XV-XVI ғасырлардағы қазақ хандығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 08:38, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: XV-XVI ғасырлар қазақ елі үшін өте маңызды тарихи кезең болып саналады. Осы кезеңнен бастап қазақ даласы тарихы өзінің жаңа бетін ашады – қазақ өз алдына жеке хандық болып бөлініп шығады. Сондықтан осы тақырыптың өзектілігі әлі сан ғасырлар бойы қазақ халқы үшін жоғалмақ емес. Осы заманның тарихына әлі де талай жаңашылдықтар қосу – болашақтың ісі.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
І. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1. ХV-XVI ғасырлардағы қазақ хандығын басқару механизмі мен дипломатиялық қатынасы......................................................................................5
1.2. XV-XVI ғасырлардағы қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік ахуал...........7
ІІ. ХV-XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ (ҚАСЫМ ХАН, ХАҚНАЗАР ХАН МЕН ЕСІМ ХАНДАРДЫҢБАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ....................................................................................9
ІІІ. XV-XVI ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ (ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХШЫЛАРЫНЫҢ АҚПАРАТТАРЫНА СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП)........................................................19
3.1. XV-XVI ғасырлардағы қазақ даласының ұлы тұлғалары, бізге жеткен көне шығармалар мен қазба ескерткіштері........................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................30

Работа содержит 1 файл

Курсовой.doc

— 301.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым  министрлігі 
 
 

XV-XVI ғасырлардағы қазақ хандығы 
 

Курстық жұмыс 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2011 жыл

МАЗМҰНЫ 

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1. ХV-XVI ғасырлардағы қазақ хандығын  басқару механизмі мен дипломатиялық қатынасы......................................................................................5

1.2. XV-XVI ғасырлардағы қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік ахуал...........7 

ІІ. ХV-XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ (ҚАСЫМ ХАН, ХАҚНАЗАР ХАН МЕН ЕСІМ ХАНДАРДЫҢБАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ....................................................................................9 

ІІІ. XV-XVI ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫНА ҚЫСҚАША ШОЛУ (ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХШЫЛАРЫНЫҢ АҚПАРАТТАРЫНА СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП)........................................................19

3.1. XV-XVI ғасырлардағы қазақ даласының ұлы тұлғалары, бізге жеткен көне шығармалар мен қазба ескерткіштері........................................................22 

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................29

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..........................................................30 
 
 
 
 
 
 
 

      Курстық жұмыстың мазмұны: Курстық жұмыста Қазақстанның XV-XVI ғасырлардағы мемлекеттік құрылысы, қазақ хандығының құрылуы, хандар мен белгілі тұлғалары жайында ақпарат беріліп отыр. Жалпы алғанда, курстық жұмыс тек нақты фактілерді беріп қана қоймай, жаңашылдық ретінде әркездегі түрлі ғалымдардың зерттеулеріне сүйене отырып, қазақ хандығының құрылу жайындағы белгілі қортынды жасауға бағытталған.

      Курстық жұмыстың өзектілігі: XV-XVI ғасырлар қазақ елі үшін өте маңызды тарихи кезең болып саналады. Осы кезеңнен бастап қазақ даласы тарихы өзінің жаңа бетін ашады – қазақ өз алдына жеке хандық болып бөлініп шығады. Сондықтан осы тақырыптың өзектілігі әлі сан ғасырлар бойы қазақ халқы үшін жоғалмақ емес. Осы заманның тарихына әлі де талай жаңашылдықтар қосу – болашақтың ісі.

      Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қортындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

     Курстық жұмыстың міндетері:

     - XV-XVII ғасырлардағы қазақ хандығының құрылуы, билігі, заман өзгерістері мен халықтың ахуалын сипаттау;

     - XV-XVII ғасырларда өмір сүрген қазақтың белгілі тұлғалары (хандары, билері, ғалымдары және т.б.) мен олардың қоғамдағы рөлі жөнінде жалпы ақпарат беру;

     - Жаңашылдық көзқарас ретінде қазіргі заман тарихшы-авторлардың еңбектеріне сүйене отырып, қазақ хандығының құрылуы жөнінде ой қозғау; 

      Курстық жұмыстың зерттелу объектісі: XV-XVI ғасырлардағы қазақ хандығы.

      Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі: Тарих қашанда жаңалықтарын болашағынан күттіретін ғылым. Әйтсе де, бүгінгі күнде халық назарына беріліп отырған фактілер мен тарихи ескерткіштер, сондай-ақ әдебиеттерге сүйене отырып, өз заманымызда өткенге тұжырымдар жасаймыз. Қазақ хандығы қашан және қалай пайда болғанын, толық зерттеп білу бір курстық жұмыстың еншісіне тимейді. Сондықтан, тек бүгінгі күнгі қолданыстағы фактілер мен тарихшылардың зерттеулеріне сүйене отырып тақырыпты ашуға тырыстық. 
 

Кіріспе 

     Қазақстан аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың мұрагері, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың өзгерістер мен экономикалық даму нәтижесі. 1457 жылдың күзінде Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ хандығының негізін салады. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері - Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады. 1458 жылдың көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей мен Жәнібекке келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған әлеуметтік-экономикалық және этно саяси процестердің заңды қорытындысы еді.

     XV ғасырдың алпысыншы жылдары Қазақ  хандары қарсыластарын тықсыра  отырып, Батыс Жетісуға табан  тіреді. XVI-XVII ғасырларда Қазақ хандығы  нығайып, этникалық аумағының  негізгі бөлігін қамтитын шекаралары  кеңейе түсті. Орта Азия, Астрахан, Қазан, Сібір хандықтарымен, Ресеймен тығыз байланыс болды. Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел, Тәуке хандардың есімдері Қазақ мемлекеттілігі деген атаумен қоса жүреді. Өйткені олардың қазақ жерін нығайтудағы, қазақтардың үстемдігін орнатудағы әрекеттері орасан зор болатын.

     Хандықтағы  жоғары билік хан қолына шоғырландырылды. Салт бойынша, хан тағына отыруға рудағы үлкен ұлдың құқығы басым болды. Хан әскерлердің бас қолбасшысы және жоғарғы сот қызметін атқарды, шет мемлекеттермен келіссөздер жүргізу, соғыс жариялау мен бейбіт бітім жасау, заңдар шығару және хандықтың бүкіл аумағын билеудің бас құқығына ие болды.]

     XV-XVI-ғ.  Қазақ хандығы дәуірінде қазақ  этносының материалдық және рухани  мәдениетінің негізгі сипаттары  қалыптасты.

Қазак хандығынын пайда болу фактісі Жетісудын  батыс белігінде әтті. Дәл осы  жерге Керей мен Жәнібектің қарамағындағы, Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында түратьш Орта жүздің қазақтары қоныс аударды.

Қазақ хандығының әрмен қарайғы нығаю  процесі. жер аумағының кеңеюі Сырдария өңірінде, Оңтүстік Қазақстан өлкелерінде  мемлекеттін орнығуьшен қатар жүрді. Қазак хандары Сыр бойындағы калалы әңірлерді езінін экономикалык және әскери базасы деп таныды.

     Оңтүстік  Қазақстан о бастан-ақ Кіндік Азияға тән - кешпелі мал шаруашылығы  мен отырықшы-егіншілік деген  екі негізгі мәдени типтің бір-бірімен үйлескен, тоғысқан жері болатын. Осындай аралас тарихи-географиялық жағдай өңірдің мәдени-шаруашылық ерекшелігін ғана айқындап қоймай, ежелгі және ортағасырлардағы мемлекеттік құрылымдардың қарым-қатынасының тарихында да ерекше роль атқарды. Түрлі тарихи кезеңдерде Оңтүстік Қазақстан әртүрлі мемлекеттерді басқарған ақсүйектердің (элита) тайталасқан жері болды.

     Қазақ даласының жағрафиялық ерекшеліктеріне  сай, Шығыс Дәшті-Қыпшақ территориясында  ерте ортағасырлар кезеңнен-ақ бақташы  қауымдар қыс уақытында оңтүстікке - Сырдария өңіріне, оның сағасына, Қаратау қойнауына келіп қыстайтын мал шаруашылығы қалыптасқан болатын. Дәл осы шаруашылық циклі Қазақ хандығы кезінде де қолданылып жатқан еді.

Орталык Қазакстан мен Орта Сырдария Орта жүз қазақтары үшін ортақ территория болып саналды. Ал төменгі Сырдария жерлері мен Арал өнірі де Кіші жүз қазақтары үшін дәл осындай мәнге ие еді.

Астанасы  Түркістан қаласы болған Қазақ хандығы  тұсында Орталық Қазақстан мемлекеттің  стратегиялық тұрғыдан аса маңызды  өлкелерінің бірі болды. Керуен жолдары ішінде көне дәуірлерден жеткен екі бағыт ерекше орында тұрды. [10, 47 б]

     Сарысу  жолы өңірдің батысымен өтті. Оңтүстікте, Жібек жолының негізгі торабынан  бастау алған ол Түркістанның үстімен  Ұлытауға жете тармақталып, әрі қарай  — Орал мен Еділге кететін. Қазақтар үнемі маңызды кеңестер өткізіп отырған, көптеген рулардың таңбасы қашалған атақты Таңбалытас осы Сарысу бойында. Қарқаралы жолы шығыс тарапта қанат жайды. Оңтүстікке Хантау мен Шу арқылы түсетін бұл бағыт, теріскейге қарай қимақтардың жұрты болған Ертіс бойына және одан әрі Батыс Сібірге тартатын. Қарқаралы жолын Хан жолы деп те атады.

Қазақ хандығы кезеңінің көптеген сәулеттік  ескерткіштерінің арасында қазақтармен  достық қарым-қатынаста болған ойрат  ұлыс князьдары XVII ғасырда лама дінінің пұтханасы ретінде салдырған Қызылкеніш сарайы (Қыз Әулие сарайы) бар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І. Қазақ хандығының құрылуы, мемлекеттік  құрылымы

    1.1. ХV-XVI ғасырлардағы  қазақ хандығын  басқару механизмі,  саяси режимі мен  дипломатиялық қатынасы. 

    Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. Қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи – Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.

    Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік – батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі  жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы  қалалар қосылды, солтүстікте Қасым  ханның қол астындағы қазақтардың  жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік – шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады.

    Бастапқы  кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік  және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ  хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанаы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген.

    Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік  беделін арттырып, сыртқы саясат пен  дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты.

    Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар – Ақ Орданың атақты ханы Ырыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес тәжірибесіне бай адамдар болды. Ал Қасым хан өте үздік шыққан мемлекет қайраткері болды.

    Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан  мемлекетімен достық қарым-қатынас  орнатып, Әбілхайыр ханның Жетісуға төндірген қаупіне және ойрат- жоңғар тайпаларының Моңғолстанға жасаған  шабуылына қарсы күресті. Жошы тұқымынан  шыққан хандармен одақтасып Әбілхайыр  ханның мұрагері Шаих Хайдарды жеңді.

    Қазақ хандығы Қасым хан тұсында  орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас  жасап, батыс Европаға танылды.

    Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533) Москва князьдығымен дипломатиялық байланыс орнатты.

    Қасым хан алғашқы қазақ заңы – «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды.  Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Сол үшін, ол Қасым ханның атымен байланыстыры- лып: «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати Тарихи Рашиди кітабінда: «Қазақ хандары мен сұлтандары арсында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес» дейді. Қасым хан өлгеннен кейін сұлтандар мен феодалдардың өзара бақталасы, қырқысы күшейді. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып  тұрған кезде, өзара қырқысуының зиянды зардаптары хандықты әлсіретуге әкеп соқты.

Информация о работе XV-XVI ғасырлардағы қазақ хандығы