Б.Майлин әңгімелерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 17:45, реферат

Описание работы

Қазақ әдебиетінің негізін салушы көркем сөз шеберлерінің бірі – Бейімбет Майлин. Әдебиеттің поэзия, проза, драматургия саласында бірдей қажырлы да жемісті еңбек етіп, көркемдік жағынан құнды, көлемі жағынан мол, тәрбиелік мәні зор мұра қалдырды.

Работа содержит 1 файл

анар.doc

— 426.50 Кб (Скачать)

      Бейімбет - ол кездегі жас прозамызды өркендетуге, дамытуға орасан мол еңбек сіңірген жазушы. Оның атақты повестері «Шұғаның белгісі», «Раушан-коммунист», «Әміржанның әңгімесі», «Берен», «Он бес үй», «Қырманда» атты повестерімен «Қоңсылар», «Қызыл жалау», «Тартыс» атты романдарының үзіндісі кезінде республикалық баспасөз беттерінде жарияланып, жұртшылыққа танылған шығармалар.     

        Колхоздасу дәуірінің алғашқы кезеңін суреттеуге арналған Б.Майлиннің «Он бес үй» атты повесі – қазақ әдебиетіндегі колхозды ауылды шынайы суреттейтін көркем шығармалардың бірі. Онда Қазақстан жерінде еңбекші халықтың алғаш рет бірігіп-ұйымдасқан түрде артель болғандығы, оның ауыртпалықтары мен алғашқы нәтижелері сөз болады. Қазақ даласына кеңес үкіметі орнай бастағалы ауыл еңбекшілерінің де санасы оянып, алды-артын болжайтын дәрежеге жете бастайды. Байлар да өз заманының өткенін сезіп, бойларын әртүрлі күдік пен қауіп жайлайды. Повестің оқиғасы болыстан жер бөлу мәселесімен келген өкілдің жиналысы жайында болады. Бұл жиналысқа кедей шаруалармен қатар елдің байлары атанған Ермақ, Нұрқан, Жұмабайлар да келеді. Дәл сол жиналыс үстінде Елемес қарттың баласы өзінің кім екенін танытады. Бір ауылнай елдің бас қосқан жер түгіл екі адамның арасында ашылып сөйлеп көрмеген тоңмойын, ынжықтау келген жуас Әпен шімірікпей ешкіммен қаймықпай өз ойын ортаға салады.

        «Жолдастар, - дейді ол, жер бөлуді ойыншық көрмеңдер. Жер бөлінеді. Жерден сыбаға алып жүрміз дегендерің өтірік, жер тиіп пе еді бізге? Мынау отырған Ермақ, мынау отырған Нұрқан, мынау отырған Жұмабай бізге жер билетіп пе еді? Жер былай тұрсын, басыңа билігің келіп пе еді...»

      Жұрт  даурыға бергенде, - дейді жазушы  – жұрттың сөзін баса, жұртқа  өзін шын таныта - Әпен ашына  сөйледі.

     - Мен басқа сөзіңді білмеймін: үкімет айтқан екен, біз қостаймыз! Жер бөлінеді! Әңгімесі осы... Осыған қарсы болғаның, қане, шығып көр! Міне, дәл осы жиналыс үстінде өзінің кім екенін мықтап танытқан Әпен көпке дейін ел аузында жүреді, байлар жағы одан қауіптеніп «балаңды бұзып алдың, ақылыңды айтып оны жөнге сал» - деп Елемеске жармасса, кедейлер жағы Әпеннің әлгі өткір де батыл сөзіне ризалығын білдіруде. Әпеннің әкесі Елемес пен Үмітайға Әпен жұмбаққа айналады. Үмітай баласы жөнінде «Апырм-ау, осы өзімнің Әпен жаным ғой. Не өзгеріс бар осында? Неге шаншу көреді жұрт мұны? Осы Әпенді бұзықтық істейді деп қандай ғана аузынан қағынғандар айтады екен?» -деп те қояды.

       Әке-шешесі  түгіл елдегі жұрттың көбіне  жұмбақ болып жүрген Әпен шынында  да күннен-күнге өсіп, санасы оянып ширай бастайды. Жер бөлу жұмысын өз қолымен жүргізеді. Комиссия мүшелерінің бірі Жұмабай еді, оның арам ойларының бірін де Әпен іске асыртпайды. Әпеннің тілі шығып, өз ойын батыл айтатын болды. Тіпті Жұмабай тәрізді байларды бет бақтырмайтын күйге жетті.

       Енді  Әпен Бейсенбай екеуі бірігіп  артель құру мәселесін қолға  алады. Екі сөздің бірін соған  арнайды. Екеуі ауылдық кеңеске  барып «артель» жайлы біраз  қағаздар әкеледі, артельге бірігеміз  деген он бес үйдің тізімін  жасайды. Бейсенбай артельдің бастығы болып сайланады. Жұмыс көлігі де жетісіп жатқан жоқ. Жаңа ұйымдасқан артельдің «жұмыс көлігіне: Әпеннің қаракер шолағы, Бейсенбайдың жауыр торысы, Әйтеннің көк мәстегі, тағы басқалары жазылып жатты – он бес үйдің» «көлігінде бір іліп алар болсайшы» - дейді автор.

      Әпендердің он бес үйден артель құрмақ бастамасын болыстың партия комитетінің хатшысы Сәлмен қолдап, бұлармен үш күндей бірге болып, көптеген мәселеде кеңесін айтады. Артельдің жанынан партия ұясын құру үшін мұғалім жібермек боп уәдесін де береді. Әйет болысындағы біраз елдің әңгімесі осы 15 үйлі артель болады. Біреуі қызығып сүйсіне сөйлесе, енді біреулері өсекке айналдырып жатады. Әуес көргендер, құлағы елеңдегендер жәй ел қыдырған болып «Он бес үйдің» маңын жағалайтынды шығарады. «Қалай басталды, қалай ұйысты, не алды, қалай жүргізіп жатыр?»... Олардың анықтайтыны осы сияқтылар еді. Анықтаушылардың ішінен шын қызығып, арыз жазушылар шықты. Арызға арыз жалғасып екі айдың ішінде «Он бес үй»-отызға жетті одан-қырыққа, одан-елуге жетті», - деп баяндайды, - әңгімесін жазушы. Әпен образын суреттеуге жазушы тағы да қазақ кедейі Мырқымбайды еске түсіргендей, өйткені Бейімбет өлеңдеріндегі Мырқымбай мен Әпеннің тағдыры, мінезі, характері үндес, ұқсас. Әпен оқымаған, керек десең хат та танымайтын кедей. Сонысына қарамастан ол кеңес үкіметіне шын берілген, іскер белсенді. Трактористер курсына бірінші болып Әпен барады. Коммунистік партия қатарына да бірінші боп Әпен арыз береді. Ауылдағы тап тартысын да бірінші сезінген Әпен. Ермақ байдан ойын аулақ тартып, онымен қатынаспай қояды. Ермақтың үйіне барып қымызына телмірген әкесіне ренжиді. Бұрын Ермақтың жайлауы болған шұрайлы жер «Сары алапқа» қыстау салып, бір жерге шоғырланып, отырықшылық кәсіпке көшуді қолға алушы да сол Әпен. Оның барлық ойы: қайнап жатқан гүрілдеп жүрген трактор, салынып жатқан жаңа қала, жаңадан ұйысып тірлікке көшкен артельдер болады да, өз ойымен өзі әлек болып жүреді. Жасы отыз екіге келсе де отбасы болып жар сүю, бала құшу мәселесін ойластырып, сол жөнінде абыржып жүрген ол жоқ. Бұдан 4-5 жыл бұрын көрші ауылдағы Майнұр деген қызбен сөзге келісіп, кейін одан көңілі қалған соң Әпен бұл мәселені мүлде ойдан шығарып қойған. Әпеннің Майнұрға «ғашықтығын» да жазушы әдемі штрихтермен бейнелейді. «Көрші ауылда Майнұр дейтін қыз болды: құнан қойдай іркілдеп, май басқан көзінің алдының еті жұдырықтай торсиған сары қыз еді. Екі сөзінің бірі «Жаным-ау», «жүрегім-ау» деп келеді. Осы қыздың өзі ұнады ма, сөзі ұнады ма, Әпен сол ауылды қиыр жақтап шықпайтын болды. Бұл хабарды Үмітай есітіп, болашақ келінім екен ғой, – деп сол қызды әдейі көріп те келді. Қыз да Әпенді «шынымен сүйгендігін» айтып, қосыламын деп уәдесін ұстатты. Әпен қалың мал жайын қарастырып жүргенде қатыны өлген бір пысық сол Майнұрды іздеп келіп, айттырып еді. Майнұр оны да «сүйетін» болып шықты.

      - Майнұр-ау, мұның қалай? – деп Әпен  ашуға тығылып, артынан барып  жолығып еді. 

      - Қайтейін, өзің тез ала қоймадың... Кім  бұрын алса мен сонікі емеспін  бе?- дейді Майнұр күліп. Есуас  қыздың махаббатты осылай қорлағаны Әпеннің де махаббат жайлы ойына өзгеріс әкелген-ді. «Қыз жайын әңгіме қылатын жігітті көрсе: - Ғашық шығарсың, ә? Қыз да ғашық-ау саған, ә? Сенің де жүрегің күйеді, оның да жүрегі күйетін шығар, ә? – деп Әпен ондайдың қыр соңынан қалмай тәлкекке айналдыратын...»

       Оқиға  дауымен байланысты артель жұмысына  жанын салып белсенді тракторист  Әпенді көргенде оны жеке басын  мүлде ұмытқан адамдай сезінесің.  Шешесі Үмітай баласының сыртынан  тон пішіп Зидаш деген кемпірдің  Әмина деген қызына құда түсіп  те қояды. Болашақ келінім деп Әминаны кейде Үмітай кемпір суға да жұмсайды. Бұл хабарды бүкіл ел есітіп болса да, Әпенге жетпейді. Оның ойында барлық уақытта артельдің шаруашылығы жүреді. Тіпті одан үміткер болып жүрген Әмина екеуі оңаша қалғанда да Әпеннің сөзі де, ойы да артель шаруашылығы болады. Осы жайында жазушы: «Әпен мен Әмина оңаша қалып екеуі бірсыпыраға шейін сөз таба алмағандай үнсіз отырды.

  • Түннің әдемісі-ай! – дейді Әмина бір кезде.
  • Е, несін айтасың, жақсы-ақ, осындай ашық жарықта шөпті үлгеріп алсақ...

      Әпен тағы шарушылық жайын сөз қылды да, әрі-беріден соң көзі ұйықтап кетті...» деп жазады. Сөйтіп жүргенде ол бір күні ашық та, жайдары мінезді орыс қызы Марияға үйленеді. Әпен образы повесті жан-жақты суреттелінген, типтік дәрежеге көтерілген. Жазушы оны қызу жұмыс процесіндегі, үй тұрмысындағы, жолдас-жора арасындағы мінез-құлқын, іс-әрекетін баянды да нанымды реальды шындық жағдайда бейнелеген. Оның өсіп, жетілу процесі де бірте-бірте болғандығын автор тартымды оқиғалар желісінде баяндайды. Әпеннің бойындағы өзгерістердің бәріне де  жаңа қоғамның жаңа салты мен тәртібі, тек еңбекші халықтың пайдасын ойлаған әділ саясаты қатты әсер етеді. Оның үстіне өзі тәрізді жаңалыққа ұштасып, ескіліктен безінген Бейсенбай, Сәтпек, Қайсар, Әйтен, Ережептер, партия қызметкері Сәлмен, еңбек ерлері Кәрия мен Әмина бәрі-бәрінің іс-әрекеттері қабысып бір идеядан шығып жатады.

        Повесте адамдардың сана сезіміндегі,  ой-өрісіндегі, ара-қатынасындағы психологиялық  моменттер де біраз орын алған.  Елемес те, Сағындық та бұрынғы тақыр кедейлер. Екеуі де Ермақ байдың есігінде жүріп, соның жұмысын істеп, қымызына телміріп үйренгендер. Бүкіл ел болып Ермақ маңынан кетіп жаңа қонысқа көшіп жатқанда Ермақтан үзілді-кесілді ажырап кете қою бұл екеуінің қай-қайсына болса да оңай тие қоймайды. Көшіруге келген Бейсенбайларды Елемес әуелі-ақ таяқтың астына алады, бірақ ашуы басылысымен-ақ «Бақанды сүйреп, Үмітайдың артынан еріп Елекең «сары» алапқа қарап тұрады.

        Ал Сағындық ше? Ол бүкіл қалған  өмірін Ермақ есігінде өткізуді дұрыс шешім деп табады. Ауылға мұғалім болып келген баласы Ағыбайдың ауыр-ауыр айтқан сөзіне де құлақ аспай, әйелі Рахиланы Ермақты жамандағаны үшін қамшының астына алады. Сөйтіп жалғыз өзі Ермақ қолында қалады да соның айтқанын екі етпей артель шаруашылығына зиянын тигізіп жүре береді. Әкесін көндіре алмаған Ағыбай інісі Шалабай мен шешесі Рахиланы «сары алапқа» көшіріп әкетеді. Надан әке мен оқыған, көзі ашық баланың арасындағы үзілісті, бір-бірінен ажырасу мөлшерін автор нанымды суреттеген. Артельдің жұмыс көлігі болған жиырма шақты жылқыны ұрлауға Сағындықтың суық қолы араласқанына көзі жеткен намысты жігіт Ағыбай өз әкесін өзі көрсетіп ұстатады.

       Повесте  тап жауларының артельге жасаған  зиянкестік әрекеттері де бірсыдырғы  тәуір суреттелінген. Ермақ, Нұрқан, Жұмабай тәрізді байлар колхоз жайында неше алуан өсек таратып, талай тұрақсыз, баянсыз надандардың артельден шығуына себін тигізеді. Онымен қоймай жұмыс көліктерін ұрлап, жұмыстың қызу кезінде колхозшыларды мұқтаждыққа тап қылады. Ермақ артельге қарсы. Бірақ ол бүкіл ойын да, іс-әрекетін де ашық айтып, ашық жүргізбейді. Көп кешікпей өзіне тықыр таянғанын, мал-мүлкі конфискеленетінін сезген ол малдарын тез арада сатып құртуды ойлайды. Ол мұндай жауыздық жұмысын тіпті өзіне әбден берілген малайы Сағындыққа да сездірмей істейді. Артельге қарсы іс-әрекеттерін ол Жүсіп, Сағындықтар арқылы жасайды. Бір қызық жері Бейімбет шығармаларындағы Жүсіп атаулының бәрі жау, бәрі астыртын әрекеттерімен колхоз шаруашылығына кесірін тигізіп жүреді. Осы Жүсіп «Әміржанның әңгімесінде» де, «Қырманда» да зұлымдық әрекеттерімен көзге түседі. Соған қарағанда еңбекші кедейдің өкілі Мырқымбай образын поэзияда жасаған сияқты, колхоз шаруашылығына көп зиянын тигізген тап жауларының жинақты образын да әр қырынан көрсетуді мақсат еткен сияқты жазушы. Әрине, «Он бес үйдегі» Жүсіп пен «Қырмандағы» Жүсіптің арасында жер мен көктей айырма бар. Мұндағы Жүсіп үлкен әрекет көрсете алмайды.

      Повесте орыс шаруасы Прокофийдің де бейнесі толыққанды, сом тұлғалы, өмірлік шындық тұрғысынан суреттелінген жанды образ дәрежесінде шыққан. Жастайынан қазақ ауылында туып-өскен оның бүкіл психологиясы қазаққа жақын. Қазақтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі бәрі де оған жат емес. Тіпті, кейбір сөйлеу мәнері де қазақша шығатындай сезінеміз. Прокофийдің қызы Марияны көзі дегенің болмаса қазақ қызы десе де болғандай. «Иба қылып сызылған тәрізденіп, кісіге тұралап қарамай, Мария шай әзірлеп жүр. «Оп-оңды. Қазақ қызының бұдан несі артық? Шынында, осыған жететін қызың бар ма еді?...- деп Елемес Марияға қарай түсіп өзіне- өзі жүгінген сияқты болады...»

       Бейімбеттің  «Он бес үй» атты повесті  жазушының өз аулында болған, өзінің тікелей араласуымен құралған  артельдің тарихын суреттеуге  бағытталған. 1928 жылы Бейімбет өзінің  туған жері Дамбар болысындағы  8-ауылға барып, 15 үйлі жерлестерінен колхоз ұйыстырып, оның атын «Жалшы» атағаны жазушының өмірі мен творчествосын зерттеуге арналған экспедиция құрамында Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Бейімбет Майлин атындағы (ол кезде «Красной сельский» деп аталатын) совхозда  Бейімбеттің замандастары мен туыстарының әңгімесінен жазылып алынған. 1928 жылы Бейімбет Майлиннің өзі ұйыстарған «Жалшы» колхозының әуелгі он бес мүшесінің бірі, Бермұхамедов Есенғұл қарт әңгімесінде былай деді:

        «Ұмытпасам, - дейді Есенғұл ақсақал, - 1928 жылдың күзінде Бейімбет өзінің туған еліне өкіл болып келді де, бір-екі айдай осы ауылда болды. Қандай мекеменің атынан өкілдікке келгені маған белгісіз. Әйтеуір, Әйет өзенінің бойын жағалап отырған бізге колхоз болып бірігудің не екенін түсіндіріп артель болуға үгіттеді. Әйет өзенінің бойында бірнеше рулы 20-30 үйлі жандар тұратынбыз. Солардың ішінен он бес үйіміз артельге жазылдық. Соның ішінде мен де бар едім. Менен басқалары да әлі есімде», - деді де қарт санай бастады. Олар:

    1. Дайыров Артықбай,
    2. Бірімжанов Жақан
    3. Нұрпейісов Қапай
    4. Исаев Пазыл
    5. Есмағамбетов Зұбайыр
    6. Мадияров Асқар
    7. Бекжанов Жұматай
    8. Қожахметов Қамза
    9. Беймағамбетов Қалық

10) Амиров Бекмағамбет

11) Көмеков Аққұл

12) Құдабаев Өксікбай

13) Өмірзақов Сейтімбет

14) Прокофиий – деген орыс бар-ды.

Оның Троицк қаласынан  келгеніне 2-3 жыл ғана болған еді, бірақ  қайдан үйренгенін білмеймін қазақша  судай еді, колхоздың ұстасы болды. Он бесінші менің өзім едім» - деді қарт.  Бейімбеттің жақын ағаларының бірі Әбілқай деген кісінің әйелі Ахметова Мадина да (1896 жылы туылған, Бейімбеттің жақын жеңгесі) Бейімбеттің 1928 жылы елге келгенінде 15 үйден «Жалшы» колхозын ұйыстырғанын айтты. «Сол келгенінде Бексұлтан деген ауылнайдың үйінде, - дейді Мадина апай, - ақын қайным домбыраға қосылып өлең айтқан еді. Содан бір ауызы есімде қалыпты», - деп бірауыз өлеңін еске түсіреді.

«Ескі заман ескірген соң қалды да,

Пайдасы жоқ өте байлық, малдың да,

Информация о работе Б.Майлин әңгімелерінің негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары