Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

Дата добавления: 27 Октября 2013 в 13:39
Автор: z**********@mail.ru
Тип работы: дипломная работа
Скачать полностью (185.45 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Дип.-КӘСІПОРЫННЫҢ-ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ-САЯСАТЫ.doc

  —  644.00 Кб

Оның үстiне, анықтама пайда табуға мүмкiндiк беретiн кәсiпкерлiк объектiлерге  бағытталған салымдарды ғана камтиды.  
Шетелдерде теория және тәжiрибе жүзiнде кеңiнен танымал болғанындай, инвестиция тиiмдiлiгiне баға беру кезiнде оның тек қаржылық тиiмдiлiгi ғана емес, материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтары және оларға жұмсалатын қаражат шығындары мәселен, денсаулық. сақтау, бiлiм беру, мамандық деңгейiн жоғарылату т.б. 
Негiзгi капиталды қайта жаңарту iсiндегi алатын орны тұғысынан қарағанда, инвестициялардың атқарар рөлдерi мына төмендегiдей қалыппен сараланып бөлiнедi: жалпы және бүтiндей инвестициялар; негiзгi капиталды көбейтуге бағытталған таза инвестиция; iстен шықанның орнын толтыруға бағытталған инвестиция. Экономикалық әдебиеттерде инвестициялардың қалыптасуына әсер ететiн факторларға сәйкес оларды туынды және индукциялы, автономды деп бөледi /5, 41 б./.  
Туынды инвестициялардың динамикасы, әдетте, экономикалық жүйенiң iшкi (эндогендi) факторларына, яғни, ұлттық табыс пен тұтынушылық сұраныстағы өзгерiстерге байланысты болады. Автономды инвестициялардың өсуiне экзогендi факторлар   ғылыми-техникалық прогресс, халықтар санының өсуi,  
басқалары себепкер болады. Халықаралық және отандық тәжiрибеде инвестицияларды мақсатты бағытталуына байланысты келесi түрлерге бөлiп карайды:  
Заттай активтерге жұмсалған инвестициялар өндiрiс ғимараттарын, құрылғыларды, сондай-ақ қызмет ету мерiзiмi бiр жылдан жоғары болып келетiн активтерге қаражат жұмсалуын сипаттайды.  
Қаржылық активтерге жұмсалған инвестициялар — бұл басқадай заңды және жеке тұлғалардың құрылтайшылық, қызметiне араласуы негiзiнде, яғни, үлестi бағалы қағаздарды немесе қарызды мiндеттемелердi сатып алу арқылы ақшалай сома алу құқығын сипаттайды.  
Материалды емес активтерге жұмсалған инвестициялар — бұл қандай да бiр кәсiпкерлiкпен айналысатын шаруашылық субъектiлерiнiң қызмет етуiне, сондай-ақ сауда белгiлерiн даярлауға, лицензия алуға және тағы басқаларға жұмсалған қаражаттарды бiлдiредi.  
Заттай активтерге жұмсалған инвестициялар озiнiң пайдалану аясы бойынша келесiдей жiктелiнедi:  
- өнiдiрiс тиiмдiлiгiн арттыруға жұмсалған қаражаттар, яғни, өндiрiстегi құрал-жабықтарды, құрылғыларды және т. 6. ауыстыру нәтижесiнде өндiрiс шығындарының төмендiгiн қамтамасыз етудi сипаттайды;  
- өндiрiстi кеңейтуге жұмсалңан инвестициялар. Оның басты мiндетi  
— тауарлар шығару, мүлiктерiн кеңейту болып табылады;  
- жаңа өндiрiс орнын салуға жұмсалған инвестициялар, яғни, жаңа тауарлар өндiруге немесе жаңа қызмет түрлерiн көрсетуге бағытталған кәсiпорындарды салуды қамтамасыз етудi сипаттайды.  
Экономикалық, түрлендiрулердi жүзеге асыруда, сондай-ақ, жаңа кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн дамытуға пайдаланатын инвестицияларды олардың экономикалық, мазмұнына қарай әртүрлi нысанда бөлiп қарастырады. Оның iшiнде бiзге танымалы Мыналар:  
Ссудалық капитал нысанындағы инвестициялар — инвестицияның ссудалық қарыз немесе әртүрлi несие нысандарында пайдалануын сипаттайды.  
Кәсiпкерлiк нысанындағы инвестициялар кәсiпкерлiк капиталдың тiкелей және жанама нысанында пайдаланылуын бiлдiредi.  
Кәсiпкерлiк капиталдың тiкелей нысанында пайдаланылуы тiкелей инвестицияларды бiлдiрсе, ал жанама нысандарында пайдаланылуы портфелдiк инвестицияларды сипаттайды. Тiкелей инвестициялар өндiрiстiк кәсiпорындарға тiкелей қаражат жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар жиынын бiлдiрсе, ал портфелдiк инвестициялар — бұл инвестициялық процеске қатысушы банктердiң, әртүрлi қорлардың, кәсiпорындардың, ұйымдардың немесе мекемелердiң бағалы қағаздарын, акция, облигацияларын, сертификаттарын сатып алу негiзiнде қаржы жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығын бiлдiредi.  
Қазақстанның экономикалық, дамуына жұмсалған инвестициялардың нысандарына байланысты үлес салмағын талдау нәтижесi портфельдiк инвестициялардың пайдалануы өте төмен көрсеткiшке ие  
болуын сипаттайды. Әрине, бұл жағдай елiмiздегi бағалы қағаздар нарығының аса дамымауымен байланысты.  
Сонымен қатар, инвестицияларды меншiк нысанына байланысты келесiдей түрде бөлiп қарайды:  
- Мемлекеттiк меншiк нысанындағы инвестициялар мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландыруды сипаттайды, оның жұмсалу бағыты әлеуметтiк сала болып табылады.  
- Жекеменшiк капитал нысанындағы инвестициялар кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын ұлттық шаруашылық субъектiлерiнiң өз қаражаттары мен тартылған қаражаттарының жиынтығын сипаттайды.  
Мұндай мемлекеттiк және жеке меншiк нысанындағы инвестицияларды бiр сөзбен отандық инвестициялар деп те атайды.  
- Шетелдiк капитал нысанындағы инвестициялар шет мемлекеттерден, оның iшiнде халықаралық қаржы ұйымдарынан таратылатын қаражаттар болып табылады. Сондықтан да осындай сараптаулар алуан-түрлi салымдардың қозғалыс дәрежелерiн, олардың сұраныстың төлем қабiлеттiлiгiне тәуелдiлiк деңгейiн, сондай-ақ, өсу шегi мен динамикасының өздерiне тән ерекшелiктерiн атап көрсету мақсатында инвестициялық қызметтiң теориялық үлгiлерiнде кеңiнен қолданылады.  
Инвестициялық процестердi талдау инвестициялардың өсуi жалпы ұлттық өнiмнiң мультипликативтi түрде өсуiне ықпал ететiндiгiн көрсетедi. Басқаша айтқанда, инвестицияға жұмсалған қаражат — “жоғары қуатты ақша”. Мемлекеттiк инвестициялардың көбеюi осындай нәтижелерге қол жеткiзедi. Экономикалық теорияда мұндай құбылысты инвестицияның және мемлекеттiк шығындардың жалпы ұлттық өнiмге мулътипликативтi әсерi деп атайды.  
Инвестицияның қозғалыс қарқынын пайда, кiрiс және экономикалық дамудың қозғалыс қарқынымен байланыстырып отырған осы тәуелдiлiк ең алғаш рет Дж.М. Кейнстiң концепцияларында мазмұндалып, тұжырымдалған болатын /7/. Кейнсиандықтардың пайымдаулары бойынша, осы тәуелдiлiк ақша қаражатын құру тұрғысында қаралады. Бұл теорияның басты мазмұны сол, алғашқы инвестицияланған ақша сомасы бастапқы кiрiстерге айналады. Бұдан соң ол қаражаттың белгiлi бөлiгi жеке және инвестициялы тұтыну қажеттiлiктерiне жұмсалады да, екiншi тараптағы кiрiстерге айналып отырады, яғни, тұтыну көлемiн ұлғайту арқылы кiрiс көлемiн ұлгайтуға инвестициялардың өсуi ықпал етедi. Мультипликаторлардың шамасына сәйкес, мультипликативтiк процестердiң ұзақтығы мен жалпы тиiмдiлiгi неғұрлым жоғары болса, соғұрлым кiрiстiң басым көп бөлiгi тұтынуға жаратылатын болады.  
Мультипликатор теориясы бойынша инвестициялар жинақ салымы деңгейiне және басқа да көптеген факторларға тәуелдi екенiн көремiз. Мультипликатор дегендi барлық жиынтық кiрiс (∆В) көлемiнiң өзгеруi, инвестицияның (∆И) өзгеруi аралығындағы тәуелдiлiктi анықтайтын коэффициент (К ) деп түсiнемiз. Бұл коэффициент инвестиция көлемiнiц өзгеруi салдарынан туындаған барлық жиынтық кiрiс көлемi өзгерiсiнiң инвестиция көлемi өзгерiсiне қатынасы арқылы анықталады. Мультипликатор математикалық тұрғыда мына төмендегiдей формула арқылы көрсетiледi /7, 98 6.!:  

К =                                         (1)  
Мұндағы: 
∆В- жиынтық кiрiс көлемiнiң өзгерiсi;  
∆И- инвестиция көлемiнiң өзгерiсi.  
Бұл формуланы ∆И - ∆B-∆C деп, оны ∆В-ға бөлу арқылы өзгертуге болады:  

                                   O < S (В) < 1,С (В)+S (В)=1

Яғни, салық ставкасы өзгермей, тұрақты түрде болғанда, кiрiстiң барлық өсiмi тұтынуға жiберiледi немесе жинақ салымына салынады. Сөйтiп, бiз екi функцияға, яғни, кiрiс мөлшерiне тәуелдi жинақ салымдарына және ссудалық пайыз деңгейiне тәуелдi инвестицияға қол жеткiздiк. Тепе-теңдiк шарты мына төмендегi түрде белгiленедi  
/8, 198 6.!:  
S=(В) = И(г) (7)  
Осы тепе-теңдiктi қамтамасыз етуде өзiмiзге белгiлi механизм — шешушi роль атқарады. Оның басты мағынасы мынаған келiп саяды: инвестиция көлемiнiң ұлғаюы тұтыну шығындары мен жалпы iшкi өнiмнiц өсуiне әкелiп соғады.  
Өндiрiстiк сектордағы тепе-теңдiктiң iске асуы 4-суретте бейнеленген /8, 202 6/:  
               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өндiрiс секторындағы тепе-теңдiктiң iске асу процесi

 
төмендетiп, тiптi, олардың жойылып  кетуiне әкелiп соқтыратынын аңғаруға болады.  
Бұл туралы Самуэлъсон өзiнiң еңбектерiнде /8, 194 6/: “Акселерация экономикада тұрақсыздық тудыратын қуатты фактор болып табылады. Экономикалық, өсу байқалғанда, ол таза инвестицияларға қозғаушы болса, ал экономика қарқыны бәсеңдеген кезде, сол бастапқы тегеурiнiмен инвестицияның жойылуына қозғаушы болады” деп жазған.  
Сондай-ақ, өндiрiстiк секторларда тепе-теңдiктi қалыптастыруда тұтынушылық және инвестициялық, қызметтер шешушi роль атқарады. Тұтыну тек ағымдағы кiрiстiң деңгейiне ғана байланысты деп есептеледi  
/8,195 б/.

                 С=С(В), оның үстіне     О<  С(В) < 1

Мұндағы:

В-ЖІӨ көлемі

С-Жеке тұтыну шығыны

  
Бұл теңсiздiк жеке тұтыну шығындарының көлемi әрдайым кiрiс көлемi ұлғайған сайын өсiп отыратындығын бiлдiредi.  
Инвестициялық, қызмет ссудалық пайыз деңгейi мен инвестиция көлемi арасындағы керi байланысты тұжырымдап көрсетуге мүмкiндiк бередi (кутiлген пайда нормасы бойынша) /8, 195 6./:  

И=  И(r), И(r)< 0 
 
Бұл теңсiздiк ссудалық, пайыз мөлшерiнiң өсуi немесе төмендеуi жеке инвестициялар көлемiнiң азаюына немесе керiсiнше көбеюiне әкеледi.  
Сонымен, баланстың ара-қатынастарына сай В=С + И + МШ + (Х- М) болатындығына көңiл аударайық, (Х-М) мөлшерiн ескермей-ақ, тұтынылмайтын және салық, төленбейтiн жалпы iшкi өнiмнiц бiр бөлiгi жинақталуы керек /8, 196 6./:  
S = В-С-Т  

Мұндағы:

S-жинақ салымының көлемі                                                                                  Х-М-шетелдерге аударылатын трансферттер  
Т-таза салықтық түсiмдер.  
МШ - мемлекеттiк шығындар  
С- жинақ салымы жалпы iшкi өнiмге тәуелдi болғандықтан (4 — формулаға қараңыз), S- та жалпы iшкi өнiмге тәуелдi болады /8, 197 6./:  

S = В-С(В)-Т  

Мұндағы:          Т- көбеюдiң шектелген мөлшерi болғандықтан, S = S(В), оның үстiне 

 

 
МРС-

                                тұтынуға шектеулi бейiмдiлiк  
                                                                 қосымша бiрлiк табыса сәйкес келетiн                                                                                                        тұтыну                                                                                                                              

S-жинақ салымының өзгерiсi;  

МРС-

- жинақ салымына жұмсалатын қолда бар  
кiрiстiң қосымша бөлiгi.  

Мультипликативтi тиiмдiлiктiң  инвестициялы шығындардың өндiрiс көлемiне тигiзер әсері ықпалынан тұрады. Қосымша инвестициялар өндiрiс пен кiрiстiң өсуiне қозғау бола отырып, өз кезегiнде жинақ салымы мөлшерiн көбейтуге мүмкiндiк туғызады. Сөйтiп, мультипликатор концепциясы инвестициялық қозғалыс пен өндiрiс көлемiнiң арасында тәуелдiлiктiң бар екендiгiн анықтап, атап көрсетiп қана қоймайды, қайта нақтылы әрi қатаң түрде түсiнiктемелер бередi. Бұдан экономикалық жүйенiң ең көңiл аударатын жерi инвестициямен байланысты деген қорытынды жасауға болады. Инвестициялар, шын мәнiнде, экономикалық белсендiлiк деңгейiн арттырып, сәйкесiнше, жалпы iшкi өнiм деңгейiн өсiретiн фактор болып табылады.  
Инвестициялар теориясында мультипликатор әрекетi акселерация (шапшаңдатқыш) қағидасымен толықтырылып отырады. Бұл қағида өндiрiс көлемiнiң ұлғаюының (∆В) жаңа инвестиция көлемiнiң өсуiне (∆И) ықпал етуiн сипаттайды, осының нәтижесiнде процесс тұйықталған сипатқа ие болады.  
Акселерация коэффициентiнiң (А) өзi өндiрiс көлемiнiң және инвестициялар көлемiнiң арасындағы байланыстарды сипаттай отырып, инвестициялар көлемiнiң ұлғаюы немесе таза инвестициялардың жалпы iшкi өнiм көлемiнен қанша есе артқанын көрсетедi. Бұл математикалық тұрғыда мынандай формула бойынша есептеледi /7, 98 б./:  
 
А=

 

Мұндағы:

 И — жылындағы инвестиция;  
- жалпы iшкi өнiмнiң t +1 жылындағы өсiмi.  
Осыған орай, егер мультипликатор инвестицияның экономикалық өсуге ықпал етуiнiң ақырғы нәтижесiн анықтап, сипаттайтын болса, онда акселератор керi байланысты сипаттайды және осы кезеңдегi инвестициялау масштабын уақыт аралығы үйлесiмсiз болып келетiн, өткен мерiзiм аралығындағы экономикалық белсендiлiк пен өндiрiс деңгейiнiң өзгеруiмен байланыстырады. Осы ретте экономиканың өсу қарқынының төмендеуi немесе баяулауы инвестициялардың қарқынын 

 

 
Суреттiң тiк осы бойынша ссудалық пайыз (г) деңгейi жоғарыда көрiнiс тауып, ал жеке жинақ салымының көлемi (салық қосқанда) төмен жағында орнаасқан. Көлденең осы бойынша сұраныс көлемi оң жағынан, мемлекеттiк шығындары қоса алғандағы инвестициялардың көлемi сол жағынан көрiнiс тауып тұр. IV төртбурыштағы (жоғарыдағы сол жақ) қисық сызық И(г) 5-шi инвестициялы функцияның графигi болып табылады: мейлiнше жоғары пайызға инвестицияның ең аз көлемi сәйкес келедi немесе керiсiнше болады. II төрбурыштағы (төмендегi оң жақ) түзу сызық “жинақ салымдары функциясын” —   бейнелейдi: жинақ салымдарының көлемi жалпы iшкi өнiм кiрiстерiнiң көбеюiне байланысты өсiп отырады. III төртбұрыштағы түзу 7-теңдiктiң шешу графигi болып саналады: осы түзу бойындағы кез-келген нүкте экономикадағы жинақ салымы мен инвестиция арасындағы тепе-теңдiк нуктесi болып табылады.  
Ссудалық пайыздың белгiлi-бiр деңгейi (мәселен г ) инвестициялық функциялар арқылы инвестициялардың белгiлi-бiр көлемiн жұмылдыруға тырысады. Сызбада бұл көлемдi шартты түрде Ио деп белгiлейiк. Жинақ салымдарының көлемi инвестицияға тең деңгейге жету үшiн (суреттегi Sо, Sо = Ио), 4-функцияға сәйкес, көлемi жинақ салымына тәуелдi болатын кiрiс белгiлi-бiр деңгейде болуы тиiс (суреттегi В ).  
Үкiмет экспансиондық ақша-несие саясатын жүргiзу нәтижесiнде пайыз ставкасын г1 деңгейiне дейiн төмендеттi деп болжам жасайық. Осы әрекеттің өндiрiс секторының кiрiс деңгейiне тигiзер салдары қандай болмақ?  
Жаңа, анағұрлым төмен деңгейдегi пайыз қосымша инвестициялардың тууына ықпал етедi. Соның нәтижесiнде инвестициялар деңгейi И мөлшерiне дейiн көтерiлетiн болады. Инвестициялар көлемiнiң жоғарылауын қамтамасыз ету үшiн жинақ салымдарының көлемiн тиiстi деңгейге дейiн көбейту керек (S деңгейiне дейiн). Ал мұндай мәжеге жету үшiн кiрiс деңгейiн В мөлшерiне дейiн ұлғайту қажет.  
Кiрiс мөлшерiн осылайша молайту мультипликатордың көмегiмен жүзеге асады. Оның мөлшерi 7-теңдiк шарттарымен анықталады: пайыз ставкасын төмендету арқылы инвестициялардың өсуiн жинақ салымын өсiру есебiнен қамтамасыз ету керек.  
Инвестициялық сұраныстың өсуiне байланысты кiрiс көлемiнiң алғашқы рет көбеюi осы кiрiс иелерiнiң тұтыну шығындарын өсiре түседi, ал бұл өз кезегiнде, тағы да бiреулердiң табыстарын көбейтуге жол ашады.  
Мультипликтордың мөлшерi осындай шексiз тiзбектер сомасының математикалық шегi iспеттес (геометриялық прогрессиялар қатары) көрiнiс бередi. Бұл, сондай-ақ, банктiк мультипликатордың үлгiсi сияқты көрiнедi.  
Сөйтiп, инвестициялардың белгiлi.-бiр көлемiн iске қосуға жұмылдыратын белгiленген әрбiр пайыз деңгейiне тиiсiнше кiрiстiң белгiлi-бiр деңгейi сәйкес келедi. Осы функциялдық тәуелдiлiктiң басты нысаны — мультипликатор болып табылады.  
Пайыз ставкасы неғұрлым төмен болған сайын, инвестициялардың және тиiсiнше кiрiстiң де көлемi (мультипликаторды қатыстыру арқылы) соғұрлым жоғары болады. Ал пайыздың мейлiнше ең төменгi деңгейiнде, тиiсiнше, кiрiс те өте мол болмақ немесе керiсiнше болады. Бұл тәуелдiлiктi суреттегi 1 төртбұрыштағы И қисығы арқылы көруге болады.  
Инвестициялық саясат елдiң экономикалық стратегиясының мақсаттары мен мәселелерiн анықтайтын ең маңызды элемент болып табылады. Экономикалық реформаларға сәйкес халықаралық капитал мен инвестицияларды тартудың мемлекеттiк саясаты дағдарыс пен инфляцияны тежеуге, жеке инвесторлардың инвестициялық белсендiлiгiнiн арттыруға және өндiрiстiң құрылымдық өзгерiсiне барынша септiгiн тигiзуi керек.  
Инвестициялы сферада аталған өзара байланыстар мен әсерлер кезкелген мемлекеттiң экономикалық өсуiн анықтайтын негiз. Сондықтан инвестициялық саясат экономикалық саясаттың құрамдас бөлiгi ретiнде қарастырылады. Осыны әлемдiк тәжiрибе де көрсетiп отыр. Мысалы, экономикалық өсудiң шешушi мәселелерiн қарастыратын ел жалпы iшкi өнiмнiң өскен әрбiр пайызына жалпы iшкi өнiмнiц үш пайызынан кем емес өндiрiстiк инвестицияларды бөлуi керек. Егер АҚШ, ГФР, Жапония, Франция, Ұлыбритания және басқа да өнеркәсiбi дамыған елдердiң экономикалық өрлеуiнiң кезеңдерiн талдасақ, барлық жағдайларда да соңғы онжылдықта осы елдерде инвестициялық, белсендiлiк мерiзiмiне экономиканың жоғары қарқынмен өсу кезеңдерi тұспа-тұс келедi. Инвестициялық белсендiлiктiң жалпы ұлттық өнiм сияқты экономикалық, дамудың маңызды көрсеткiшiне ықпалы осы елдерде алпысыншы жылдары ерекше байқалды. Мысалы, Жапонияда 1966-1970 жылдары инвестициялар көлемi алдағы бесжылдық пен салыстырғанда екi есеге өссе, жалпы ұлттық өнiм 70%-ға өскен. Сондай-ақ, осы жылдары АҚШ, Франция, ГФР елдерiнде жалпы ұлттық өнiмнiң өсуi 25-30%-ға жеткен 19, 89 6./.  
Осындай инвестициялық белсендiлiктiң жоғары қарқыны көптеген дамыған елдерге постиндустриялды экономика құруға, сонымен бiрге, экономикалық өсудiц жаңа кезеңiне өту үшiн және алдағы мерiзiмдегi тұрақты экономикалық әлеуметтiк даму үшiн материалды-техникалық негiздi қамтамасыз ететiн өндiрiстiк потенциал құруға мүмкiндiк бередi. Негiзiнен, дәл осы кезеңде тек өндiрiстiк қорлануды тұрақтандыруға ғана емес, үздiксiз дамитын техника негiзiнде табиғи және моральды ескiрген құралдарды алмастыруды қамтамасыз ете алатын қорлану дәрежесiн төмендетпеуге де жағдай жасалды.  
Инвестициялық белсендiлiктiң өсуiмен соңғы кезеңдегi Азиядағы “жаңа индустриялды елдердiң” — Оңтүстiк Корея, Тайвань, Гонконгтың дүние жүзiлiк аренаға шығуы да байланысты. Бұл елдерде қысқа мерiзiмдi инвестициялар арқасында әлемдiк нарықтың өзгермелi коньюктурасына тез бейiмделуге қабiлеттілігі iрi экспорттық потенциалы бар тұрақты экономикалық құрылымдар пайда болып, экономиканың  
ғылыми сиымдылығы жаңа салаларын кең ауқымды дамыту жүзеге асырылған.  
        Экономикаға инвестициялардың әсерi КСРО болған кезеңдерде де байқалған. Осылайша 1966-1970 жылдары күрделi салымдардың 1,4 есеге өсуi кезеңiнде орташа жылдық жалпы ұлттық өнiм 7,6%-ға көтерiлдi. Одан кейiнгi бесжылдықтарда халық шаруашылығына күрделi қаржы жұмсаудың көлемiнiң азаюымен және экономикалық дамудың экстенсивтi типiнiң етек алуымен қатар, жалпы ұлттық өнiмнiң де өсу қарқынының төмендеуi байқалды. Бұл процесс өндiрiстiк аппаратты дағдарыс жағдайына, аяқталмаған өндiрiстiң күрт көбеюiне және басқа да экономикалық жағдайды қиындата түскен жағымсыз экономикалық және әлеуметтiк салдарға әкеп соқтырғаны мәлiм.  
       Өкiнiшке орай, қазақстанның, сондай-ақ, көптеген ТМД елдерiнiң тұрақтану мен экономикалық өсу бағдарламаларында инвестициялық фактор еленбедi. Бұл экономикада инвестицияның маңызына жеткiлiксiз баға беру және экономикадағы қаржылық тұрақтануға, инфляцияның төмендеуiне қол жеткiзгеннен кейiн инвестициялық белсендiлiк өзiнен-өзi туындайды деген қате пiкiрмен түсiндiрiлдi.  
дағдарыс жағдайында, әсiресе, тозығы жеткен өндiрiстiк аппаратты қайта толығымен жасақтау қажеттiлiгi туған жағдайда инвестициялыкқ iс-әрекеттердi нарықтық стихиялық күштер ағымымен жiбере салу дұрыс емес. Себебi Қазақстандағы бiрнеше жылдар көлемiнде күрделi қаржылардың азаюы жалпы iшкi өнiм көлемiнiң азаюынан басым, бұл өндiрiске терiс мультипликативтi әсерiн тигiзедi. Инвестиция аясындағы осындай жағдай жалпы дағдарыстың салдарын одан әрi тереңдете түстi.  
      Осылайша, экономикалық тұрақтану, ал кей салалардың стагнация мен экономикалық компастан экономикалық өрлеуге өтуi инвестициялық саясатты өзгертудi және инвестицияны қолдауды қажет етедi.  
Әрине, инвестициялық белсендiлiк пен экономикалық өсудiң байланысы бiр жақты емес. Олардың бiр-бiрiне өзара ықпалы бар, себебi экономикалық өсу инвестициялық белсендiлiкке тәуелдi бола отырып, өз кезегiнде, белгiлi-бiр даму кезеңiнде елдiң инвестициялық нақты мүмкiндiктерiн анықтайды. Басқаша айтқанда, жалпы ұлттық өнiмнiң, сондай-ақ, ұлттық табыстың өсу қарқыны жоғары болған сайын  инвестициялық ресурстардың кең өрiстi өндiрiсi мен осы негiзде тиiмдi инвестициялық саясат құруға мүмкiндiктер аясы кеңейедi. Бұл бiр жағынан - елдiң ұлттық шаруашылығы шеше алатын нақты экономикалық және әлеуметтiк мәселелерiнен, екiншi жағынан - инвестициялық кешеннiң нақты мүмкiндiктерiн қолдануынан туындайтын инвестициялық процестiң концептуалды нұсқасын жасап шығару үшiн қажет.  

1.3 КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН ОНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты- оның шаруашылық іс-әрекетінің маңызды  бөлігі.Кәсіпорын экономикасында инвестиция маңыздылығын анықтап, бағалау қиын.Қазіргі  заманғы өндірістің сипаты ол- үнемі өсіп отыратын капитал сыйымдылығы мен ұзақ мерзімді факғторлар болмақ.Кәсіпорын өзінің өнімінің сапасынжақсарту үшін шығындарын төмендету, өндіріс күштерін ұлғайту, бәсекелестік жағдайында нарықтан өз орнын табу үшін үнемі капитал салып отыруы тиіс.

Сондықтан да оған үнемі  өте жақсы жасалған инвестициялық  стратегияжасап, оған жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы тиіс.

Салынған қаржылының тиімділігін жоғарылату үшін фирма  басшылығы инвестициялаудың принциптерін есепке алады.Оларды нақтылап қарастыратын болсақ:

Инвестициялық тиімділіктің шекті  принципі- кезкелген кәсіпорын өндірісті  жүзеге асырғанда шығынды азайтып, мол пайда табу мақсатымен жұмыс  жүргізеді.Кәсіпорын өзінің жеткен жетістігі жағдайында оның кірісі шығынды  арттырған күннің өзінде ол жұмысын жалғастыра бермек.Ал егер тауар өткізуден түскен кіріс сомасы өндіріс шығындарын жоғарылатпайтын болса, онда ол өндірісті тоқтатады. Егер бір тауар бірлігінен табыс түсіп және ол шығындарды көбейтетін болса, яғни, оны жасау үшін ондакәсіпорын ол өнімнің көлемін арттыру керек.Соңғы өнім бірлігін өткізуден түскен пайда өндіріс шығындарыментең болса кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтпайды.Егер кәсіпорын қандай жағдай болмасын өндірісті жалғастыруға ұмтылса, онда ол шекті табыспен шекті шығын тең болатындай өнім көлемін шығаруы тиіс.Бұл екі шарт жан-жақты сиптта және рыноктың кез келген құрылымында, меншіктің кез келген формасында қолданыла береді.Капитал салымдары процесімен оның көрсеткіштерінің арасындағы тиімділігінің салдарын қарастырамыз.


                   

      


 

                     


 

 

                   


 

 

                   


 

 

                   


 


 

                                  1        2        3         4        5

 

Графиктен көріп отырғанымыздай тиімлілік әрбір салым сайын төмендеп отыр.Графиктің нақты мәні: осы сурет арқылы біз кәсіпорынды инвестициялаудың шекті өлшемін көріп отырмыз.График көрсеткендей оптималды инвестициялық көлем –5 млн.бірлік.Ал егер 6 млн.бірлік салу тиімді болмайды.Инвестициялық тиімділіктің шектілігін біз графиктегі қисыққа қарай отырып оның келесі 2 факторға тәуелді екенін көреміз:

Описание работы
Дипломдық жұмыстың мақсаты экономикалық өсудің инвестициялық тәуелділігін зерттеу арқылы кәсіпорынды инвестициялық жоба ретінде қарастырып оның тиімділігіне негіздеме беру, жобаларды бағалаудыңхалықаралық әдістемесін Қазақстандық кәсіпорын жағдайына сәйкестендіру болып табылады.
Содержание
І ИНВЕСТИЦИЯ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ..............................................................................................
1.1Инвестицияның түрлері және тікелей инвестицияның талаптары...............................................................................................
1.2 Инвестициялық процесс экономикалық даму факторы ретінде...
1.3 Кәсіпорынның инвестициялық саясатының мақсаты мен оның принциптері..............................................................................................
ІІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАУ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ.....................................................
2.1 Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері............
2.2 Кәсіпорынды инвестициялық жоба ретінде қарастыру................
2.3 Инвестицияның табыстылығы мен өзектілігі................................
ІІІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПОРЫННЫҢ МЫСАЛЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАНЫ ТАЛДАУ
3.1 Полипропиленді қап өндіруші ЖШС ИТЕКО ПЛЮС..............
3.2 Мемлекеттік реттеу.......................................................................
3.3 Талдау, бағалау................................................................................