Азаматтық корганыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 21:11, реферат

Описание работы

Азаматтық Қорғаныс (АҚ) — мемлекеттік қорғаныс шаралары жүйесінің құрамдас бөлігі.[1] Міндеттері: жергілікті халық пен халық шаруашылығын жау шабуылынан, жаппай қыру қаруынан, табиғат апаттарынан т.б. төтенше жағдайлардан қорғау және қорғану шараларын үйрету; су тасқыны, сел, жер сілкінісі, өрт болған аймақтарда құтқару жұмыстарын жүргізу; халыққа жау шабуылының немесе табиғат апатының қаупі туралы алдын-ала хабарлау,т.

Работа содержит 1 файл

азаматтык корганыс.doc

— 181.00 Кб (Скачать)

бұрын салынған үйлер мен ғимараттардың  сейсмикалық жағынан орнықты  болуын және сенiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

аумақтағы құрылыс салуды ықтимал  сейсмикалық әсерлердi ескере отырып реттеу.  

 

2. Жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жою кезiнде мынадай шаралар жүргiзiледi:

жер сiлкiнiсi туралы ақпарат алу, шешiм  қабылдау және оны республика аймақтарына  жеткiзу;

iздеу-құтқару және басқа да  шұғыл жұмыстарды басқаруды ұйымдастыру,  сондай-ақ оларды материалдық-техникалық  жағынан қамтамасыз ету;

Азаматтық қорғаныс күштерi мен құралдарының iс-қимылына және жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын  жою жоспарына сәйкес басқа да шараларға басшылық жасау.  

 

3. Орталық, жергiлiктi өкiлдi және  атқарушы органдардың, ұйымдардың  басшылары өз құзыретi шегiнде болуы ықтимал жер сiлкiнiстерiнен халықты қорғау және олардың экономикалық залалын азайту мақсатында алдын ала:

халық пен қоршаған ортаға аса қауiп  төндiретiн, шаруашылық жүргiзу объектiлерi орналасқан ведомстволық бағыныстағы  аумақтарда, сондай-ақ интенсивтi түрде мұнай, газ өндiрiлетiн аудандарда және жерасты жұмыстарында сейсмикалық аудандастыру жүргiзу мен сейсмикалық қауiпке баға берудi ұйымдастыруға;

үйлер мен ғимараттарды, ең алдымен тұрғын үйлердi, мектептердi, мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiн, ауруханаларды, адамдар жаппай болатын басқа үйлердi, ғимараттарды және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнде (жылу, су, газ, энергиямен жабдықтау және байланыс, канализация), химиялық және жарылыс қаупi бар өндiрiстердi сейсмикаға қарсы күшейту жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге;

сейсмикалық жағынан осал үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеуден өткiзген кезде  олардың құрылыс конструкцияларын мiндеттi түрде сейсмикаға қарсы  күшейтудi көздеуге;

үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық  орнықтылығын қамтамасыз ету жөнiнде арнаулы шаралар қолданбайынша оларды салуға, сондай-ақ тектоникалық жарық шақтар, топырағы жайсыз аймақтарда және көшкiн болу қаупi бар беткейлерде құрылыс салуға жол бермеуге мiндеттi.

2008.04.12.  № 97-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтарда  қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

4. Жер сілкінісінің зардаптарын  жою мақсатында:

1) уәкілетті  органның басшысы:

құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға;

жер сілкінісінің күші, қираған жерлер, шығындар мен оның зардаптарын жою жөнінде қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат жинауды және оны жоғары тұрған органдар мен халыққа беруді жүзеге асыруға;

2) орталық  және жергілікті атқарушы органдардың  басшылары:

жер сілкінісінің зардаптарын жоюды, құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуді, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға;

қираған жерлер, шығындар мен жер  сілкінісінің зардаптарын жою жөнінде  қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат жинауды және оны уәкілетті органға беруді жүзеге асыруға;

3) ұйымдардың басшылары:

жер сілкінісінің зардаптарын жоюды, құтқару және шұғыл жұмыстар жүргізуді, зардап шеккендерге алғашқы медициналық  көмек көрсетуді және қызметкерлердің  тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі басқа да іс-шараларды ұйымдастыруға міндетті.  

 

 

       7-бап. Теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерi өзгеруiнiң зардаптарынан қорғау жөнiндегi Азаматтық қорғаныс шаралары

1. Теңiздер мен iрi су айдындарының  тасқындарынан, су деңгейлерiнiң көтерiлуiнен және таяздауынан қорғау жөнiндегi шаралар халықтың, шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң, инфрақұрылымның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бағытталған және оларға:

теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерiнiң  өзгеруiнен болуы ықтимал зардаптарды ғылыми зерттеу және болжау;

гидротехникалық және өзге де тосқауыл құрылыстарын жобалау, салу және пайдалануға  беру;

аумақтарда құрылыс салуды теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерiнiң  өзгеруiн ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн  ескере отырып жоспарлау;

теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерi өзгеруiнiң, қоршаған орта жай-күйiнiң  мониторингi жүйелерiн, жағалау аймағындағы  су жайылу құбылыстары жайында халықты  және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi құлақтандыруды ұйымдастыру кiредi.  

 

2. Орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, ұйымдар өз құзыретi шегiнде теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерiнiң өзгеруiнен халықты, аумақтарды қорғау, мұның экономикалық залалын азайту мақсатында:

теңiздер мен iрi су айдындары беткi деңгейiнiң құбылуына болжам жасаудың ғылыми негiздерi мен әдiстерiн дамытудың қамтамасыз етуге;

су тасқындары болуы мүмкiн аудандарда гидротехникалық және өзге де тосқауыл құрылыстар салуды ұйымдастыру мен  олардың сапасын бақылауға;

су тасқындары болуы, су басып қалуы  және су астында қалып қоюы мүмкiн аймақтарда жер учаскелерiнiң тиiстi нормативтiк актiлер ескерiлместен шаруашылық қажеттерiне арналған объектiлер салу үшiн бөлiнуiне жол бермеуге;

жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында  Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген экологиялық талаптардың басымдық берiлетiн тәртiппен сақталуын қамтамасыз етуге;

теңiздер мен iрi су айдындарының жағалау  аймақтарында жердiң, топырақ пен  өсiмдiк қабатының және жерасты  суларының тұрақты мониторингiн  қамтамасыз етуге мiндеттi. 

 

8-бап. Пайдалы қазбалар кен орындарын игеруге байланысты төтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегi Азаматтық қорғаныс шаралары

Қатты, сұйық және газ тектес пайдалы  қазбалардың кен орындарын игеруге  байланысты төтенше жағдайлардан аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде iске асыратын шараларға:

пайдалы қазбалар өндiрудiң халыққа  және қоршаған ортаға жасауы ықтимал  зардаптарының қаупiн ғылыми зерттеу, болжау және бағалау;

пайдалы қазбалар өндiрудi дамыту болашағын  және оның геологиялық құрылымдардың  орнықтылығына жасайтын әсерiн ескере отырып, аумақтарға құрылыс салуды жоспарлау, үйлер мен ғимараттар салу және пайдалану;

игерiлiп жатқан кен орындары аудандарындағы бұрыннан бар үйлер мен ғимараттардың сенiмдiлiгi мен орнықтылығын арттыру;

қоршаған ортаның жай-күйi мен  игерiлiп жатқан кен орындарының  технологиялық жағдайлары мониторингiнiң  жүйелерiн ұйымдастыру және халық  пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге болуы ықтимал төтенше жағдайларды хабарлау;

кенiштердi игеруге байланысты төтенше  жағдайлардан болуы ықтимал залалды  азайту жөнiндегi алдын алу шараларын  ұйымдастыру және жүргiзу, ал оларды жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайда кен  өндiрудi тоқтату және қорғаныш шараларының қажеттi кешенiн орындап, кенiштердi консервациялау кiредi.  

 

9-бап. Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жөнiндегi Азаматтық қорғаныс шаралары

Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қатерi төнген және қолданылған жағдайда қорғау, одан болатын залал мен шығынды азайту мақсатында:

1) алдын ала: 

бейбiт және соғыс уақытына арналған азаматтық қорғаныс жоспарларын жасау;

азаматтық қорғаныстың басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн құру мен  дамыту және оларды пайдалануға әзiрлiкте  ұстау;

Азаматтық қорғаныс күштерiн құру, жасақтау, жарақтандыру және әзiрлiкте  ұстау;

зақымдау құралдары қолданылған  жағдайда қорғану әдiстерi мен iс-қимыл жасауға басқару органдарын дайындау және оған халықты жаппай оқыту;

Азаматтық қорғаныстың қорғану  құрылыстарын салу мен олардың қорын  жинақтау және оларды жұмыс iстеуге әзiрлiкте  ұстау;

Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға және халықтың тiршiлiгiне арналған жеке қорғаныс құралдарының, материалдық-техникалық құралдардың қорларын, резервтерiн жасау, жинақтау және дер кезiнде жаңартып отыру;

эвакуациялық шараларды жоспарлау  мен жүргiзу;

шаруашылық жүргiзу салалары мен  объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуi жөнiндегi шараларды жоспарлау және орындау;

Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларының  жұмылдырылу дайындығын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды өткiзу;

2) зақымдау құралдарын қолданған  кезде: 

зақымдау құралдарының қолданылу қатерi мен қолданылуы жайында құлақтандыру, халықты iс-қимыл тәртiбi мен ережелерi жөнiнде хабардар ету;

халықты қорғану құрылыстарына  паналату, қажет болған жағдайда жеке қорғану құралдарын пайдалану;

жараланғандар мен жарақат алғандарға медициналық көмек көрсету;

iздеу-құтқару жұмыстары мен  басқа да шұғыл жұмыстарды  жүргiзу;

басқарудың, құлақтандыру мен байланыстың  бұзылған жүйелерiн қалпына келтiру;

халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету  объектiлерi мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiнде шұғыл авариялық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу;

Азаматтық қорғаныс құрамаларының  әзiрлiгiн қалпына келтiру;

эвакуациялық шаралар жүргiзу жүзеге асырылады.  

 

2006.07.07. № 183-III ҚР Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

10-бап. Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шаралары

Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шаралары алдын ала әзiрленiп жасалады, өткiзiледi.

Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шаралары аумақтарды, елдi мекендердi, өнеркәсiп аймақтарын аудандық жоспарлау  және оларда құрылыс салу схемалары мен жобаларын жасау кезiнде, ұйымдардың құрылысын салу, кеңейту, қайта құру және техникамен қайта жарақтандыру жобаларында көзделуге тиiс.

Аймақтарды дамытуға, аумақтарда құрылыс  салуға, елдi мекендер мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн салуға және қайта құруға арналған жобалау-смета құжаттамасы төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық органдармен келiсiледi. 

 

11-бап. Азаматтық қорғаныс бойынша мамандар мен халықты даярлау

1. Азаматтық қорғаныс мәселелерi  бойынша даярлық Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшiн мiндеттi болып табылады және тиiстi оқу бағдарламалары бойынша жүргiзiледi. Даярлау үшiн бұқаралық ақпарат құралдары да пайдаланылады.  

 

2. Орталық және жергiлiктi атқарушы  органдардың, ұйымдардың басшыларын  даярлау және қайта даярлау әзiрлiк орталықтарында жүзеге асырылады.  

 

3. Азаматтық қорғаныс үшiн мамандар  даярлау Қазақстан Республикасының  әскери, азаматтық оқу орындарында,  сондай-ақ шет мемлекеттерде және  халықаралық орталықтарда жүзеге  асырылады.  

 

4. Ел халқын Азаматтық қорғаныс бойынша даярлау мектепке дейiнгi мекемелерден бастап, жұмыс орыны, тұрғылықты және оқитын жерi бойынша жүргiзiледi. 

 

 

 

3-тарау. АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮШТЕРI 

 

09.12.98 ж. N 307-I ; 2004.20.12 N 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 12-бап өзгертілді

12-бап. Азаматтық қорғаныс күштерiнiң құрамы

Азаматтық қорғаныс күштерi Азаматтық қорғаныстың  әскер бөлiмдерiнен, аумақтық, объектiлiк  құрамалар мен Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң  құрамаларынан, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң жедел-құтқару отрядтарынан тұрады.

Азаматтық қорғаныс күштерi бейбiт уақытта  төтенше жағдайлардың алдын алу  және жою жөнiндегi Мемлекеттiк жүйенiң  құрамдас бөлiгi болып табылады, ол туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Құтқару жұмыстарын жүргiзу кезеңiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  шешiмi бойынша Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң бөлiмдерi мен  бөлiмшелерi, ведомстволық мамандандырылған авариялық-құтқару, авариялық-қалпына келтiру, әскерилендiрiлген және басқа да құрамалар бөлiнуi мүмкiн, олар жұмыстарды орындауды құтқару жұмыстарының жалпы басшысының жедел басшылығымен жүзеге асырады.

Бөлiнген күштер оқып-жаттықтырылған, техникамен, жабдықтармен жарақтандырылған және iздестiру-құтқару жұмыстарын дербес жүргiзуге сақадай-сай болуға тиiс.

Азаматтық қорғаныс күштерiн пайдалану  тиiстi деңгейлердегi Азаматтық қорғаныс бастықтарының шешiмi бойынша жүзеге асырылады.  

 

13-бап. Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының әскер бөлiмдерi мен олардың бейбiт және соғыс уақытындағы мiндеттерi 

2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен  1-тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

1. Қазақстан Республикасы азаматтық  қорғанысының әскер бөлiмдерi бейбiт  және соғыс уақытында төтенше  жағдайлардың қаупi төнген және туындаған кезде республиканың халқын, шаруашылық жүргiзу объектiлерiн және аумақтарын қорғауға арналған.

Уәкілетті органға ведомстволық бағынысты Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiн құру құқығы Қазақстан Республикасының Үкiметiне берiледi.

Қазақстан Республикасының Үкiметi Азаматтық  қорғаныстың әскер бөлiмдерiн  жасақтау, жарақтандыру және қолдануға  әзiрлiкте ұстау жөнiнде шаралар  қолданады.  

Информация о работе Азаматтық корганыс