Қазақстан «Халық Банкі» АҚ даму тарихы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 19:34, доклад

Описание работы

«Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған. Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды.

Содержание

Кіріспе
Қазақстан «Халық Банкі» АҚ даму тарихы
Қазақстан «Халық Банкі» АҚ ақша аударымдары мен карточкалық қызметі
Инвестициялық саясаты
Несиелік саясат

Работа содержит 1 файл

121.docx

— 24.20 Кб (Скачать)

 

Мазмұны

Кіріспе

  1. Қазақстан «Халық Банкі» АҚ даму тарихы
  2. Қазақстан «Халық Банкі» АҚ ақша аударымдары мен карточкалық қызметі
  3. Инвестициялық саясаты
  4. Несиелік саясат

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

1.Қазақстан «Халық Банкі» АҚ даму тарихы                     «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған. Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды.

Жинақ кассалары  сонымен қатар мемлекеттік қарыз  облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілдігімен мерзімдік несиелер берумен айналысты. Сондай-ақ оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операциялар жүргізуге рұқсат етілді. Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік қарыз шығарылды, оның үшеуі — натуралдық түрде (астықпен, қантпен) болса, екеуі алтынмен есептелген болатын (ақша реформасына дейін). 1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950 — 1960 жылдар арасында 1,8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті.                60-жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтерге, коммуналдық қызметттерге төлейтін төлемақыларын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. 1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады. 1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.                  1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді. Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жария етілген соң бір жылдан кейін, 1992 жылы Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.                  1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым — «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды. Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды.               1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді. 1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамына айналдырылды. Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді. 2001 жылдың қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33 пайыз + бір акцияның бақылау пакетін сатты. Осы уақыттан бастап Қазақстан Халық Банкі еліміздегі ірі әмбебап әрі жетекші коммерциялық банктердің бірі болып келеді. 80 жылдан астам өз клиенттеріне қалтқысыз қызмет етіп, сенімді қаржылық мекемеге айналып отыр.

2. Қазақстан «Халық Банкі» АҚ ақша аударымдары мен карточкалық қызметі             Қазақстан Халық банкі сіздерге MoneyGram және "Жедел аударымдар" жүйелерін пайдалану арқылы, шот ашпай-ақ, барынша оңай рәсіммен ақша аудару қызметін ұсынады.                              Қазақстан аумағынан тыс жерге қысқа мерзімде ақша аудару немесе шет елден ақша аудару қажеттілігі туған жағдайда сіз халықаралық ақша аудару жүйесін пайдалануыңызға болады.             MoneyGram:                     - ақша аудару операциясын жедел және сенімді түрде жүзеге асыратын бұл жетекші халықаралық компанияның дүние жүзінің 138 елінде орналасқан 35 000 бөлімшесі бар;            - ақша аударылғаннан кейін 15 минуттан кейін қолыңызға тиетініне кепілдік беріледі. Халық банкінің көмегімен MoneyGram қызметінің мүмкіндігін пайдаланыңыз:                        - ақша аудару қызметінің құны өте төмен және жіберілетін ақша сомасына байланысты;                - комиссиялық сыйақы тек бір рет және ақша аударғанда төленеді;                                                 - ақша алушыдан комиссиялық ұсталмайды;                                                                                         - ақша жөнелтілгеннен кейін оны 15 минутта алуға болады;                - жіберуге болатын ақшаның ең көп сомасы - 10 000 АҚШ долларына дейін;     - егер аударылған ақша қандай да бір себептермен алушыға жетпесе немесе ақша жөнелтуші кенеттен өз жоспарын өзгертсе, Money Gram ақшаның сақталуына және қайтарылуына кепілдік береді;                     - аударылған ақшаны алу үшін жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсету керек және ақша жіберуші сізге хабарлауға тиіс сегіз таңбалы аударым кодын білуіңіз қажет;          - ақша аударғанда алушыға арнап 10 сөзден аспайтын тегін хабарлама қоса жіберуіңізге болады.

Экспресс аударымдар.                        

Бұл қызмет Қазақстан аумағында  жеке тұлғалар арасында ақша жөнелтуді  және қабылдауды оңайлатылған рәсіммен, шот ашпай-ақ жүргізуді қарастырады.                   Экспресс аударымдар жүйесі бойынша теңгемен ақша жөнелту немесе ақша алу Қазақстанның барлық қалаларында дерлік орналасқан 102 филиал мен есеп айырысу-касса орталығында мүмкін болады.                           Экспресс аударымдар жүйесінің негізгі басымдықтары:                                                                  - ақшаны жөнелту немесе алу рәсімі өте қарапайым (ақша жөнелтушінің жеке куәлігі мен СТН-і болу қажет, ал ақша алушының қолында жеке куәлігі болса жеткілікті);                     - ақша қаражатының толық сақталуына кепілдік беріледі ;                                                                 - жөнелтілген ақшаны кейін қайтарып алуға мүмкіндік беріледі;       - операция өте жоғары жылдамдықпен жүргізіледі (5-10 минутта);               - Қазақстан Республикасы аумағы бойынша барынша төмен тарифтер қарастырылған:

 а) 500 000 тг дейін –  аударылатын соманың 3 %-ы ; min —  100 тг., max — 5000 тг.

 б) 500 000 тг. - 1 000 000 тг. дейін  – 10 000 тг.

 в) 1 000 000 тг. және одан  жоғары – 20 000 тг.

- қосымша қызмет - ақша алушыға арналған 10 сөзден аспайтын тегін хабарлама;                        - ақша қаражатын шектелмейтін сомада әрі оның пайда болу негізін растайтын құжатсыз аудару мүмкіндігі;                                                                                                                                - ақшаны өз атыңызға да аударуыңызға болады, яғни ақша жөнелтуші және ақша алушы бір адам болуы мүмкін (мәселен, Қазақстан аумағы бойынша теңгемен қолма-қол түрде мол ақша тасымалдау қажеттігі туындаса);                                                                                             - аударымдар күн сайын (сенбі мен жексенбіден басқа күндері), Алматы уақытымен сағат 9-00-ден 18-00- ге дейін аталған қызмет түрімен айналысатын филиалдарда қабылданады және беріледі;                        - аударым сомасы шектелмейді.

Жедел аударымдар - бұл қызмет түрі Банк филиалдары арқылы «Жедел есеп айырысулар» жүйесі бойынша ақша аударуды қарастырады.Жедел төлемдер мен жеке тұлғалардың жедел ақша аударымы жүйесінде Қазақстан аумағы бойынша жұмыс істейтін Халық Банкінің 590 филиалы мен есеп айырысу-касса орталығы айналысады. Жөнелтілген ақшаны сіз жедел аударым ресімделгеннен кейін 1-2 банктік күннің ішінде алуыңызға болады.

Жедел есеп айырысудың артықшылықтары:                                - Қазақстан аумағы бойынша кеңінен таралған;                 - ақшаны жеке тұлғаның атына да, заңды тұлғаның атына да аудару мүмкіндігі;    - аударым операциясы үшін ең төмен комиссиялық ұсталады;               - аударылатын ақша сомасына шектеу қойылмайды.

 «Жедел есеп айырысулар»  жүйесі бойынша іске асырылатын  төлемдер мен аударымдар түрі:                      - жинақ шотын пайдалана отырып немесе шот ашпай-ақ, қолма-қол ақшамен жеке тұлғалар арасында ақша аудару;                  - жинақ шотын пайдалана отырып немесе шот ашпай-ақ, қолма-қол ақшамен жеке тұлғалардың заңды тұлғалар пайдасына ақша аударуы;               - ақша алушының карточкалық шотын немесе интернет-шотын толықтыру үшін жеке тұлғалардың жинақ шотты пайдалану арқылы немесе шот ашпастан, қолма-қол ақшамен аударым жасауы.

«Жедел есеп айырысулар»  жүйесі бойынша ақша аудару ұлттық валюта - теңгемен жүргізіледі. Жеке тұлғалар өз шоттарын толықтыру үшін ақша аударуды шетел валютасымен де жүргізе алады. Комиссиялық сыйақы ставкасы Банктегі тарифтерге сәйкес белгіленеді.

Операциялары

 Банк клиенттеріне  көрсетілетін негізгі қызмет түрлерінің сипаттамасы                        1. Заңды және жеке тұлғалардың банк шоттарын ашу және жүргізу;                     2. заңды және жеке тұлғалардан салым қабылдау;                           3. заңды тұлғаларға транзиттік шоттар жүйесін ашу;                         4. заңды тұлғаларға жинақтау шоттары жүйесін ашу;                          5. филиалдар клиенттеріне ағымдағы лимиттелген шоттар жүйесін ашу арқылы агенттік қызмет ұсыну;                              6. аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақша аудару, оның ішінде зейнетақылық төлемдер жөніндегі тапсырмаларын орындау;                       7. кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау;                              8. Банктің кез келген филиалынан заңды тұлға өкілінің басқа филиалда ашылған клиент шоттарынан қолма-қол ақша алуы;                      9. инкассация және бағалы жүкті сүйемелдеу қызметі;                      10. шетел валютасымен қолма-қол ақшасыз айырбастау операцияларын жүргізу;              11. әр түрлі шетел валютасымен халықаралық аударымдар;                     12. «Клиент — Банк» қашықтықтан қол жеткізу жүйесі бойынша операциялар жүргізу;           13. тазартылған алтын құймаларын сатып алу және сату;                14. «Жалақылық жоба» бойынша қызмет көрсету — клиент қызметкерлерінің жалақысын олардың жеке шоттары мен төлем карточкалары арқылы аудару және беру;                    15. жеке тұлғалардың төлемдері мен аударымдарын «Жеке тұлғалардың мерзімдікесеп айырысулары»; «Экспресс аударымдар», маниграмма жүйелері бойынша жүргізу;                      16. «Жеке тұлғалардың жедел есеп айырысулары» жүйесі бойынша түсетін жеке тұлғалар төлемдерін жинақтау және өңдеу;                   17. жол чектері мен коммерциялық чектерді сату және сатып алу;                    18. вексельдік операциялар: домицилиация және вексельді инкассоға қабылдау;              19. сейфтік операциялар: клиент құжаттары мне құнды заттарын сақтау, оның ішінде сейф жәшіктері мен шкафтарын, үй жайларды жалға беру операциялары;                   20. қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын жүргізу;                 21. құжаттамалық операциялар жүргізу (аккредитивтер, құжаттамалық инкассо) және банктік кепілдемелер беру;                        22. корпоративтік клиенттер үшін арнаулы сервис;                     23. шоттардың жай-күйі туралы ақпарат алу.

  Карточкалық қызметі

 Банк шығарған алғашқы  жергілікті карточка.Шетелге саяхатқа  шығуды жоспарламайтын жалпы  көпшілікке арналған. Altyn карточкасы  бойынша тек Қазақстан Республикасы аумағында қызмет көрсетіледі.                • Бюджеттік карточка                  • Visa Gold                   • Visa Electron Instant HalykCard             • MasterCard Gold                • MasterCard Standard                  • Visa Classic                 • Visa Electron/Plus                     • Maestro/Cirrus                  • Altyn                     • Visa Virtuon                    • Maestro-ISIC студенттер карточкасы             • Зейнеткер карточкасы            • Visa Platinum

 

3. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты

Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

Бүкіл инвестициялық  қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның инвестициялық саясатымен негізделеді. Инвестициялық саясатты әзірлеу  барысына кәсіпорынның басқару аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бетке алған инвестициялық бағытының келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

 Кәсіпорындар  өзінің инвестициялық қызметі  барысында белгілі бір инвестициялық  саясатты бетке алады. Кәсіпорынның  нвестициялық саясаты дегеніміз  – бұл кәсіпорынның өз инвестициялық  қызметін тиімді жүзеге асыру  арқылы табыс табуға немесе  өндіріс көлемін кеңейтуге бағытталған шараларының жиынтығы болып табылады.

 Кәсіпорынның  инвестициялық саясаты капитал  салымдарының тиімді объектілерге  салынуын, олардың өндіріс барысын  сенімді ақша ағындарымен қамтамасыз  етуге, нәтижесінде кәсіпорынның  жалпы экономикалық қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге арналған. Демек, инвестициялық саясат өз кезегінде кәсіпорынның экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.

 Нарықтық  қатынастардың дамуы және сонымен  байланысты макроэкономикалық саясаттағы  өзгерістер кәсіпорындардың инвестициялық саясатына қосымша маңыздылық береді. Айталық, кәсіпорындардың инвестициялық қызмет жөніндегі міндеттері келесідей болуы тиіс:

- кәсіпорынның  даму стратегиясын анықтау;

- өзінің инвестициялық  бағдарламасын жасақтау және  өзекті инвестициялық жобаларды анықтау;

- инвестициялық  ресурстардың оңтайлы орналастырылуын  қамтамасыз ету;

- кәсіпорын  экономикасына капитал ағындарын  және олардың қажетті объектілерге  салынуын қамтамасыз ететін қолайлы  инвестициялық жағдай қалыптастыру.

 Кәсіпорындар  аталған міндеттерін жүзеге асыру  үшін өзінің инвестициялық саясатын  белгілі принциптерге сүйене  отырып жүргізу керек. Кәсіпорынның  инвестициялық саясатының әлемдік  тәжірибеде қалыптасқан принциптері  келесідей:

- капитал салымдарын  қаржыландыру көздернінің алуан түрлі болуы;

- іріктеушілік  және ұқыптылық – инвестициялық  жобаларды жан-жақты талдау нәтижесінде  іріктеп, таңдап алу;

- мақсаттылық  – инвестициялық бағдарламаның  түпкі қажетті нәтижелерді қамтамасыз  ету мақсатында бағытталуы;

- жүйелілік – инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті шаралардың жиынтығын жалпы ұлттық экономиканың даму деңгейімен байланыстыра отырып қалыптастыру;

- қамтамасыз  етушілік – кез-келген инвестициялық  жоба қажетті ресурстардың барлық  түрімен (қаржылық, еңбектік, ақпараттық, материалдық)және қажетті мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс;

- өтелімділік  – салынған қаржы-қаражаттардың  барынша үлкен өсіммен қайтарылуы;

- инвестициялық  белсенділікке ықпал ету мақсатында  экономикалық және ұйымдастырушылық  құралдарды қолдану.

 Инвестициялық  саясаттың ріктеушілік және ұқыптылық  принциптерін жүзеге асыру кәсіпорынның  экономикалық өсіміне және жандана  түсуіне септігін тигізетін инвестициялық  бағыттарды (жобаларды) дұрыс таңдай  білуді қажет етеді. Кез-келген  кәсіпорын үшін инвестициялық саясатты жүзеге асыру және инвестициялық бағыттарды таңдау келесідей қажеттіліктерді қамтамасыз етуі керек:

- өзге кәсіпорындарға  немесе жаңа өнімдерге қаражаттар  салу мақсатында өзінің өндірістік  әлуетін (потенциалын) дамыту;

- инвестициялық бағдарламалардың өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін салаларға капитал салу;

- бәсекелестік  қабілеті жоғары, ішкі және сыртқы  нарықтарда үлкен сұранысқа ие  болатын өнімдер мен салаларға  инвестициялар салу.

Информация о работе Қазақстан «Халық Банкі» АҚ даму тарихы