экономикалық бәсекелестің күрт күшеюі.

           Мұндай жағдайларда еңбек нарығы  мынаған міндетті:

      1. Өте жоғарғы жинақылыққа жетуге (кәсіпойлық, біліктілік, аймақтық және халықаралық көзқарастар аясында)
      2. Үлкен икемділікке барып, қазіргі заманғы жағдайларға сай өте үлкен бейімділік танытуға.
      3. Еңбекақы ставкаларын дараландыру (еңбекақыны нақтылы жұмыскердің ағымдық еңбек үлесімен ғана емес, сонымен бірге адамның жұмысқа лайықтылығын, әлеуметтік мүмкінділігін және біліктілігінің өсуін есепке ала отырып құру керек).

     Өнеркәсібі  дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырады. Мысалы,  АҚШ Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссиясының жүргізген зерттеуі, жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың әрқайсысының өзінің ерекше себептері бар. Экономистер барлық жұмыссыздықтың  түрлерін негізінен екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына – «жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен» туындауын жатқызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші тобына – «жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін» жатқызамыз.

      Кез келген жұмыссыздықтың болуы – қоғам  үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.  

     Жұмыссыздық оның деңгейімен өлшенеді.

    Жұмыссыздық деңгейі – жұмыссыздар санының жұмысқа қабілеттер

санындағы үлес салмағы. Жұмыссыздық деңгейі  жұмыспен толық қамтылғанда “жұмыссыздықтың  табиғи деңгейі” деп атайды.

      Жұмыссыздық деңгейі экономикалық жағдайының негізгі  көрсеткіштерінің бірі, бірақ оны  тура көрсеткіш деп толық айтуға болмайды. Себебі , ресми статистикада, кім жұмыссыздыққа байланысты көмек алады, соларды ғана есептейді. 

    Жұмыссыздық деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:

                ЖД = ЖС/ЖК* 100%      Мұндағы:    ЖД – жұмыссыздық деңгейі; 

                                                                ЖС – жұмыссыздар саны;                      

                                                                                   ЖК – жұмыс күшінің саны;

    Жұмыссыздық деңгейі оның нормасымен сипатталады. Оның нормасымен

жұмыссыздықтың  жалпы санының жұмыс күші санына қатынасымен пайыз түрінде есептеледі.

          Экономикалық теорияда “жұмыссыздықтың  табиғи деңгейі” – деген ұғымды  пайдаланады. Оның мөлшері өзгермелі,  оның деңгейі әр елде әр  түрлі 

2 пайыздан  7 пайызға дейін. Мемлекет жұмыссыздықты осы табиғи деңгейден асырмау бағытында іс-шаралар жүргізуге міндетті.

        Жұмыссыздықтың экономикалық және  әлеуметтік салдары: 

    1. ЖҰӨ-нің көлемі қоғамның өзінің бар потенциалды мүмкіншілігін пайдаланғандағы көлемімен салыстырғанда төмендеуіне әкеліп соғады.
    2. Халықтың әр түрлі топтарының арасында жұмыссыздық шығыны бірдей бөлінбеуіне соқтырады.
    3. Жұмысшылар мамандығын төмендетіп (ескіреді), тіпті айырылып та қалады.

    Жалпы жұмыссыздық мәселелерін шешуде экономикаға мемлекеттің

араласуы  қажет. Мемлекет жұмыссыздықты реттеуді негізінен төрт бағытта жүргізеді.

  1. Жұмыссыздарды жұмыспен қамту, оларға мамандығын жоғалтпау үшін еңбек биржасы арқылы кәсіби дайындықтардан және қайта дайындаудан өткізуге көмек көрсету.
  2. Әрбір әлеуметтік топтардың (әйелдер, зейнеткерлер, жастар) ерекшеліктерін толық есептеу үшін икемді еңбек нарығын қалыптастырып, оны осы жұмыстарды жүргізу үшін ынталандыру.
  3. Еңбек қатынасын құқықтық қамтамасыз ету.
  4. Жұмыссыздық зардабын шеккен адамдарды әлеуметтік қорғау.

    Кез келген жұмыссыздың деңгейімен байланыста болатын экономикалық

зиянды  анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң  американ экономисі Артур Оукеннің (1724-1780 ж.ж.) есімімен аталған. Осы заң  математикалық тұрғыдан жұмыссыздық  деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Егер жұмыссыздықтың сандық деңгейі табиғи деңгейден 1%- ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Осы 2,5 санымыз – Оукен коэффициенті болып табылады. Мына 1:2,5 қатынасы, бұл жұмыссыздықтың ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне қатынасы болып табылады және жұмыссыздықпен байланысты өнімнің абсолюттік зиянын анықтауға көмектеседі. Мысалы, жылына (1983 ж) жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі 9,5% немесе 3,5 % - ке жетті, артық ұйғарудың табиғи деңгейі 6%. Осы 3,5%  санын Оукен коэффициентіне (2,5) көбейтсек, онда 1983ж.  ЖҰӨ көлемінің көлемінің төмендеуі 8,75% құрайды. Басқа сөзбен айтқанда, егер де 1983 ж. Жұмыссыздық деңгейі толық қамтамасыз етілсе, ЖҰӨ нақтыға қарағанда 8,75% - тен көп болар еді.

Информация о работе Қазақстан Республикасында жұмыспен қамтуды талдау және оны шешу жолдары