Айналым активтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 23:09, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын айналым активтерінің талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның айналым активтерінің талдау жөніндегі сұрақтарды қарастыр-мас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................... 3
1.Кәсіпорынның айналым активтерінің талдаудың теориялық негіздері.
1.1.Кәсіпорының айналым активтерінің мәні мен мазмұны................................5
1.2 Кәсіпорынның айналым активтерінің мақсаттары мен міндеттері..............9
1.3 Кәсіпорынның айналым активтерін қаржылық талдаудің әдістері...............13
2. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау және айналым активтері
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы және оның айналым активтері....................................................................................................................16
2.2. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау....................................................20
2.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау...........................................23
3. Кәсіпорынның активтерінің дамыту перспекивалары.
3.1 “Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау.....29
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын мен іскерлік белсенділігін дамыту жолдары...............................................................................31
Қорытынды................................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................39

Работа содержит 1 файл

айналым активтери.doc

— 338.00 Кб (Скачать)

А.Д.Шеремет, А.М.Ковалев; В.П.Привалов, О.В.Ефимова және тағы басқа-лар бұл көрсеткіштің 0,5 деңгейдегі мәні кәсіпорынның барлық міндеттемеле-рін өз қаражатымен жабуды қамтамасыз ете алатын ең теменгі көрсеткіш бола алады [2,18,6] деп санайды.                                                                                            

АҚШ және Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффиентінің жоғары жетерлік деңгейі болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуекелдігі төмен бола-ды: өз қаражаттарынан қалыптасты­рылған мүліктің жартысын сатып (қарызға алынған каражаттар салынған, екінші жартысы кейбір себептермен құнсыздан-ған болса да), кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады.                                                                                                            

Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 деңгейінде шектеуді орындау,  қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сонтықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгі-леуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол акпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асыры-лады.

Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер капиталдың аванс-талынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капитал-дың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылы-мын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және мен-шіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қыскарғанын көрсетеді. Бірақ бі-рыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивидент-тердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражаты өсірген дұ-рыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс.

Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағ-дайларға тәуелді болады.                                                                                                             

Каржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерт-теу үшін келесідей талдау 3-кестесі құрылады.

 

Көрсеткіштер

Сомасы, мың тг.

Құрылымы, %

Өзгеріс (+;-)

 

Жыл басында

Жыл соңында

Жыл басында

Жыл соңында

Мың тг.

Үлес салмағы%

Меншікті капитал

 

 

 

 

 

 

Жарғылық капитал

13 395

13 395

3,63

3,72

0

 

Қосымша капитал

223 375

223 375

60,49

62,09

0

 

Резервтік капитал

3 225

3 225

0,87

0,90

0

 

Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)

60 480

59 415

16,38

16,51

-1 065

-1,76

Жиыны

300 475

299 410

81,37

83,22

-1 065

-0,35

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

0

0

0,00

0,00

0

 

Қысқы мерзімді міндеттемелер

 

 

 

 

 

 

Қысқы мерзімді несиелер және овердрафт

5 325

3 175

1,44

0,88

-2 150

-40,38

Кредитолық борыш

44 325

41 835

12,00

11,63

-2 490

-5,62

Алдағы кезең кірістері

3560

3 570

0,96

0,99

+10

+0,28

Баса да несиелік борыштар

15 565

11 775

4,22

3,27

-3 790

-24,35

Жиыны

68 775

60 355

18,63

16,78

-8 420

-12,24

Барлығы

369 250

359 765

100,00

100,00

-9 485

  2,57

Кесте-3 «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының авансталынған капиталының құрамы мен құрылуы.

3-кестеден кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 9485 мың теңгеге немесе 2,57%-ға төмендегені көрініп тұр. Тәуелсіздік коэффи-циенті 0,814-ден 0,832-ге дейін немесе 0,018 пунктке өскен. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) аз да болса жақсарғанын көрсетеді. Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатысты-рылған капиталдың  барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлел-дейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формулармен анықталады:

Кт = Қк:АК  немесе Кт = 1 - Ктс

Мұндағы: Кт -   тәуелділік коэффициенті;                                                                           

Қк -   қатыстырылған капитал;                                                                                              

Ак -  авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);                                                    

Ктс- тәуелсіздік коэффициенті.                                                                                           

Бұл коэффициент  авансталған  капиталдың  жалпы сомасындағы қарыздың

үлесін сипаттайды.                                                                                                                               

Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы каржыландыру көзде-рінен тәуелділігі жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі жылдың басында 0,186 (1-0,814), ал жыл соңында 0,168 (1-0,832) болды.

Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті ка-питалдың қатыстырылған капи­талға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.

Кқ = Мк:Қк

Мұндағы: Кқ - қаржыландыру коэффициенті;                                                                 

Мк - меншікті капитал;                                                                                                              

Қк - қатыстырылған капитал.                                                                                           

Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар   қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.                                                                 

Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржы-ландыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымыз-да бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:              

жыл басында – 4,37 (300475:68775);

жыл аяғында – 4,96 (299410:60355).                                                                            

Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңі-нен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасы-мен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициен-ті:

Кқ/м = Қк:Мк

Мұндағы: Кқ/м - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті;                                                                                                                       

Қк - қатыстырылған капитал;                                                                                                     

Мк-меншікті капитал.                                                                                                                            

Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әр-бір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорыны-мызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:            

жыл басында - 0,23 (68775: 300475);                                                                     

жыл аяғында - 0,2 (60355: 299410).                                                                                 

Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншіктік қаражаттардың  әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 23 тиынын тарт-қанын дәлелдейді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары меншіктік са-лымдардың әрбір теңгесіне 20 тиынға дейін азайған.                    

Арнайы әдебиеттерде [2, 10] бұл көрсеткіш үшін қалыпты шектеу: Ккм<1. Егер оның мәні  1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға) жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффи-циенті салалы ерекшеліктерге, кәсіпорынның  шаруашылық қызметінің сипаты-на және айналым қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіш-тері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпо-рынның қаржылық дербестігіне ешқандай әсерін тигізбейді. Кәсіпорынның ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынас коэффициентінің мәнімен шектелуі қажет [10].                                           

Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңыз-ды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол мен-шікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:

Кқт=( Мк  + ҰМ ) / Ак                                                                                                  

Мұндағы: Кқт - қаржылық тұрақтылық коэффициенті;                                                        

ҰМ - ұзақ мерзімді міндеттемелер;                                                                                     

Ак -  авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);                                                                                                                                       

Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсет-кіш. Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек ал оның 0,75-тен төмендеуі қауіпті [6]. Біздің кәсіпорынымызда бұл көр-сеткіштің мәні ұзақ мерзімді міндеттемелердің жоқтығына байланысты тәуел-сіздік коэффициентінің мәніне тең.:                                                                                    

жыл басында - 0,814 ((300475+0):369250);                                                                    

жыл аяғында - 0,832 ((299410+0):359765).                                                                                             

Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын) анықтау үшін жоғарыда келтірілген көрсеткіштермен қатар инвестициалау коэффициентінде қолдану ұсынылады. Ол батыс фирмаларында кеңінен қол-данылады және меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықта-лады.

Ки=Мк / Нк                                                                                                  

Мұндағы: Ки - инвестициялық коэффициенті;      

Мк – меншікті капитал;                                                                                                                       

Нк -  негізгі капитал;                                                                                                                                       

Информация о работе Айналым активтері