Қожаберген – батыр, мемлекет қайраткері және дипломат

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 19:38, реферат

Описание работы

XVII ғасырдың екінші жартысында жоңғар шапқыншылығы каупінің ұлғаюына қарамастан қазақ халқының ынтымағы
едәуір әлсіреді. Жәңгір тұсында бой көрсеткен орталықтан тыс күштер белен алып, аймақтар арасындағы экономикалық байланыстар айтарлықтай қысқара түсті, жергілікті сұлтандардың оқшаұлығы күшейді. Тіпті бірқатар сұлтандар өздерін бір жүздің немесе рудың ханы деп жариялауға дейін барды. Олар сөз жүзінде бірлік пен жалпы қазақ ханына бағынуды қолдағандарымен, іске келгенде өз саясаттарын жүзеге асырды. Жергілікті сұлтандардың бұлайша оқшаулана түсуі мен ішкі қайшылықтар салдарынан мемлекеттің әскери қуатының төмендей түскені табиғи нәрсе.

Содержание

Негізгі бөлім
Қожаберген – батыр, мемлекет қайраткері және дипломат.
«Елім-ай» - эпикалық өміршең трагедия.
Қожаберген – Ордабасы.
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

XVII ғасырлын екінші жартысынла жоңғар шапқыншылығы каупінін үлғаюына.doc

— 127.00 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ ГУМАНИТАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ  КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

 

ХАНДЫҚ ДӘУІР  ӘДЕБИЕТІНЕН 

 

 

РЕФЕРАТ

 

 

 

 

ТАҚЫРЫБЫ: ҚОЖАБЕРГЕН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТАРИХЫ

 

 

 

 

 

 

Орындаған : Қонарбаева С. Н.

Тексерген : Барбосынова  Қ. Т.

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен, 2007

 

 

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім 

  1. Қожаберген – батыр, мемлекет қайраткері және дипломат.
  2. «Елім-ай» - эпикалық өміршең трагедия.
  3. Қожаберген – Ордабасы.

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

XVII ғасырдың екінші жартысында жоңғар шапқыншылығы каупінің ұлғаюына қарамастан қазақ халқының ынтымағы 
едәуір әлсіреді. Жәңгір тұсында бой көрсеткен орталықтан тыс күштер белен алып, аймақтар арасындағы экономикалық байланыстар айтарлықтай қысқара түсті, жергілікті сұлтандардың оқшаұлығы күшейді. Тіпті бірқатар сұлтандар өздерін бір жүздің немесе рудың ханы деп жариялауға дейін барды. Олар сөз жүзінде бірлік пен жалпы қазақ ханына бағынуды қолдағандарымен, іске келгенде өз саясаттарын жүзеге асырды. Жергілікті сұлтандардың бұлайша оқшаулана түсуі мен ішкі қайшылықтар салдарынан мемлекеттің әскери қуатының төмендей түскені табиғи нәрсе. Көшпелі қазақ мемлекетінің тарихында «жыраулар» жауынгерлік ерліктерімен катар халық бұқарасының мұң-мүдделерін ашық айта алатын әділдік жаршылары, ғаламат көркемсөз шеберлері еді. Даладағы жыраулар дәстүрінің соңғы өкілдері ХІХ-ХХ ғасырларда Махамбет, Сегіз сері, Ақан сері, Біржан сал болды. XVII ғасырдың ақыры — XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында жыраулар да хандар, билер, батырлар, шаруалар сияқты көшпелі қауымның құрамдас бір бөлігіне айналды. Бірақ жоңғарлармен соғыс қаупі мен осы қатер алдында біріге түсудің қажеттігі, Қайып пен Болат хандар тұсында ресми хан билігінің төмендеп, құлдырауы неғұрлым дарынды жырауларды қазақ қоғамының алдыңғы қатарына шығарды. Жоңғар шапқыншылығы тоқтаған соң жыраулар институты маңызының төмендеп, қауіп төнген жылдары күшейе түскенін де осыған орай түсіндіруге болады. Бұған классиқалық мысал ретінде Бұқар жыраудың әрекеттерін, оның Абылайға, Бөгембайға және Қабанбайға арнап айтқан сөздерін, үндеулері мен талаптарын, акынның хан билігінің өкілдерін өлтіре сынап, мінейтін өткір жырларын немесе Доспамбет пен Ақтамбердінің долы қуатқа толы. ызалы дастандарьш келтірсек те жетіп жатыр.

Бұл кезеңде қазақ мемлекеті үшін өте ауыр геосаяси жағдай қалыптасты. Солтүстік пен шығыстан жоңғар-ойраттар, батыстан қалмақтар мен башқұрттар, сондаи-ақ Орал қазақтары тынымсыз шабуылдар жасап тұрды. Оңтүстіктен бұхарлықтар мен қоқандықтар бірнеше жазалау экспедицияларын ұйымдастырды. XVIII ғасырдың 25-жылына қарай бір кездегі қуатты да кең байтақ жерлерді алып жаткан Қазақ хандығы Түркістан мен Арал теңізі аралығындағы алақандай аймаққа ғана ие болып қалды. Бұл ұлт тарихындағы нағыз қасірет еді. Орталық Қазақстан Қалдан Серен мен Құлан Батудың қолына көшті. Церен Доржы, Лама Доржы мен Даба Доржы Шелек, Шу мен Ыстықкөлді алды. Тұрақты жоңғар әскерлерінің саны 500000-ға жетті.

Қожаберген жырау осы кезеңде екі баласы мен немересінен айырылды. Жырау "Ақтабан шүбырындының" бес жылын (1723-1728)  шайқастарда өткізді.

 Толыбайұлы  Қожаберген жырау кейбір деректер  бойынша 1673 жылы қазіргі Солтүстік  Қазақстан облысы Жамбыл ауданының  Толыбай жалы деген жерінде  дүниеге келген. Енді бір зерттеушілер ұлы жырау 1663 жылы дүниеге келіп, 1772 жылы 109 жасында қайтыс болған деп есептейді. Қалай дегенде де, Қожаберген жырау Орталық Азия даларында болған ауыр да қанды оқиғалардың куәгері ғана емес, сонымен қатар тікелей атсалысқан батыры болған. Сол жылдары Флорио Беновенени Бухарадан:  ..Орта Азияда жүріп жатқан үздіксіз соғыстарға..." парсылар мен хиуалықтардың, бухаралықтар мен қырғыздардың қатысып отырғандарын хабарлаған. Дегенмен Қожаберген жырау қолына қаруын ұстап тікелей ортасында жүрген ең қанды шайқастар жоңғарлар мен қазақтар арасында болғаны белгілі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қожаберген – батыр, мемлекет қайраткері және дипломат

 

1. Бұланты  бойындағы  1728  жылғы жеңістен кейін қазақ және жоңғар қатынастарында шұғыл өзгерістер басталды. 1727 жылы Цеван Рабданның өлуі, ең бастысы, Бұланты бойындағы жеңіс Қожаберген жырауды жаңа туындылар шығаруға қанаттандырды.

Бұл кезде  ол "Адыра қалған Қаратау", "Қайырсыз болған Сыр өзен", "Иесіз қалған сылаң Сыр", "Қарғыс атқыр, жоңғар-ай", "Балқан, Балқан, Балқантау". "Шоңғал, Шоңғал, Шоңғал тас", "Бөгембай батыр", "Беріш Есет", "Тайлақ батыр'', "Ер Тұрсынбай", "Ер Құлеке", "Сүйіншіұлы Абылай", т.б. жырларын шығарды. Дегенмен ақынның халық арасына ең көп тараған, қазақ даласының әнұранына айналған шығармасы — "Елім-ай" дастаны болды. Аңыз-әңгімелерге қарағанда "Елім-айдың" әуенін Қожаберген жыраудың әйелі — Айша шығарған. Айша — акын-мен бірге барлық сынақтан өтіп. Қожабергеннің өр тұлғасын өмір жолына бақилық серік еткен, соған куә болған әйел. Жоңғарлар талқандалып, Жоңғар мемлекеті біржолата жойылғаннан кейін онтүстік, солтүстік және шығыс аймақтардағы қазақтар туған жерге оралу мүмкіндігін алды.

Сөйтіп, Қожаберген жырау өмір сүріп, жыр туындатқан кезең жаугершілік окиғаларға толы болды.

Оралмандар  қайтып келген соң әбден титықтатқан қантөгісті соғыстарда жоңғарлардан қайтарып алған Қазақстанның шекаралық шептері этникалық және тарихи жағынан бекіді. Көптеген зерттеушілердің (Левишн, Харуздин, Потанин) айтуынша, қазақ руларының ата мекендеріне қайтып келуіне байланысты шаруашылық өмір қайта жанданды, айырбас сауда жолға қойылды, эқономикалық байланыстар нығайды. Ең ақырында, қазақ-жоңғар соғыстарының аяқталуына орай сонау ғұндар дәуірінен бастап, Еуразия құрылығында өмір сүріп келген соңғы классикалық көшпелі мемлекеттер әлсіреп, құлдырады, жойылды.

XVIII ғ. қазақта батыр деген әлеуметтік топ пайда болған жоқ, ол қазақ-жоңғар жаугершілігіне байланысты қайта жаңғырса керек.

Шоқан Уәлиханов өзінің «Абылай» атты еңбегінде «В предании киргизов Абылай носит какой-то поэтический ореол, век Аблая у них являются веком киргизского рыцарства», — деп жазуы осыдан.

Кейбір әдебиетшілер Шоқанның «век рыцарства» дегенін «ерлік пен серілік заманы» деп аударыпты. «Елім-ай» дастанында:

Бұл заман  болды елге қиын заман,

Шіріткен  тамам елдің миын заман.

Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,

Қағынды қазақ  үшін биыл заман, —

деп бағалап  еді. Ендеше сонау XVIII ғ. қазақ сахарасында европалық серіліктің ауылы алыс болса керек.

Шоқанның  «рыцарства» деген ұғымына жауапты Ахмет Байтұрсыновтан табамыз. «Ошақ басы, үй-ішінің қамы сияқты өмірдің ұсақ мақсат жағымен азаматтары есептеспей ұлы мақсат, ұлы мұратпен болып, жұрт үшін, көп үшін құүрбан қылмайтын нәрсесі болмағанын көреміз». Қобыланды батыр жырын талдай отырып, Ахаң ата-анадан, жардан, туысқаннан да «батырға қымбат нәрсе - жұрт қамы, жұрт ісі», - деуі осыдан.

Ендеше Абылайхан  заманында рыцарлық адами болмысты Отан болмысына бағындыру, ерлік пен іріліктің, бірлік пен тірліктің көрінісі деп ұғынған жөн. Осындай парасатты рыцарлықты Қожабергеннен көреміз.

Жүз жиырма төрт мың пайғамбар мен,

отыз үш мың сахаба да дүниеден өткен,

Солардан Қожаберген артық, емес, -

деуі соның  дәлелі.

Ендеше бір ғасыр өмір сүрген бабамыз осы батырлықтың шыңы болған XVIII ғ. тарихи құбылыстың басы-қасында тұр. Батырлықтың парасатты рыцарлыққа ұласуы — жаңғыруы Қожаберген баба есімімен де тығыз байланысты.

Қорытып айтсақ, Шоқанның «век киргизского рыцарства» деген заманасы — Қожаберген баба заманасы. Осы тұста тағы да бір жаңсақ пікір туралы айтуға тура келеді. Тарихи әдебиетге «по историческим данным, общее қоличество батыров из всех трех жузов, активно борющихся. за свободу и независимость казахского народа, переваливает за 300», — деген тезис кездеседі. Мұндай сәуегейлікпен келісуге болмайды. Қазақ үш ғасырға созылған қазақ-қалмақ шапқыншылығы кезінде құрығанда 10 ұрпақ ауысты.

Әр ұрпақ өз батырларын өсірді, тарих сахнасына шығарды. Ендеше қазақ халқы үш ғасырда толассыз батырлар бастап, халық қостап, өз бостандығын үстем етті. Батырлар саны ендеше легионт, оны саусақпен санап шығу мүмкін емес.

Ең соңында

«Бастасын тозған елді көсемдерім,

Ақылшы болсын сөзге шешендерім.

Хан сұлтан, төрелерді ел санамай,

Тізе қос, күшгпі жинап есендерің», —

деп үндейді  жырау.

Халқының 40% айырылған қайран қазаққа дәл Қожабергендей бағдарлама жасаған ел данасы сол кезде кемде-кем. Қожаберген баба тек жеңіс бағдарламасын жасап қоймады «болды ғой аяқ асты Отанымыз» деп, «Ер емес жаудың туын құлатпаған» деп, Ұлы Отан соғысын жариялады. Қазақ халқы бабамыздың бұл ерлігін ешқашан үмытуға тиіс емес.

Еңдеше Қожаберген батырлардың батыры, қолбасшы, Әз-Тәукедей дананың оң қолы, қиын замандағы ел қорғаны.

Қожаберген  тек баһадүр, қолбасшы, сайыпқыран ғана емес, ол өз заманасының ұлы мемлекет қайраткері.

Ақтабан шұбырындыға» ұрынған сәтте Қожаберген баба 
Әйтеке бидің көріпкелдігін қолдап:

Сәмеке, Ғайып, Болат сұм, 

Соңына елді ерте алмай. 

Хонтайшыға  сатылып, 

Елдің сырын  ашқан күн. 

Шағырмақ  күнім түн болды, 

Хан мен сұлтан жын болды.

Сөмеке,  Ғайып,  Болаттың, 

Сатқындығы  шын болды. 

Әбілмәмбет солқылдақ, 

Ақ балшыққа борпылдақ. 

Келіспейді  ерлермен, Қабандарша қорсылдап,

деп өз үкімін шығарды.

Төрелерге сенім  жоқ, ел ермесін,

Қазағым хан тұқымын дос көрмесін.

Хан, сұлтан, төре, қожа, өңкей құзғын,

Оларға енді тізгін жұрт бермесін, —

деп елге өз шешімін  жеткізді.

Қара қазақтан шыққан батырлардың төре әулетіне деген бұл оппозициясы Абылайхан келген тұста ғана басылды. Бірақ, ол біржола сөнген жоқты.

Қожаберген  жыраудың жорықтас інісі Балта Керей  Тұрсынбай батыр (1713-1819) Ресейге қарағысы келген Әбілқайыр ханға, Орта Азиялық хандарға жалтақтаған Сәмеке мен Әбілмәмбет хандарға да, Ресей мен Қытай ортасында жалтарып, тәуелсіз ел дәрежесіне ұмтылған Абылай ханға да қарсы болғаны белгілі.

Тұрсынбай батыр  қазақ, башқұрт, ноғай, қарақалпақты бір мемлекет етіп, көсем, әр халықтан әмір сайлап, жеке тәуелсіз мемлекет құруды қалады. 1758 ж. Тұрсынбай Абылайханды тастап, Арқаға кетті.

Қазақ мемлекеттігінің болашағын ойлау Қожаберген бастаған қайраткер дәрежесіндегі ат төбеліндей билер мен батырлардың ісі еді.

Қожаберген  Үргеніш медресесін бітірген, өз заманасының  білімді адамы болған, араб, парсы, шағатай тілдерін жетік білген, («Тіліне  араб, парсы едім жетік», - дейді Қожакең). Сондықтанда Әз-Тәуке хан Қожаберген баһадурды елшілік миссиясын жүргізуге де пайдаланған. Ол туралы деректер «Елім-Ай» дастанында да кездеседі. Бірде ол :

«Атқарып  тәуір жұмыс елшілікте,

Ұнадық ер атанып көршілікке», -

десе, «көрші елге елшілікке ылғи барып, халқыма  адал қызмет істедім ғой», - дейді.

Ендеше Қожаберген дипломат, замана саясаткері. «Елім-ай»  дастанындағы саяси ахулға берген бағасы ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басында тұрған біздерді де қайран қалдырады.

Ендеше Қожаберген жырау батыр, қолбасшы, ел тағдырын ойлаған реформатор, стратег-мемлекет қайраткері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Елім-ай» - эпикалық өміршең трагедия

 

2. Қожаберген бабамыз осымен қатар атақты ақын, жырау еді. Ол тек қана бір «Елім-айды» ғана бір ғасырдың сырын, мұңын ашты. Ол тек жырау ғана емес замананың ұлы шежірешісі. Ол туралы Қожаберген:

«Халқымның хал жағдайын өлең етіп,

Жырладым апат күннің шежіресін»,

деп жазды.

Қазақ хандығының алғашқы  тарихын Мырза Мұхаммед Қайдар Дулатидің  жазғаны белгілі. Қадырғали Жалайырдың «Шежірелер жинағы», Әбілғазының «Шежіреи түрік», Ш. Уәлихановтың «Абылай хан» очеркі, М. Тынышпаевтың шежіресі, Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың әлем ұлылары туралы «Қазақ» газетінде жариялаған очерктері, Абайдың «Ескендір», Мағжанның «Баян батыр» поэмалары осы дәстүрдің жалғасы. Шәкәрімнің «Еңлік-Кебегін» Ә. Бөкейханов «Тарихи хроника» деп атаған. Ал оның жазған шежіресіне байланысты ұлы ақынды «Қазақ тың Карамзині» депті. Осы тұрғыдан алғанда Қожаберген бабамыздың «Елім-ай» дастанының орны ерекше. Оны тек «дастан» деу аз сияқты. Оның арнасы кең — ұлттың болу, болмауы, Отан тағдыры. Бір ғасырлық тарихты саралап, ұлттың сан ғасырлық салт-санасын, мемлекет билеу жүйесін бағалап, жүздеген мемлекет, әскери, саяси қайраткерлерін жеке-жеке даралап, дүбірлеген оқиғалар болған жерді аралап жазылған ұлы эпопеялық туынды. «Елім-ай» шын мәнінде ұлттық сананың биік шыңы, ұлттың сергелдеңге душар болғандағы мұңы, болашаққа құлаш сілтеп, қайсар намысшыл қазақтың ұлт болмысын жаңғыртуға ұмтылысының шаншыла атқан қайнар жыры да сыры. «Елім-ай» — ұлтымыздың Иллиада мен Одиссеясындай эпиқалық өміршең трагедиясы.

Информация о работе Қожаберген – батыр, мемлекет қайраткері және дипломат