Азаматтық корганыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 21:11, реферат

Описание работы

Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі.[1] Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.

Работа содержит 1 файл

азаматтык корганыс.doc

— 181.00 Кб (Скачать)

 

2. Азаматтық қорғаныстың әскер  бөлiмдерiнiң негiзгi мiндеттерi:

1) бейбiт уақытта:

құтқару жұмыстарын жүргiзуге адам құрамын  жан-жақты дайындау мен оны аттестациялауды  ұйымдастыру;

iздестiру-құтқару жұмыстарын жүргiзу  және зардап шеккен халықтың  тiршiлiгiн қамтамасыз етуге жан-жақты  көмек көрсету; 

төтенше жағдайлардың алдын алуға  бағытталған шараларға қатысу;

Қазақстан Республикасы тиiстi келiсiмдер жасасқан шет мемлекеттердiң аумақтарында төтенше жағдайлар болған кезде  құтқару жұмыстарына қатысу;

iзгiлiк көмек ретiнде төтенше  жағдайлар аймағына әкелiнетiн  жүктерге iлесе жүру және оларды күзету;

мобилизациялық өрiстетуге дайындық және жауынгерлiк әзiрлiктiң жоғары дәрежесiне келтiру жөнiндегi шараларды  жүзеге асыру;

бейбiт және соғыс уақытында  Азаматтық қорғаныстың әскер  бөлiмдерiн кеңiнен өрiстетуге, құтқару  және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған қару-жарақты, техниканы, басқа да материалдық-техникалық құралдарды жинақтау, сақтау және дер кезiнде жаңартып отыру;

2) соғыс уақытында: 

зақымдану ошақтары мен залалдану  аймақтарында радиациялық, химиялық барлау жүргiзу;

зақымдану ошақтарында, залалдану және топан су басқан аймақтарда құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар жүргiзу;

халық пен шаруашылық жүргiзу объектiлерiне эвакуация жүргiзуге қатысу;

халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету  объектiлерiн қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қатысу, аэродромдарды, жолдарды, өткелдердi және тыл инфрақұрылымының басқа да маңызды элементтерiн қалпына келтiруге байланысты аумақтық қорғаныстың жекелеген мiндеттерiн орындау болып табылады.  

 

3. Азаматтық қорғаныстың әскер  бөлiмдерiн бейбiт уақытта қолдануды Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен уәкілетті органның  басшысы жүзеге асырады.

Азаматтық қорғаныстың тұрақты  дайындықтағы әскер бөлiмдерi техникамен және жабдықпен жарақтандырылуға және зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшiн дереу қолдануға әзiр болуға тиiс.  

 

4. Азаматтық қорғаныстың әскер  бөлiмдерiн жасақтау Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес  жүзеге асырылады. 

Қазақстан Республикасы Азаматтық  қорғанысының әскери бөлiмдерi азаматтық  қызметкерлермен де жасақталады. Азаматтық қызметкерлер атқаратын лауазымдардың штат санын, тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен жалпы сан шегiнде   уәкілетті органның басшысы белгiлейдi.  

 

5. Азаматтық қорғаныстың әскер  бөлiмдерiн мобилизациялық өрiстету үшiн штатқа сәйкес техника, қару-жарақ, материалдық және техникалық құралдардың қорлары құрылады және күтiп ұсталады.  

 

 

 

12.03.99 ж. N 347-1 ; 2004.20.12 N 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 14-бап өзгертілді

14-бап. Азаматтық қорғаныс құрамалары, олардың мақсаты және оларды құру тәртiбi

2008.04.12.  № 97-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

1. Азаматтық қорғаныс құрамалары  бейбiт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар қатерi төнгенде және туындағанда авариялық-құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргiзуге арналған.

Азаматтық қорғаныс құрамалары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылып, объектiлiк және аумақтық құрамалар  болып бөлiнедi.

Объектiлiк құрамалар ұйымдарда, тұрғылықты жерлер бойынша құрылады және әдетте солардың мүдделерi үшiн  пайдаланылады. Төтенше жағдайларды  жою басшысының шешiмi бойынша объектiлiк  құрамалар тиiстi аумақтардың мүдделерiн  көздейтiн мiндеттер орындауға тартылуы жұмылдырылуы мүмкiн.

Аумақтық құрамалар аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады және тиiстi Азаматтық қорғаныс бастықтарына бағынады. Ұйымдар аумақтық құрамалар құруға негiз болады.

Азаматтық қорғаныс құрамаларының  құрамы мен саны алдағы авариялық-құтқару жұмыстарының болжамдық есептерi мен көлемiнiң негiзiнде бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда халықты, аумақтар мен ұйымдарды сенiмдi қорғауды қамтамасыз ететiн жеткiлiктi қажеттілiктi басшылыққа ала отырып айқындалады.

Қазақстан Республикасының жер  сiлкiнiсi болып тұратын аймақтары  үшiн Азаматтық қорғаныс құрамалары халықтың 10 адамына кемiнде бiр  құтқарушы; су тасқындары, өрт пен  басқа да ықтимал қауiп-қатерлерге ұшырайтын өнеркәсiп аймақтары  мен аумақтары үшiн халықтың 15-20 адамына бiр құтқарушыдан келетiндей есеппен әзiрленедi.

Азаматтық қорғаныс құрамалары құрылатын  ұйымдардың басшылары олардың кәсiби даярлығына, осы заманғы техникамен, жабдықпен басқа да материалдық  құралдармен жарақтандырылуына  және тұрақты әзiрлiкте болуына дербес жауапты болады.  

 

2. Азаматтық қорғаныс құрамаларының  негiзгi түрлерi:

1) құтқару құрамалары зардап  шеккендердi барлауға, iздеуге және  үйiндiлерден шығарып алуға, алғашқы  медициналық көмек көрсетуге  арналған және олар аралас  құтқару отрядтарынан (командаларынан), құтқару командаларынан (топтарынан), адамдарды iздеу командаларынан (топтарынан), барлау топтарынан, буындарынан және басқалардан тұрады.

2) инженерлiк құрамалар инженерлiк  барлау жүргiзуге, үйiндiлерде жүргiн  жолдар, соқпақ жолдар салуға, жолдар мен көпiрлердi, оның iшiнде су тосқауылдары арқылы салынған өткелдердi қалпына келтiруге және оларды жүрiп-тұра алатындай жағдайда күтiп ұстауға, жарылыс жұмыстарын жүргiзуге, қираған құрылыстарды аршып алуға және бүлiнiс аудандарында басқа да инженерлiк жұмыстарды жүргiзуге арналған және инженерлiк командалардан, жол-көпiр командаларынан (топтарынан), жарылыс жұмыстары топтарынан, инженерлiк барлау топтарынан (буындарынан) және басқалардан тұрады.

Инженерлiк құрамалар шешiлетiн  мiндеттердiң ерекшелiгiне қарай жұмыстарды дербес орындауды қамтамасыз ететiндей техникамен және жабдықпен жасақталуға тиiс.

3) Азаматтық қорғаныс қызметiнiң  құрамалары халықтың тiршiлiгiн  қамтамасыз етуге, авариялық-құтқару  және шұғыл-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзуге, құтқару құрамаларын күшейтуге және олардың iс-қимылын жан-жақты қамтамасыз етуге арналған және медицина, байланыс, қоғамдық тәртiптi қорғау, өртке қарсы, авариялық-техникалық, материалдық жағынан қамтамасыз ету, көлiк, жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау және басқа да құрамалар болып бөлiнедi.  

 

3. Жедел-құтқару отрядтары iздестiру-құтқару  жұмыстарын жүргiзуге және зардап  шеккендерге шұғыл көмек көрсетуге  арналған.

Жедел-құтқару отрядтары жоғары дәрежелi әзiрлiктегi құрамалар болып  табылады және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен құрылады.  

 

4. 2004.20.12 N 13-III Заңымен алып тасталды   

 

5. Азаматтық қорғаныс құрамаларына I, II, III топтардағы мүгедектерден,  жүктi әйелдерден, сегiз жасқа дейiнгi балалары бар әйелдерден және  соғыс уақытында - жұмылдыру нұсқамасы бар әскери міндетті адамдардан басқа еңбекке жарамды жастағы ерлер мен әйелдер алынады. 

 

2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен  4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда   (бұр. ред. қара) 

 

 

 

4-тарау. Азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен қызметтері,

Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау  

 

15-бап. Азаматтық қорғанысқа басшылық жасау

1. Азаматтық қорғанысқа жалпы  басшылықты Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрi жүзеге асырады,  ол (лауазымы бойынша) Қазақстан  Республикасы Азаматтық қорғанысының Бастығы болып табылады.  

 

2. Уәкілетті органның басшысы лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысы Бастығының орынбасары болып табылады және Республиканың азаматтық қорғанысына тiкелей басшылықты жүзеге асырады.  

 

3. Орталық және жергiлiктi атқарушы  органдарда, ұйымдарда Азаматтық  қорғанысқа басшылықты олардың  бiрiншi басшылары жүзеге асырады,  олар лауазымы бойынша тиiстi Азаматтық  қорғаныс бастықтары болып табылады  және азаматтық қорғаныс шараларын  ұйымдастыру мен жүзеге асыруға жеке жауапты болады.  

 

4. Азаматтық қорғаныс бастықтарына:

Қазақстан Республикасының Азаматтық  қорғаныс Бастығы белгiлеген тәртiппен тиiстi деңгейдегi азаматтық қорғаныс жоспарларын бекiту және iске қосу;

белгiленген тәртiппен ведомстволық бағыныстағы аумақта халықты эвакуациялау;

азаматтық қорғаныс мәселелерi бойынша  бұйрықтар, шешiмдер, өкiмдер шығару;

заңдарда белгiленген тәртiппен азаматтар  мен ұйымдарды азаматтық қорғаныс шараларын жүргiзуге тарту;

жеке және заңды тұлғалардан  осы Заңның және азаматтық қорғаныс жөнiндегi басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын талап ету құқығы берiледi.  

 

5. Тиiсті деңгейлердегi Азаматтық  қорғаныс бастықтарының азаматтық  қорғаныс мәселелерi жөнiндегi бұйрықтары, шешiмдерi және өкiмдер барлық ұйымдардың, сондай-ақ лауазымды адамдар мен азаматтардың орындауы үшiн мiндеттi.  

 

05.05.00 ж. N 48-II ; 2004.20.12 N 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді);  2006.07.07. № 183-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 16-бап өзгертілді

16-бап. Азаматтық қорғанысты басқару органдары

2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен  1-тармақ өзгертілді   (бұр. ред. қара)

1. Азаматтық қорғаныс шараларының  орындалуын қамтамасыз ету үшiн  мынадай органдар құрылады:

Уәкілетті орган  және оның аумақтық органдары;

облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) орталық  және жергiлiктi атқарушы органдарында Азаматтық қорғаныс жөнiндегi бөлiмдер (қызметкерлер);

ұйымдарда - Азаматтық қорғаныс саласындағы міндеттерді шешуге арнайы уәкілеттік берілген, бірінші басшыға тікелей бағынатын құрылымдық бөлімшелер (жеке қызметкерлер).

Уәкілетті орган, оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелері лауазымдарының бір бөлігі әскери қызметшілерден, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінен, ұлттық қауіпсіздік комитетінен, Ішкі істер министрлігінен, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардан ауыстырылған (іссапарға жіберілген) әскери қызметшілерден жасақталады. 

 

2. Төтенше жағдайлар жөнiндегi басқармалардың (бөлiмдердiң) басшылары лауазымы бойынша тиiстi Азаматтық қорғаныс бастықтарының орынбасарлары болып табылады. 

 

2004.20.12 N 13-III ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

17-бап. Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi

1. Азаматтық қорғаныстың арнаулы  шараларын орындауды қамтамасыз  ету және күштер мен құралдарды  осы мақсаттарда дайындау үшiн  республикалық, облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс пен  төтенше жағдайлар қызметтерi, сондай-ақ  қажет болған жағдайда ұйымдардың Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерi құрылады, олар тiкелей Азаматтық қорғаныс бастығына бағынады.  

 

2. Азаматтық қорғаныс пен төтенше  жағдайлар қызметтерi Қазақстан  Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен, облыстар (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдерiнiң, ұйымдар басшыларының шешiмдерiмен құрылады.  

 

3. Азаматтық қорғаныс пен төтенше  жағдайлар жөнiндегi республикалық  қызметтер тiзбесiн Қазақстан  Республикасының Үкiметi белгiлейдi, олар туралы Ереженi  уәкілетті орган бекiтедi.  

 

4. Басқару пункттерiнiң, күштер  мен құралдардың, Азаматтық қорғаныс  пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң  дайындығы үшiн жауапкершiлiк олардың  құрылуына негiз болған орталық,  жергiлiктi атқарушы органдар мен  ұйымдардың басшыларына жүктеледi.  

 

5. Азаматтық қорғаныстың эвакуациялық  шараларын орындауды ұйымдастыру  мақсатында орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдарда  эвакуация, эвакуациялық-қабылдау  комиссиялары құрылады. 

 

2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен  17-1 баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 17-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

17-1-бап. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау

1. Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

2. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.  

 

 

 

5-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН

РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ, ЖЕРГIЛIКТI ӨКIЛДI ЖӘНЕ АТҚАРУШЫ

ОРГАНДАРЫНЫҢ, ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ӨКIЛЕТТIГI, АЗАМАТТАРЫНЫҢ

ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI 

 

18-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Азаматтық қорғаныс саласындағы өкiлеттiгi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысына басшылық жасайды;

Информация о работе Азаматтық корганыс