Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 16:00, реферат

Описание работы

1. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының маңызы.
2. Қазақстан Республикасы экономикадағы инвестициялардың рөлі.
3. Тікелей шетелдік инвестициялар тартудың экономикалық мәні.

Работа содержит 1 файл

задание 1.docx

— 23.80 Кб (Скачать)

Урингалиев Нұрсұлтан

Задание № 1

 

  1.  Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының маңызы

Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.

Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі –  уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен  қатар инвестиция  экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.

ҚР-ң инвестициялық қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері. Ең алдымен аса маңызды екі мәселеге ерекше көңіл бөлу керек :

біріншіден, халық  шаруашылығының құрылымдық  өзгерістеріне нарықтық механизм  әсер ете алмайды; сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет;

екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің иенвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз  байланыста қарастырмасақ өндірістің  әлеуметтік – экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық  реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай – ақ , болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі — әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты мақсатты сипатта болады.

Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі мен деңгейі  көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатын жүзеге асыру мен болашақтағы кезеңдерге белгіленген  мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі нақтылы макроэкономикалық шараларға байланысты. Басқаша айтқанда , жалпы мемлекеттік экономикалық саясат- макроэкономикалық ; салық  және аймақтық деңгейлерде құрылымдық саясатты қалыптастыру негізгі  болып табылады .

Макроэкономикалық салада оңтайландыру ісі халық шаруашылығының салалық құралымына  да әсер етеді . Өйткені мұнда өзгерістерді жүзеге асырудың маңызды тетігі- макроэкономикалық жағдайға айтарлықтай әсер табылады. Республикамыздың жағдайында салалық   құрылымның тиімді жағдайын анықтау – экономиканың шикізаттық бағытын жою және өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен тығыз байланысты.

Мемлекеттің құрылымдық саясаты, ең алдымен макроэкономикалық  деңгейде инвестициялық шешімдер қабылдап, жүзеге асыру арқылы, яғни  құрылымдық және инвестициялық саясаттарды тығыз байланыстырғанда ғана шынайы болатындығы айтылды.

Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:

-  мемлекеттік бюджттік қорларды пайдалану арқылы;

-  ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;

-  шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы;

Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық  шаруашылығының барынша тиімді аймақтық- салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз  ету – мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттігі де ескеріледі.

Іс жүзінде , белгілі  мақсатқа қол жеткізуді көздейтін  мемлекеттің құрылымдық- инвестициялық  саясатының бағыттары мен көрсеткіштері  сандық жағынан айқындалып, атқарылатын  мерзімі бойынша анықталуы тиіс.

Ал бұл, өз кезегінде , мүдделер , ресурстық база , механизмдер ,объекті мен осы саясатты жүзеге асыру процесінің өзі де салалардың , аймақтар мен тұтастай халық  шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында көрініс табатындығын  білдіреді. Мысалға, нарықтық қатынастар саласы дамыған елдердің мемлекет қызметінде келесідей өзара байланыс анық байқалады .

Экономиканы реттеу жөніндегі мемлекет шараларының  өзара байланыстығы:

Жоғарыдағы өзара  байланысты матрицалық модель түрінде  көрсетуге болады . Онда оның баланстық  нәтижелерін анықтап, экономикалық – математикалық есептеулер жүргізу  және мәліметтерді бір жүйеге келтіруге  болады. Оны қарапайым кесте түрінде , бухгалтерлік қосарланған жазу әдісі  арқылы толтыруға болады.

Қазіргі жағдайларда  ҚР Үкіметінің құрылымдық саясаты біздің ойымызша келесідей мәселелерді  қамтуы тиіс:

- дайын өнім шығару  арқылы экспорттық әлуетті арттыратын  салалар дамуына басымдық беру;

- ішкі нарық талаптарын  қанағаттандыратын және импортты  алмастыратын өнім өндірісін  кеңейту ;

- негізінен отандық  өндіріс есебінен халық шаруашылығы  барлық  салаларының өндірістік аппаратын жаңарту;

- халық қажеттіліктерін  қанағаттандыруға бағытталған салалар  дамуын қамтамасыз ету ;

- экономиканың аграрлық  секторының дамуын тездетуге  бағытталған қаржы және несие  қорларын арттыру және т.б.

 

  1. Қазақстан Республикасы  экономикадағы инвестициялардың рөлі

Бұл тақырыптың мақсаты  еліміздің инвестициялық саясаттың ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету . Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп  айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз  табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы «Қазақстан – 2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды.

«Шетел инвестицияларын  тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер  қатарында ұсталады.» -деп атап өтілуі инвестициялардың  еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді.

2003 жылдың 9-сәуірдің  Президенттік Қазақстан Жолдауында  үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық  — инновациялық даму бағдарламасын  әзірлеген:

Инвестициялық сипаттағы  тікелей мемлекеттік шығасылардың жылына орта есеппен 38 миллиард теңге (250 миллион доллар) болатынын жоспарлап  отырмыз. Бұл қаражаттың едәуір бөлегі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау мен жаңартуға жұмсалатын болады.

Индустриалық —  инновациялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында даму институттарының  жүйесі құрылады әрі капиталданатын болады.

Соның ішінде, қазірдің өзінде жинақтаушы, сондай-ақ тұрақтандырушы уәзипалар атқарып жатқан Ұлттық қор бар.

 

3. Тікелей шетелдік инвестициялар тартудың экономикалық мәні

Шетел инвестицияларын тартудың тарту арналары мен нысандары  бар.

Шетел капиталы 3 арна бойынша  түседі:

-              экспорттық несиелер: инвестициялық және тауарлық;

-              дамуға ресми көмек: қаржылық жэәне техникалық;

-              инвестициялар: тікелей және портфельдік.

Кредитор (несие беруші) –  елден тауарларды немесе қызметтерді  сатып алу шарты бар экспорттық несиелер . Инвестициялық несиелер технологияны, жабдықты және басқаны  жеткізіп беру мақсатымен, ал тауарлық несие- дайын тұтыну тауарларын жеткізіп беру шартымен беріледі.

Дамытуға ресми көмек  мемлекетке өкімет аралық денгейде көрсетіледі. Мұнда техникалық көмек дегенде  — әр түрлі салаларда қызмет көрсету: оқыту, кенес беру, жұмысты ұйымдастыру  мен оқыту барысында қолданатын жабдық кіреді.

Инвестициялар республика экономикасы  шетел капиталының ағымы ретінде  түсіндіріледі. Олардың 2 нысаны бар:

-              тікелей;

-              портфельдік.

Олардың біріншісі, кәсіпкердің  өзіне тәуекел ала отырып, республика экономикасына шетел капиталын  салуы, ал екіншісі, фиктивті капиталға  акциялармен басқа да құнды қағаздарға қаржы қаражат салу.   

Қазіргі кезеңде тікелей  инвестицияның басымдылық маңызы мойындалып келеді.

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан  халқына жолдауында шетелдерден  капитал тартудың маңызына көңіл  бөлді. Мысалы ол:”Біздің басты көңіл  бөлуіміз шетел инвестициясын қорғау мәселесі. Сондықтан да мен өз Қаулыммен  Мемлекеттік инвестициялық комитет  құрдым және оған тікелей инвестицияны Қазақстанда пайдалану құқы туралы саясатты жүргізетін бірден бір мемлекеттік  ұйым мәртебесін бердім”,-деді.

Тікелей инвестиция алушы  елдерге қарыздық міндеттеме алғызбайды, сонымен бірге шетелден басқару  және техникалық тәжірибелер алуға  мүмкіндік береді. Бұндай технология беру артықшылығы капитал ағынының келуінен де басым түседі.

Тікелей инвестиция әлемдік  экономикаға және оның жүрегі халықаралық  бизнеске елеулі әсер етеді. Экономикалық көзқарас және фирмалар тарапынан оған мыналар жатады:

-өзі үшін тұрақты нарықты  тікелей қамтамасыз ету немесе  үшінші ел нарығына шығатын  басқыш ретінде қолдануы;

-өзінің “ішкі нарығын”  құру, оның кейбір секторлары  басқа елдерде орналасуы мүмкін;

-өз мүддесін аймақтық  және кең ауқымды халықаралық  деңгейде мемлекетаралық қатынастарға  еңгізу.

Қарапайым акцияның, немесе дауыстың 10 немесе одан да көп пайызына шетелдік бақылау болса, немесе кәсіпорынды  басқарудың “тиімді дауысына” ие болса онда тікелей инвестиция деп  түсініледі. Кейбіреулер үшін ол меншікпен, акционерлік капиталдағы үлеспен  байланысты.

Тікелей инвестицияның  халықаралық қозғалысының көлемі жөнінде келесі мәліметтер сипаттайды. 1997 жылғы 400,5 млрд. доллар өсімінің көп бөлігі(233,1 млрд. долл )- өнеркәсібі дамыған елдер, 48,9 млрд. долл.- дамушы елдер (оның ішінде 45,3 млрд. доллардан астам – Қытай үлесіне ) және 18,4 млрд. долларға жуығы- Орталық және Шығыс Еуропа (Ресейді қоса ) елдері үлесіне тиді.

Инвестициялардың негізгі  бөлігі және оны іске асырушы Трансұлттық  корпорациялар “үштікке “ (АҚШ, Еуропа Одағы және Жапония) шоғырланған .

 


Информация о работе Қазақстанның инвестициялық тартымдылығының маңызы