VI-VII ғасырлардағы Түрік дәуірінің мәдениеті

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 10:20, реферат

Описание работы

Ежелгі түріктер қысқа уақыт ішінде әлемдік дәрежедегі мемлекет құрып, сол уақыттағы әлемдік тарих сахнасындағы ең ірі мемлекеттермен байланыс орната білді. Тарихтың қай белесінде де түркі әлемінде сан түрлі мәдениеттер мен діндердің өзара тығыз алыс берісі, барыс – келісі белсенді жүріп жатты. Сан қилы мәдени дәстүрлер мен сыртқы қарым – қатынастардың нәтижесінде көшпелі қоғамдардың дәстүрлі құрылымдық негізі өзгеріске түсті, мұның өзі бұл ұлттар мен ұлыстардың тарихи дамуының сипатына, мазмұнына және ерекшелігіне әсер етпей қойған жоқ. Осындай көкейкесті мәселелер теориялық, ғылымдық және практикалық маңыздылығын арттыра түсетіні анық.

Содержание

I.Кіріспе
a)Көне Түрік империясы хақында
II.Негізгі бөлім
а) VI-VII ғасырлардағы Түрік дәуірінің мәдениеті
в) Тас мүсіндер құпиясы
с) Түркілердің монументтік өнеріндегі әйелдер бейнесі
d) Түрік халықтарының жазбаша ескерткіші
III. Қорытынды
Қосымша материалдар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Дайын тарих1.docx

— 51.10 Кб (Скачать)

Шайсандық 1 обасы бастапқы қалпында сақталып, басқа типтегі ескерткіш болып табылады. Бұл да ортасына әйел мүсіні қойылған ескерткіш. Мүсін шығысқа қаратылған Шөлсай 3 және Сандық 2 қорғандарындағы әйелдер мүсіні шығыс жақта қойылған, ал қорған ортасында тонаушылар үңгігендей шұңқыр бар.

Мерке ғибадатханалары  ескерткіштері дәстүріне ер мен  әйел мүсіндерін қатар қою тән. Алайда ескерткіштер арасында қызықты жайт байқалады. Сүйіндік 1 және 2 қорғанында екі әйел мүсіні, ал Қоралассазы 2 ескерткішінде және Таяқсалды 1 ескерткішінде екі еркек мүсіні қатар қойылған.

Тұтас алғанда  мүсіндер иконографиясында жалпы ұқсастық болмай қоймайды. Монументалді скульптураны барынша біріктіретін қарын тұсында  жартылай бүгілген қолдағы ыдыс болып табылады. Ыдысы бар мүсіндер барлығы 39. Басқа мүсіндердің қолында ыдыс жоқ, бірақ дене бітімінің жоғарғы жағы бейнеленген.

Мүсіндерді  иконографиялық зерттеу, жеке портреттік сипатты айшықтай түседі. Мүсіндегі  адамның жынысын, бас киімін және қосымша аксессуарын бейнелейтін  портреттік белгілерге орай мүсін типтерін бөліп қарастыруға болады. Бұл  ерлер және әйелдер бас киімі  көрсетілген мүсіндер.

Ерлер баскиімі дөңгелек келеді, тақияны еске салады, бұл екі мүсіннен байқалады. Алты мүсінде мұрты да көрсетілген және тек жалғыз мүсінде ғана түрі сынаға ұқсас сақал көрсетілген.

Ғибадатхана ескерткіштерінің хронологиясын айқындау мақсатында жекелеген конструкцияларға археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Көне түркілік типке екі ескерткіш жатқызылды. Арал төбе 1 ғұрыптық комплексі төртбұрышты қоршаудан түзілген. Әрбір қоршау ортасында диаметрі 0.2-0.3 метр, тереңдігі 0.2 метр болатындай шұңқыр бар. Батыс солтүстіктегі бөлікте, қоршауға жақын қорған асты конструкциялары салынған, олардың ортасындағы шұңқырлардан жануарлар сүйегі және жылқының ертұрманының үш металл бөлігі табылды. Солтүстік –батыстағы сыртқы жағындағы барлық қабырғалардың ортасына антиморфтық плиталар орнатылған. Типологиялық жағынан суреттеліп отырған конструкциялар түркі жұрты таралған аймақтағы барлық жерден табылып, зерттелген, тарихи әдебиетте көне түркі ғұрыптық қоршауы деп аталатындармен сәйкес келеді. Аралтөбе1 қоршауының ерекше өзгешелігі тізбелердің оңтүстік  -шығыстан солтүстік –батысқа қарай созылып, антропоморфтық плиталардың солтүстік -батыс жақта орналасуында және балбалдардың, яғни тас бағаналардың жоқтығында.

Тас мүсінді  ас беру ескерткіштері және антропоморфтық плиталар солтүстік батыс жақтан бастап қойылады немесе батыс жақта  орнатылады, балбалдар тізбегі жоқ.

Арал  төбе түркі ғұрыптық комплексі Қырғызстандағы көне түркі ғұрыптық конструкциясына  топология жағынан ұқсас болғанымен шұңқырға құрбан малды арнайы көму секілді(қоршаудың солтүстік –батыс жағынан) айырмалары да бар. Сипаттап отырған шұңқырда аттың әбзелдерінен бір фигуралы және екі дөңгелек металл бұйым табылды. Ат әбзелдері бұйымдары көне түркі дәуіріндегі далалық, арал көшпелілерінің қабірлерінен табылған бұйымдарға ұқсайды. Ат жігінің айылбастары Кудыргэ көне түркі қабірінен табылғандарға ұқсайды. Чатыр жерінен мумияланған мәйіттен шыққан жүген айылбастарына да ұқсайды.

Басқа да олжаларды зерттей келе зерттеушілер мынадай қорытынды жасайды: «бұл құралдар бірінші түрік қағанаты мезгілімен сәйкес. Бұған ұқсас бұйымдар Саян –Алтай, Тянь –Шаньнан да табылды, оның таралуы бұл екі аудан VI-VII біртұтас көне түркі бірлестігіне қараған тұста таралса керек».

Бірнеше көне түркі қоршауларынан біз Көржайлау 7 моласынан, Мерке өзенінің оңтүстік жағалауында кездестіріп, зерттеу жүргізілді. 3 қоршау және қорған зерттелілді. Қорғанда мәйіттің өртелініп барып қойылғаны және басы батысқа қаратылып жерленгені анықталды. Жерленген мәйіт басынан жапсырмалы, дөңгелек түпті ыдыс табылды, оның ішінен қой сүйегі, қадалған пышақ шықты.

Қоршау  бір конструкциясымен де, сондай-ақ ғұрыптық мазмұнымен де қызық. Қоршау жақтауының өлшемі 2 метрден сәл көбірек алады. Конус тәрізді жанама құрылыс негізгі конструкцияға оңтүстік-шығыс жағынан қабысқан жанама құрылысты құрайтын тастар жалпағынан қойылған, ал қоршау қабырғаларындағы тастар тігінен қойылған. Көлденеңінен, сыртқы жағынан және қоршаудың ішкі тұсы түгел өзеннің ұсақ жұмыр тастарымен қапталған. Жанама құрылыста тігінен жатқызылған тастармен тығыз қоршалған еркек тас мүсіні орнатылған. Тас мүсіндер көне түріктік типке жатады. Сол қолында қару және ыдыс бар. Мүсіннің беті барынша өңделген, киімінің жағалары да көрсетілген.

Көржайлау қабірі қоршауларының VI-VII, VIII-IX ғ.ғ. көне түрік дәуірінің ғұрыптық конструкциалары мен типологиялық жағынан ұқсастығы болғанымен, ескерткіш хронологиясы мүсінінің иконографиясымен анықталған. Иіліп келген жүзі бар қылыш, тас мүсіннің сол қолындағы, ескерткіштің хронологиясын айқындауға себеп болып, оның жасалу уақытын IX-XII ғ.ғ. дәуірге жатқызуға мүмкіндік берді.

Көржайлау 7 қабіріндегі екі өзге қоршау қабырғасына тас плита қойылып, өрілуімен ерекшеленеді. Шығыс жағынан әр бір қоршауға тас плиталардан жанама құрылыс салынған. Конструкция өлшемі: 1.5x1.6 м,  жанама құрылыс жанының өлшемі 0,5x0,5 метр. Әр бір қоршау ішінде диаметрі 0.3 м, тереңдігі 0.2 метрге дейінгі шұңқыр бар, ол шоқ алтын түстес ағаш қиқымдарымен, ұсақ мал сүйектерімен толтырылған.

Тас мүсіні бар қорғандар типінің конструкциясына  Белсаз 1,Белсаз 2, Шөлсай 3, Мүйізді қора 2, Қорған 1,2-де археологиялық зерттеу жүргізілді.

Белсаз  1 қабірі үш қорғаннан тұрады, тас үйінділер диаметрі 5 метр және 8.7 метр, биіктігі 0.4 метрден 1.3 метрге дейін қорған ортасына диаметрі 8.7 метрлік граниттен жасалған ер адам мүсіні қойылған. Үйіндіні тазартқан кезде қорған конструкциясы асты тікбұрышта, өлшемі 7.5x7.4 м екендігі анықталды. Мүсіннің өлшемі: 1.1м x 36 см x 28см. Барельеф техникасымен әзірленген. Мүсіннің басы, денесі, қарын тұсына ұстаған жалпақ түбі бар, кубок формалы ыдысы аса өңделген. Сондай-ақ мүсіннің бет-әлпеті және ұзын қыр мұрыны да барынша өңделген. Мүсін ғибадатханадағы ескерткіштерге ұқсайды және иконографиясы бойынша Мерке өзенінің биік жағындағы өзге мүсіндерден айнымайды.

Қазба барысында  қорған астынан тік бұрышты 2.8x1.8 м, тереңдігі 0.5 метрлік солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай бағытталған конструкция шықты. Шұңқыр түбінде күл-қоқыстар бар екен. Қосымша заттар табылмады.

Белсаз  2 моласы диаметрі 3 метрден 20 метрге дейінгі, биіктігі 0.3 метрден 1.5 метрге дейінгі тас үйінділі қорғандардан тұрады. Қорғанның ортасында орналасқан тік бұрышты жанама құрылыстың өлшемі 2x1.5 метр болып және бағыты оңтүстік-шығыс жақтан солтүстік-батысқа қарай бағытталған. Онда екі тас мүсін, бірі –ер, бірі –әйелдікі орналасыпты. Мүсін граниттен, барельеф техникасымен барлық бейнелеу өнері тәртібін сақтай отырып сақталған. Мерке ғибадатханасы ескерткіштеріндегі тәртіп қатал сақталынған. Екі мүсіні де қолы бел тұсына бүгіліп ыдыс ұстаған. Әйел мүсіні барынша ыждахатпен өңделген: бөрік ұшы тік болып келеді, бет-әлпеті айқын, кеудесінде сәндік әшекейлері бар.

Шольсай 3 қорғанының диаметрі 10 метр, биіктігі 0.8 м, екі тас мүсіннің ортасында орналасқан тас үйінді болып табылады. Мүсін граниттен, барельеф техникасы бойынша орындалған. Қазба жұмысына дейін үйінді үстінен мүсіннің тек қана басы көрініп тұрды. Мүсіндер бір-біріне жартылай қаратылып, ер кісі мүсінінің жүзі оңтүстік –шығысқа, ал әйел мүсінінің жүзі солтүстік батысқа қаратылып қойылған. Солтүстік - батыс бұрыштан шұңқыр түбінде күміс түсті киіз бе, тері ме оралған түйіншек шықты. Мүсіндердің түр-түсі бойынша айырмашылығы бар. Әйел мүсіні қара түсті қиыршықты граниттен, ал ер адамдікі тегіс қызыл түсті граниттен жасалған. Мүсіндердегі қызыл мен қара түс көшпелілердің космогондық көзқарасындағы дуализмнің белгісі.

Орталық Азиядағы көшпелілердің көне және орта ғасырлық өнерінің белгілері, тамаша ғалым, XX 60-жылдары Жетісудың Қырғызстан мен Қазақстан мұражайларындағы тас мүсіндер коллекциясын талдауға өз еңбектері мен зерттеулерін арнаған Я.А.Шер,  қос қолдап ұстаған ыдыстары бар мүсіндердің генезисі барынша ерте заманнан бастау алатынын алға тартады. Автор көне түрік мүсіндер типі мен Қыпшақ половец типтік мүсіндердің мезгілдік үйлесімділігінің мүмкіндігін көрсетеді.

 

Түркілердің монументтік өнеріндегі әйелдер бейнесі

Зерттеушілер  тас мүсіндерде батыр бабалар  кейіпіндегі еркектің бейнесі бедерленген деп көрсетіледі. Евразияның далалы аймағында ағылшында Қазақстандық бөлікте, кейіндері оңтүстік орыс далаларында таралған половецтердің монументтік скульптурасындағы әйел бейнесінің тастағы бейнесі түркілердің батыс қанаты мәдениетінің, ал тұтас алғанда бірыңғай орталық –Азиялық аралдағы орта ғасырлық түркілер мәдениетінің ерекшелігін байқатады. Бұл батыс түркілеріне тән мемориалдық ескерткіштердің ерекшелігін, қолында ұстаған құсы бар басқа типтегі тас мүсіндерді Я.А.Шер баса көрсетті.

Жазба деректерде, сонымен бірге археологиялық  мәліметтерді, Күлтегін мемориялдық  комплексінде қаған мүсінімен қатар  оның әйелінің мүсіні тұрғандығы айтылады. Семей облысындағы таңсық ауылына  жақын орналасқан Қозы Көрпеш – Баян сұлуға арналған ескерткіш ғимараты ішіндегі төрт тас мүсінінің үшеуінде әйел бейнеленгендігін А.Левшин сипаттап жазған болатын.

IX-XI ғ.ғ. негізі қаланған бұл культтік табыну орнына қазақтар XIX ғ. да тәу ететін.

С.А.Плетневаның  айтуынша «Тас мүсіндер құдіретіне сену күні бүгінге дейін сақталған.» 

Низамидің суреттеуінше, Түркілерде әйел құдай болған. Оның құрметіне қойылған тас идолдар  тұрғызылды және кейіндері оған табынған. Оңтүстік орыс даласында тас мүсіндердің  көбінің әйелдердікі болуы әйел құдайға сенушіліктен шыққан деп  көрсетіледі.

Половец әйелдері мүсіні иконографиясына талдау жасаған С.Плетнева былай деп жазады: «Әдейі айшықталып көрсетілген әйелдік белгілер ру мен отбасысының қамқоршысы, қорғаушысы мағынасындай ұғым берген деп топшалауға жетелейді.

Семей, Өскемен, Жамбыл облыстық тарихи өлкетану мұражайларында екі қолымен ыдыс ұстаған әйел мүсіндері сақтаулы. Мұражайлар коллекциясында қолына құс ұстаған әйел мүсіндері  де бар.

Алыс Жайсаң деген жерде өте қызық үйлесім  байқалады: қорғандық ғимараттан табылған екі тас мүсінде сол қолға  құс, ал оң қолға ыдыс ұстағалғаны  төрттас мүсін бейнеленген.

Соңғы уақытта  Қазақстан территориясында қорғандарға  қойылған тас мүсіндері бар бірнеше  ғұрыптық ескерткіштер зерттелді. Орталық Қазақстандағы Абылай, Мыржық ескерткіштері және Жіңішке өзенінің оң жағалауындағы ғибадатханалардан үйінді обаларға орнатылған мүсіндер, ішінде әйелдердікі де бар, ашылып, зерттелді.

Меркедегі ғибадатханалар картасындағы 64 тас мүсіндерінің  31 әйелдерді бейнеледі. Сандық 2 қорғанындағы әйелдің құрметі жаста екендігі аңғарылды, кимешек тәрізді бас киім болып тұр. Таста адамдар бейнесіне тән белгі- бұрыны тік және танаусыз көрсетілуі. Орта ғасырлық тас өңдеу өнеріне сай басты назар торс, басқа аударылып, мойынынан терең ойық арқылы бөлініп көрсетіледі. Қас созыңқы, тіке сызықпен берілсе, көз бен ерін сопақша етіп беріледі.

Әйелдің әлеуметтік жағдайы оның әшекейлері арқылы көрсетіледі. Бір тас мүсінінде екі қатар  әшекей суреті түскен және беті, бас  киімі, құлағы мен кеудесі аса  өңделе берілген. Барлық мүсіндегі  бас киім әйелдің жасын және әлеуметтік статусын көрсетеді. Түркі әйелдері гардеробындағы аксессуарлар:сәукелеге  ұқсас шошақ бөрікті бас киім, кимешек, тақия және чалма типтес бас киімдер кездеседі. Сәукеле  – келіннің тойда киетін бас киімі және жас келіншектің де мерекелік бас киімі. Оның үстіне кимешек мен чалманың кең таралуы және «түркі тілді халықтардың бетін жасырмай жүретін әйелдері» киеді. Этнографиялық байқаулар бұл баскиімдердің өте ертеден келе жатқандығын байқатады. Мерке ғибадатханасы мүсіндерінде бас киімдердің барлық типі кездеседі. Әйелдің әлеуметтік статусын көрсететін тағы бір белгілер – кеудеге тағатын әшекейлер, олар мүсіндерде бір кейде екі қатар болып берілген. Қағанмен қатар ел билеуші әйелдің атрибуты –шошақ келген бас киім және әшекей болды.

Сандық 3қорғанынан табылған баскиімдегі сақина тәріздес салпылдақтар өте жиі кездеседі. Дөңгелек формалы салпыдақтар Саркел-Белая Вежа қабірінен табылды.

Қабірлердегі  ғұрыптық атрибуттар, мүмкін, арасында  өмір сыйлаушы әйел бейнесі бар түркі  құдайлары пантеонындағы мүсіндік бейнелердің идеологиялық бастауының сипатына куә болатын шығар.

 

 

Түрік халықтарының жазбаша ескерткіші

Көне  түрік өркениетінің ұлы жетістіктерінің бірі - өз жазуын жасауы еді. VI-VII-ғасырларда Түрік қағанатының құрамына кірген Орта Азиялық және Қазақстанның тайпалары, сондай-ақ, Төменгі Еділ бойы, Дон өлкесінің, Солтүстік Кавказда Хазар мемлекетін құрған батыс түрік тайпаларының өз жазулары әлдеқашан пайдалануда болатын. Түріктер әріп-белгілерді шағын ағаш тақтайшаларға салатын. Елшілер арнайы грамоталармен қамтамасыз етілді. Мәселен, 598-жылы Константинопольдегі император Юстинге келген түрік елшісі қағанның «скиф жазуымен жазылған» сәлемін жеткізген.

VII-ғасырдың I-жартысында түріктер арасында  соғды жазуының негізінде геометриялық  сызбалардан тұратын 38 белгіден  құралған жаңа жазу қалыптасады.  Ол ағашқа немесе тасқа түсіруге  өте қолайлы болды.

Түрік қағанаты тарихының алғашқы кезеңінде, кеш  дегенде VII ғасырдың бірінші жартысында, ертедегі түрік таңбаларына (рулық  нышандарына) ұқсас бірнеше белгілермен  толықтырылған соғды жазуы негізінде  түріктердің арасында жаңа жазу пайда  болды. Ол жазған кезде бір-бірімен  қосылмайтын геометриялық пішіндегі  таңбадан тұрған және соғды әріптерінен  ерекшелігі — ағашқа немесе тасқа  жазуға жақсы бейімделген еді. Ертедегі түрік жазуын тұңғыш рет XVIII ғасырдың 20-жылдарында I Петрде қызмет атқарған неміс ғалымы Д. Мессершмидт пен  оған еріп жүрген шведтің тұтқын офицері  И. Страленберг Енисей аңғарында  ашты. Олар Скандинавияның руналық  жазуымен ұқсастығына қарап оны  «руналық» жазу деп атады. Атау онша дәл болмағанымен, қолайлы болып шықты және ғылымда осы атау орнығып қалды.

Информация о работе VI-VII ғасырлардағы Түрік дәуірінің мәдениеті