Хронологиялық деректер

Дата добавления: 24 Октября 2011 в 17:13
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: реферат
Скачать полностью (27.62 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Хронологиялық деректер тарих.docx

  —  29.98 Кб

1831—1868 жж. — Кіші  жүзде дистанциялық биліктің орнауы.

1831 ж. — Аягөз (Сергиополь) округінің құрылуы.

ХІХ ғ. 1835—1838 ж. — Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіұлының Ресей отаршылдығына қарсы күресі.

1833 ж. — кедей қазақ Апақ Байжановтың Қарағанды аймағында тас көмір кенін табуы.

1833 ж. — Арынғазының Калуга жерінде қайтыс болуы.

1835 ж. — Орск  пен Троицк арасында жаңа шептің салынуы.

1836—1838 жж. — Исатай  Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей ордасындағы ұлт-азаттық көтеріліс.

1837 ж. қазан — Жәңгір хан ордасын қоршау.

1838 ж. 12 шілде —  Ақбұлақ түбіндегі шайқас.

1837—1847 жж. — Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.

1839 ж. — губернатор  Б.А. Перовскийдің Хиуаға әскери жорық жасауы.

1841 ж. — Кенесарының хан сайлануы.

1845 ж. — Ырғыз, Торғай бекіністерінің салынуы.

1846 ж. — Каспийдің шығыс жағалауында Ново-Петровск (кейіннен 1846 ж. Форт-Александровск, қазіргі Ақтау қаласы) қамалының салынуы.

1847—1904 жж. — Қазақстанның түсті металл мен көмір кен орындарын Попов, Рязанов, Ушаков сияқты ресейлік кәсіпкерлердің игеруі.

1847 ж. — Сырдарияның төменгі ағысында Ресейдің Райтм (кейіннен — Арал) бекінісінің салынуы.

1847—1858 жж. — Есет  Көтібарұлы бастаған отаршылдық езгіге қарсы көтеріліс.

1853 ж. — Қоқандықтардың Ақмешіт бекінісін В.А. Перовский бастаған орыс әскерлерінің жаулап алуы (Қазіргі Қызылорда қаласы).

1854 ж. — Верный (Алматы) бекінісінің салынуы.

1856—1857 жж. — Жанғожа Нұрмұхаметұлы бастаған Сырдария бойындағы қазақтардың көтерілісі.

1864 ж. — Орыс әскерлерінің Түркістанды, Әулиеатаны, Шымкентті жаулап алуы.

1865 ж. — Орыс әскерінің Ташкентті жаулап алуы, Қазақстанның Ресей империясының құрамына енуінің аяқталуы.

1865 ж. — Гирс  басқарған Дала комиссиясының қызметі.

1867 ж. 11 шілде —  “Жетісу мен Сырдария облыстарын  басқару туралы уақытша ереже”.

1868 ж. 21 қазан — “Торғай, Орал, Ақмола, Семей қалалық облыстарын басқару туралы уақытша ереже”.

1868 ж. — Ақтөбе қаласының салынуы.

1869—1870 жж. — Орал, Торғай облыстарындағы және Маңғыстаудағы қазақтардың отаршылдыққа қарсы көтерілістері.

1881—1884 жж. — ұйғырлар мен дүнгендердің Қытайдан Жетісуға қоныс аударуы.

1881 ж. ақпан — Петербург келісім-шартының қабылдануы.

1868, 1869, 1883, 1889 жж. —  Ресейден Қазақстанға шаруаларды қоныс аударту туралы заңдардың қабылдануы.

1886 ж. 11 маусым —  “Түркістан өлкесін басқару туралы ереже”.

1891 ж. 25 наурыз —  “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы ережең.

1902 ж. — Қазақстан аумағы бойынша Орал қаласында алғашқы социал-демократиялық үйірме дүниеге келді.

1904 ж. — Қазақстан тау-кен орындарының шетелдіктердің қолына өтуінің басталуы.

1904—1906 жж. — Ресейден Қазақстанға шаруаларды қоныс аударту, орналастыру жөніндегі қоныстандыру мекемелерінің ашылуы.

1905—1907 жж. — Қазақстан бірінші орыс революциясы жылдарында.

1905 ж. — Орал қаласында “Қазақ конституциялық-демократиялық партиясыныңқұрылуы.

1905 ж. — Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесінде қазақтарының петиция ұйымдастыруы (4,5 мың адам қол қойды).

1905 ж. 17 қазан — Ресей империясында азаматтық бостандықтар туралы манифест.

1906—1907 жж. — І  және ІІ Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутаттар сайлау (Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, М. Тынышбаев, Б. Құлманов, т.б.).

1913—1918 жж. — “Қазақ” газетінің шығуы.

1914—1918 жж. — Бірінші  дүниежүзілік соғыс.

1916 ж. 25 маусым —  Патша үкіметінің бұратана халықтарды тыл жұмыстарына алу жөніндегі жарлығы.

1916 ж. шілде — Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің басталуы.

Описание работы
деректер
Содержание
содержание отсутствует