Айналым активтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 23:09, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорыннын айналым активтерінің талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның айналым активтерінің талдау жөніндегі сұрақтарды қарастыр-мас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады" деп жазған.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................... 3
1.Кәсіпорынның айналым активтерінің талдаудың теориялық негіздері.
1.1.Кәсіпорының айналым активтерінің мәні мен мазмұны................................5
1.2 Кәсіпорынның айналым активтерінің мақсаттары мен міндеттері..............9
1.3 Кәсіпорынның айналым активтерін қаржылық талдаудің әдістері...............13
2. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау және айналым активтері
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы және оның айналым активтері....................................................................................................................16
2.2. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау....................................................20
2.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау...........................................23
3. Кәсіпорынның активтерінің дамыту перспекивалары.
3.1 “Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау.....29
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын мен іскерлік белсенділігін дамыту жолдары...............................................................................31
Қорытынды................................................................................................................37
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................39

Работа содержит 1 файл

айналым активтери.doc

— 338.00 Кб (Скачать)

Жоғары оқу орындарында экономикалық мамандық алатын студенттерге, бизнес мектептер мен экономикалық лицейлерге арналған ағылшын авторының "Бухгалтерлік талдау" деген оқулығында келесідей анықтама берілген: Баланс - бұл кәсіпорынның белгілі бір күндегі қаржылық жағдайының кестесі болып та-былады. [7]                           

Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді және ол нені алуға тиіс, со-ны көрсетеді (немесе активтер - бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға тиісті мүлкі); пассивтер - бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан да пассивтер сомасына тең болуы тиіс [13].

Ағылшын ғалымдары шығарған "Бухгалтерлік іске кіріспе" деген оқу құра-лында былай жазылған: Баланс - бұл белгілі бір күнге кәсіпорынға тиісті бар-лық активтер мен оның борыштарын анықтайтын пассивтерінің тізімі. Бұл бе-рілген уақыт мерзіміндегі бизнестің (іскерлік қызметтің) қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай көрініске ие бо-лады және де активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс[14].

Әрі қарай олар баланстың негізгі элементтерін келесідей сипаттайды: Актив-тер-бұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе. Пассивтер - басқа біреуге тиісті нәрсе. "Пассив" термині таза бухгалтерлік ұғым болып табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді білдіреді.                                                                                                                    

Аталған оқулықта бухгалтерлік баланстың бөлімдері (жақтары) мен эле-менттері келесідей анықталады:                                                                            

«Актив дегеніміз - бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен ба-қыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.                                                                                                                             

Пассив - бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы мін-деттемесі.

Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын ресурстары-ның шығынына (сыртқа   кетуіне) әкеліп соқтырады.                

Капитал - бұл пассивтерді активтерден алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты».                                                                                                        

Көріп отырғанымыздай, бухгалтерлік баланс және оның элементтері туралы бұл анықтамалар біздің бухгалтерлік есеп теориясы бойынша оқулықтарымыз-да берілген анықтамалардан өте ерекшеленеді. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп тура-лы заңды жасаушылар негіз ретінде батыс ғалымдарының еңбегін алып отыр. "Қаржылық есептің, субъектінің қаржылық жағдайын бағалаумен байланысқан негізгі элементтері – активтер, меншікті капитал және субъектінің міндеттеме-сі" болып табылатынын айта келе, олар қаржылық есептің бұл элементтеріне келесідей сипаттама береді.[4]                                                                                                                       

«Активтер - бұл құндық бағасы бар кәсіпорыннын мүлкі, мүліктік, жеке мү-ліктік емес иелігі және құқығы болып табылады.                                                                                                                                              

Баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрынғы қалпында қалып отыр, яғни активтер олардың өтімділік деңгейіне байланысты, өтімділігі төмен активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі азынан көбіне қарай.                                                                                                        

Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:                                                 

1) ұзақ мерзімді активтер;                                                                                                    

2) ағымдағы активтер;               

3) меншікті капитал; 

4) ұзақ мерзімді міндеттемелер;                                                                                             

5) ағымдағы міндеттемелер.                                                                                           

Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған екі элемент - табыс және шығын – қаржы - шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.                                                                                                                 

Қаржылық жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік баланс мәліметте-ріне ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау, себебі бух-галтерлік баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан ада емес, олардың ең маңыз-дылары келесілер болып табылады:                                                                                                                            

1.Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады. Баланста келтірілген мә-ліметтер оны құрған кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді. Бұл жағдайда баланс ақпараттары ретроспективалық және перспективалық тал-дау мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.                                                                         

2.Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелеріңде статус-квоны си-паттайды, яғни пайдаланылып жүрген есеп саясатына сай осы кезеңде кәсіпо-рын жалпы қандай жағдайда тұр деген сұраққа жауап береді, бірақ бұл жағдай-ға ненің нәтижесінде жеткеніне жауап бермейді. Бұл сұраққа жауап беру үшін, тек қосымша мәліметтер ғана емес, сонымен қатар есеп және есеп беруде көрсе-тілмейтін көптеген факторлардың талдануы қажет (мысалы, ғылыми- техника-лық прогресс, контрагенттегі қаржылық қиындықтар және басқалар).                                                                                                                        

     3.Баланста салыстырмалы шаруашылық аралық талдау жүргізу үшін қажетті база жоқ. Ол кеңістіктік және уақыттық салыстырулармен қамтамасыз етпейді. Сондықтан оның талдауы динамикада жүргізілуі тиіс және мүмкіндігінше көр-сеткіштерге, олардың орташа салық және орташа прогрессивтік маңыздылығы-на шолу жасаумен толықтырылуы тиіс. Осындай мақсатпен ұқсас кәсіпорындар тобы бойынша негізгі есептік көрсеткіштерді ашық жариялау қажет. Бұл қажет-ті орташа көрсеткіштерді есептеп шығаруға мүмкіндік береді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

     4. Баланста кәсіпорынның қаражаттарының айналымы туралы мәлімет жоқ. Баланстың сол немесе басқа бабы бойынша соманың аз немесе көптігі туралы қортындыны баланстың көрсеткіштерін айналымының сәйкес сомаларымен са-лыстырғаннан кейін ғана жасауға болады. Мысалы, екі кәсіпорынның баланста-рындағы "материалдар" бабы бойынша сомасы бірдей, яғни 5 млн. теңге. Бір жылдағы материалдар айналымы, бірінші кәсіпорында 60 млн. теңге, ал екінше-де 10 млн. теңгені құрады. Осыған сәйкес бірінші жағдайда материалдардың қо-ры жылдық тұтынушылардың 1/12 (5/60)-ін (айлық қор), ал екінші жағдайда 1/2 (5/10), яғни жылдық тұтынудың жартысын (жарты жылдық қор) қамтамасыз етеді. [4]                           

     5.Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің жиын-тығы болып табылады, яғни онда осы балансты толтыру кезіндегі шаруашылық       

операцияларының жиынтығы жазылып отырады. Ол кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың динами-калық баптарына қатысты, олар "материалдар", "дайын өнім", '"тауарлар", "де-биторлық борыш" және басқалар.                                                                                                                  

Мысалы, жыл соңында қолда бар өнім қорларының үлес салмағының көп бо-луы мен дебиторлық борыштың айтарлықтай үлесі, мұндай жағдай жыл бойы осылай болды дегенді білдірмейді.                                                                                             

6.Баланста кәсіпорынның активтерін сатып алуда тарихи бағаны коддану принципі жүргізіледі, ол мүліктің жалпы алғанда нақты бағасын едәуір дәреже-де бұрмалайды. Баланстың жеке баптарына инфляциялық факторлар мен нарық коньюктурасының өзгерісі едәуір бұрмалаушылық әсерін тигізуі мүмкін. Ин-фляция , кәсіпорын пайдаланатын шикізат пен жабдықтарға бағаның өсуі және негізгі құралдарды жаңарту дәрежесінің төмен жағдайында көптеген баланс баптары функционалдық қызметі жағынан бірдей, бірақ есеп объектітерінің құ-ны жағынан әр түрлі жиынтықты көрсетеді. Бұл әр түрлі есеп мерзімдерінде есептелген баланстың аттас көрсеткіштерінің салыстырмалығының бұзылуына әкеліп соқтырады. Әрине, ол сондай-ақ кәсіпорын қызметінің нәтижесін, оның шаруашылық қаражаттарынын "бағасын" (гудвилл) едәуір бұрмалайды. Бұл ке-дергі баланс валютасының кәсіпорын бағасының дәл құнын көрсетпейтіндігін дәлелдейді. [4]                           

Баланс жиыны кәсіпорын активтері мен оны жабу көздерінің есептік баға-сын ғана көрсетеді, ал осы кезде бұл активтердің нарықтык бағасы мүлдем бас-қаша болуы мүмкін және берілген активтің пайдалану мерзімі мен оның баланс-та көрсетілуі қаншалықты ұзақ болса, есептік баға мен ағымдағы нарықтық баға арасындағы айырмашылык соншалықты көп болады.                                                                                                                                                                                                            

 

1.3 Кәсіпорынның айналым активтерін қаржылық талдаудің әдістері

 

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді ка-жет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпарат-тық көздері бар. [1]                                                                                                                         

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның каржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық кызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржы-лық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы ке-зеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметте-рін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың  мөлшерден тыс шығары-лып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырыл-ған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішін-дегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығын-дар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару  есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қар-жылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.  [6]                                                                                                                              

Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда қар-жылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық көр-ді.

Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның же-келей көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын, кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандык тәжірибеде қолданылма-ған жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.                    

Ондаған жылдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорынның өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды талдаудың қалыптасқан әдісі-нің, шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында жә-не негізінен орталықтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік үшін, сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер), айналым қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны түсінікті. Бұл жағдайлар шаруашылық жүргізудің тиімділігіне бағытталған бас-қарушылық шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады және нарықтық қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді. Бұ-рынғы қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі баптардың мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының жиындарын олардың мөлшерлік көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу шешуші роль атқарды. [6]                           

Жаңа қаржылық есептің маңызды ерекшеліктерінің бірі - онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы болып табылады.                                                                                                                             

Нарық жағдайында айналым активтерін қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параметрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік нәтижесінде сарқынды өзгеріп оты-ратын нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің хал-жағдайын нығайтуға ұм-тылатын кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы мен так-тикасын жасауға қызмет етеді. Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер туралы ақпараттар, коммер-циялық құпияға айналады. Жоспарланған номативтерден ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады, яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттардың шектеулі бө-лігінен тұратын есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның мүдделі контра-генттерінің, меншік иесі немесе мемлекеттік органдардың берілген кәсіпорын-ның шегінде жүргізетін талдауы. Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.[6]                                                                                                                                      

Информация о работе Айналым активтері