Инвестициялық жобалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Сентября 2012 в 16:14, реферат

Описание работы

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек.

Содержание

Кіріспе
1. Инвестициялық жобалар.
1.1. 2003 – 2005 жылдары экономиканы дамытудың негізгі қорытындылары және Үкіметтің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру нәтижелері.
1.2. Бюджет саясатының инвестициялық жобасы.
2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың инвестициялық жобасы.
2.1. Көліктік-коммуникациялық кешенді дамытудың инвестициялық жобасы.
2.2. 2011-2015 жылдарға арналған Атырау облысының аймақтарын дамытудың инвестициялық жобасы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Инвестициялық жоба 456.doc

— 453.50 Кб (Скачать)


Жоспар

Кіріспе

1.      Инвестициялық  жобалар.

1.1.  2003 – 2005 жылдары экономиканы дамытудың негізгі қорытындылары және Үкіметтің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру нәтижелері.

1.2.  Бюджет саясатының инвестициялық жобасы.

2.     Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың инвестициялық жобасы.

2.1.  Көліктік-коммуникациялық кешенді дамытудың инвестициялық жобасы.

2.2.  2011-2015 жылдарға арналған Атырау облысының аймақтарын дамытудың инвестициялық жобасы.

Қорытынды

Пайдаланылған  әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр. Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады. Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық жобаларды талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің “көлеңкеден” шығуына жағдай жасауы тиіс. Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру үшін, сондай-ақ инвестициялық жобаның кешенді жоспарын сапалы жасауды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Осы Әдістемеде мынадай негізгі түсініктер пайдаланылады:

кәсіпорынды жаңғырту – пайдаланылатын техника мен технологиялар өнімділігін арттырудың үздіксіз және қарқынды процесі, сондай-ақ, объектінің сапалы жаңаруына және оның салдарынан қаржы-экономикалық көрсеткіштер мен өндірістік нәтижелердің әдетте жақсы жаққа қарай өзгеруіне әкелетін кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіру;

инвестициялық жобаның кешенді жоспары – қажетті экономикалық, техникалық, басқару және басқа құжаттамалар пакеті;

еңбек өнімділігі – Қазақстан Республикасы үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына мониторинг жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 21 мамырдағы № 116 бұйрығымен бекітілген Еңбек өнімділігін есептеу әдістемесіне сәйкес есептелетін экономикалық көрсеткіш;

 

2003 – 2005 жылдары экономиканы дамытудың негізгі қорытындылары және Үкіметтің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру нәтижелері.

Қоғамдық-саяси тұрақтылық, тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму, экономикалық қауіпсіздікті нығайту негізінде халықтың әл-ауқатын өсіру Үкіметтің 2003 – 2006 жылдарға арналған бағдарламасының басты мақсаты ретінде айқындалған.

Үкімет алға қойылған міндеттерді орындады әрі жоспарланған индикаторларға қол жеткізуді қамтамасыз етті.

2003 – 2005 жылдары қоғамдағы тұрақты қоғамдық-саяси ахуал аясында Қазақстан экономикасын өсірудің жоғары қарқынына, халықтың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға қол жеткізілді. Елдің ұлттық қауіпсіздігі нығайды, Қазақстан саяси және әлеуметтік-экономикалық даму саласындағы өңірлік көшбасшы ретінде қалыптасу үстінде.

2003 – 2006 жылдары жалпы ішкі өнімнің 7-7,5 % мөлшерінде орташа жылдық нақты өсуін қамтамасыз ету жоспарланған.

Үкіметтің теңгерімді экономикалық саясаты және реформаларды серпінді жүргізу 2003 – 2005 жылдар кезеңінде ЖІӨ-нің өсуінің орташа жылдық қарқынын жылына 9,4 % мөлшерінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің алдын ала деректері бойынша ЖІӨ-нің өсуі алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,4 %-ды құрады.

Қазақстан халқының өмір сүру әл-ауқатын арттыру экономикалық өсумен барабар жүргізілуде. Осы салада 2006 жылы халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ-нің деңгейін 2600 АҚШ долларына дейін арттыру міндеті қойылды.

Алайда экономиканы өсірудің жоғары қарқыны 2005 жылдың қорытындылары бойынша-ақ осы көрсеткіштен едәуір асып түсуге мүмкіндік берді. Алдын ала деректер бойынша 2005 жылдың қорытындылары бойынша халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ 3620 АҚШ долларын құрады. Тұтастай алғанда 2003 – 2005 жылдары халықтың жан басына шаққандағы есеппен 
ЖІӨ-нің көлемі 1,3 есеге өсті.

Мұндай даму экономикада құрылымдық реформаларды ауқымды жүргізу нәтижесінде мүмкін болды, оған Үкімет басым мән береді.

Макроэкономикалық ахуал тұтастай алғанда тұрақты болып қалуын жалғастырды және экономиканың серпінді өсуіне ықпал етті. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы белгіленген параметрлерден шыққан жоқ, қаражатты Ұлттық қорда жинақтау жөніндегі саясат жалғасты, оның активтері жыл басында 8 млрд. АҚШ долларынан асты.        

Үкіметтің алдыңғы Бағдарламасын қабылдау сәтінде Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты орташа жылдық инфляцияны 
2003 – 2004 жылдары 4-6 % шегінде ұстап тұру, оны 2005 жылға қарай 3-5 %-ға дейін және 2006 жылы 4,5 %-ға дейін төмендету болатын.

Алайда 2003 – 2005 жылдары инфляция деңгейінің артқаны байқалды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляцияның орташа жылдық деңгейі 2002 жылы 5,9 %-дан 2005 жылы 
7,6 %-ға дейін ұлғайды.

Инфляция қарқынының жылдамдауы бірқатар микро- және макроэкономикалық факторларға негізделген. Олардың ішінде шетелдік валютаның елеулі ағынын, бюджет шығыстарының ұлғайғанын, сондай-ақ халықтың кірісінің өскенін бөліп айтқан жөн.

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының табыстарын барлық халықаралық қаржы және рейтингілік агенттіктер таныған болатын. Соңғы жылдар ішінде Қазақстанның іс жүзінде барлық әлемдік рейтингілерінің тұрақты түрде жақсарғаны байқалады.

2005 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Rating,s рейтінгілік агенттігі Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингін шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша  «ВВВ» дейін және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша «ВВВ+» деңгейіне дейін өсірді.

 Дүниежүзілік экономикалық форум жариялаған Бәсекеге қабілеттік жөніндегі есепте бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Қазақстан 2005 жылы тұңғыш рет қатыса отырып, ТМД-ның барлық елдерін арттыра қалдырып, 
61-орынға ие болды.

2006 жылғы қаңтарда жарияланған экономикалық бостандық рейтингінде Қазақстан бір жыл ішінде 17 орынға жоғарылап, Ресейді (122-орын) басып озып және Қытайға (111-орын) етене жақындай отырып 113-орынға ие болды.

Сонымен қатар өткен жылдардағы экономиканың даму қорытындыларын талдау, Қазақстанның беделді халықаралық ұйымдар тарапынан рейтингілік бағасы олармен жұмыс істеуге тура келетін шешілмеген проблемалар әлі де көп екенін көрсетеді.

Ең басты проблема белгілі бір табыстарға қарамастан, әлемнің дамыған экономикасы бүгінгі таңда қызметтер мен технологияларды тұрақты түрде жетілдіру есебінен дамып отырғанда, Қазақстан экономикасының бәрі бір басым түрде шикізат болып қалуының жалғасуында.

Дамыған елдерде ЖІӨ өсімінің жартысынан көпшілігі жаңа технологиялық шешімдермен қамтамасыз етіледі. Мұндай экономика неғұрлым орнықты, өйткені олар ұзақ мерзімді бәсекелес басымдықтарға ие. Олар әртараптандырылған, демек – перспективалы және тұрақты.

Үкімет дәл осындай экономика Қазақстанның бәсекеге ең қабілетті елдердің тізімінде лайықты орынды жеңіп алуына мүмкіндік береді деп санайды.  

Мемлекет басшысы өзінің 2005 жылғы ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында қажеттілігін атап өткен елді жедел жаңғырту инновацияларға, экономиканы өсірудің жаңа бағыттарын құруға және елдің дәстүрлі бәсекелес басымдықтарын жақсы пайдалануға негізделген дамудың барлық бағыттары бойынша сапалы серпінді секірісті талап етеді. Бұл адамдардың өмір сүру сапасын және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. 

 

 

3. Бағдарламаның мақсаты және күтілетін нәтижелер

 

Мемлекет басшысы Үкімет алдына қойған мақсаттарға қол жеткізу қажеттілігін ескере отырып, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын жалғастыруда сабақтастықты растап, Үкімет басты мақсат ретінде Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және ел азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру үшін қолайлы институционалдық және экономикалық шарттар құруды айқындайды. Бұл таяудағы он жылда Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Таяудағы үш жылда Үкімет Бағдарламаны орындаудың мынадай шешуші индикаторларына қол жеткізу міндетін алға қояды.

Экономиканың серпінділігін қамтамасыз ету үшін жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық нақты өсімі 8,5 % мөлшеріне жететін болады. Экономиканың жалпы өсімі үш жыл ішінде 27,7 %-ды құрайды. Бұл 2008 жылы 2000 жылға қарағанда ЖІӨ-нің екі еселенуі жөніндегі стратегиялық міндетті шешуге мүмкіндік береді.

Тұрақты макроэкономикалық шарттарды қамтамасыз ету мақсатында орташа жылдық инфляция деңгейі 5 – 7,3 % дәлізінде ұсталатын болады.

Еңбек өнімділігін жыл сайын 6,3 – 7 %-ға өсіру есебінен жылдамдатылған экономикалық дамуға қол жеткізілетін болады.

Экономиканы дамытудың жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін экономиканың барлық салаларын жылдам дамыту үшін қолайлы жағдай жасалатын болады. Өнеркәсіп өндірісінің орташа жылдық өсімі 5 %-ды құрайды, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте – 6,7 %. Негізгі капиталға инвестициялар орта есеппен жылына 14 – 15 %-ға өсетін болады.

Қазақстан халқының өмір сүру сапасы мен стандарттарын арттыру мақсатында халықтың жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 2008 жылы 5450 АҚШ долларына дейін жетеді, бұл бүгінгі деңгейден 1,5 есеге жоғары.

 

 

4. Үкіметтің 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасының басым бағыттары

 

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес Үкіметтің 
2006 – 2008 жылдарға арналған қызметінің басым бағыттары мыналар болып белгіленді:

·      Қазақстан экономикасын жаңғырту және оның серпінділігі;

·      Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін серпінді секірістерді қамтамасыз ету;

·      әлсіздерді қорғайтын және экономика мен елдің дамуын қолдайтын осы заманғы әлеуметтік саясат.

Бюджет саясаты мұнай кірістерін пайдалану тетіктерін жетілдіруге, бюджеттің әлемдік баға конъюнктурасына тәуелділігін төмендетуге, бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыруға, экономиканың басым секторларын дамытуды ынталандыруға және халықтың неғұрлым аз қорғалған жіктерін әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық қордың қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасына сәйкес бюджетті теңгерімдеудің жаңа жүйесіне көшуді жүзеге асыру ұйғарылып отыр. Осыған байланысты Бюджет кодексіне және басқа да заңнамалық кесімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. Өзгерістер ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру мұнай емес сектордан түсетін түсімдердің есебінен, ал даму бюджетін қаржыландыру  көбінесе Ұлттық қордың трансферттері есебінен жүзеге асырылатындығында. Осылайша, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығыстарды ұлғайту мұнай емес сектордан кірістерді барабар өсірусіз мүмкін емес.

Ұлттық қордың жаңа Тұжырымдамасын енгізу экономикада тұтынушы мен жинақтау арасындағы қажетті пропорцияларды сақтауды, экономиканың шикізат емес секторын дамыту үшін қолайлы макроэкономикалық шарттар құруды, мұнай кірістерінің елеулі бөлігін жинақтауды және Ұлттық қордың әлсіреуіне жол бермеуді ескере отырып, мұнай кірістерін оңтайлы пайдалануға мүмкіндік береді.

Бюджет саясатын жүргізу кезінде Үкімет, сондай-ақ экономиканың өсу қарқынымен сыйымды мемлекеттік бюджет шығыстарының өсу қарқынын қамтамасыз етудің және бюджеттің мұнайдан болмайтын тапшылығын біртіндеп төмендетудің қажеттілігін ескеретін болады.

Бюджеттік жоспарлаудың сапасын және бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру үшін бағдарламалар әкімшілеріне қойылатын бюджет тәртібін жақсартуға, бәсекеге қабілеттілікті арттыру призмасы арқылы жұмсауда басымдықтарды талдау мен есепке алуды жүргізуге, бюджеттік бағдарламалардың стратегиялық (бағдарламалық) құжаттармен үйлесуіне бағытталған талаптар күшейтілетін болады. Бюджеттің атқарылу процесін бюджеттің кассалық атқарылуына емес, бюджеттік бағдарламаларды іске асырудың тиімділігі мен нәтижелілігіне бағдарлау қажет.

Үкімет өңірлердің бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіру қағидатын мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігін ынталандыру қағидатымен оңтайлы үйлестіруге бағытталған бюджетаралық қатынастарды жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.

Информация о работе Инвестициялық жобалар