Жай сөйлем синтаксисін оқыту әдістемесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Марта 2012 в 16:38, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Тіл дамыту жұмыстары қазіргі мектептердің оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселелердің біріне айналып отыр.Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті құбылысты жан-жақты түсіне білсе, ауызекі сөйлеуі әдеби тіл нормаларына сай келсе, құба-құп болар жағдай еді.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................3

1. Тіл дамыту әдістемесінің мәні мен маңызы, мазмұны......................4

2. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға байланысты сөздік

жұмысын жүргізу әдістемесі...................................................................7

3. Байланыстырып сөйлеудің (ауызша және жазбаша) түрлері...................12

Мазмұндамалардың әдістемесі .............................................................12

Шығарманың әдістемесі .................................................................................15

3.3 Ауызекі сөйлеуді дамыту.........................................................................18

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................20

ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ...................................................................................................22

Работа содержит 1 файл

Тіл дамыту әдістемесінің мәні мен маңыз1.doc

— 166.50 Кб (Скачать)


21

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

                                                                          

 

 

 

КУРСТЫҚ    ЖҰМЫС

 

ТАҚЫРЫБЫ: «Жай сөйлем синтаксисін оқыту әдістемесі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        

                                         Тексерген:

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

      КІРІСПЕ..................................................................................................3

1.      Тіл дамыту әдістемесінің мәні мен маңызы, мазмұны......................4

2.      Қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға байланысты сөздік

    жұмысын жүргізу әдістемесі...................................................................7

3.      Байланыстырып сөйлеудің  (ауызша және жазбаша) түрлері...................12

Мазмұндамалардың әдістемесі .............................................................12

Шығарманың әдістемесі .................................................................................15

3.3 Ауызекі сөйлеуді дамыту.........................................................................18

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................20

ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ...................................................................................................22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

Тіл дамыту жұмыстары қазіргі мектептердің оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселелердің біріне айналып отыр.Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында  тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті құбылысты жан-жақты түсіне білсе, ауызекі сөйлеуі әдеби тіл нормаларына сай келсе, құба-құп болар жағдай еді.

Тіл дамыту-қазақ тілін оқытудың , білім мен тәрбие берудің ең маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы жасөскінді тіл өнеріне баулу, туған тілінің қыры мен сырын терең меңгерту, ойын жатық та көркем етіп жеткізе білу, мәдениетті де сауатты жаза білу әрекеттері жүзеге асады.Сондықтан, осы тақырып күні бүгінге дейін зерттеуден қалар емес.

 

Зерттеу тақырыбының мақсаты:

 

Мектептегі тіл дамытуға байланысты жүргізілетін жұмыстардың ауызша және жазбаша түрлеріне тоқталу.

 

Зерттеудің міндеттері:

-         «тіл дамыту», «тіл ұстарту» ұғымдарының мәнін ашып көрсету;

-         Тіл дамытудағы сөздік жұмысының маңыздылығына тоқталу, оларды жіктеу;

-         Тіл дамыту мен байланыстыра сөйлеу әдістемесінің байланысын ашып көрсету,

-         Тіл дамыту жұмыстарының ауызша және жазбаша түрлеріне тоқтала отырып, олардың ерекшеліктерін көрсету.

 

Зерттеудің нысаны:

Қазақ тілі пәні бойынша тіл дамыту жұмыстарының түрлері

1. Тіл дамыту әдістемесінің мәні мен маңызы, мазмұны

Оқушылардың тілін ұстарту – қазақ тілі әдістемесінің басты міндеті. Мұғалім, мектеп оқушыларын таза, лайықты әдеби тілмен сөйлеуге, диалектика мен дөрекі сөздерді  қолданбауға, сөйлеген сөздері жатық, әсерлі, түсінікті болуын қадағалайды. Сонымен  қатар олардың мәнерлеп оқуын, сондай-ақ өз ойларын байланыстыра, жүйелі, логикалық тұрғыда жазу дағдыларын қалыптастыруға тиіс.

Оқушының сөйлеу дағдылары — сөзді ауызекі сөйлеуден немесе жазу жұмысында орнымен қолдана алатындай дағдылар жүйесінен, сұраққа қысқа да, толық та жауап құрастыруынан, оқыған немесе көрген жай-ларын ауызша да, жазбаша да мазмұндап беретіндей дағдысынан, шығарма жазу, жоспар, конспект, реферат, жазу дағдыларынан құралады. Мектеп бағдарламасында тіл ұстартуға байланысты жұмыс түрлері қазіргі қазақ әдеби тіл нормасымен дұрыс сөйлеп, дұрыс жазу дағдыларын жетілдіруді көздейді. Оқушының тілі әр алуан жағдайлардың ықпал-әсерінен (сөйлеу ортасы, оқушылардың өмірге белсенділікпен немесе жайбарақат қарауы, кітап оқуы) үздіксіз дамып, жетіліп отырады. Міндет — осы үздіксіз жетілу процесін ұйымдасқан мақсатты бағытқа бұру болып табылады. Тіл дамыту қазақ тілі пәнінің барлық кезеңдерінде (фонетика, лексика, морфология, синтаксис) үзбей жүргізіліп отыруы керек.

Тіл дамытудың мазмұны. Тіл дамытудың негізгі компоненттері дыбыс, сөз тіркесі, сөйлем және сөйлемдер тізбегі (яғни байланыстырып сөйлеу) болады. Тіл дамыту әдістемесі тілдің жоғарыда айтылған барлық жақтарын қамтып, оларды оқытудың объектісі (мазмұны) етеді.

Әдеби тілмен дүрыс сөйлеу нормаларының жиынтығы тіл білімінде орфоэпия деп аталады.

Дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлем — тілдің әрі сандық әрі сапалық компоненттері болып есептеледі. Олар өзара күрделі (құрылым және мағынасы жағынан), бірақ қатаң шектелген, нормаланған қатынаста бола отырып, байланыстырып сөйлеуге қызмет атқарады. Мысалы, сөз, сөз тіркесіне (синтагмаға) құрамды бөлек ретінде кірсе, сөз тіркестері тұтас алғанда өзара байланысқа түсіп, сөйлемді құрастырады, ал сөйлемдер жиынтығы өз ретінде сөзді байланыстырып сөйлеуді қүрастырады.

Байланыстырып сөйлеу, жекелеген сөз тіркесі сияқты, жай ғана қосынды емес, ол — тілдің барлық жағын қамтиды. Ол өз ішіндегі құрамды бөліктерінің арасы ішкі логикалық байланыста болатындықтан, байланыстырып сөйлеу деп аталады. Бүл ретте қатар түрған сөйлемдердің ғана емес, алшақ тұрған сөйлемдердің ара-сындағы байланыстарды да, олардың арасында кеп сатылы өтпелі жолдар арқылы логикалық байланыстар болатындығы ескеріледі, демек бір логикалық байланыстан екінші логикалық байланысқа жалғаса өтіп отырады.

Байланыстырып сөйлеу оқушылардың сөзі мен фразеологиялық тіркестері байлығына негізделмесе, алуан түрлі синтаксистік құрылыстарды пайдалану дағдыларына, құрылысы әр түрлі сөз тіркестері мен сөйлемдердің, лексикалық қабаттар мен сөз тудырушылық элементтердің (жұрнақтардың) мағына түрлілігін, сти-листикалық ерекшеліктерін ажырату іскерлігіне негізделмесе, онда ол мағыналы да, мазмұнды да, әсерлі де бола алмайды.

Байланыстырып сөйлеу дегеніміз — оқушылардың бұрын қабылдаған алуан түрлі сөйлеу шеберлігі мен дағдыларының, соның ішінде орфографиялык, және пунктуациялык, жағынан дұрыс, интонация жағынан әсерлі, тартымды (ауызекі сөйлегенде) тұрғыда іскерліктер мен дағдылардың шоғырланған түрде қолданылған айту формасы. Сөйлеудің бейнелі, көрікті, сезімге әсерлі және логикалық байланыстырып айту мен жазуға бірдей қатысты.

Бағдарлама бойынша тіл дамыту үш бағытта жүргізіледі:

1. Оқушылардың сөздік қорын байыту, бұл — сөздік жұмысы арқылы (әр түрлі жаттығулар, мазмұндама, шығармалар жазумен байланысты) қамтамасыз етіледі.

2. Қазақ әдеби тілінің нормаларын игеру (дұрыс айту, сөз формаларының  жасалуы, сөз тіркестері мен сөйлемдерді құрастыру, сөз таптары мен синтаксистік құрылыстардың стилистикалық мүмкіндіктерімен таныстыру, лексикалық синонимдермен, жалғау, жұрнақтардың синонимдігімен таныстыру.

3. Ауызекі сөйлеу және жазу түрінде ойды байланыстыра мазмұндау іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.

Оқушы сөйлеуіндегі қателердің жалпы себептері мен түрлері. Өзінің сипаты жағынан оқушы сөйлеуіндегі қателердің негізгі төрт түрі бар:

1) лексикалық және фразеологиялық қателер;

2) грамматика-стилистикалық (морфология, синтаксистік);

3) толық байланыстыра сөйлеуді құрастыру кезінде, яғни олардың логика-құрылымдық ерекшеліктерінен туындайтын қателер;

4) орфоэпиялық (оның себептері: ортаның әсері, сондай-ақ жеке адамның сөйлеуіндегі кемшілік). Қатенің әрбір түрі мұғалімнің ерекше көңіл бөлуін, оны жою және болдырмау үшін ұйымдасқан әдістемелік тұрғыны қажет етеді. Сөйлеудегі қателердің себептері жалпы алғанда мына сипатта болады:

1) ортаның әсері: а) оқушының сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді; ә) «көшенің» әсері (дөрекі, «былапыт» тіл); б) газет және кітапта жіберілген тіл кемшіліктері; в) әдеби тіл нормаларын жақсы меңгермеген мұғалімнің әсері (бұл — ешбір кешірімсіз нәрсе);

2) сөйлеу дағдылардың жоқтығы (мектептің тіл дамытуға немқұрайды қарап, қазақ тілі сабағын әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастыра алмауға байланысты);

3) жекелеген оқушының тіліндегі кемшілік (сақаулық, быдықтық, мыңғылдық т. б.). Бұнда сөйлеу мүшелерінің нормаларын патологиялық ауытқуға ңемесе жаман әдетке байланысты.

 

 

 

 

2. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамытуға байланысты сөздік              жұмысын жүргізу әдістемесі

Сөздік жұмысын жүргізудің білімдік-тәрбиелік маңызы зор. Өйткені ол оқушының дүниеге көзқарасын қалыптастырады, болашақтағы қызметіне дағдыландырады. Сөздік жұмысының мазмұны-оқушыға таныс емес, жаңа сөздерді түсіндіру, бұрыннан таныс сөздердің мағынасына талдау жасап нақтылау, сөз байлығымен таныстырып, стильдік мүмкіндігін көрсету. Сөздік жұмысын ұйымдастыруда, сөз қолдану мағыналарына талдау жасағанда, қазіргі әдеби тілдегі сөз қолдану тұрғысынан кей жағдайда тарихи тұрғыда қарастыру. Сөздік жұмысы — мұғалімнің, өтпелі ісі емес, керісінше, дұрыс ұйымдастырылған, педагогикалық тұрғыда белгілі бір мақсатта құрылған — қазақ тілінің барлық салалары бойынша жүйелі жүргізіліп отыруға тиіс.

Грамматика сабақтарында жаңа материалды түсіндірген кезде әдетте арнаулы терминдер айтылады, ал ережені нақтылайтын мысалдарда оқушылардың тілін байытатын жаңа сөздер енгізіледі, бақылау диктантының алдында мұғалім түсініксіз сөздерді түсіндіреді, оқулық бойынша үйге тапсырма бергенде, жаттығу мәтініндегі сөздердің бәрі оқушыға түсінікті я түсініксіз екендігі тексеріледі. Сөздік жұмысының көпшілігі әдебиет сабақтарында жүргізіледі.

Оқушылардың сөздігін байыту. Оқушы сөздігін байыту деген сөздердің тек санын көбейте беру емес, оның сапалық өзгерісін, үғымдар   көлемін   кеңейту, мағыналарын нақтылау, таныс сөздердің жаңа мағыналарымен таныстыру.

Екіншіден, сабаққа жақсы дайындалмаған оқушының көп сылтауы оның сөздігінің молдығын емес, керісінше, сөз қорының кедейлігін аңғартады. Сөйлеуі жетілмеген оқушылардың тілінде ешбір қажетсіз қыстырма сөздер, әр түрлі демеуліктер, одағайлар көп қолданылады (жаңағы, сонымен, сөйтіп, ал, иә, қалай, нетіп, неқылып, анау, не, әлгі т. б.).

Оқушының сөзі мазмұнды болуы керек. Көптеген оқушы ойын жеткізе алмай қысылғанда аузыма сөз түспей тұр, тілімнің ұшында тұр, көкірегімде бәрі сайрап тұр, айтуға тілім жетпей тұр деп мүсәпірлікке ұшырайды. Бұл жайында А. С. Пушкин «Мағынасыздықтың екі түрі бар: бірі -сөздің көптігі сезім мен ойдың жетімсіздігінен пайда болады; екіншісі -сезім мен ой асып-төгіліп жатады, бірақ оны айтып бере алатындай сөз жетіспейді» -деген.

Оқушы сөйлегенде үнемі қолданатын сөздерді оның активті сөздігі дейді: оқушыға белгілі дәрежеде таныс, бірақ өз тілінде қолдана қоймайтын сөздерді оның пассивті сөздігі дейді. Бұлай бөлу, әрине шартты, өйткені пассив сөздігі оның актив сөздігіне ауысып, толықты-рып отырады.

Әр сөз сөйлемде бір мағынада ғана қолданылады. Көп мағыналы болса, оның әрбір мағынасы тек контексте айқындалады. Бұларды ұзақ жаттығулар, талдаулар арқылы көрсетіп, оның тура және ауыспалы мағынада қолданылатынын анықтайды (күміс қасық — күміс күлкі). Мұндай ерекшеліктер жүмбақтарға тән: Тісі көп, аузы жоқ (ара). Құнаны — темір, құйрығы — кендір (ине мен жіп). Алты аяқ, екі бас, жалғыз құйрық (атты кісі). Бірақ оқушыларға берілген сөздер оқушы-лардың қабылдауына (зат, түйсігіне) сәйкес және әрбір қабылдау соған сәйкес сөздермен аталатындай болу керек. Бүл жөнінде К. Д. Ушинский былай дейді: «Балаға белгісіз бір сөзді үйреткенмен, ол оның мәнін үқпай көп қиналады, егер оны суретпен байланыстыра айтсаңыз, оларды тез қағып алады».

Мұғалім оқушының пассивті сөздігін өз сөзінде жиі қайталап қолдануы аркылы, активті сөздігіне айналдыруға тиіс. Оқушылар кітапты не мақаланы оқыған кезде, кейбір сөздердің мағыналары түсініксіз болуы мүмкін. Осындай жағдайда мүғалім тиісті   кітапты   алдын ала өзі оқып шығып, түсініксіз болады деген сөздерді түсіндіреді. Диалект, қарапайым сөздер кітапты оқу кезінде ескертіліп отырады. Оқушылардың сөздік қорына енуге тиісті басқа сөздер, ішінара алдымен біліп алуға тиісті сөздер және кейінгі кластарда білуге тиісті сөздер болып бөлінеді. Сонымен, әр түрлі топтағы сөздермен жұмыс жүргізудің әдістемелік тұрғыда белгілі бір мақсатты көздеген кезектестігі орнығады.

Қандай жағдайда болмасын, сөздік жұмысында сан қуалаушылықтан сақ болу керек. Бұл - әдістемелік қатеге ұшыратады. Өйткені көп сөздің мәнін оқушылар естеріне сақтап үлгере алмайды да, мағыналарын бір-бірімен шатастырып, не жөнді түсінбей, кейін ұмытып қалады.

Жаңа сөздерді есте сақтаудың мынадай тәсілдері мен жаттығулары бар: 1) тақтаға сөз жазып, оны буынға бөле айту, оның дұрыс айтылуына машықтану, яғни әрі жазып, әрі сөйлеп жаттығу; 2) сөз мағыналарын анықтауда ұғымның белгілерін санайтындай жаттығу-лар; 3) жаңа сөзді кірістіре сөйлем құрастырып, әр мағынасын ашу (жану, тіл, ауыз т. т.); 4) орфографиялық жаттығуларға жаңа сөздер енгізу; 5) жаңадан үйренген сөздерге байланысты творчестволық жұмыстар (әңгіме, мазмұндама, шығарма т. т.) жүргізу; 6) балалар сөздіктерін жасату (түсіндірмелі, алфавитті немесе тақырыптық сөздіктер, класс бойынша не жеке оқушы сөздігі, дәптер түрінде және қабырға сөздік-кестелер).

Сөздік жұмысына сөздер сұрыптауда мына сияқты әдістемелік принциптер ескерілуі керек: а) сөздіктің түсініктілігі (әр кластың жас ерекшелігі ескеріліп отыруға тиіс, бірақ өте жеңіл, қарапайым сөздер алудың қажеттігі жоқ); ә) сөздіктің мөлшерін (санын) белгілеу тәжі-рибе арқылы анықталады (қай оқушы қандай мөлшерде ұсынылған сөздікті қабылдай алады).

Информация о работе Жай сөйлем синтаксисін оқыту әдістемесі