Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қатынастар

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 06:33, доклад

Описание работы

Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 3 қаңтарында орнатылды.
Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшісі И.Адырбекұлы өз міндеттерін 2007 жылдың сәуірінен бастап орындауда.
Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжоу Ли өз міндеттерін 2010 жылдың мамырынан бері атқаруда.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word 97 - 2003 (2).doc

— 48.00 Кб (Скачать)

      Қазақстан Республикасы мен  Қытай Халық Республикасы

      арасындағы  қатынастар  

      Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық  Республикасы арасындағы дипломатиялық  қатынастар 1992 жылдың 3 қаңтарында орнатылды.

      Қазақстан Республикасының Қытайдағы Елшісі И.Адырбекұлы өз міндеттерін 2007 жылдың сәуірінен бастап орындауда.

      Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы  Елшісі Чжоу Ли өз міндеттерін 2010 жылдың мамырынан бері атқаруда.  

     Саяси қатынастар

      Қытайда Пекин қаласында орналасқан ҚР Елшілігінен  басқа (1992 ж. желтоқсаннан бері), Шанхай (2003 ж. тамызынан бері) мен Гонконг (2005 ж. мамырынан бері) қалаларында ҚР Бас консулдықтары, ал Үрімші қаласында Төл-құжат визалық қызметі (1995 ж. мамырынан, консулдық мекеменің мәртебесі жоқ) жұмыс атқаруда.

      Астана  қаласындағы ҚХР Елшілігінен басқа Алматы қаласында 2007 жылдың тамыз айынан бастап ресми түрде ҚХР Бас консулдығы жұмыс атқаруда.

      Қазіргі заманғы Қазақстан мен Қытай  қатынастары екі елдің қол  жеткізген келісімдерін жүйелі түрде  жүзеге асырумен ерекшеленеді. ҚР мен  ҚХР арасындағы стратегиялық әріптестіктің ұзақ мерзімді, әрі тұрақты дамуын Стратегиялық әріптестікті орнату және дамыту туралы бірлескен декларация (2005 жылғы 4 шілде), Тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шарт (2002 жылғы 23 желтоқсан), Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитеті (2004 жылғы 2 шілдеде құрылған), 21-ші ғасырдағы Стратегиялық ынтымақтастық (2006 жылғы 20 желтоқсан) және экономикалық ынтымақтастық даму тұжырымдамасы (2006 жылғы 20 желтоқсан)  қамтамасыз етуде.

      Бүгінгі таңда жиналған ынтымақтастық тәжірбиесінің арқасында екі елдің қатынастары әрі қарай даму қарқынын көресетуде. Бұл тұрғыда екі ел арасында қалыптасқан ең жоғарығы және жоғарығы деңгейдегі байланыстар  қатынастарды дамытуда өте маңызды рөл атқарады.

      Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ҚХР сапарлары: 1993 жылғы 18-21 қазанда ресми сапар; 1995 жылғы 11-13 қыркүйекте мемлекеттік сапар; 1999 жылғы 23-27 қарашада мемлекеттік сапар; 2002 жылғы 22-25 желтоқсанда мемлекеттік сапар; 2004 жылғы 16-19 мамырда мемлекеттік сапар; 2004 жылғы 24-25 қыркүйекте жұмыс сапары; 2006 жылғы 19-22 желтоқсанда мемлекеттік сапар; 2008 жылғы 7-10 тамызда 29-шы жазғы Олимпияда ойындарының ашылу рәсіміне қатысу шеңберіндегі жұмыс сапары; 2009 жылғы 15-19 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Азиялық Боао форумына қатысуымен ұштасқан Қытайға сапары өткізілді. 

      2011 жылғы 21-23 ақпанда ҚР Президенті  Н.Назарбаевтың ҚХР-ға мемлекеттік  сапары өтті. Сапар барысында  Елбасы ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаомен  келіссөздер жүргізіп, Бүкілқытайлық  халық өкілдері құрылтайының Тұрақты комитетінің Төрағасы У Банго және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Вэнь Цзябаомен кездесулер өткізді.

      Келіссөздердің  қорытындылары бойынша ҚР Президенті мен ҚХР Төрағасы Бірлескен мәлімдемеге  қол қойды. Екі мемлекет басшыларының қатысуымен энергетика, трансшекаралық өзендер суының сапасын қорғау, Астана-Алматы бағытындағы шапшаңдығы жоғары қозғалысқа есептелген теміржол магистралын салу және т.б. салаларындағы бірқатар үкіметаралық және мекемеаралық ынтымақтастық жөніндегі келісімдер мен меморандумдар қабылданды.

      Қытай тарапының ең жоғарғы деңгейдегі сапарлары: 1996 жылғы 4-6 шілде – ҚХР  Төрағасы Цзян Цзэминнің мемлекеттік  сапары; 1998 ж. 4 шілде – ҚХР Төрағасы Цзян Цземиннің жұмыс сапары; 2000 жылғы 27-30 шілде – ҚХР Төрағасы Цзян Цзэминнің ресми сапары; 2003 жылғы 2-4 шілде – ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның мемлекеттік сапары; 2005 жылғы 3-4 шілде – ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның мемлекеттік сапары; 2007 жылғы 17-18 тамызында ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға мемлекеттік сапары; 2009 жылғы 12-13 желтоқсанда ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға жұмыс сапары өтті.

      2010 жылғы 11-12 шілдеде ҚХР Төрағасы  Ху Цзиньтаоның Қазақстанға мемлекеттік  сапары өтті. Келіссөздердің қорытындылары  бойынша энергетика, экономиканың шикізат емес салаларындағы ынтымақтастық жайындағы бірқатар үкіметаралық және мекемеаралық ынтымақтастық жөніндегі құжаттарға қол қойылды.

      Қазақстан тарапының үкімет басшылары деңгейіндегі сапарлары:

      1992 жылғы 24-28 ақпан – ҚР Преьмер-Министрі С.Терещенконың сапары; 1998 жылғы 7-12 мамыр – ҚР Премьер-Министрі Н.Балғымбаевтың ресми сапары; 2004 жылғы 22-26 желтоқсан – ҚР Парлметі Сенатының Төрағасы Н.Абықаевтың сапары; 2007 ж. 17-18 наурыз – ҚР Премьер-Министрі К.Масімовтың жұмыс сапары; 2008 жылғы 9-12 сәуірде ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтың кезекті Азиялық Боао форумына қатысумен ұштастырылған ҚХР-ға ресми сапары өтті; 2009 жылғы 22-24 қарашада ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің Сянган (Гонконг) Арнайы әкімшілік ауданына жұмыс сапары өтті; 2010 жылғы 29-30 сәуірде ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов  Шанхайға сапар шегіп, «ЭКСПО-2010» дүниежүзілік көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты және ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесу өткізген болатын; 2010 жылғы 15 қырқүйекте ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында жұмыс сапармен болды; 2010 жылғы 14 қазанда ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Сянган (Гонконг) Арнайы әкімшілік ауданына жұмыс сапары өтті.           

 Қытай  тарапының жоғарғы деңгейдегі  сапарлары:           

1994 жылғы  25-28 сәуір – ҚХР Мемлекет кеңесінің  Премьері Ли Пеннің ресми сапары; 1997 жылғы 24-25 қыркүйек – ҚХР  Мемлекет кеңесінің Премьері  Ли Пеннің сапары; 2001 жылғы 13-15 қыркүйек – ҚХР Мемлекет кеңесінің Премьері Чжу Жунцзидің ресми сапары; 2002 жылғы 8-9 сәуір – Қытай халықтық саяси консультативтік кеңес төрағасының орынбасары Ван Вэннің екінші Евразиялық экономикалық саммитке қатысу шеңберіндегі Алматыға сапары; 2006 жылғы 9-12 қаңтар – ҚХР Төрағасының орынбасары Цзэн Цинхуаның ҚР Президенті Н.Назарбаевтың иногурациясына қатысуы.            

2008 жылғы  29-31 қазанда ҚХР Мемлекет кеңесінің  Премьері Вэн Цзябао Астанада  ұйымдастырылған Шаңхай Ынтымақтастық  Ұйымының Үкімет басшылары кеңесіне қатысу шеңберінде, Қазақстанға алғаш сапарын өткізді. Сапар барысында тараптар бірқатар екіжақты құжаттарға кол коюмен бірге, екі елдің үкімет басшылары Біріккен коммюнике қабылдады.

ҚР Парламенті мен Бүкілқытай халық өкілдері құрылтайы (БХӨҚ) арасындағы қатынастар да нығаюда. 2007 жылғы 10-13 қыркүйегінде БХӨҚ Тұрақты комитет төрағасының орынбасары Хэ Лули Қазақстанға сапарын жасады.           

 Екі  елдің бұл саладағы қатынастарының  маңызды оқиғасының бірі 2008 жылғы  23-28 қаңтардағы ҚР Парламент Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың Қытайға жасаған сапары болып табылады. Сапар барысында Қ.Тоқаев ҚХР Төрағасы Ху Цзинтао мен БХӨҚ Тұрақты комитетінің төрағасы У Бангомен кездесіп, қазақстан-қытай қатынастарының қазіргі ахуалы мен болашағы туралы пікір алысты.

     2010 жылғы 21 шілдеде Парламент төрағаларының  бүкіләлемдік үшінші конференциясының  шеңберінде ҚР Парламенті Сенатының  Төрағасы Қ.Тоқаевтың БХӨҚ Тұрақты  комитетінің Төрағасы У Бангомен  кездесуі өтті.  

     2010 жылғы 9-11 қарашада ҚХР Халықтық  саяси консультативтік кеңесінің Бүкілқытайлық комитетінің Төрағасы Цзя Цинлиньнің Қазақстанға сапары өтті. 

Екі елдің  сыртқы саясат мекемелері арасындағы ынтымақтастық қатынастары да қарқынды дамуда. 2010 жылғы 22-24 ақпанда ҚР Мемлекеттік  хатшысы – Сыртқы істер министрі Қ.Саудабаев ҚХР-ға сапар шекті. 

     2010 жылғы 27-29 желтоқсанда ҚХР Сыртқы  істер министрі Ян Цзечи Қазақстанға  ресми сапармен келіп, сапар  нәтижесінде ҚР Сыртқы істер  министрлігі мен ҚХР Сыртқы  істер министрлігі арасында 2011-2013 жылдардағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.           

 Екі  жақты қатынастардың ілгері дамуында  Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің  үйлестіруші орны нығаюда. Комитет  10 профильдік кіші комитеттер  мен 1 трансшекаралық өзендерді  пайдалану мен қорғау жөніндегі  Біріккен комиссиядан тұрады.

Қазақстан мен Қытай арасында Шанхай ынтымақтастық  ұйымының шеңберінде берік байланыстар  орнатылған. Қытай Азиядағы өзара  ықпалдастық және сенім шаралары бойынша кеңесті шақыру процесін қолдайды.

     Сонымен қатар Пекин Астанамен Әлем және дәстүрлі діндер жетекшілері съезінің шеңберінде де өзара әрекет жасайды.           

 Қазіргі  кезде Қазақстан ҚХР-дың сыртқы  саудасында өзара тауар айналымының  көлемі жағынан Орталық Азия  және Шығыс Еуропа елдері ішінде  Ресейден кейінгі екінші орынды берік ұстауда. 2010 жылда екі жақты тауарлар айналымы 14,1 млрд. долл. (ҚХР кеден статистикасына сәйкес – 20,4 млрд. долл.) құрды. 

     Қолданысқа  енгізілген Атасу-Алашанькоу мұнай  құбыры маңызды стратегиялық мағынаға ие, бұл желіс Қазақстанға мұнай  экспортының бағыттарын әртараптандыруға мүмкіндік туғызумен қатар, ҚР-дың транзиттік әлеуетін де толығырақ пайдалануға жол ашады. Бұдан басқа, тараптар Бейнеу-Базой-Шымкент газ құбырының 2-ші кезегін салу, Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын, Ақтау пластмассалар зауытын, Мойнақ СЭС қайта құру және салу жөніндегі жобаларын іске асыруда. 

     Бүгінгі таңда екі ел арасындағы ынтымақтастық  жаңа сапалы белеске көтеріліп, шикізаттан тыс салалардағы әрекеттестікке бағыт алуда. Осыған байланысты 2007 жылы тараптар Экономиканың шикізат емес салаларындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Аталған құжат екі жақты тауарлар айналымын тиімді әртараптандыру мақсатында ынтымақтастықты дамытуды қарастырады. Бұған қосымша 2008 жылдың сәуірінде ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы шикізат емес салалардағы ынтымақтастық бағдарламасының іс-шаралар жоспары қабылданды. Аталған жоспар ауыл шаруашылығы, жаңа технологиялар, шекара маңындағы сауда, көлік және коммуникациялар салаларындағы 20 жобадан тұрады.              

 Трансшекаралық өзендерді пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен комиссия шеңберінде ынтымақтастықтың құқықтық базасын нығайту жұмыстары әрі қарай жалғасуда.

     Мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстардың маңызды оқиғаларының арасында Абайдың 150 жылдығын тойлауына  байланысты Пекинде өткізілген салтанатты іс-шараларды (1995 жыл), Қазақстанның Қытайдағы Мәдениет күндерін (2001 жыл), Қытайдың Қазақстандағы Мәдениет күндерін (2002 жыл), Алматыда ұйымдастырылған Қытайдың ғылыми-техникалық көрмесін (2002 жыл), Алматының Шанхайдағы мәдениет күндерін (2004 жыл), Шанхайдың Алматыдағы мәдениет күндерін (2005 жыл) атап өтуге болады. 2008 жылдың маусымында Қазақстан астанасының 10-жылдық мерекесін тойлау шеңберінде Астанада Чунцин қаласының (ҚХР, Сычуань провинциясы) Мәдениет күндері табысты өтті. 2010 жылғы 3 ақпан мен 4 наурыз аралығында Астанада Қытай жібек мұражайының «Жібек жолы – Қытайдың жібек өнері» атты көрмесі өтті.

     Қазақстан мен Қытай арасындағы үкіметаралық келісімнің негізінде жыл сайын  студенттер алмасу жүзеге асырылуда. Екі ел жоғары оқу орындары арасында да тікелей байланыстар орнатылған. Қазіргі уақытта 3 мыңнан астам қазақстандық студенттер Қытайда білім алуда. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қатынастар