Қола дәуіріндегі Қазақстан

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 14:42, реферат

Описание работы

Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қола дәірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды.

Работа содержит 1 файл

каз кола дәуірінде.doc

— 139.50 Кб (Скачать)

Қола  дәуіріндегі Қазақстан. 

Қола  дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі меңгеріліп, қола заттарын жасай бастады. Қола еңбек құралдары мен қару үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қола дәірінде рулық қатынас жойылып, тайпалық бірлестіктер құрылды. 

Қола  дәуірінің басты  үш ерекшілігі болды. 

1.Қола металлургиясы. Түсті металлдар мен алтын өндірістік жолмен игеріле бастады. Қазақстан жер қойнауында полиметалдардың, ең алдымен қалайы-мыс рудаларының барынша молдығы бұл территорияда металургияның мықты ошағы шығыуынын бір себебі болды. Қазақстанның бірнеше өңірлірінде кен өндірілген орындардың табылуы бұған дәлел болады. 

  2.Бақташылық, мал шаруашылығы. Біздің заманымыздан бұрынғы II мың жылдықтың ортасында Қазақстанның далалық тайпаларында алғашқы өндірістің өрлеуі байқалды, мал өсіру интенсивті түрде өрістеді. Осы уақыттан бастап далалық Евразия халықтарының шаруашылығында мал осіру неғұрлым көбірек орын ала бастады. Б. з. б. II мың жылдықтың аяғында –I мың жылдықтың басында далалық өңірлердегі халықтардың көпшілігі шаруашылықтың маманданған жаңа түріне - көшпелі мал шаруашылығына көшеді.  

Басқа тайпалар ішінен мал өсірушілердің бөлініп шығуын Ф. Энегельс ең бірінші ірі қоғамдық еңбек бөлісі деп атады «Үй жануарлардың түрі көбейді». 

3.Егіншілік. Егіншілік орташа дәрежеде дамыды.  

Қола дәуіріндегі  экономиканың басты – екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы  мен металургияның, сондай – ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың ролін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады. 

Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндғргіш күштердің  өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануының күшеюіне, патриархаттық қатынастың дамыуна байланысты болды. Жеке семьялар өқшауланды, семьялық меншік кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі өсті. 

Андронов мәдениеті. Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Евразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андроов қонысындағы Ашинск селосы маңынан табылған. 

Андровнов мәдениеті  шығыстағы Минусинск шұнқырынан бастап солтүстік аса үлкен Батыс Сібір жазығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Памир тауларына дейінгі кең-байтақ аумақты қамтыған. 

Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс  және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі - Орталық Қазақстан. Бұл аймақта қола дәуірінің 150- ге жуық қабірі, 30 – дай елді мекен тұрағы бар. 

Шаруашылығы. Қазақстан территориясында қола өндіру ісі мыс пен қалайыны қорыту арқылы б.з.б. 2 мыңжылдықта бастады. Андроновтықтарда, негізінен, отырықшы шаруашылық басым болған. Бұл әрине, егін шаруашылығының дамығанын көрсетеді. Жер тесемен өнделгендіктен, сол кездегі, егіншілік Андронов тайпаларында «теселі егіншілік» деп аталған. Көбінесе бидай, тары өсіріген: бақшалық шаруашылық та дамыған.  

Андроновтықтар  жылқы, сиыр, қой, ешкі, кейіннен түйе өсірген: жануарлардың терісі мен жүнін киім ретінде, еті мен сүтін тамақ ретінде және қосымша жануарларды көлік, күш ретінде пайдаланған. 

Қола дәуірінде  Қазақстанды мекендеген тайпалар қыш ыдыстар жасаған. Бұл көбінесе әйелдер ісі болған. Мұндай ыдыстарды жасағанда негізгі шикізат ретінде балшықты пайдаланған. 

Ыдысты  жасау әдістері: 

а) таспалық әдісі; 

ә) қалыпқа салып  пішіндеу әдісі. 

Бұл әдістер  б.з.б. XVII-XI ғасырларда қолданылған. 

Андроновдықтарда  үй кәсіпшілігі, әсіресе, тоқыма кәсібі жақсы дамыған. 

Киім тігуге қой жүнін, ешкі түбіті, малдың терісі, сүйек, тарамыс жіп т.б. пайданалынған. Олар жүннен тоқылған баскиім, теріден  тігілген құлақшын, өкшесі жоқ аяқкиім  т.б. киген. 

Андронов  кеншілері. Қола дәуіріндегі Қазақстанның кен орындары: Жезқазғандағы мыс, Қалба мен Нарымдағы қалайы, Ақжал мен Степняктағы алтын кен орындары (б.з.б. үш мыңжылдық). 

Кен өндіру әдістері: 

а) опыру әдістері;  

ә) отпен үгіту  әдісі; 

б) ұңгіп қазу әдісі. 

Андронов тайпалары  өндірген кенді суда жуған. Ол кендер балқыту пештеріне тасылған. Мұндай балқыту пештері Атасу, Суықбұлақ, Қанай манындағы андроновтықтар елді мекендерінен табылған. 

Қоғамдық  қатынастар. Шаруашылықтың дамуындағы өзгерістер андроновтықтарда қоғамдық үйымдағы өзгерістерге жеткізді. Әлеуметтік жіне әскери саяси құрылымдарда рулық – тайпалық бөлімшілер пайда болды. 

Еркек-көсем, еркек–жауынгер, қоғамда, материалдық игіліктерді  өндіруге үстем дәреже алды; ол рулық  қауымнның басшысы болды, туыстық әке жағынан есептеле бастады. Әр рудың өз аты болды. Мал, үй мүліктері; еңбек құралдары рудың байлығы болып есептелді. Жеке меншік пайда болды. Осыдан мүлік теңсіздігі күшейіп, бай мен кедей ұғымы дүниеге келді. 

Тұрғын үйлері: жертөле немесе жартылай жер бетіндегі үйлер. Қала дәуірінің соңындағы үйлер – жер бетінде салынған сопақша үйлер. 

Дін және өнер. Қола дәуірінлегі адамдар ең алдымен табиғат күштеріне табынды. Андроновтықтар арасында өлгендерге табыну да күшті болған, сондықтан жерлеу ғұрпына ерекше мән берілген: 

1. Адамдарды  жерлегенде басын батысқа немесе  оңтүстік-батысқа қаратқан. 

2. Өліктің аяқ-қолын  бүгіп қабірге жатқызған 

3. Адам өлігін  өртеп, күлін қабірге қою ғұрпы  да болған. 

Андроновтықтар  үй салғанда құрбандық шалған. Отбасы үшін өте қасиетті саналған ошақты андроновтықтар қатты құрметтеген. Тасқа салынған сүреттер Таңбалы, Ешкі-өлмес, Маймақ, Бөкентау, Жасбай, Хантау, Бұланты, Айтпан т.с.с жерлерден табылған. 

Тасқа салынған сүреттер: жабайы бұқа, билеген адамдар, қос өркешті түйе, екі аяқты арба, әскерлер шайқасы. 

Әшекейлер: сақина тәріздес дөңгелек сырға, алтын білезік  т.б. Бұл әшекейлер Жетісудағы Мыңшұнқыр қабірінен, Орталық Қазақстандағы Айбас сағасынан табылған.  

Қорытып айтқанда, қола дәуірінің соңғы кезінде отбасылық және қауымдық топтық еңбектің кезінде өндірістік жабдықтарға және өндірістің өніміне ортақ меншіктің пайда болуына байланысты қоғамда қауымдық құрылыс ыдырап отбасылық меншік пайда болды. 
 
 
 

                                   сақтар

Қазақ тарихын зерттеген тарихшы, этнограф, антрополог,археолог ғалымдардың бірсыпырасы қазақ халқының арғы тегі ерте заманда Орта Азияны мекен еткен ежелгі сақ тайпаларынан шыкқан дейді. Әйгілі ғалым А. Н. Бернштам қазақтын атын сақтармен байланыстырады. Ол: «қазақ» деген сөз ерте замандағы «каспи» және «сақ» деген екі тайпаның қосылуынан шыққан, яғни каспи – сақ, қас – сақ – қазақ болған деп тұжырымдайды. Тарихшы М. Ақынжанов қазақ деген сөз «қас» (нағыз), «сақ» (тайпа аты) деген екі сөзден «қас сақ» (нағыз сақ) дегеннен шыққан. «Қазақтар — түрік, маңғол тектес халықтың екі бұтағынан (һұн мен сақ тарауынан) құралған ежелгі халық» дейді. 
 

Қазақ халқын қалыптастырған арғын, қыпшақ, тағы басқа тайпалар ішінде сақ деген атты қолданған  рулар да бар. Мысалы, сақтоғалақ, бес-сақ, сақ құлы, бо-сақ, қар-сақ, тағы басқалар. Қазақ халқының арғы тегі болған ежелгі үйсін бірлестігінің құрамында сақ тайпаларының барлығы еліміздің ежелгі жазба деректерінде айқын айтылады. Онда: «Үйсін халқы ішінде сақ тайпалары да, ұлы иозы тайпапары да бар» дейді. Бұл тарихи фактілер қазақтың арғы тегінің бір саласы ежелгі сақ тайпалары екендігін дәлелдейді. 

Еліміздің ежелгі замандағы жылнамалары мен томдарында сақ тайпалары «сәйжүң» «шижұң», «шимо», «шижа» түрінде кездеседі. Бұлар  «сақ» және «сақ тайпалары» деген атаудың өз кезіндегі ханзуша дыбысталуы еді. Мутиянзының «Өмірбаян» атты еңбекте патша Жумууаң заманымыздан бұрынғы IX ғасырда батысқа сапарға шыққан жолында шимо тайпаларына және олардың көсемі Шиаңшуға кездескендігі айтылады. 

Бұл аңызда айтылған шимолар Орта Азия өңірінде өмір сүрген сақ тайпалары еді. Лияң әулеті дәуірінде (VI ғасырдағы) Шұн Жи «будда деректері туралы» деген еңбегінде «Хан патшалығының тарихы, батыс өңір шежіресінен» мынандай үзінді келтіреді: сақтар «асылында ұзақ заманнан бері дұнхуаң жерін мекендеген иұншіндер еді. Кейін иозілерден шығып, Памыр тауының күнгейіне қоныс аударған». Бірақ біздің заманымызға жеткен «Хан патшалығының тарихы, Батыс өңір шежіресінде» мұндай деректер жазылмапты. 

Ежелгі заманда  Орта Азия өңірін мекен еткен сақ тайпалары туралы тарихи деректер сол замандағы парсы және грек авторларының жазба деректерінде сақталған. Ежелгі грек тарихшылары оларды «Азиялық скифтер»деп атаса, парсы тарихшылары оларды «сақтар» деп атаған. 

Ахеменид иранның  сына жазу текстерінде, онын ішінде накширостемдегі жазуында сақ тайпаларының үш тобы айтылады. Олар: хаомоварға сақтары (хаомо ішімдігін істейтін сақтар), парадария сақтары (теңіздің ар жағындағы сақтар) және тиграхауда сақтары (шошақ төбелі тымақ киетін сақтар) деп аталады. Олар өз заманында Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекен еткен. 

Ол заманда  «сақ» немесе «скиф» деген жалпы  атпен аталған халықтың ішінде әрқайсысының өзіне тән аты бар көптеген тайпалар болған. Олардың көпшілігі  көшпенді мал шаруашылығымен, бір  бөлегі егіншілікпен шұғылданған. 

Ерте замандағы  грек авторларының суреттеуіне қарағанда, олардың көшіп қонатын көлігі екі, төрт, алты дөңгелекті арба, оған екі, үш жұп өгіз, ат немесе түйе жегілген. Осы арба күймесінің сырты сырымен, яки киізбен қапталған. Бұлар шөптің сонысы мен судың тұнығын жүзіп, малдарын оттатып, көшіп жүрген. 

Сақтар көшкенде қатын-бала, үй-мүкәмалмен күймелі арбада, қонғанда киіз үйлерде отырған. Олардың  қыстауларында кесектен (сабан араласқан  балшық ; кірпіштен) там үйлер болған. Мал шаруашылығымен шұғылданған сақтар жылқы, қой, сиыр, түйе өсірген, егіншілікпен шұғылданушылар тары, арпа, бидай еккен. Тіпті мал шаруашылығымен шұғылданушылардың да қыстауларының маңында шағын егіншілігі болған. 

Ежелгі грек авторларының деректемелерінде сақтардың бірсыпыра тайпаларының аты аталады. Олар: массагет, яксарт, дай немесе дахи, фарат, көмар, асқатағ, исседон, асси немесе аримасып, сармат, каспи, тағы басқалар. 

Массагет, яксарт тайпалары: Көк теңіздің (Арал теңізінің) оңтүстік және шығыс солтүстік өңіріне, Сырдарияның оң жақ алқабына орналасқан (ерте заманда Сырдария «Яксарт» деп аталған). Дай немесе дахи тайпасы: Сырдарияның төменгі жағын, Көктеңіздің қолтығын мекендеген. 

Аби тайпасы: Қаратау  бойын, Сырдарияның алқабын қоныстанған. Фарат тайпасы: Талас Алатауын және Қаратаудың солтүстік, шығыс-солтүстік бөлігін мекендеген. Көмар тайпасы: Келес, Шыршық, Ангрен өзендерінің бойларында және Тянь-Шань тауларының батыс сілемдерінде болған. Асқатағ тайпасы: Шу өзені мен Талас өзенінің аралығында, қырғыз Алатауының орта етегінде тұрған. 

Исседон немесе асси тайпасы: Іле өзені мен Шу өзенінің бойын, оның шығыс жағындағы  Тарбағатай тауына дейін созылған алқапты  мекендеген. Аримасып тайпасы: исседондардың  солтүстік және шығыс солтүстік  жағында, Алтайдың батыстағы сілеміне дейінгі жерлерде тұрған. Сармат тайпасы: Каспий теңізінің терістігінде, шығыста Жем өзеніне дейінгі, солтүстік Жайық өзенінің басына дейінгі жерлерде тұрған. Каспий тайпасы: Каспий теңізінің шығыс жағалауын мекендеген. 

Памир-Алтай  тауларының солтүстік шекараларынан бастап, Тянь-Шань тауларын басып өтіп, шығыс солтүстікте Алтайдың батыс сілемдеріне дейінгі, солтүстікке Балқаш көліне және Шу өзенінің аяғына дейінгі, батыста Талас өзенінің оң жағалауына дейінгі жерлерді қоныстанған. Асқатағ, исседон, аримасып сынды сақ тайпалары «тигра хауда сақтары» (шошақ төбелі сақтар) немесе (шошақ төбелі тымақ киетін сақтар) деп аталған. 

Жетісу алқабы осы «шошақ төбелі сақтардың» орналасқан жерінің орталығы болған. Осы бір  бағзы заманның деректемесіндегі «шошақ төбелі сақ» деген атау күні кешеге дейін қазақ халқының өздерін «шошақ төбелі қазақпыз» деп келгенін еріксіз еске түсіреді. Іле өзені мен Шу өзенінің алқабынан Тарбағатай тауына дейінгі жерлерді мекен еткен сақ тайпаларын ежелгі грек авторлары «исседон» яки «асси» деп атаған. 

Информация о работе Қола дәуіріндегі Қазақстан