Б.Майлин әңгімелерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 17:45, реферат

Описание работы

Қазақ әдебиетінің негізін салушы көркем сөз шеберлерінің бірі – Бейімбет Майлин. Әдебиеттің поэзия, проза, драматургия саласында бірдей қажырлы да жемісті еңбек етіп, көркемдік жағынан құнды, көлемі жағынан мол, тәрбиелік мәні зор мұра қалдырды.

Работа содержит 1 файл

анар.doc

— 426.50 Кб (Скачать)
  • «Мәжібаев, қарағым, дайын поэмаң бар ма, оқып жіберші – деді Борсықбаев.

      Борсықбаев  әдебиеттен шала кісі болғандықтан, өлеңнің бәрін «поэма» деп  түсінетін.  Мәжібаев ұры итше  жымиып орнынан тұрып, тәлтиіп  ортаға келді» - дейді автор. Сөйтіп Борсықбаевтың надандығын «өлеңнің бәрін» поэма деп түсінетіндігімен-ақ аңғартады.

        Б.Майлиннің жазушылық әдісінің  үлкен бір ерекшелігі - өмірдің  неше алуан қырларынан тек  өзіне мейлінше таныс, әбден  қанық жақтарын ғана таңдап  алып, солар жайында жазатындығы, дала мен қала өмірін қатар алып, кеңес үкіметінің алғашқы жылдарындағы интеллигенцияның бастан кешкен оқиғаларын суреттеуге арналған «Азамат Азаматыч» атты романында да осы жәйт анық байқалады. Өйткені Б.Майлиннің губерниялық жер бөлімі меңгерушісінің орынбасары болғандығы, сол арқылы жерді бөлу, оны байлардан тартып алып, кедейлерге беру жөніндегі  саясатқа қанықтығы жайлы деректер бізге жазушының өмірбаянынан белгілі. Мұнда да автор сол өзі жақсы білетін, тікелей қатысы болған жұмыстар жайлы суреттеп отыр. Оқиғаға араласқан кейіпкерлердің көбісі дерлік жер бөлімінің қызметкерлері: Алексеев бастығы, Азамат орынбасары, Шәймерден, Қайша, Медеулер де сол мекеменің қызметкерлері. Романдағы оқиға тізбектері жазушы өміріне өте жақын болғандықтан да нанымды да, нақты суреттелінеді.

       Басқа  қазақ жазушыларынан Б.Майлин  шығармашылығының ерекшелігі –  ондағы реализмнің күштілігі,  шындық көріністердің басымдылығы.  Б.Майлин асқақтаған романтизмге  де, қияли фантазияға да әуес  емес, ол көбінесе өмірде болған, көріп-білген, түсінген оқиғалар жайында жазды. Әрине, бұдан Б.Майлин өмірде көріп-білгендерін қаз қалпында көшіре салады екен деген ой тумасқа керек, өйткені егер олай болса, көркемдік құндылығы шамалы болған болар еді. Б.Майлин өмірде болатын сан алуан оқиғаларды жазушылық талғамынан сұрыптап өткізеді де үлкен топшылауға (обобщение,) көркемдеп суреттеуге нақты детальдармен, штрихтармен дәлелдеу арқылы барады. Сөзіміз дәлелді болу үшін Б.Майлин шығармаларынан бірер көріністерді еске түсірейік. «Қырманда» атты повесіндегі оқиғалардың кейбір жәйттері өмірде болған тарихи адамдардың іс-әрекеттерін еске түсіреді. Повестегі оқиға «Малшы» колхозында өрбіп дамыса, ондағы тартыс жүйесі басты образдар Ертай, Әбдрақ, Нұрыш, Тұмаршалардың тағдырымен байланыстырылса, дәл осы есімдегі адамдардың өмірде болғандығы мәлім. Жазушының туған колхозы «Жалшыда» Ертай, Әбдрақ, Нұрыш, Тұмаршалардың қызмет атқаратыны кейбір прототиптердің қазіргі кездің кезінде де өзінде де жазушы суреттеген оқиғалардың тарихи куәсі болып отырғандығы белгілі.

       «Раушан  - коммунист» повесінде суреттелінетін  «Сабын көлдің» сол кездегі  «Сегізінші ауыл» атанған жазушының  туған жеріне жақын екендігі  тарихи шындық. Тіпті, Раушанды  мазақтамақ болған ауыл қуларының:  «- Бай-бай, ызғары-ай!...» баяғы Бисенбай болыстан да қатаң ғой!» деп Бейімбет елінде болыс боп өткен Бисенбайды әдейі еске түсіре сөйлеуі де оқиғаны шындыққа жақындата түседі. Бұл тәрізді өмірлік фактілер жазушы шығармаларында түгелдей дерлік орын тауып отырады. Бірақ Б.Майлин өмірде болған оқиғаларды, детальдың шындығын анықтап дәлелдей түсу үшін пайдаланғаны болмаса, ешуақытта да ол сол оқиғалардың жетегіне ілесіп кетпейді. Өмір шындығын революциялық даму дәрежесінде алып, ақиқат жанды суретін жасап, оны айқын көркем образдармен түйеді, сөйтіп эстетикалық әсер беріп,  өмірдің сырын танытады.

      Бейімбет  Майлин әдебиетіміздің барлық  саласында әртүрлі жанрларында  бірдей қызмет еткен жазушы. Оның  шығармашылығына тән халықтық, қарапайымдылық  қасиет тек поэзиясында ғана  емес, прозалық, драмалық шығармаларында ерекше байқалады. Әдебиетіміздің проза саласында, әсіресе, оның көркем әңгіме сияқты шағын жанрында Бейімбеттей көп еңбек еткен жазушы кемде-кем. «Қазақ әңгімелерінің аса көркем үлгілері Бейімбеттің өзгеше мұрасынан танылатын» деген Мұхтар Әуезовтің пікірі жазушы шығармашылығына берілген әділ баға.

      Бейімбеттің  проза саласындағы тұңғыш еңбегі  – «Шұғаның белгісі» (1914-1915 жылдары)  атты повесі. Бұл шығарма жазушының  прозадағы тырнақалды еңібегі  бола тұра көтерген тақырыбы, тіл көркемдігі, оқиға тартысын өрбітудегі жазушы шеберлігі жағынан қазақ әдебиеті тарихындағы кезеңді шығармалардың бірі. Повестің негізгі тақырыбы - махаббат бостандығын аңсаған жастар жайлы.  Өз заманының көзі ашық, оқыған жігіті Әбдірахман Есімбектің Шұға деген жас қызына ғашық болады. Қыз да Әбдірахманды ұнатады. Әкесінің Әбдірахманға қарсы екенін сезіп, өз арманына жете алмайтынын білген Шұға күйіктен ауырып қаза табады.

       Повестегі  негізгі мәселе Шұғаның тағдырымен  тығыз байланыстырылған. Шұғаның  махаббаты, арман-мүддесі, қайғылы зары, трагедиялық халі түгелдей әңгіменің арқауын құрайды. «Шұғаның белгісінде» автор Шұға өмір сүрген ортаны, заман жайын, дәуір кейпін де аңғарарлықтай оқиға, характер жасайды. Бейімбеттің прозадағы алғашқы туындысы – «Шұғаның белгісі» классикалық туынды. Бұдан басқа да повестері мен «Азамат Азаматыч» романы оқушы қауымының есінде. Ал енді қандай шығармалар бар екен деген сұраққа мына шығармаларды айтар едік. Повестері: «Оспан Олжабаев», «Жастық жалыны», «Кең атыздың таласы», «Атылмаған оқ», «Жалбыр», «Құсайын Құлбеков», «Асулардан асқанда», «Он бес үй», «Қарашаш». Фельетондары мен очерктері: «Кесінділер», «Сойқанды содырлар» осы шығармалардың бәрі де бір кездерде жарияланған болатын. Оның үстіне тіпті ертеде жазушының «Ел сыры» өлеңдер жинағы (Қызылорда, -1926 ж), «От басында» әңгіме, өлеңдер жинағы (бұл да 1926 ж), «Ел көркі» өлеңдер жинағы (1928, Ташкентте). Осылардың бәрі де Бейімбеттің 1961-1964 жылдары шыққан алты томдық жинағына кірмей ұмыт қалып отыр. «Қоңсылар», «Тартыс», «Қызыл жалау» романдарының үзінділері де қомақты идеясы айқын шығармалар. Олармен де оқушы қауым таныс емес. Тіпті Бейімбеттің атақты повесі «Он бес үй» де осы кезге дейін толық вариантымен жарық көре алмай келеді. Қазіргі оқушы жұртқа таныс варианты бір кездегі әдебиет хрестоматиялары үшін қысқартылып алынған түрі. Оны жазушы 1933 жылы жеке кітап етіп жариялаған. Сонда автордың мынадай қысқа ғана бірақ өтінішке толы алғы сөзі бар болатын: Оны автор алғы сөз демей «Ескерту» деп атайды да былай деп жазады: «Бұл «Он бес үй» әңгімесі бірінші рет «Жаршы» журналында басылып шығып еді. Ондағысы журнал көлемінде ықшамдалған шағын еді. Бұл жолы бөлек кітап қылып шығаратын болған соң бірсыпыра кеңітіп, түзеген болдым. Әңгіменің жалпы желісін бұзбай сол күйінде қалдырдым. Бұл әңгімені оқу кітаптарынан, я басқа керектеріне жаратам деген жолдастар бұдан былай осы текстін пайдаланса екен деймін». Міне, үлкен суреткердің осы өтініші де осы кезге дейін орындалмай келеді.

       1979 жылы  «Жазушы» баспасы Бейімбеттің  «Қызыл жалау» деп аталатын бір томдығын шығарды. Оған  «Қоңсылар», «Қызыл жалау», «Тартыс» романдарының үзінділері, «Атылмаған оқ», «Құсайын Құлбеков» атты повестері Ғ.Мүсіреповпен бірігіп жазған «Батыр – большевик Амангелді» атты тарихи очеркі және «Шабуыл» атты пьесасы т.б. бір топ әңгіме, очерктері енді.

        Бейімбеттің «Қызыл жалау» атты  романын жазып бітіріп, оны  баспаға дайындау үстінде жүргенін  жазушының замандастарының көбісі  еске алады. Бірақ бұл романның  қолжазбасы жоғалып кеткен. Қай  жерде қалай жоғалды, қандай жауыздың қолында жыртылды, немесе кімге қолды болып кетті бұл жағы осы кезге дейін мәлімсіз. Жазушының замандастарының айтуына қарағанда Бейімбет «Қызыл жалау» романымен қатар «Қоңсылар», «Тартыс» атты романдарын да, «Дударай» атты опералық либреттосын да жазып аяқтаған. Алғашқы үш романның үзінділерін бір мезгілде қатар жариялап жүрген, ал «Дударай» атты опералық либретто еш жерде жарияланбаған. Соған қарағанда театрдың архивінде қолжазба күйінде жоғалуы да мүмкін. Сондықтан ол туралы бірдеңе айту қиын. Оны жазушының жары  Гүлжамал апай да талай рет еңіреп те, егіліп те еске түсірген.  Табылғаны «Қызыл жалау» романының 1934 ж. 4 және 1935 жылғы «Әдбиет майданы» журналының 7,8,9 сандарында жарияланған үзінділері. Енді сол үзінділер туралы бірер сөз: «Әдебиет майданы» журналының №7 санында ІІ деген тармақпен басталған. Сөйтсе, оның басы 1934 жылы «Әдебиет майданы» журналының 4 санында жарияланыпты. «Әдебиет майданы» 7 санындағы үзінді былай басталады. «Өкпек желдің екпіні кешке қарай да басылмады. Ауыл арасынан қара көз жасын сығып, мүжіліп, семіп бара жатқан тұсынан кірді. Есік алдарына иірілген сулар көл-көсір болып қанасынан асып шалқыды. Кейбір жер үйлерге су кіріп, адамдары шұбырып шыққандай болды. Баласын қарғаған, байына ашуланған әйелдердің зіркілі әр үйдің маңынан-ақ естіліп жатты. Тоғызбай отағасының шәукиген кішкене резеңкесі, ауыл өмірінің күйінен өзін бөлек санаған секілденіп, монтиып қана тұр. Үй маңында үйілген қар да жоқ. Қыбыр еткен мал да жоқ... Сабалақ жүнді қара ала төбет иіріне басып лапастан шықты да, тұмсығын көтеріп, жағалай қаранып, бірдеңені көзі шалғандай ылдиға қарай бүлкілдеп жортты... (Ә.М.7, 21 бет).

       Табиғаттың  көркін суреттеуге де не кейіпкерлерінің  портретін жасауға да өте ұқыпты  қарайтын жазушы лепірме сөзге, әсіресе бояуға өте сараң, бір-екі сөйлеммен табиғаттың көркін де, кейіпкерінің портетін де шебер суреттеп оқушысының көз алдына елестете біледі. Шағын шаруасы бар, момақан қарт Тоғызбайдың өзіне лайық қана күркесі барлығын суреттей келіп, жазушы оның бөтен іспен де, бөгде сөзбен де жұмысы жоқтығын байқатады. Мырзалық төбелесі жайлы әр үйден бір сұрап жүрген милиционер Жаманғалиға Тоғызбай былай дейді:  - «Біз әңгіменің адамы емеспіз, шырағым... Отбасында дұрыс отырғызып қойса, соған мәзбіз деді күрсініп. Керек десе жиылыстарына да бармаймын. Манағы жердің өзіне қалай барғанымды да білмеймін...

      Тоғызбай  қарттың қызы Кәтима ептеп  сауатын ашқан, комсомолға кірген  көзі ашық қыз. Жаманғали да  құрбысына көз тастап, одан сыр  тартқысы келеді. Бұл екеуінің де сөздері өз бойларына жарасымды, сол кездің әдет-ғұрпы аумағында ғана болады.

        Сонымен негізгі мәселе «Қызыл  жалау» колхозының жаңа құрылған  кезіндегі ел арасындағы таптық  тартыс. Біреулер колхозды шын  жақтап оны қуана қарсы алса, енді біреулер өтірік кеңес үкіметін мақтаған болып колхоз құрылысына қарсылық көрсетуде. Колхоз құрылысы әр ұлтқа, тіпті әр адамның жеке басына да әртүрлі әсер етті ғой. Оның келешегін түсінген адам аз болды, түсіндім деген адамның бойында да неше алуан ауытқулар, түсініспеушіліктер болды. Міне, осындай әртүрлі санадағы адамдардың бойын кернеген психологиялық тартыстарды Бейімбет осы романында айнытпай дәл көрсетуді, реалистік бояуымен шынайы бейнелеуді көздеген. Жаңа құрылған, әлі бұғанасы қатпаған колхоздан шығып жеке шаруа құруды ойлап шатасқан кедейлер де аз емес, олардың арасына іріткі салып жүрген байлар мен олардың құйыршықтары да жетерлік. Осы колхозды ұйыстырған боп, соның бастығына сайланған Ахмеди  Мұсырманов деген пысық бар. Оның кім екенін оқушысына таныстыра кетуді ойлаған жазушы шегініс жасайды. Оның әкесі Мұсылман қажының тарихын айтады. Оның Міржақып Дулатовтың «Оян қазағына» еліктеп «Сорлы қазақ» деп өлең жазғанын, оны өз қаржысымен кітап етіп бастырғаны, ол үшін түрмеге түсіп қала жаздауы, бірақ кеңес үкіметі орнай бастаған кезде сол оқиғаны пайдаланып бірер рет облыстық губкомге бастық болғаны, бірақ жастар жағы оның шын сиқын әшкерелеп 1929 жылдары Мырзалық бастаған топ оны үй-ішімен жер аударады. Сол кезде амалын тауып әкесімен бірге кетпей қалып қойған Ахмедие өкілге «Кеңес тәрбиесінде өскен едім, әкеммен жұлдызым қарсы» деп арыз түсіреді. Астық науқаны кезінде ол өкілдерге жағына түседі. Сөйтіп қысқасы «совет адамы» болып шыға келеді. Міне, енді ол бүкіл аудан көлемінде беделді адамның біріне айналып, Зұлқан сияқты байдың құйыршықтарын өзіне тарту арқылы жаңа құрылған «Қызыл жалау» колхозының председателдігіне сайланады. Мұндай әділетсіздікті Мырзалық сияқты кедейлер көре алмай оларға қарсы күресуді ойлады. Бірақ әлі де сана-сезімі толық ояна қоймаған бұқара халықтан қолдау таба алмай қиналады. Оқиға осылай дами түседі. Мырзалықтар Ахмедие, Зұлқандардың аңқау елді алдап жүргендіктерін қалай әшкерелеудің амалын таба алмай қиналып жүргенде ауданнан осы колхоздың партия ұйымының секретары болып Жұмақан Дүйсенбаев деген біреу келеді. Бірақ оны да келген күннен бастап-ақ Зұлқандар өз жағына тарта бастайды.Дегенмен онымен шындап сөйлесуге Мырзалық пен Құлшаров келіп кездеседі. Романның жарияланған үзіндісі аяқталады. Алдағы болар үлкен тартысты әр оқушы өзінше жорып, өз қиялына ерік береді. Сонымен романдағы оқиға енді басталып, тартыс та қоюланып оқушысын қызықтыра түскен кезде шығарма жібі үзіледі. Бірақ осы бір қысқа үзінділердің өзінен қаншама көп характерлерді, неше түрлі типтерді көру қиынға соқпайды. Сауаты шамалы болғанмен өз ісіне берік, мейлінше әділ болғысы келетін Жаманғали, кеңес үкіметін шын ниетімен қолдайтын, жаны адал, бұлтартпасы жоқ Мырзалық: «дүние асты-үстіне келіп жатса да селт етуіңді білмейтін, ең арғысы жұрттың барып жатқан жиналысына бармайтын Мырзалықтың туған інісі Нұрғали; «төсі жалтырап ашылып, көйлегінің, шапанының жоғарғы түймелері бір салынбайтын, қаудыраған шолақ қара тонын иығына жамылып, тозығы жеткен елтірі бөркі май-май боп, жұлмаланып бір жақ шекесіне ғана қоқырайып тұратын оның портретін ішкі психологиялық сыр-мінезін өзіне тән кейбір ерекшеліктерін автор бірер сөзбен-ақ әдемі жеткізеді «Қайқытөс бір үйге кірген ыңғайында- дейді-автор үйдегілерге жағалай қараумен тұрып, бірсыпыра қасынады. Сосын ешкім ешнәрсе айтпаса да, әлденеге күлімсірей түсіп, бос орын іздеп тауып, бір жамбастап жатады. «Неге келдің? деп бұдан жұмысын сұраушы да сирек болады. Өздігінен бұл да сөзге араласпайды. Жұрттың сөзін тыңдады ма, тыңдамады ма, ол жағы белгісіз, бірсыпырадан кейін үйіне қайтады.  «Пәленшенің үйінде болдың ба? Не айтты? деп біреу сұраса...кім тыңдаған соны, бірдеме деп жатыр еді» деп Қайқытөс жауапты қысқа ғана береді. Бірақ, Қайқытөстің бұл мінезіне қарап                «сөзге түсінбейтін милау екен» деуге де болмайды, сөзге түсіне біледі, керектісін пайдаланады да». Әсіресе, осы романдағы Қарғабай бейнесі өзінің реалистік шындығымен оқушысын еріксіз тартады. Бір кезде қырық-елулеп жылқы ұстаған, сол малдарының арқасында Батсайы сұлуға үйленген Қарғабай малдан айрылса, Батсайысынан қоса айрылып қалатындай көрді. «Сен атаңның басын күтіп жүрсің бе? деп Қарғабайды сықақ қылушылар да көбейді. Он қарасы бар адам конфискеге ілінеді екен деген хабар да дүңк ете қалды. Осының бәрі себеп боп әкесі өлсе де аямайтын малдарын сатуға кірісті. «Малыңды құртсаң сотка ілінесің, жер аударыласың... Мал үшін шұбырар жайым жоқ, мен дейтін болсаң, ендігі малыңа тиме?...» деген Батсайының сөзі Қарғабайға қамшыдай тиеді. Әрі оның соңғы кездерде Мырзалықпен ақылдассайшы деген кеңесі әртүрлі күдік туғызды. Сонымен қысқасы Қарғабай әйелі Батсайыны қамшының астына алды. Осы қарсаңда ауылға қызыл жағалы милиционер келе қалып, өш алайын деген адамша Батсай да төсек тартып жатып алды, Қарғабай қатты састы. Сасқан соң Мырзалыққа барды. Ол да іс-әрекетін қостай қоймаған соң Қарғабай үйіне келіп Батсайымен табысты: «Қатынеке, бір ашуыңды кеш, менікі қате екен... Малды да, жанды да колхоздың ортасына салып келдім» - деді күліп. Неге күлгеніне өзі де түсінбеді... – дейді автор. Юморға бай жазушы Қарғабайдың осындай кім көрінгенге мазақ болған күйікті кейпін аз көргендей оны тағы да бір трагикомедияға тап қылады. Мырзалықтардан жөнді кеңес ала алмаған Қарғабай түнде үйіне қайтып келе жатып Төбеттің үйінен жарық көріп бұрылады, терезеден сығалайды. Зұлқанның бір сөзі естілсе, бір сөзі естілмейді. Бір уақытта «Қарғабай Қайралапов» деген сөздің құлағына сап ете қалғаны. Қарғабай етіне біз сұққандай түршікті... Апырм-ай, бір сөзін де ести алмаймын ба осының? – деп Қарғабай терезеге төне түсемін дегенде желкесінен бір нәрсе күрс ете түсті. Соның салмағымен Қарғабай басымен терезені сүзді. Терезе салдыр-гүлдір қирап, терезенің ағашын мойнына іліп, Қарғабай үйге кіріп кеткендей де еді, біреу аяғынан ұстап кейін қарай сүйрей жөнелді. Үй ішіндегілердің қандай күйге түскенін Қарғабай біле алған жоқ. Ол есі кіресілі-шығасылы күйде біреудің тепкісінде домалап жатқанын ғана сезеді. (Ә.М. 1935, №8, 11 бет)

      Төбет  ақсақал да ешкімге ұқсамайтын  характерімен дараланған. Бір кезде  бес-алты бөлмелі ағаш үйі мен  қора-қора малы бар Төбет соңғы бір-екі жылда соның бәрінен өрт келгендей оп-оңай құтылды. Тоқалынан туған бір ұл, бір қызы бар. Ұлы Шауыпкел өзі сияқты пысық жігіт болды да ауылнайға хатшы болып жүр, ал қызы Шекер тым көрікті болып туып, ол бойжеткелі ауылға келген өкіл атаулының бәрі Төбет үйіне келгіш болып кетеді. Ақыры өлкеден келген бір Орынбай деген өкілдің көңілі түсіп Төбеттің бағы арта түседі. Оның ширегіне келмейтін талай адамдар жер аударылса да Төбетке ештеңе жолар емес. Ауылдың пысықтары Ахмедие, Зұлқандар осы үйден ақыл-кеңес алып отырады.

       Жазушы  осы көріністерді, яғни Төбеттің  қулығын, зұлымдығын суреттегенде  оның өзін сөйлетпей-ақ танытады. Ешбір сөзге араласпай-ақ тасбих  ұстап, сәлдеге оранып отырып-ақ  барлық істі осы Төбет басқаратынын  сездіреді. Оқиға осылай дамып өрістей бастаған кезінде ауданнан «Қызыл жалау» колхозының партия ұясына хатшы болып Жұмақан Дүйсенбаев келеді. Бірақ мұның келісі мәселенің анық-қанығын тексеріп шешетініне, тап жауларының зымияндық әрекеттерін әшкерелейтініне оқушыны күмәндандыра бастайды. Өйткені жазушының суреттеуіне қарағанда Жұмақан ондай адамға ұқсамайды. Біріншіден, ол оқудан бас тартады. Аудандық партия комитетін оны партшколға жібергенде «бармаймын» деп бас тартқаны былай тұрсын, оқуға бар деген райком секретарына – зорлап жібермексің бе? – деп өкпеледі. Осы бір көріністі жазушы былай суреттейді: «Райком хатшысы түсіндірмек боп: - Байғұс-ау, оқуың керек емес пе? Шала сауатты болып отырып партия басшылығын қалай жүргізбексің? – деп еді, Жұмақан мұны мықты ауырлады. Содан кейін райком хатшысына тіл қатпастан салбырап тысқа шықты. «Неге түйлікті бұл? Не жазығым бар? Науқанын орындап бердім. Жұмысымнан ошибке шыққан жоқ. Не қыл дейді маған» - деді Жұмақан аузын бұртитып» (Ә.М. 1935, №9 30 бет). «Қызыл жалау» колхозының партия ұйымын басқаруға жібергелі тұрған кісінің кейпі, міне, осындай. Оқуға бармау себебін де жазушы оқушысына аңғартып кетеді. Ол өзінің кербез әйелі Ырысбикеге өлердей ғашық. Оның ойынша, егер ол оқуға кетсе Ырысбикені жұрт бұзып жіберетіндей көреді. Ырысбикені өздері алып қалып мұны оқуға қаңғыртып жіберетіндей сезінеді. «Не үшін жіберейін деп отырғандарыңды білемін» - дейді ол сұрланып. Тіпті «көпсінсеңдер билеттеріңді қайтып алыңдар» - дейді ол. Міне, осындай ұғымдағы адам кімді басқарып жарытпақ! Дегенмен, колхозға келе салысымен елді тегіс аралап шығады, шаруалармен жекелеп те сөйлеседі. Не де болса сөйлесіп түсінісу мақсатымен Мырзалықпен Құлшарпов Жұмақанның үйіне келеді. Міне, осымен романдағы оқиға үзіледі. Қысқасы, тартыс енді басталып келе жатқанда жарияланған үзінді аяқталады. Енді не болар екен? Деген ойды әр оқушы өзінше барлап қала береді.

Информация о работе Б.Майлин әңгімелерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары