Жай сөйлем синтаксисін оқыту әдістемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 16:38, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Тіл дамыту жұмыстары қазіргі мектептердің оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселелердің біріне айналып отыр.Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті құбылысты жан-жақты түсіне білсе, ауызекі сөйлеуі әдеби тіл нормаларына сай келсе, құба-құп болар жағдай еді.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................3

1. Тіл дамыту әдістемесінің мәні мен маңызы, мазмұны......................4

2. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға байланысты сөздік

жұмысын жүргізу әдістемесі...................................................................7

3. Байланыстырып сөйлеудің (ауызша және жазбаша) түрлері...................12

Мазмұндамалардың әдістемесі .............................................................12

Шығарманың әдістемесі .................................................................................15

3.3 Ауызекі сөйлеуді дамыту.........................................................................18

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................20

ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ...................................................................................................22

Работа содержит 1 файл

Тіл дамыту әдістемесінің мәні мен маңыз1.doc

— 166.50 Кб (Скачать)

 

3.3 Ауызекі сөйлеуді дамыту

 

Оқушының жазбаша және ауызша тілін дамытудың көптеген ұқсас жақтары бар. Мазмұндама және шығарма жазуға даярлық жүргізетін жаттығулар. Сөйлем құрастыру ауызша да, жазбаша да орындалады. Бірақ кейбір жаттығулар ауызекі сөйлеуді, оның дыбыстық жағын игеруді қажет етеді.

Қазақ тілі сабағында ауызша жауаптың екі түрі болады: 1) грамматика бойынша сұраққа толық жауап беру, ойынан құрастырып сөйлеу. Грамматика бойынша сұраққа толық жауап беру—белгілі бір тараулар са-ласынан оқып үйренгенді жинақтап, қорытып айтады. Өз ойынан құрастырып сөйлеу — әр түрлі және әр дәрежедегі пікірлер (мектепте не мектептен тыс жерде кепшілік алдында сөйлеу).

Ауызекі сөйлеудің әсерлілігі және мәнерлеп оқу. Бір мазмұндағы сөзді түрлі айтуға болады. Бір жағдайда ол сөзді ашық, айқын, түсінікті және есте қаларлықтай етіп айту. Мұндай сөзді тартымды, әсерлі сөз дейді. Екінші жағдайда сөйлеген сөз сылбыр бір сарынды, баяу шығады, бұл тыңдаушыны жалықтырып жібереді. Мұндай сөзді көріксіз, ажарсыз сөз дейді.

Мәнерлеп оқу - оқушылардың тартымды, әсерлі сөйлеуінің бір түрі, өйткені ол — дұрыс айтуды (орфоэпия) және байланыстырып сөйлеуді ескереді де, сөздің неғұрлым түсінікті болуын қарастырады. Мәнерлеп оқу грамматиканы оқып үйренуге (интонация — ой мен сезімді білдіретін грамматикалық тәсілдердің, сөйлемнің грамматикалық белгілерінің бірі), орфографияны (дыбыс пен әріптің өзара қатынасы орфоэпия), пунктуацияны (интонацияның кідіріске сәйкес келуі) оқытуға қызмет атқарады.

Ауызекі сөздің тартымдылығы мына сияқты іскерлік пен дағдыларды игеру нәтижесінде жүзеге асады: 1) Окушылардың тілдік дыбыстың жүйесін меңгеріп, әр дыбысты жеке тұрғанда да, басқа дыбыстармен тіркесте тұрғанда да әдеби тіл нормаларын сақтап айтуы. Бұл іскерлікті   оқушылар    фонетика,    орфоэпиямен    шұғылдану аркылы игереді. 2) Сөйлегенде, барлық сөзді, қосымшаларды саралап айту іскерлігі.    Сөзді   ашык, нақпа-нақ айтушыларды дикциясы жаксы адамдар дейді. 3) Сөй лемде логикалық екпінді дұрыс сақтап   айту  іскерлігі. Мұның өзі де сөзді анық, ашық айтуға мүмкіндік береді. 4)  Интонацияны дұрыс қолдану дағдыларын игеру сөйлеу қарқынын анықтау іскерлігі.

Ауызекі сөйлеудің тартымды шығуы үшін, алдымен мыналарға көңіл бөлу керек: а) синтаксистік талдауда жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің, синтаксистік тұтастықтық, бірыңғай мүше, оқшау сөздердің айтылу ин тонациясына көңіл бөлу; ә) радиопьесаларды ұжымды тыңдауды жүйелі ұйымдастыру, көркем сөз шеберлерінің сөздері жазылған пластинкаларды, ленталарды тыңдау, соңынан ол туралы пікір алысу; б) тұтас текске талдау жасап, оны жатқа айтқанда не естірте оқығанда қандай тартымдылық тәсілдері қолданылатынын анықтау; в) көрнекі құралдарды тартымды сөйлеу элементтерін келтіре пайдалану, интонацияны дұрыс айтуды жаттықтыру.

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, тіл дамыту жұмыстарын оңтайлы  жүргізу үшін мұғалімнің лингвистика саласынан терең білімі ғана емес, психология, педагогика саласынан да терең білімі болуы керек. Тіл дамыту  ең алдымен тіл ғылымы саласынан берілетін білімге тікелей байланысты жүруі керек.Мұғалімдер  тіл дамыту жолдарынан ізденгенде оқушының жеке бас ерекшелігін, ол жұмыстың қиын да күрделі мәселелерін есепке алады. Әсіресе, тіл дамытудың маңызды бір бөлгі әдемі де сауатты жазу екендігіне ерекше көңіл аударылады.

Қазіргі білім беру талаптары тіл дамыту жұмыстарына жаңа мақсат, жаңа міндет жүктейді. Оқытуды технологияландыру тіл дамыту жұмыстарын репродуктивті тәсіл емес, эвристикалық, шығармашылық, яғни, продуктивті тәсілдермен жүргізілуі керек. Оқушылардың тілін дамытуға негізделген шығармашылық тапсырмалардың маңызын төмендегідей саралауға болады:

-шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге дейін көтруге жол ашады;

-шығармашылық тапсырмалар деңгейін оқушылар өздері таңдап алады, қалауларына ерік беріледі;

-модель, жоба жасап, болжамдар ұсынады, оны қорғайды, дәлелдейді, білуге дағдыланады.

Тіл дамыту жұмыстары бүгінгі таңдағы сабаққа қойылатын талап негізінде жүргізілуі қажет. Тіл дамыту жұмыстарын әр сабақта өтіліп жатқан тақырыпқа сай жүргізіп отырған жөн.

 

 

ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

1.Т.Қордабаев. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Алматы, Рауан,1991.

2. Р.Әміров. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері. Алматы, Мектеп.1977.

3. Р.Сыздықова. Сөздер сөйлейді. Алматы, Санат.1994.

4. Р.Сыздықова. Сөз сазы. Алматы, Санат.1995.

5. Ф.Оразбаева., А.Жанабілова. Шығармашылық тапсырмалар арқылы тіл дамыту жұмыстары./6-7-сынып/ Алматы. 2004

6. Көшекбаев Н. Оқыту  теориясы А. 1976

7. Қозыбайұлы С.  Мектепте  қазақ  тілін  оқыту  тәсілдері. А, 1977

8. Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш . Қазақ  диалектологиясы. А, 1991 Ж

9. Құлмағанбетова Б. Қазақ  тілін  оқыту  методикасы. А, 2002

10. Құлмағанбетова Б. Қазақ  тілі  сабақтарында  техникалық  құралдарды  пайдалану. А, 1973

11. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ.  Қазіргі  қазақ тілі . Лексика. Фонетика. А, 1975 ж

12. Исабаев А. Қазақ  тілін  оқытудың   дидактикалық  негіздері. А, 1993

13. Исабаев  А. Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі. А, 1989

14. Ф.Ш.Оразбаева. Тілдік қарым-қатынас: теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2000

15. Ы.Маманов . Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту.-Алматы,1977.

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Жай сөйлем синтаксисін оқыту әдістемесі