Инвестициялық жобаларды қаржыландыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 20:16, курсовая работа

Описание работы

Халықаралық даму институттары шет елдер үкіметінің қаржы-несие ұйымы дегенді білдіреді, олардың негізгі міндеті осы аймақтардағы ірі ауқымды капитал құюды талап ететін инновациялық жобаларды дамытуға инвестиция бағыттау арқылы, экономикасы дамып жатқан елдердегі экономикалық реформаларды қолдау болып табылады.

Содержание

1. Мойнақ су электр станциясын салуИнвестициялық жобаларды қаржыландыру

2.Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта жөндеуге және жаңғыртуға бағдарланған жобалар

3. Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын өндіру

4. Алматы қаласында трансформаторлық кіші станциялар салу

5. Жүк вагондарын шығаруды ұйымдастыру

6. Фармацевтикалық фабрика салу

7.Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекарасы темір жол желісін салу

Работа содержит 1 файл

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру.docx

— 61.79 Кб (Скачать)
 

Жоспары: 

   

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру

1. Мойнақ су электр  станциясын салуИнвестициялық жобаларды қаржыландыру 

2.Атырау  мұнай өңдеу зауытын  қайта жөндеуге  және жаңғыртуға  бағдарланған жобалар

3. Ақтау пластикалық  массалар зауытында жол битумдарын өндіру

4. Алматы қаласында трансформаторлық кіші станциялар салу

5. Жүк вагондарын  шығаруды ұйымдастыру

6. Фармацевтикалық  фабрика салу

7.Өзен  – Түркіменстанмен  мемлекеттік шекарасы  темір жол желісін  салу 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Инвестициялық жобаларды қаржыландыру

Даму  институттары деген не?

Халықаралық  даму институттары шет елдер үкіметінің қаржы-несие ұйымы дегенді білдіреді, олардың негізгі міндеті осы аймақтардағы ірі ауқымды капитал құюды талап ететін инновациялық жобаларды дамытуға инвестиция бағыттау арқылы, экономикасы дамып жатқан елдердегі экономикалық реформаларды қолдау болып табылады.

Даму  институттарын мынадай категорияларға бөлуге болады:

  • Аймақтық – мысалы, Еуропа Жаңғыру және Даму банкі, Азия Даму Банкі, Қазақстан Даму Банкі және басқалар.
  • Ғаламдық – мысалы, Бүкіләлемдік Банк Тобы: Халықаралық Валюта Қоры,  Күрделі қаржы жұмсалымына  кепілдік беру жөніндегі көпжақты агенттік және басқалар.
  • Мамандандырылған – мысалы, Ислам Даму Банкі және басқалар

Кім біздің клиентіміз бола алады?

  • экономиканың түрлі салаларында (көлік, коммуникация, инфрақұрылым, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, сауда және т.б.) әрекет ететін орта және шағын бизнестің  жекеменшік кәсіпорындары;
  • жекеменшік агроөнеркәсіптік компаниялары

Даму  Институттарының  несие желілері

Қазкоммерцбанк  Еуропа Жаңғыру және Даму банкі (ЕЖДБ), Халықаралық Қаржы Корпорациясы (ХҚК), Нидерланд Даму Банкі (ФМО), Неміс Даму Банкі  (ДЕГ және КфВ), Азия Даму Банкі (АДБ), Ислам даму банкі (ИДБ) және көптеген осылар сияқты  Халықаралық Даму Институттарының бағдарламаларына белсенді қатысушы болып табылады.

Даму  Институттарының несие желілері – Қазкоммерцбанк клиенттерінің көптеген жобаларын қаржыландыру көздері болып табылады, мысалы:

  • қаржылық лизинг пен айналым капиталын қоса алғанда, инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды несиелеу
    • КфВ және ДЕГ

Қазіргі күні Даму Институттарынан барлық бағдарламалар бойынша тартылған несие желілерінің көлемі 200 миллионға жуық АҚШ долларын құрайды. Банк өз клиенттерінің түрлі жобаларын қаржыландырудың ұзақмерзімді және арзанырақ көздерін үнемі іздеу үстінде.

Банк  менеджерлері сіздің жобаңызға сай бағдарламаны таңдауда, кез келген ақыл-кеңестік демеу көрсетуге дайын. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру ерекшеліктері. 
 
 

 
 
1. Мойнақ су электр станциясын салу
            

Бұл жоба Шарын өзеніне (Алматы облысы) бекітілген қуаты 300 МВт су электр станциясын салуды көздейді.

    Жобаның мақсаты:

    ·         ҚР оңтүстік өңірлерінің  тапшы энергия жүйесіне электр қуаты мен энергияны  жеткізуді ұйымдастыру үшін маневрлі көз жасау;

    ·         оңтүстік өңірлердің қарбалас жүктемелерін жабу (электр энергиясының құрылатын теңгермелі нарығындағы жұмыс).

    Қатысушылар:

    ·         «Мойнақ СЭС-і» АҚ (51% - мемлекеттің 100% қатысуымен «ҚазҚуат» АҚ; 49% - «Бірлік» АҚ жеке меншік компаниясы);

    ·         Қытай су шаруашылығы мен энергетика халықаралық корпорациясы (China International Water & Electric Corporation) Мойнақ СЭС-інің негізгі объектілерін жобалау, толық салу және пайдалануға енгізу үшін мердігер ретінде тартылады.

    ·         Жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру мақсатында «Қазақстанның Даму банкі» АҚ, Қазақстанның Мемлекеттік даму банкі (ҚМДБ) кредиттері тартылды.

    Жобаның іске асырылу кезеңі: 2006-2011 жылдар.

    Жоба  объектілерінің орналасқан жері: Алматы облысы, Райымбек ауданы, Жылысай ауылдық округі.

    Өндірістік  қуаты: 300 МВт

    Жоба  мынадай екі іске асыру кезеңін  көздейді:

    1. Мойнақ СЭС-інің бас су торабы  – Бестөбе су қоймасын, сондай-ақ  инфрақұрылымдық объектілерді (сыртқы  электрмен жабдықтауды ұйымдастыру,  уақытша құрылыстар мен пайдалану  қызметі кентін салу, сыртқы сумен  жабдықтауды кәрізді қамтамасыз  ету, Бестөбе су қоймасының  бөгеті мен теңдестіру сыйымдылығына  кірме жолды қайта жөндеу) салу.

    2. СЭС негізгі құрылыстарын салу (ұзындығы 9 км деривациялық туннель, станциялық алаңымен және қызметтік-тұрмыстық корпусымен СЭС ғимараты).

    Жобаны  іске асырудан күтілетін  тиімділік:

    ·         Жылына 1 млрд. кВтс. жуық электр энергиясын өндіру;

    ·         ҚР оңтүстік өңірлерінде сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету;

    ·         Жаңа жұмыс орындарының құрылуы – 665 құрылыс кезеңінде, 127 – пайдалану кезеңінде.

    Жобаны  пысықтаудың ағымдағы сатысы:

    Осы уақытта жобаның ТЭН мен ЖСҚ  әзірленді. Жоба құрылыс сатысында  тұр, құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

     
 
2.Атырау  мұнай өңдеу зауытын  қайта жөндеуге  және жаңғыртуға  бағдарланған жобалар
 
          1) Атырау мұнай өңдеу зауытында хош иісті көмірсутегісін өндіру жөніндегі кешенді салу.

    Жобаның мақсаты:

    ·         Жоғары қосылған құны бар базалық мұнай-химия өнімін өндіру есебінен шығарылатын өнімнің түр-түрін кеңейті (бензол және параксилол);

    ·         Шығарылатын автомобиль бензиндерінің сапасын еуростандарттарға сәйкес келтіруді қамтамасыз ету;

    ·         Автомобиль бензиндерін бензол мен хош иісті  көмірсутегілердің аз құрамымен пайдалану есебінен қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту.

    Қатысушылар:

    ·          «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ,

    ·          «ҚазМұнайГаз» СҮ» АҚ,

    ·          «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС,

    ·         Қытайдың Sinopec Engineering компаниясы жобада көзделген құрылыс жұмыстарын орындау үшін ЕРС-мердігер ретінде тартылды.

    Жобаның іске асырылу кезеңі: 2009-2013 жылдар.

    Орналасқан  жері: Атырау облысы, Атырау қаласы.

    Өндірістік  қуаты:

      ·         бензол – 133,0 т.т/жыл,

      ·         параксилол - 496 т.т/жыл.

    Жобаны  іске асырудан күтілетін  тиімділік:

      ·         Елдің негізгі мұнай өнімдеріне деген ішкі қажеттілігін қанағаттандыру.

      ·         Экология саласындағы еуропалық стандарттарға сәйкес келетін жоғары октанды бензин өндіру көлемін ұлғайту.

      ·         Жаңа жұмыс орындарының құрылуы – 2000 құрылыс кезеңінде, 350 – жобаны іске асыру аяқталғаннан кейін.

    .

    Жобаны  іске асырудың ағымдағы сатысы:

    Жобаның ТЭН мен ЖСҚ әзірленді. Жоба пысықтау сатысында тұр.  

    2) АМӨЗ мұнайды тереңдетіп  қайта өңдеу кешенін  салу.

    Жобаның мақсатықара түсті мұнай өнімдерін қайта өңдеу қуатын, ЕВРО-3, ЕВРО-4 стандарттарына сәйкес келетін ақшыл түсті мұнай өнімдерін  (жоғары октанды бензин, дизель отыны) өндіру көлемін ұлғайту.

    Қатысушылар:

    ·          «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ,

    ·          «ҚазМұнайГаз» СҮ» АҚ,

    ·          «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС.

    Іске  асыру кезеңі: 2011-2014 жж.

    Орналасқан  жері: Атырау облысы, Атырау қаласы.

    Өндірілетін өнім:

    ·         Автобензин – 1 303 мың тн/жыл;

    ·         Дизель отыны – 1 460 мың тн/жыл.

    Жобаны  іске асырудан күтілетін  тиімділік:

    ·         Елдің мұнай өнімдерінің негізгі түрлеріне, атап айтқанда, бензинге, авиаотынына, дизель отынына деген ішкі қажеттілігін қанағаттандыру есебінен Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өндірілетін өнім ЕВРО-4 стандарттарына толық сәйкес келеді деп болжанады.

    ·         Екінші қайта өңдеу үдерістерінің қуатын ұлғайту.

    ·         Мұнайды қайта өңдеу тереңдігін 90% дейін ұлғайту.

    ·         Жаңа жұмыс орындарының құрылуы – 2500 құрылыс кезеңінде, 390 – пайдалану кезеңінде.

    Жобаны  іске асыру сатылары:

    Қазіргі кезде жобаның ТЭН әзірленді; ЖСҚ - әзірлену сатысында (әзірлеуші - «Омскнефтехимпроект» ААҚ). Жоба перспективалық жобалардың қатарына жатады (жобалауға көшу сатысында).

    3) ЭЛОУ-АВТ вакуумдық қондырғы блогын және УЗК қондырғысын қайта жөндеу

    Жобаның мақсаты:

    ·         ЭЛОУ-АВТ вакуумдық қондырғы блогының қуатын жылына 3,5 млн. тоннаға дейін ұлғайту;

    ·         Баяу кокстеу қондырғысының қуатын (шикізат бойынша) жылына 1 млн. тонна мазутқа дейін ұлғайту.

    Қатысушылар:

    ·          «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ,

    ·          «ҚазМұнайГаз» СҮ» АҚ,

    ·          «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС.

    Іске  асыру кезеңі: 2008-2010 жж.

    Орналасқан  жері: Атырау облысы, Атырау қаласы.

    Өндірістік  қуаты: вакуумдық газойл – жылына 796 мың тонна, дизель отыны – жылына 62 мың тонна, гудрон – жылына 942 мың тонна, жиынтық кокс – жылына 178 мың тонна, автокомпонент – жылына 161 мың тонна, жеңіл және ауыр газойл – жылына 551 мың тонна, майлы газ – жылына 105 мың тонна.

    Жобаны  іске асырудан күтілетін  тиімділік:

    ·         Вакуумдық газойлды және қыздырылған кокс өндіруді ұлғайту түсімнің қосымша көлемін алуға және өндірілетін өнімнің қосылған құнын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

    ·         Атырау МӨЗ-ді мазутпен жабдықтауға байланысты проблемаларды шешу (зауыттың игеруіндегі мазуттың үлесі40% құрайды).

    ·         Құрылыс кезеңінде 630 жаңа жұмыс орындарын құру.   

    Жобаны  іске асырудың ағымдағы сатысы:

    Жобаның ТЭН мен ЖСҚ әзірленді. Жоба құрылыс  сатысында тұр.

 
3. Ақтау пластикалық  массалар зауытында жол битумдарын өндіру
         Жобаның мақсаты: Ақтау пластикалық массалар зауытында Қазақстанның климат жағдайы ерекшеліктеріне сәйкес келетін жол битумдарын өндіруді ұйымдастыру.

     Жобаға  қатысушылар:

      ·         Kazakhstan Petrochemical Industries” АҚ – жобаның операторы;

      ·         CITIC Group” (Қытай) – стратегиялық әріптес;

      ·          «СП «CASPI BITUM» ЖШС – осы жобаны іске асыру мақсатында құрылған  АО «КРI» мен “CITIC Group” бірлескен кәсіпоры.

    Іске  асыру кезеңі: 2010-2011 жж.

    Орналасқан  жері: Ақтау облысы, Маңғыстау қаласы.

     Дайын өнім және өндіріс  көлемі:

      ·         Жол битумы – 420 мың тонна/жыл;

      ·         Бензин-дизель фракциясы – 225 мың тонна/жыл;

      ·         Вакуумдық газойль – 277 мың тонна/жыл.

     Жобаны  іске асырудан күтілетін  тиімділік:

      ·         Қазақстан Республикасы жол құрылыс саласының жоғары сапалы битумға деген қажеттілігін қанағаттандыру (ҚР қажеттілігі жылына 600 мың тоннадан астам).

      ·         Жаңа технологиялық өндіріс құру.

      ·         Жаңа жұмыс орындарының құрылуы – 12 330 құрылыс кезеңінде, 490 – пайдалану кезеңінде. 

4. Алматы қаласында трансформаторлық кіші станциялар салу
 
 
 
         Жобаның мақсаты: Алматы қаласының аудандарын, метрополитен мен Азиада 2011 объектілерін сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету.

    Жобаның бастамашысы: «Алатау жарық компаниясы» («Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компаниясы).

    Іске  асыру кезеңі: 2009-2012 жж.

    Орналасқан  жері: Алматы қаласы, Алматы облысы.

    Жобаны  іске асырудан күтілетін  тиімділік:

    ·         Беруші қуаттарды 1973 МВА арттыру;

    ·         Жаңа жұмыс орындарының құрылуы (150 құрылыс кезеңінде, 4 – пайдалану кезеңінде).

    Стадия  реализации проекта:

    Жобаның ТЭН және ЖСҚ әзірленді. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүзеге асырылуда.

 
 
5. Жүк вагондарын шығаруды ұйымдастыру
 
 
 
 
 
         Жобаның мақсаты: Екібастұз қаласындағы «Таман» ЖШС базасында отандық көлік кәсіпорындарының жүк вагондары паркін жаңартуға қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін вагон құрастыру өндірісін құру.

    Жобаға  қатысушылар:

    «Қазтеміртранс» АҚ, «Қамқор Менеджмент» ЖШС, «Машина  жасау мен отқа беріктіктегі жаңа технологиялар» ЖШС («Шығысмашзауыт»  АҚ үлестес компаниясы) қатысуымен құрылған «Қазақстан вагон құрастыру  компаниясы» ЖШС.

    Іске  асыру кезеңі: 2009-2011 жж.

    Орналасқан  жері: Екібастұз қаласы, Павлодар облысы.

    Өндірістік  қуаты: жылына 2500 бірлік.

    Күтілетін тиімділік:

    ·         Көлік машиналарын жасауды дамыту;

    ·         өндірісті әртараптандыру;

    ·         ілеспе өндірістерді дамыту;

    ·         Жаңа жұмыс орындарының құрылуы – 600 құрылыс кезеңінде, 200 – пайдалануға берілгеннен кейін.

6. Фармацевтикалық  фабрика салу
 
 
 
 
 
 
 
         Жобаның мақсаты: Астана қаласында инсулинді, антибиотиктерді, қан препараттарын, вакциналар мен онкологиялық препараттарды  модульдік шығару жөніндегі фармацевтикалық фабрика салу және Шымкент қаласындағы инфузиялық ерітінділер мен ампулалар шығару жөніндегі «Химфарм» АҚ өндірісті кеңейту.

    Жобаның бастамашысы: «Химфарм» АҚ.

    Іске  асыру кезеңі: 2009 – 2011 жылдар.

    Жоба  іске асырылатын орын: Астана қ., Шымкент қ.

    Өндірілетін өнім:

    ·         инъекциялық ерітінділер (ампулалар) – 49 позиция – 250 млн. ампула;                       

    ·         инфузиялық ерітінділер (қан алмастырғыштар)–18 позиция – 4 млн. пакет;                

    ·         таблеткалар, капсулдар және драже – 43 позиция – 500 млн. дана;                                     

    ·         антибиотиктер (ұнтақтар) – 15 позиция – 20 млн. сауыт.

    Жобаны  іске асырудан күтілетін  тиімділік:

    ·         Республиканың фармацевтика нарығында отандық өндірушілердің үлесін 10%-дан 25% дейін арттыру;

    ·         Толық өнеркәсіп циклының ғылымды қажетсінетін экспортқа бағдарланған инновациялық өндіріс құру;

    ·         Мемлекеттік сатып алу кезінде баға деңгейінің төмендеуі есебінен бюджет қаражатын үнемдеу;

    ·         Жаңа жұмыс орындарының құрылуы – 1000 құрылыс кезеңінде, 300 – пайдалану кезеңінде.

    Жобаны  пысықтаудың ағымдағы сатысы:

    Жобаның ТЭН әзірленді. Шымкент қаласындағы учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

7.Өзен  – Түркіменстанмен  мемлекеттік шекарасы темір жол желісін салу
 
 
 
 
 
 
 
 
 
         Жобаның мақсаты: Қорғас станциясында 4 аралық станциялары, 10 айналым жолдары жәен жүк тиеу терминалдары бар ұзындығы 298,4 км Жетіген – Қорғас бір жолды темір жолды салу.

    Жобаның бастамашысы:   «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ.

    Іске  асыру кезеңі: 2009-2012 жылдар.

    Іске  асыру орны: Алматы облысы.

    Жобаның параметрлері: Желінің өткізу қабілеті – жыл сайын жүктерді 30 миллион тоннаға дейін.

    Күтілетін нәтиже

    ·         Қытайдан Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне және Орталық Азия елдеріне дейін 550 км қашықтықты қысқарту.

    ·         Ақтаудан Цзинхэге дейін 700 км қашықтық қысқарту.

    ·         Бафк – Мешхед жаңа теміржол желісін салу жобасында Иранда іске асырылған кешенде Парсы шығанағы мен Қиыр Шығыс арасында бағдарларды 1300 кмге қысқарту.

    ·         Жаңа жұмыс орындарын құру: құрылыс сатысында – 5500, пайдалану кезеңінде – 2093.

    Жобаны  пысықтаудың ағымдағы сатысы:

    Жобаның ТЭН бар; ЖСҚ – әзірлеу сатысында. Жоба жобалау және салу сатысында.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Инвестициялық жобаларды қаржыландыру